102
«Білім берудегі 1000 көшбасшы»
Білім беру жүйесін басқару мен көшбасшылықтың заманауи құзыреттеріне
ие білікті кадрлармен қамтамасыз ету үшін Мемлекет
басшысы Президенттік
жастар кадрлар резервінің моделі бойынша білім берудегі өзгерістердің
көшбасшыларын іріктеу және даярлау қағидаларын әзірлеуді тапсырды.
2023 жылы «Білім берудегі 1000 көшбасшы»
кадрлар резервінің қорын
қалыптастыру бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Жобаның мақсаты – орта
білім беру жүйесін басқару мен көшбасшылықтың заманауи құзыреттеріне ие
білікті кадрлармен қамтамасыз ету.
Жоба ағымдағы жылдың маусым-желтоқсан
айлары аралығында іске
асырылады. Жоба шеңберінде үш деңгей бойынша оқыту,
тағылымдама,
әңгімелесу, қорытынды бағалау және сертификаттау жүргізіледі.
Кадрлар резервіне енгізілген кандидаттар білім беру ұйымдарындағы
басшы
лауазымдарға
конкурстан
өтпей
тағайындалады.
Лауазымға
тағайындалғаннан кейін білім беру ұйымының
басшыларын әдістемелік
сүйемелдеу жүзеге асырылатын болады.
Жоба жаңа форматтағы басшылардың,
білім берудегі өзгерістер
көшбасшыларының кадрлық резервін қалыптастыруға, «Жайлы мектеп» ұлттық
жобасы аясында салынып жатқан жаңа мектептерді дайындалған басшылармен
қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
103
Орта білім беру саласындағы зерттеулер нәтижелерін жариялау және
озық педагогикалық тәжірибемен алмасу
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы «Білім» (ғылыми-
педагогикалық) және «Алтынсарин Академиясының хабаршысы» (әдістемелік)
атты екі журнал шығарады.
«Білім»
журналында орта білім берудегі ғылыми-педагогикалық
зерттеулердің нәтижелері жарияланады.
Журналдың тақырыптық бағыты:
1) білім беру үдерісіндегі
білім беру саясаты, инновациялар және
цифрландыру;
2) орта білім
берудегі менеджмент
3) пәндерді оқыту әдістемесі;
4) тәрбие теориясы мен практикасы;
5) білім беру жүйесіндегі психология мәселелері;
6) арнайы және
инклюзивті білім беру;
7) үздіксіз педагогикалық білім беру.
Журналдың редакциялық саясатымен, жарияланым этикасымен, жариялау
мерзімімен және ғылыми мақалаларды жариялауға
қойылатын талаптармен
толығырақ журнал сайтынан танысуға болады:
https://bilim-uba.kz/
Достарыңызбен бөлісу: