Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет179/208
Дата15.09.2023
өлшемі2,15 Mb.
#181212
түріОқулық
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   208
Байланысты:
Досаев Анатомия

ҚАБЫРҒААРАЛЫҚ НЕРВТЕР 


310 
Қабырғааралық нервтер 
(nn.intercostales) кеуде нервтерінің алдыңғы тармақтары (ХІІ 
кеуде нервінің алдыңғы тармағы қабырғаасты нерві деп аталады) болып табылады. Әр 
қабырғааралық нерв қабырға жүлгесіне жақын сәйкес қабырғааралықта, mm.intercostales 
externus et internus арасындағы бойлық саңылауда жүреді. Омыртқа бағанасында ішкі жағынан 
membrane intercostalis interna-мен және оған тығыз жанасатын fascia endothoracica-мен 
жабылған. Қабырғааралық нервтердің жоғарғы жеті жұбы төспен семсертәрізді өсіндіге дейін 
жетеді, ал қалғандары қабырғааралық кеңістіктен шығып, сегменттеліп, іштің алдыңғы бүйір 
қабырғасының жұмсақ тіндеріне бағытталады. Қабырғааралық нервтерден бұлшықеттік және 
терілік тармақтар шығады. Бұлшықеттік тармақтар сыртқы, ішкі қабырғааралық 
бұлшықеттерге, іштің тік, ішкі қиғаш, сыртқы қиғаш және көлденең бұлшықеттеріне (соңғы 
үш бұлшықеттің дорсалды бөліктерінен басқа), пирамидатәрізді бұлшықетке, көкет 
бұлшықетінің шеткі бөлігіне, арқаның шығу тегі іштік терең бұлшықеттеріне (жоғарғы және 
төменгі артқы тісті бұлшықеттер, қабырғаны көтеретін бұлшықеттер) тармақтар береді. Терілік 
тармақтары кеуде мен іштің алдыңғы бүйір беттерін нервтендіреді. Бұдан басқа, 
қабырғааралық нервтер қабырғалық өкпеқап пен париеталды ішастарға, іштің алдыңғы және 
бүйір қабырғаларына тармақтар береді. 
БЕЛ-СЕГІЗКӨЗ ӨРІМІ 
Бел-сегізкөз өрімі бел, сегізкөз және құйымшақтық жұлын нервтерінің алдыңғы 
тармақтарының бірігуінен түзіледі. Бел-сегізкөз өрімі (plexus lumbosacralis) өз кезегінде бел 
және сегізкөз өрімдеріне бөлінеді. 
Бел өрімі 
(plexus lumbalis) жартылай қабырғаасты нервінің алдыңғы тармағынан және І, 
ІІ, ІІІ және жартылай ІҮ бел нервтерінің алдыңғы тармақтарынан түзіледі. Келесі тармақтарды 
береді: 
Бұлшықеттік тармақтар (rr.musculares) (L
1
-L
4
) белдің шаршы бұлшықетіне, үлкен және 
кіші бел бұлшықеттеріне және белдің көлденең өсіндіаралық бұлшықеттеріне барады. 
Мықын-құрсақасты нерві (n.iliohypogastricum) (Th
12
-L
1
) үлкен бел бұлшықетінің сыртқы 
жиегінің астынан шығып, іштің ішкі қиғаш және көлденең бұлшықеттерінің арасына кіріп, 
оларды нервтендіреді және беткей шап өзегі тұсында іштің төменгі бөлігінің терісіне тармақ 
береді.
Мықын-шап нерві (n.ilioinguinalis) (L
1
) алдыңғы нервке паралелль латералды төмен 
бағытталып, canalis inginalis арқылы шығады, одан беткей сақинасы арқылы шығып, қасаға 
және ұма (үлкен жыныс ернеулері) аймағында терілік тармақтарға бөлінеді. 


311 
Сан-жыныс нерві (n.genitofemoralis) (L
2
) үлкен бел бұлшықеті тереңінен оның беткейіне 
шығып, төмен бағытталып, екі тармаққа бөлінеді: сан нерві (r.femoralis) - lig.inguinale-нің 
артынан өтіп, сан терісінде шап байламының астынан өтіп санның терісінде тармақталады, 
жыныс нерві - (r.genitalis) шап өзегіне кіріп, funiculum spermaticus-ке (lig.teres uteri) барады, 
атабезді көтеретін бұлшықетке, ұма (жыныс ернеулерінің) терісіне және санның медиалды 
бетінің жоғарғы бөлігіне тармақтар береді. 
Санның латералды терілік нерві (n.cutaneus femoris lateralis) (L
2
-L
3
) үлкен бел 
бұлшықетінің сыртқы жиегінің астынан шыққаннан кейін мықын бұлшықетінің бетімен 
сыртқа және сәл төмен бағытталып, шап өзегінің бекіген жерімен жүреді. Санға шығып, 
латералды терісін невтендіреді. 
Сан нерві (L
2
-L
4
) (n.femoralis) бел өрімі сабауларының ең ірісі. Үлкен бел бұлшықетінің 
сыртқы жиегінің астынан шыққаннан кейін lacuna musculorum арқылы санға кіріп, сан 
артериясынан сыртқа жатады. Сан терісіне, алдыңғы топ бұлшықеттеріне, m.pectineus-ке, тізе 
бұлшықетіне, сирақ пен аяқ басының медиалды бетінің терісіне (І башайға дейін) (n.saphenus) 
тармақтар береді. 
Жапқыш нерв L
2
-L
5
(n.obturatorius) үлкен бел бұлшықетінің медиалды жиегінің астынан 
шығып, canalis obturatopius арқылы кіреді, сыртқы жапқыш бұлшықетті, санның медиалды топ 
бұлшықеттерін нервтендіріп, ұршық буынына, санның төменгі жартысының медиалды бетінің 
терісіне тармақ береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   208




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет