ӘӨЖ 82-1(5 қаз)С 42
ТАРАЗ ӨҢІРІНДЕГІ АҚЫНДЫҚ ДӘСТҮР САБАҚТАСТЫҒЫ
Абдуалиева Ж.Б.
Магистрант: Сейтімбетова Г.Б.
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.
Ұлт тәуелсіздігі руханият әлеміне де кең жол, жаңа өрістер ашты.
Ұлт мұратындағы көркемдік құндылықтар жекелеген қаламгерлер шығармашылығы тәуелсіздік тағылымдары негізінде кеңінен қарастырылуда.
Тараз өңірі мәдени мұраға, ақындық дәстүрге бай өңір. Жамбыл өлкесіндегі осындай қазыналы жердің рухани, мәдени мұраларын саралау барысында К.Ахметова, С.Томанов, Сауытбек ақындардың шығармашылығын ерекше бағамдау, бүгінгі күн тұрғысынан пайымдауды қажет етіп отыр.
Ұлттық поэзияның ұлы мұраттарын бар қырынан ашып, биік бел-белестерге көтерген жергілікті ақындарымыздың өзіндік ерекшеліктері мен өзара үндістігін зерделеп саралау бүгінгі күннің талабы.
Академик З.Қабдолов айтқандай: ... ақындардың «... лирикалық өлеңді тақырыбына қарай талдап, саяси лирика, философиялық лирика, табиғат лирикасы, махаббат лирикасы» [1.329] түрлерінде жырлап келе жатқаны - әдеби дамудағы қалыптасқан заңдылық.
Сөз жүйесін қасиетім деп ұққан ақындардың поэзиясы тақырыптық тұрғыдан емес, көркемдік – идеялық бейнелілік бағытында да байыды. Ақындар поэзиясындағы аталған жаңалықтар, өлең-өрімдерінің философиялық тереңдігін арттыруға мүмкіндік берді. Көркемдік ізденісте дәстүр жалғастығы дамып, мазмұн мен форма үндістік тапты. Ақындар өз туындыларында өмір шындығына, жаратылыс табиғатына үңілуге тырысты. Атап айтқанда, ақындар шығармашылығындағы азаматтық, махаббат, саяси-әлеуметтік және табиғат лирикасынан өрбитін ана тақырыбы, соғыс тақырыбы және ғылыми-техникалық өндіріс тақырыптарына жазылған. Бұл жайында ақын Ш.Сариевтің «бәрі дерлік философиялық ой кешуге көшті. Жас ақындар Ж.Әбдірашев, К.Ахметова, т.б. өлеңдерінің аяқ алыстарында – Қадыр поэзияның әсері болмай қалған жоқ. Бірақ бұл қаламгерлер, дегенмен, өз жолдарын іздеуге талпынды. Әсер ету деген сөз – ақынның өз қолтаңбасы болғанда ғана жүзеге асатын іс» [58] – деген пікірінің жаны бар.
Қоғам мен заман өзгеріп, халық небір рухани дағдарыстарда бастан кешіп, қоғам мен уақыт шындығын қаймықпай өз жырларына арқау еткен қоғамдағы қиыншылықтар мен қиянатты көре тұрып, үнсіз қала алмайды:
«Былғаныш бәрі,
Сезім де, ой да бүлінді
Күн көріс қамы
Бермесін итке күнімді» [2.3] деп келетін
өлең жолдары Серік ақынның жеке басының тауқіметі ғана емес, көп қазақтың мұң – мұқтажы екендігі даусыз.
«Бүлінді бәрі,
Бәрінен бездім – жеріндім.
Жығылды арым –
Жалау арлы өмірдің.
Ақылды, ділді ақыры тұрмыс биледі.
Ақынның міне,
Ақирет болды кигені»
Ақын өзі айтқан «ақылдың азабын» көп тартты. Ақынның ақылы мен жүрегі қосылып бұл жалғанға сыйғызбайды. Өйткені:
Ақын емес, әкімнің байлап атын,
Дүние – мансап сөйлейді қайда барсам».
Ақын өзі өмір сүріп жатқан қоғамына көңілі толмай өтсе, жерлес ақыны К.Ахметова қоғам туралы ойын былай пайымдайды.
Ертеңінен ел жұртын не күтеді?
Әрекетсіз отырсаң, не бітеді?
Арсыздардың алдында мына заман
Арлылардың өр басын кемітеді
Елге барсам – құрулы қақпандар көп,
Ептілерге жем болып жатқандар көп.
Момынның ақысын жеп жатқандарға
Айқалағым келеді. «Тоқтаңдар!» [4.14] – деп
халқы үшін қам жейді, бүгінгі қоғамымыздағы өзгерістер мен қайшылықтар сырын ашына жырлайды.
Жамбылдың ақындық мектебінің түлектері шоғырының ішінде Сауытбек есімі де ерекше орын алады. Ақынның жырларынанда қоғамға деген көзқарасын шынайы ашып көрсетеді.
Кедейліктің кесірі-
Малын бағып әркімнің
Тікен кіріп аяққа,
Еңіреп жылап зарладым
Ақындарға жайымды
Зығыр майдай зардабым – деп ашына жырлайды.
Ақындардың айшықты жаңалықтарының бірі – ғылыми-техникалық өндіріс тақырыбына қалам сілтеуі. Оны Серік ақын былай жырлайды:
Жетістігі ғылымның молайғалы,
Жоғалту да соншалық оңайлады
Техника үнінен үріккендей,
Тоз-тоз болды сексеуіл тоғайлары»
Ақын бұл өлеңінде қарама-қарсы ұғымдарды негізге алады. Ол ұғымдар: табиғат пен техника. Ақын техниканы жаратпайды, техниканың табиғат сияқты сезімі жоқ, ол-түк білмес надандай. Ақын оны былай суреттейді:
«Тағдырдың «тар жол» тайғақ кешуінде»
Жаншылды жас шырпы да «бесігінде»
Техника сүйреген топас трос,
Табиғатқа өлшеусіз өшігуде». –дей келе техникалық табиғатқа төніп келе жатқан үрейдей сезінеді. Ол үрей өз басынын ғана емес, халқына келген үрей екенін сезінеді.
Ақындардың қай тақырыпта болмасын ой мен сезімдерінің қабысуы кездейсоқтық емес. Ол мүмкін Тараз өңіріндегі нәрлі топырақтан бірге сусындап, тәлім алғандығында болар деп ойлаймыз.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
З. Қабдолов Сөз өнері (Әдебиет теориясының негіздері) Алматы: Мектеп, 1982, 366 б.
Ш. Сариев 60-70 жылдардағы қазақ лирикасы: филология ғылымдарының кандидаты, автореф. 10.01.02-А, 1993 -8 б.
С.Томанов. «Пәруана» А, Үш қиян, 2004 ж.
К.Ахметова. «Құт» А, «Дәуір», 2005ж.
Тіркеу формасы
Тегі, аты-жөні (толығымен) Сейтімбетова Гүлшат Қазнабекқызы
Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы
Мекеме, лауазымы: Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.
Мекен жай (индекс көрсету міндеті)
Телефон (қалааралық байланыс кодымен; ұялы)
Е-mail (міндетті)
Факс
Мақала тақырыбы: Тараз өңіріндегі ақындық дәстүр сабақтастығы
Секция
Керекті техникалық құралдар
Қонақ үй орындарын брондау қажеттігі (иә, жоқ)
ӘӨЖ 82.02.С 31
ЖЕРГІЛІКТІ АҚЫН – ЖАЗУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ
Абдуалиева Ж.Б.
Магистрант: Сейтімбетова Г.Б.
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.
Ел егемендігі өткенімізді өлшеп, келешегімізді керек ететін күнге де жеткізді. Бұл әсіресе,барымызды бағамдап, рухани байлығымызды түгендеуден көрінеді.
Бірнеше ғасыр бойы дамып келе жатқан Тараз өңіріндегі ақындық дәстүр арасындағы табиғи байланысының аражігін анықтап, ғылыми баға беру бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отыр.
Тұлпардың шабысы да топыраққа тәуелді. Топырақ тәлімін көрген қаламгерлердің құрығы ұзын, қадамы ширақ келеді. Топырақ тәлімін көрмеген қаламгерден шынайы шығарма тумайды.
Тараз өңірінде қанмен келген сөз жүйесін қасиетім деп ұғып, қазақ әдебиетіне өзіндік үні мен еңбегін қосқан ақын- жазушылар, журналист – ғалымдар,жетерлік. Мәселен, Б.Момышұлы,О.Иманәлиев, Б.Әбілдаұлы, М.Жолдасбеков, Ж.Дәдебаев, К.Ахметова, Ш.Мұртаза, А.Бекбосынов, А.Көпжасарова, С.Томанов,Б. Әбілдаұлы, Ө.Жайлауов, Е.Әлімжан, Р. Ниязбеков, Т.Адамбаева, Ж.Сатибеков, К.Баялиев, Шона Смаханұлы, А. Табылдиев, Н.Қашағанұлы.
Тараз – мәдениет бесігі, өнер қонған жер. Белгілі ақын–айтыскерлер, А.Бетбаев, М.Тазабеков, А.Тұрсынбаева, Ш.Айдаров, С.Қалиев, Б.Шалабаев т.б . халқымыздың өрісті өнері – айтыс жанрын кең көлемде дамытып, әр қырынан насихаттап, рухани – эстетикалық қуат – күшін көпшілікке жүйелі жеткізіп келеді. Олар айтыс өнері арқылы қоғам алдына жүктелген жауапкершілікте әр қырынан толықтырып жырлап та келеді.
Олар қазақ әдебиетін тақырыптық тұрғыдан ғана емес, көркемдік – идеялық бейнелілік бағытында да байытуға үлес қосты. Проза, сатира, поэзия жанрларында өзіндік жаңалық сан қырлы шығармашылықтары жайлы айтпау мүмкін емес. Тараз өңіріндегі қаламгерлер бұрыннан бар тақырыптардың көкжиегін кеңейтіп, көркемдік бітімін даралауда өзіндік үлес қосуда.
Елімізде жүріп жатқан демократиялық өзгеріс, даму үрдістері ұлт руханиятына да жарық нұрын молынан түсіруде. Осы реттен алғанда, ой- сөз жүйесін руханият әлемі төңірегінде өрбітер болсақ, соңғы он жыл бедерінде көңіл өсіріп, жан жадыратар жайттардың мол болғандығы.
Бұл ретте жоғарыда айтылған қаламгерлердің шығармаларындағы маңызды мәселе мен іргерілі тақырыптардың кейбірі төмендегідей:
- кеңістік жүйе мен оның өктем пәрменіне, бағыт арналарының тамырына мықтап балта шабылды;
- парасат пен саясаттың ара – жігі айқындалып, ұлттық тарихқа көзқарас өзгерді;
- тұғырлы тұлғалардың есім, еңбектерін қалпына келтіру ісі дұрыс жолға қойылды
- әдеби – мәдени мұраларды жинап – жариялау, зерттеу жұмыстары жүйелі өріс алды;
- елдікке, егемендікке еңбек төккен Арыстар өмірі мен қызметін, шығармашылық ғұмырбаяндарын зерттеу ісі жолға қойылды.
- ақыл – парасатқа азаттық берілді;
- ең негізгісі, қоғамдық - әлеуметтік мәселелерге, азаматтық тарихқа, өмір – тұрмысқа, руханият ісіне – ұлттық, тәуелсіздік, тұтастық тұғырынан қарап, бағалауға батыл бет бұрды.
Туған елі туралы М. Жолдасбековтің сөзіне жазылған «Таразым» әнінде былай деп жырлайды.
Бабам бақыт іздеп тапқан жер
Анам отын алғаш жаққан жер,
Туған елдің жарық жұлдызы,
Баласағұн данам жатқан жер-деп толғанса К.Ахметова еліміздің егемендігін, тәуелсіздігіміздің туын желбірету жолына қалай жеткеніміз туралы былай деп жырлайды.
Еске түсіп,езіліп отыр ішім
Тарих қойны қан мен жас-өкінішім
Таулар шөгіп,
Батырлар шейіт болған
Тәуелсіздік таңына жету үшін
Бұл ғасыр бізді баурап,сағынады
Алашқа азаттықтың таңы ұнады
Қазақы сұлу қызы,мықты ұлдары
Әлемді өркениет төр ұсынып
Қазақтың асқақтайды мәртебесі-деп ой толғайды. Жазушы Ш.Мұртазаның «Бір кем дүние» пәлсапалық ой-маржандары,А.Бекбосыновтың ұлы ғұлама Омар Хайямның рубайттарын қазақ тілінде сөйлетуі, ғалым-Р.Тұрысбектің «Парыз бен парасат» әдеби-сын кітабындағы ел мен жер, тарих пен танымының кешегісі мен бүгінгісі бар еліміз туралы толғам-толғаныстары көп нәрсені аңғартады.
Жоғарыда аталған ғалымдарымызбен ақын-жазушылардың еңбектерін жеке дара зерделеу бүгінгі егеменді елдің ұрпақтарына аманат. Ұлт тарихының кешегісі мен келешегінің көркем шежіресіне құрметпен қарау тарих тағылымы болып табылмақ.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
«Тараз .Жамбыл обылысы Энциклопедия» Алматы 2003
Б.Әбілдаұлы «Қазақтағы ең ежелгі қала» «Ақ жол» 31 наурыз 1999
Р.Тұрсыбек «Парыз бен парасат» Алматы « Қазақ университеті2003
К.Ахметова «Құт» Алматы, «Дәуір» 2005
Ж.Дәбебаев «Талас аңыздары» Алматы ,2002
М.Мырзахметов, А.Абдуалиев , И.Жеменей, «Көне Тараз» Алматы, 2002
Тіркеу формасы
Тегі, аты-жөні (толығымен) Сейтімбетова Гүлшат Қазнабекқызы
Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы
Мекеме, лауазымы: Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.
Мекен жай (индекс көрсету міндеті)
Телефон (қалааралық байланыс кодымен; ұялы)
Е-mail (міндетті)
Факс
Мақала тақырыбы: Жергілікті ақын – жазушылардың шығармашылығы
Секция
Керекті техникалық құралдар
Қонақ үй орындарын брондау қажеттігі (иә, жоқ)
Маралтай сарыны
Бір сарын гуілдейді, уілдейді,
Көкте ме, жерде ме элде білінбейді,
Әйтеуір үні күшті жанартаудай,
Жер-көкті дірілдейді, гүрілдейді.
Бұл күнде ауыл мақтанышы, қала берді ел мақтанышы болған, біздің жерлесіміз, жас ақын дарынды ақын-Маралтай Райымбеков, өмірге, оның ішінде қазақ поэзиясына осындай өзіндік бір сарынымен, толқынды ағынымен, асау арынмен келген тума талант иесі.
Оның 1996 жылы шыққан тұңғыш өлеңдер жинағы «Ай- Нұр» мен біз сөз еткелі отырған 2001 жылы баспадан шыққан «Ай» атты кітабы қазақ поэзиясында бір жаңа сарынмен, ешкімге ұқсамайтын өзіндік «Менімен» келген құбылыс сияқты болды. Ол туралы қазақтың белгілі ақыны , әрі қоғам қайраткері Нұрлан Оразалин былай жазады.
Өлең -үздіккен көңілдің үзіліп түскен моншақ нұрлары...
Өлең -адам жанының жауынды, дауылды сәттерінің көрінісі .
Нағыз жыр мен шынайы лириканың тапиғатын жарқыратып ашар
«Сөз патшасының» осынау қайталанбас мінезі айрықша сипатқа ие болып,ерекше ырғаққа,берік ұйқасқа бедерлі де бейнелі де сөзге бөленген тұста ақынның абыройы артып , бағы жанбақ . Өрнегі бөлек , үлгісі таза жырларды оқып отырып, тебіренбеу , толқымау,қуанбау, кайғырмау, таңырқамау , тамсанбау мүмкін емес. Өйткені мұндай өз окырманын адаспай тауып, жаңылмай тілдесер жырдың өмірі ұзақ, ғұмыры баянды болады.
Маралтай лирикасындағы психологиялық иірімдер
Нұрлан Оразалин айтқандай біз де Маралтай өлеңдерінен өмірдің қөлеңкесі мен шуағын, асау ағысты арынын, дауылы мен жауынын , қайғысы мен мұңын, ауыр қасіретін де көргендей боламыз. Маралтайдың дерліқ өлеңдері қасіретке, қара түске жақын. Сонысымен ол біреулерге ұнамай қалыуы да ғажап емес. Түсінген адамға ол мін емес. Өйткені мұң мен қасіреттің сиясына малынбаған қаламнан ащы шындықты арқау етер жырлар тумайды . Маралтай сарыны-сонау қешегі өткен арқалы да айтулы ақындар Қасым Аманжолов, Төлеген Айбергннов, Мұқағали Мақатаев сарындарын көз алдымызға елестетеді. Бірақ бұл олардың көшірмесі емес, өзіндік үні, айтар ойы бар, бөлекше жаңа сарын.
Мысалы оның:
«Бір ібіліс, бір періште бір Құдай,
Бір жүрекке қалай сыйған құрғыр-ай!
Көнбес болсаң көксеуіне Алланың,
Жазылмауы керек еді жыр бұлай!» - деген өлең жоладарын оқи отырып, қалай ойланбауға, сүйсінбеуге, қүрсінбеуге болады.
Бұл Маралтай сарынының өмірге әкелген жаңа құбылысы, жаңа аяқ алысы болса керек. Енді Маралтай жырына терең бойламас бұрын, оның өміріне, өткен жолына аз-кем тоқталайық.
Біздің жерлесіміз Райымбеков Маралтай Ыбырайүлы 1969 жылы өзіміздің Игілік ауылында дүниеге келген. Әкесі Райымбеков Ыбырай ұзақ жылдар бойы совхозды мал баққан шаруа адамы болды. Анасы Дариға үй шаруасындағы әйел.
Маралтай өзі туған Игілік ауылындағы мектепте 1976 жылы бірінші сыныпқа оқуға кіріп, 1986 жылы орта мектепті бітіріп шықты. Мектеп бітіргеннен кейін Тараз қаласындағы педагогикалык институтқа оқуға түсті. Өлең жазуды меткеп қабырғасынан бастаған ол, институтта жүргенде поэзияға бүтіндей бет бұрды. Мұхтар Шаханов сияқты ақын ағаларымен кездесіп, ақыл-кеңес алған ол өлең өлкесіне тереңдей еніп, оны өмірінің бүтіндей бейнесі деп білді.
Алайда өмір жолы, поэзия өлкесіне тереңдеп кіру, оған оңай болған жоқ. Бұл жолда ол талай қиындықтар мен мехнатты басынан кешірді. Тіпті кейде бұл пәниден жиреніп, өмірден түңілген кездері де болды. Біз оны ақын жырларынан анық көреміз.
Бірақ Маралтай қандай қиындықты басынан өткерсе де қаламын қолдан тастаған жоқ. Ол өмір қиындығы мен сол өлең-жолдары арқылы күресті. Өлеңін өзіне серік, жолдас етті. Оның «Зираттағы зар» атты өлеңін оқығанда біздің көзіміз осыған толық жетеді.
Жүр, ана үйге қайтайық,
Бұл базар мені шаршатты.
Сүйсең мейір қанатын
Немеріңіз бар - қанатым!
Ішуді қойғам,
Қоймасам, оңбайтын болдым-сорлайтын.
Аллаға,сенем..Өзіме..кімім бар басқа қолдайтын
Үйге жүр апа, үйге жүр
Жүр апа, үйге қайтайық.
Бұл базар мені шаршатты
Күмістөбенің басындай, ағарып кеткен шашыңды-ай!
Қызылқиыннан құлаған самал жел өпсін денеңді
Өзім-ақ жазып берейін , той бастар болсаң өлең
Үйге жүр , апа, үйге жүр
Жүр апа, үйге қайтайық
Бұл базар мені шаршатты.
Немесе ақынның кітабына ат боп берілген «Ай» атты өлеңін алайық.
Түпсіз дүние түбің толса, мен өртен
Келмес жаққа жан сәулесін жөнелтем.
Ай толғанда күрсініп қан көкірек
Сүрінгенде күрең түсті көлеңкең
Мен тірі жан, ол тірі жан-тәні гүл
Табысын ек, сәтсіз болды бәрібір
Өз басымдай көруші ем мен оны
Көз жасымдай тамып кеткен сары гүл
Ай толғанда басып байлап бәлеге
Жай ауырып, жалғыз қалдым және де
Толған айдың толқынынан көрдім ғой
Менің демім өрт шарпып тұр әуеге
Қандай психологиялық нәзіктік өлшем. Екі өлеңді оқығанда денеңіз дірілдемей, көкірек көзіңізге кермек жас дәмі келмей, өз деміңізге өзіңіз тұншықпай оқи алмайсыз.
Бұл нені көрсетсе керек? Бұл ақын жанының тереңдігін, сол тереңде буырқанып, булығып жатқан алапат дауылды көрсетсе керек. Өлең оқып отырып сіз өзіңіз де сол тереңге түсіп кеткеніңізді байқамай қаласыз. Өйткені, сіз де ақын жанымен жылап, ақын жанымен күйзелесіз. Мұнын өзі поэзия құдіретін танытса керек. Маралтай сарыны, оның арынды үнгі әрбір оқырманына осыны үқтырады. Немесе мына бір өлеңін алып қарайықшы. Ол өзінің «Өмір» деген өлеңін былай деп қорытындылайды.
Менің жаным аппақ емес, қап-қара
Қапияда от тигендей мақтаға.
Қарап қоям айнасынан уақыттың
Маңдайдағы тағдыр дейтін тақтаға
Тәніне орап тәнімінің кебінін,
Жүрек содан жетім жандай
Ашынар да шаншып қайта басылар
Жалғыз жерде жалғыз ғүмыр кештім мен,
Көзім, сірә, көрге кіріп ашылар.
Бала арманым өлді екен деп тереңде,
Болмас ісқе қабағымды керем бе
Жерге сыйлап жансыз қалған тәнімді,
Көкке кетем, көресімді көрем де!ъ
Мұнымен ақын нені меңзеп отыр. Өмірдің қиындығы ақын жанын мойыта алмақ емес. Ол үшін мен қабақ шытпаймын. Менің жаным тәнімнен қашан да жоғары. Мен биіқтерді аңсаймын, қиналсам да сол биікке жетем деген ойды аңғартады.
Мұндай сарын, мұндай үн атақты ақын Мұқағали жырларында да кездеседі. Бірақ Маралтай сарыны оның көшірмесі емес. Бұл сарын - жаңа сарын. Маралтай жаны олармен сарындас болғанмен басқаларға ұқсамауға, ұқсатпай жазуға деп қояды. Мысалы мына бір өлең жолдарын алайықшы: «Жүрегімнен жүз бұтақ өріп шығып,
Айналып кетсе, шіркін, талға денем»...- деген жолдар
қазақ поэзиясында әлі де ешкімнің аузына алынбаған,
тың да соны дүние. Рас, Мұқағалидың «Ақ қайыңмен, жас қайыңмен» сырласып, мұңдасатын өлең жолдарын еске түсіреді. Бірақ екеуі жер мен көктей екі дүние. Екеуіндегі сарын да, айтар ойда екі белек.
Маралтай өлеңдерінің тақырыбы да әр сала. Ол бір сәт өмір туралы, дүние туралы жырлар жырласа, енді терең психологиялық сезімге толы, күрсініс туралы ой толғайды. Оған сіз де күрсінесіз. Ал енді бірде жасындай жарқ-жүрқ етіп, кесек-кесек ой тастайды. Әлеуметтік өмірде, бүгінгі болмысымызға үңіледі. Онда нәзік сезімді, жан тербер лирикада баршылық.
Маралтай қазақы қара өлеңнің өскіні. Оның мұңы да, сыры да қазақы. Оны оның әр өлеңнен байқаймыз.
Оның мына бір «Мен кеткеннен».... деген өлеңін алайықшы:
Мен кеткеннен шалқи қалса ырысың,
Кетем енді...От боп жанып тұр інім.
Дал-дал жанды қан-қан қылып, тәңірім,
Бүйтіп берген тіршілігің құрысын.
Ақын жүрегі қан жылап мұңайады. Бірақ өмірде өз орнын іздейді. Ол сол үшін күреседі. Бұл күнделікті әркімнің басындағы жағдай. Сол үшін де ақын сізді өмір қүресіне шақырады.
Ал «Ар» атты өлеңінде ақын құдай жаратқан тіршілік иелерінің әрқайсысының өз орны, өз биігі бар екендігін айта келіп, ар алдына жүгінеді. «Жаным-арым садағасы» - дегендей, ардың тазалығын сақтай білуге меңзейді.
Тауықтың ары тарымен бірге,
Шашылса тары - шашылар.
Аққудың ары жанымен бірге,
Жарына ғана бас ұрар.
Есектің ары, салаң неме,
Ойлайды ол қарнын созу деп.
Тұлпарды даттап өш алам деме,
Тұлпардың ары озу тек.
Қыранның ары көзіне өткір,
Күнге де қарар қайқайып
Қарғаның ары өзімен бірге,
Өзімен-өзін тастайық.
Ғаламның ары күнімен бірге,
Күнсіз түл, тірлік әлемі.
Даланың әрі гүлменен сырлы,
Гүлсіз де бірақ әдемі.
Шаладай бықсып жалғасып жүрер,
Өсекпен соры соңында.
Ақынның арын Алласы білер,
Ал сенің арың қолыңда.
Маралтай - табиғаты мүлде бөлек ақын. Оның өлеңдерін оқи отырып, оған көзіңіз жетеді. Оны оқығанда кеше ғана, 21 жасында дүниеден өткен, артында жасын отындай із қалдырған, жерлесіміз - Артығали Ыбыраев, қыран топшы -Мұқағали мен Төлегендерді еске түсіреді. Оларды өз кезеңдерінде қазақы өлеңнің «Тентек балалары» атанған. Олар қазақы өлеңіндегі «Өтірік сызулардың» салтын бұзған ақындар. Маралтай солардың ізбасар інісі. Оның өзіндік «Мені» бар. Ақын неғұрлым халықтың «Меніне» айналса, соғұрлым қадірлі. Өйткені ойымызды ақын Мейірхан Ақдәулетовтың сөзімен білдірсек. «Ақын да поэзия да», «Бесжылдық жоспарға» сыймайды. «Нарық экономиқасына тең болса»... дер едік. Оқып көрейікші.
Мезгіл сөнген жалын екен, сұм ажал кімді елеген,
Оқ тиіп о л да - отызда көз жұмбап па еді Төлеген.
Жиырма бір жасын арқалап, Артығали да арманда,
Мұқағали да аттанған, жырларын жапған жалғанға
Немесе:
Балдағы асыл семсер жыр, сермелей әттең сынды ғой,
Құрақтай ғұмыр ғасыр боп, жанарға шықтар тұнды ғой.
Ащы ғой ақын тағдыры, тәттісін Тәңір қимайды,
«Адамдар сияр табытқа, ақындар бірақ симайды».
Міне, бұл ақынның таза «Мені» Ол сонысымен өз алдындағы ағаларын да, өзін де танытып тұр. Қиын да қызық ақын ғұмырының басқа да биік екенінде білдіріп тұр. Ащы, ащы да болса шындық. Өйткені біз, «Нарық деп ақындарымызды танымай бара жатқан халықпыз».
Ақын осынау ойды өз өлеңдеріне қалай ақау етіп, оқушысына қалай жеткізеді. Байқап көрейікші.
Маралтай оны «Бақыт» өлеңінде былай түсіндіреді....
Сорлап жүрсің билік айтар тек болмай,
Жүрмін мен де басыма бір бақ қонбай.
Жердің беті - шахматтың тақтасы,
Тоқтамайтын корольдері мат болмай.
Тағдырыммен әзілдесіп тіресіп,
Тақ пен баққа қызыққан жоқ күресіп.
Бір кездері сүйген едім бір қызды,
Сол қызбенен кетсе керек ілесіп.
Маған солай, бәлкім сізге күлкілі,
Бақыт деген балмұздақтың бір түрі.
Оны көрсем одан бұрын мұз болдым,
Жанарымды жалықтырып жылтыры.
Оу, оң көзім, қаюақ шытпа сол көзге,
Сен де, ой Бақ, сәтсіз күні ой кезбе.
Танымас та ек, көнбесек бәрібір,
Бөтелкені қасында едім ол кезде.
Ақындардан арылған жоқ сор әлі,
Мойынында - бар әлемнің обалы.
Бақыт деген атақ мансап болса егер,
Бақытсыз-ақ күн кешуге болады.
Ақын осынау өлеңімен бұл пәнидегі қазіргі адамдардың бақ пен мансап үшін иттей ырылдасып өмір кешіп жүргенін ашу-ызамен әжуалай отырып, шындықты шығарып айтады. Бүл да Маралтайдың жаңалығы. Қазақи өлеңінің шындығының өзі осылай болса керек.
Ақын өз өлеңдерінде өмір шындығына бүкпесіз, ашық айтады, тура айтады. Ол кейбір ақындардай «Қожайынға үнайтын» біязы мінезді өлең бергісі келмейді. Оның берері, өзінің іпжі «Мені» ұнаса алыңыз, ұнамаса өзіңіз біліңіз.
Маралтай соңғы кездерде поэзия саласында тек лирикалық-психологиялық өлеңдер емес, көлемді туындыларға да ден қойып жүргенін байқатады. Оны ақынның тарихи тақырыпқа жазған лиро-эпикалық «Арман» атты метопоэмасынан көргендей боламаыз.
Әрине поэма жазу ақындар үшін жаңалық емес. Ал, Маралтайдың жаңалығы, мұнда да қазақы өлеңге өз «Менімен» келуі.
Шағын ғана бұл поэмасында ақын тарихи тұлға Шоқай Датқа өмірінің соңғы кезеңін сөз етеді. Датқаның елі үшін, жері үшін еткен еңбегі, оның тәуелсіздігі жолындағы іс-әрекеттері сөз болады.
Сіз біздің Сарысуға келіп пе еңіз,
Сарғайған саған там көріп пе еңіз?!
Мендей боп Саудакенттің миығында,
Мүлгіген Күлтөбенің иыңында
- деп туған өлкесін таныстырудан бастаған ақын, ары қарай ой тереңіне қарай бастай жөнеледі. Әрине, бұл шумақта алып-жұлып бар жатқан еш өзгеріс, жаңалық жоқ. Кәдімгі қазақы қара өлеңнің бір шумағы.
Ал енді, ақын оқиғаны одан әрі қарай өрбітеді, соны байқайық.
Кездескен жаудың үзенгіге уынанан уланып өз ажалының жақындап қеле жатқанын сезген Датқаның көңіл-күйін, үміт-наласын, арман-мақсатын былай береді.
Жанарының ұшында жалған кетіп барады,
Жүрегінің тұсында арман кетіп барады.
Жанарынан ағады жасыл әлем дөңгелеп,
Ып-ыстық от келеді өн бойынан өрмелеп.
Немесе:
Үмітімді жетімек желге келем сыбырлап,
Өртеніп от өзегім зорға келем қыбырлап.
Ажал маған бір түрлі таяп қалған секілді,
Жүлдыз ақты жарқ етіп аяқталған секілді.
Уланған ажалға мойын ұсынған Датқаның көңіл-күйінің осылай нәзік психология сезіммен берген ақын, оның өмірін, халықы үшін еткен еңбегін, сол жолда көріп-бөліп сезгенін былайша өрнектейді:
Бұлбұлды көргем көкектер үшін ұялған,
Есекті көргем тұлпардай озып сый алған.
Мегежін көргем ақылды туған бірегей,
Қарызға сұрап, тауықтан титтей ми алған.
Борсықты көргем қарнымен мойны бір біткен,
Қанденді көргем, пілдерге үріп үркіткен.
Күлейін десем, көзімнен қаным ағады-ау
Қарғалар әлі ойнап жүр көкте бүркітпен.
Ғажап десек, артық айтқандық бола ма екен? Бұлбұл неден ұялады, есек қалай сый алады, мегежін неден ақылды болады? Тап-таза өмір шындығы емес пе? Ақын Шоқай Датқа ойы мен бүгінгі күннің ащы шындығын, психологиялық шындықпен астастырып беріп отыр емес пе?Бұған сіз қалай жоқ дей аласыз,?
Ал, соның бәрін көріп-біліп тұрып, әжуалап күлейін десе күле алмауы неліктен? Бұл да ақын жаңалығы немесе мына шумақты алайықшы:
Безіндім мен де бір қара қоғамнан,
Әділет іздеп жүріппін бекер заманнан.
Маймылдар сынды айнаға сәлем беретін,
Кәпірді көрген, қой мінез елді кұл тұтқан.
Пендені көргем, құдайдан өзін зор тұтқан.
Заманды көргем, аждаха сынды у бүркіп,
Қасқырдай бейне, күнәсіз қанды қылғытқан.
Бұл шумақтарды талдап, таптаурын етпей-ақ әр оқушы ақынның айтпақ ойын анық көріп отырған жоқ емес пе? Бүл Шоқай Датқа қезеңі болсын, не одан бұрынғы, не кейінгі, тіпті қазіргі кезеңі болсын бүкпесіз өмір шындығы екендігі рас. Датқа ойы арқылы ақын өз ойын да ашық айтып отыр. Ақынның «Менің» өзі оны осы риясыз шындығында. Ал, өмір шындығы қашанда халыққа жақын.
Жалпы Маралтай Райымбеков турасында сөз қозғағанда біз оның қазақ поэзиясындағы «Меніне» соқпай кете алмаймыз. Өйткені қалың оқырман халқы өз «Менін» мойындату екенін бірінің қолынан келе бермейтін құбылыс.
Өмірден ерте кеткен, жерлесіміз, марқұм Артығали Ыбыраев та кезінде жасын отындай жарқ-жүрқ етіп шыққан еді. Бірақ тым ерте сөнді.
Сол Артығалидан кейін біздің Сарысу топрағынан поэзия атты «Сөз патшалығына» қиналса да еркіндей басып енген осы Маралтай Райымбек боп отыр.
Маралтайдың қай жырын алсаңыз да, ол өзіне магниттей тартып, шақырып отырады. Сіз оған еріксіз ілесесіз.
Бұл Маралтай игерген поэзия құдіреті, поэзия күші болса керек. Бұл оның елге мойындата білген «Менінің» де құдіреті.
Маралтай — қазақ поэзиясына өз жаңалығымен, өз «Бұзақы Менімен» келді дедік. Сонымен қатар ол поэзия әлеміне өзіндік, тек өзіне ғана тән-сарын ала келді.
Біз сол сарын құлақтан үзілмесе екен, бәсеңдемесе екен, асау толқындай тасып, дүлей дауылдай епкінін жоғалтпаса еқен дейміз.
Сөз соңында біз Маралтайға:
Тоқын тулап, дауыл соқсын,
Жоғалмасын өз «Менің».
Сарынына құлақ тосып,
Тыңдайды әркез өз елің.
Дариядай шалқып тасып,
Шарықтасып өлеңін.
Туған ел мен оқушыңа,
Таусылмасын беделің - дегіміз келеді.
Шырын Мамасерікова
Есімі көпшілікке көптен танымал ақын қыздарымыздың бірі, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Шырын Мамасерікова үстіміздегі жылғы қаңтар айында 60 жасқа толды. Ақын өзінің күллі шығармашылық өмір жолын туған ауданы Меркімен, оның қоғамдық, мәдени өмірімен, тарихымен байланыстырумен келеді. Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтының (қазіргі ҚазМПУ) филология факультетін бітіріп, еңбек жолын осында бастады. Төрт мәрте аудандық соттың халық заседателі болып сайланып, талай-талай сот процесіне қатысып, ақты – ақ, қараны – қара деп танып, қоғамдық тәртіптің нығайтылуына өзіндік үлесін қосты. Бірнеше рет аудандық кеңестің, мәслихаттың депутаты болып сайлануы – халықтың ақын қызына көрсеткен сенімі һәм құрметі екені анық. Ал, кейінгі жиырма жылға жуық уақыт ішінде зейнетке шыққанға дейін аудандық тарихи-өлкетану мұражайының директоры болды. Аудан тарихына қатысты құнды құжаттарды, жәдігерлерді жинақтап, ел игілігіне ұсынып, жас ұрпақты туған өлкені сүюге, танымал тұлғалар өмірінен тағылым алуға тәрбиелеу ісіндегі Шырын ақынның үлесі қомақты. 1997 жылы «ҚР Білім беру ісінің үздігі» құрметті атағын алып, 2002 жылы Елбасымыздың Жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталуы оның осынау көп жылдық жемісті еңбегіне берілген әділ баға дер едік. Бұл – оның туған ауылы – Жалпақсаздан басталған жалғыз аяқ сүрлеуінің даңғылға ұласқанының да белгісі. Шырын Мамасерікова – қазақ әдебиетінің қатарына жас таланттар толқыны лек-легімен келіп, көсегесі көгеріп, көкжиегі кеңейген бір мәртебелі кезеңі – 60 жылдардың ортасында алғашқы жырларымен-ақ оқырман қауым көңіліне жылы ұялап, өлең өлкесіндегі өз сүрлеуін, өз өрнегін тапқан ақын. Ол содан бері қырық жылға таяу шығармашылық өмірінде осы әу бастағы поэзияға деген адалдық сезімінен айныған емес. Облыстық, республикалық мерзімді басылым беттерінде жарияланғандарын есептемегенде, оның қаламынан «Жыл құстары», «Гакку», «Назгүл», «Нәзік нақыш», «Асылдың сынықтары», «Әулие бабам Сыпатай», басқа да ондаған жыр жинақтары туды. Облыстық әкімшіліктің демеушілігімен 1999 жылы «Атамұра» баспасынан жарыққа шыққан ұжымдық жинаққа топтама өлеңдері енгізілді. Тағы бір атап өтерлік жай – Ш.Мамасерікованың аудандық мұражайда қызмет еткен жылдары ізсіз қалмады. Қазақ халқының аяулы перзенттері Т.Рысқұлов, Қ.Сарымолдаев, М.Жылысбаев, Қ.Әсімов, Б.Байғанаев, тағы басқалары жайлы тарихи-танымдық шығармалар жазып, мұрағаттық құжаттарға «тіл бітірді», жақсыларымыз бен жайсаңдарымыз жөніндегі «жабық есік» жағдайында ұсталған тың деректерді жалғанның жарығына шығарды. Әсіресе, оның Т.Рысқұловтың жұбайы Әзиза Түбекқызымен сырласу түрінде жазылған «Қымбатты қимас жеңешем» атты баянат – эссесі ерекше шабыттан туған, бояуы қанық, атап өтуге тұрарлық туынды. Ақын осы еңбегін ұсыну арқылы өзінің публицистік-журналистік шеберлігін де айқын таныта алған. Биыл мерейгердің «Өлеңімнің әр жолы - өмірбаян» атты тағы бір жаңа кітабы облыс әкімі Б.Б.Жексембиннің қаржылай демеушілік көрсетуімен «Сенім» баспасынан жарық көрмек. Бұл кітап кезінде облыстың қоғамдық, мәдени өміріне белсене араласып, зейнетке шыққаннан кейін де оқырманын сұлу жырларына ұйытып, адамгершілікке, өмірді, Отанды сүюге, имандылыққа тәрбиелеумен келе жатқан ақынның алпыс жылдық мерейтойына лайықты тарту болады деп сенеміз. Бүгін біз оқырмандар назарына ақынның бір топ өлеңдерін ұсынып отырмыз.
Анама
Маған бақыт тәңірден көп тіледің,
Мұңайғанда жылытты отты лебің.
Өтей алмай перзенттік парызымды,
Өкінішпен жас шағым өтті менің.
Көбейттім бе білмеймін шаштың ағын,
Төмен қарап, анашым, жасымағын.
Төртқұл дүние тұтқасын ұстатса да,
Құшағыңа жетуге асығамын.
Жанарыңнан пейіштің көрем нұрын,
Жүрегіңнен шапағат терем гүлін.
Ақтық демім кеудемнен таусылғанша,
Арналады өзіңе өлең-жырым.
Сен болмасаң ақын боп туар ма едім,
Өнер жолын құштар боп қуар ма едім.
Қайсарлыққа бесіктен баулымасаң,
Қиындыққа белімді буар ма едім.
Ақ сүтіңнен нәр алған шынар едім,
Арқа сүйеп өспесем құлар едім.
Адалдыққа, шындыққа үйретпесең,
Айтшы, қалай халқыма ұнар едім?!.
Алғашқы қар
Алғашқы қар жауған күні жолықтым,
Бірақ саған сыр ашуға қорықтым.
Әйел жаны шексіз әлем, қым-қуыт,
Қым-қуытты білу қиын, соны ұқтым.
Ғұмырымды жіберетін ән қылып,
Дос іздеуші ем сенісетін мәңгілік.
Талай рет көңіл күні мұңайып,
Талай рет арайланды таң күліп.
Далада қыс, ал екеуміз үйдеміз,
Алабұртқан бір беймаза күйдеміз.
Зулап өтіп бара жатыр байқатпай,
Жастық атты қоңыраулы күймеміз.
Жасырсам да санаулы ғой әр адым,
Қаншама жыл қабағыңа қарадым.
Қайтсем екен...
Жәудіреумен сен жаққа
Жастық өтті...
Өзім де өтіп барамын.
Алғашқы қар жапалақтап жауып тұр,
Байқайсың ба, күн төбеден ауып тұр.
Сені қайдам,
Менің бүгін ойымда
Ең соңғы рет кездескендей қауіп тұр...
ІІ тарау: Ақындық өнер және көркемдік қабылдау
2.1 Жергілікті ақындар шығармашылығының көркемдік қырлары
Достарыңызбен бөлісу: |