Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет181/208
Дата15.09.2023
өлшемі2,15 Mb.
#181212
түріОқулық
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   208
Байланысты:
Досаев Анатомия

Ұзын тармақтары.
Санның артқы терілік нерві
(n.cutaneus femoris posterior) 
жамбастан алмұртастылық кеңістік арқылы шығып, төмен бағытталады да, санның артқы 
бетінің терісін нервтендіреді. Оның медиалды жағынан бөксе терісіне бөксенің төменгі 
нервтері (nn.gluteus inferiores), шат терісіне шат тармақтары (rami perineales) шығады. 
Шонданай нерві
(n.ischiadicus) (L
4
-S
3
) адам денесіндегі ең ірі нерв. Кіші жамбас 
қуысынан алдыңғы нервпен бірге алмұртастылық кеңістік арқылы шығып, санның артқы топ 
бұлшықеттерінің арасымен a.comitans-пен бірге төмен бағытталып, аталған топ бұлшықеттерін 
нервтендіреді. Жоғарынан шонданай төмпесінің ортасы мен үлкен ұршық ұшын қосатын
төменінен ортан жілік айдаршықтарының арасындағы нүктеде жүргізілетін сызықтарда 
проекцияланады. Бөксе қатпарынан төмен 2-3 см аралығында шонданай нерві беткей 
орналасады, бұл нервтің пальпациясы үшін қолданылады. Санның жоғарғы және ортаңғы 
үштен бір бөлігінің шекарасында (жиі одан жоғары) шонданай нерві жалпы кіші жіліншік және 
асықты жілік нервтеріне бөлінеді. 
Жалпы кіші жіліншік нерві
(n.peroneus communis) (L
4
-S
2
) шонданай нервінің сабауынан 
бөлінгеннен кейін сыртқа иіліп, caput fibulae-ны айналып өтіп, төмен қарай жоғарғы бұлшықет-
кіші жіліншік өзегіне бағытталып, беткей және терең кіші жіліншік нервтеріне бөлінеді. Беткей 
кіші жіліншік нерві (n.peroneus superficialis) сирақтың латералды топ бұлшықеттерін, аяқ басы 
мен бақайлар сыртының терісін (І бақайаралық кеңістік терісі мен сәйкесінше Ү және ІҮ 
бақайдың сыртқы жартысының терісінен басқа) нервтендіреді. Терең кіші жіліншік нерві 
(n.peroneus profundus) кіші жіліншік бұлшықеттері қарыншасының жоғарғы бөлігі мен 


313 
балтырдың бұлшықетаралық алдыңғы қалқасын тесіп өтіп, асықты жіліктің алдыңғы 
тамырларымен бірге жүре отырып, membrane interossei cruris-дің алдыңғы бетіне жатады. 
Балтырдың алдыңғы бөлігінің барлық бұлшықеттерін нервтендіреді. Содан кейін нерв аяқ 
басының сыртына шығып, бақайлардың қысқа бүккіші мен бірінші бақайаралық кеңістіктің 
терісіне тармақ береді.
Бұдан басқа, жалпы кіші жіліншік нерві жоғарғы бұлшықет-кіші жіліншік өзегіне 
кіргенге дейін құрамында балтырдың сыртқы бетінің терісінен келетін талшық болатын 
икраның латералды терілік нервін (n.cutaneus surae lateralis) береді. Бұл нерв балтырдың 
төменгі үштен бір бөлігінде аттас медиалды нервпен қосылып, (n.cutaneus surae medialis) 
(асықты жілік нервінің тармағы) балтыр нервін (n.suralis) түзеді. Соңғысы төмен бағытталып, 
malleolus lateralis-ті артынан айналып өтіп, аяқ басының латералды жиегін бойлай жүре 
отырып, латералды толарсақ аймағының, аяқ басы сыртының латералды бетінің және ІҮ 
бақайдың жартысы мен Ү бақайдың терісінен тармақтар алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   208




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет