Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет25/208
Дата15.09.2023
өлшемі2,15 Mb.
#181212
түріОқулық
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   208
Байланысты:
Досаев Анатомия

Бет сүйек,
 os zygomaticum,
маңдай, самай және жақсүйектердің беттік 
өсінділерімен байланысқан. Самай сүйектің беттік өсіндісімен қосылып бет
доғасын, 
arcus zygomaticus 
түзеді. Бассүйектің беттік бөлігінің кейбір
сүйектерінің басты бөліктері № 6 кестеде келтірілген. 
6 кесте. Бассүйектің беттік бөлігінің кейбір сүйектерінің басты бөліктері 
Сүйектердің
атаулары 
Негізгі құраушы 
бөліктері
 
Беттері 
Төменгі
жақсүйек, 
mandibula 
1. денесі, 
corpus mandibulae; 
2. тармағы, 
ramus mandibulae; 
(жұп)
 
Жоғарғы
жақсүйек, 
maxilla 
1. денесі, 
corpus maxillae 
2. маңдайлық өсінді, 
processus 
frontalis; 
3. таңдайлық өсінді, 
processus 
palatinиs; 
4. ұяшықтық өсінді, 
processus 
- мұрындық беті,
 facies 
nasalis;
- көзұялық беті,
 facies 
orbitalis;
- самайастылық беті,
 facies 
infratemporalis;
- алдыңғы беті,
 facies 


43 
alveоlaris; 
5. беттік өсінді, 
processus 
zygomaticus
anterior
Таңдай сүйек, 
os palatinum 
1. перпендикулярлық табақша, 
lamina perpendicularis;
- сынатәрізді өсінді,
 processus 
sphenoidalis;
- көзұялық өсінді,
 processus 
orbitalis;
2. горизонтальды табақша,
 lamina 
horizontalis;
- пирамидальды өсінді,
 processus 
pyramidalis
 
Бассүйектің онтогенезі 
Бастың бет пен мисауыт сүйектері әр түрлі ұрықтық негізден дамиды.
Бассүйектің мисауыт бөлігінің негізі мен төбесінің даму көздері әр түрлі. 
Мисауыт сүйектерінің дамуы 
Мисауыт сүйектері хорданың краниальды ұшын қорғай орналасқан бас
сомиттерінің склеротомдарынан ми дамуымен бір уақытта қалыптасады.
Эмбриогенездің 1-айында 
жарғақты бассүйек
дамиды. Ол құты (футляр)
тәрізді миды қамтыған мезенхималық тегі бар таза дәнекер тіннен тұрады.
Осы түзілістерден мисауыт сүйектері дамиды; маңдай, шеке сүйектер,
самай сүйектің қабыршақтық және дабыл бөліктері, шүйде сүйектің
қабыршағының жоғарғы бөлігі дәнекер тіннен дамып шығады.
Эмбриогенездің 2-ай шамасында шеміршектік негіз пайда болады. Осы
кезде хорданың бастық шетінен парахордальдық, ал олардың алдынан
прехордальдық табақшалар түзіледі.


44 
2-айдың соңына таман шеміршектік табақшалар мен шеміршектік қалталар бір-
бірімен
жақындасып, бассүйектің шеміршектік негізін құрады. Осы кезеңде
бассүйектің шеміршектік негізінде ми нервтері өтетін тесіктер мен өзектер
қалыптасады.
Шеміршектік қапшықтардың табақшалармен бірігуінің нәтижесінде
шеміршектік аймақтар пайда болады. Олар: 
көзұялық, лабиринттік
және
шүйделік. 
Торлы аймақ,
прехордальдық табақшалардың алдыңғы шеттерінің
мұрын қапшықтарымен бірігуінен түзілген. Келесі кезеңдерде басқа бет
сүйектерінен энхондральдық дамуымен ерекшелінетін торлы сүйекпен
төменгі мұрын кеуілжірі қалыптасады.
Көзшаралық аймақ
көру қапшығының прехордальдық табақшалармен
бірігуінен түзіледі. Одан сынатәрізді сүйектің басым бөлігі дамиды.
(5-кестені қараңыз). 
Лабиринтті аймақ,
прехордальдық табақшалардың есту қапшығымен
бірігуінен түзіледі.Ол самай сүйектің тасты бөлігімен емізіктәрізді өсінді
дамитын шеміршектік негіз болып табылады. 
Шүйде аймағы,
прехордальдық табақшалардың бірігуінен түзіледі.
Одан дамитындар: шүйде сүйектің базилярлы, латералды бөліктері мен
қабыршақтың төменгі бөлігі дамиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   208




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет