Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет198/208
Дата15.09.2023
өлшемі2,15 Mb.
#181212
түріОқулық
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   208
Байланысты:
Досаев Анатомия

Дабыл қуысы
(cavitas tympanica) дұрыс емес пішінді, көлемі 1 cм
3
-ден аспайды. 
Оның алты қабырғасын ажыратады: дабыл қуысы төбесінен түзілетін - жамылғылық 
(paries tegmentalis); мойындырық шұңқырына сәйкес келетін - мойындырықтық (paries 
jugularis); ұйқы өзегінің қабырғасымен шектелетін - ұйқылық (paries caroticus); 
емізіктәрізді өсінді ұяшықтарымен жанасатын – ұяшықтық (paries mastoideus); дабыл 
жарғағының көп бөлігімен шектелетін - жарғақтық (paries membranaceus); ішкі құлақ 
лабиринтінің сыртқы беті болып табылатын - лабиринттік (paries labirinthicus) 
қабырғалары. Лабиринттік қабырғасында екі кішігірім тесік болады: үзеңгі негізімен 
жабылатын сопақ немесе кіреберіс терезесі (fenestra vestibuli) және екіншілік дабыл 
жарғағымен (membrane tympani secundaria) жабылатын дөңгелек немесе ұлу терезесі 
(fenestra cochleae). Қалыпты жағдайда дабыл қуысындағы ауа қысымы қоршаған ортадағы 
ауа қысымымен бірдей болады. Бұл оның есту түтігі (евстахиев түтігі) арқылы 
жұтқыншақтың мұрын бөлігімен байланысуымен негізделеді. Есту түтігінің дабыл тесігі 
(ostium tympanicum tube auditivae) дабыл қуысының алдыңғы медиалды бөлігінде 
орналасады. 
Дабыл жарғағы
(membrana tympani) сыртқы есту жолын дабыл қуысынан 
толығымен бөліп тұрады. Ол қиғаштанып, сыртқы беті төмен алға және сыртқа 
бағытталып, талшықты-шеміршекті сақина арқылы дабыл жүлгесіне бекіп тұрады. Пішіні 
дөңгелектенген (9x11) дабыл жарғағының барлық жері бірдей керілмеген: сыртқы 
жоғарғы квадрантта бос (керілмеген бөлігі) болса, ал қалған бөлігі керісінше керілген 
(керілген бөлігі). Екі бөлігі дабыл жарғағының артқы бетінде алдыңғы және артқы 
балғашықтық қатпар арқылы бір-бірінен бөлінген. Дабыл жарғағының сыртқы беті конус 
тәрізді иілген. Оның балғашық тұтқасына бекіген орталығы жарық түсіргенде жақсы 
анықталады, ол дабыл жарғағының кіндігі (umbo membranae tympani) деп аталады. Дабыл 
жарғағы сыртқы талшықтары радиалды (сәулелі қабат), ал ішкі қабаты циркулярлы 
(дөңгелек қабат) бағытта орналасатын фиброзды дәнекер тіннен тұрады. Ол сыртынан 
сыртқы есту жолы терісінің жалғасы болып табылатын жұқа эпидермалды қабатпен, ал 
ішкі жағынан дабыл қуысының шырышты қабатымен қапталған. 
Дабыл қуысында бір-бірімен қарапайым буындар мен байламдар арқылы 
байланысатын үш 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   208




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет