165
Ақыттың нұсқасы – «Қисса-и Сейфульмалик»
3
дастаны [3], 1897 жылы баспадан шыққан
«Тәржүмә-и Ахид уәләд Гүлімжі-Алтайский / Қарамсақов/
дастаны
4
қазақ төл тума
шығармаларының алдыңғы қатарынан орын алып, біртұтас қазақ жазба әдебиетінің
іргетасыын қаласты. Бұл басылымдар Ақыт Үлімжіұғлы Қарымсақов Алтайскийдің қазақ
әдебиеті дамуы тарихында ірі бетбұрыс жасаған тұлға екенінің айқын дәлелі бола алады. Ақыт
ақын өз дәуіріндегі қазақ әдебиетіндегі жаңа бағыттың өкілдерінің бірі ретінде өз бағыт
бағдарынан таймай, оны онан ары жалғастырғанын кейінгі баспадан
шыққан кітаптарынан
байқауға болды [3-17]. Бұл басылымдар ұлы ақынның қазақ әдебиеті тарихындағы алатын
орнын анықтауға, өзіндік өзгешелігін, асқан шеберлігін тануға басты негіз болатыны сөзсіз.
Қобда қаласында 1891 жылы тұңғыш дастаны «Жиһанша»-ны жазып, 1897 жылы Қазан
қаласында бастыруы ақын шығармашылығының өрлеуінің басы болады. Бұл жайында ақын:
«Жиырма үште хатшы болып Қобда келдім, көп елім қоймаған соң сонда келдім», - дейді.
Өзінің кітаптарын Қазан қаласына қалай бастырғаны жайында ақын: «Ғабдолқадыр -
ноғайда асыл бекзат, Қобдаға кеп жүргенін сонда көрдім», - деп 1892 жылы Тобольскілік
саудагер Ғабдолқадыр Ғабдолуахабұлымен танысып, хисса-жырларын бастыруға сол кісіден
жібергенін 1897 жылы Қазан қаласында баспадан шыққан «Тәржүмә-и Ахид уәләд Гүлімжі-
Алтайский» / Қарамсақов/ атты дастанында жазады.
Пайғамбардың тууы, қайтыс болуы жайлы жырының соңында:
«Аралап дәмін таттым талай жердің,
Кітаптан әуелі оқып бәрін көрдім.
«Бастыруға Қазанға жібергіл»-деп
Ахметкәрім ноғайға жазып бердім» - дейді.
Ақыт ақын көбінде Жайсаңдық /Зайсан/
саудагер, достас адамы Кәрімберді Бабаев
арқылы қолжазбаларын Қазан қаласына жіберіп тұрғаны байқалады.
Кәрімберді Бабаев-
Зайсандағы танысы
Алтай жұрты Өр Керей,
Баспаға сөзім жете алмай,
Әттең жердің алысы,
Кәрімберді, Сәлімжан,
Зайсанский Бабаев -
Алтайға
мәлім саудагер,
Таниды тамам халайық.
Ойлаңыздар, асыл зат,
Почтаға хисса салайық,
Құсайынов Шамсалдин
Қабыл көрсе ғазиздер,
Бастырып хисса алайық [18] - деп шығармалары жайын толық баяндайды. Қазан
қаласында жарық көрген Ақыт Үлімжіұлының хисса-жырларының көбін Шамсалдин
Құсайынов және оның мұрагерлері тарапынан бастырып отырған көрінеді. Осылай, Ақыт
Үлімжіұғлы Қарымсақов Алтайский Цин империясының алыс батысынан Ресейдің Қазан
қаласына шығармаларын жіберіп, қағаз бетіне түсіріп, бастырып
отыруы ақынның көлемді
шығармалары түгелдей дерлік сақталып бүгінге жетуі - ақыттанудың берік тасы болып
табылады. Бұл ғұламаға тән айрықша көрегендіктің, білгірліктің, өлең сөздің қадірін терең
Достарыңызбен бөлісу: