1-оқушы Нұрбол Халқымызға билік дана айтар даналар Даналардың өзі анадан жаралар. Жүрегіңнің бір бөлшегі – бала үшін Сізден жақын адам бар ма аналар Балаға ең жақыны сіз ғой



Дата15.03.2022
өлшемі16,58 Kb.
#135734
Байланысты:
жаттау


1-оқушы Нұрбол
Халқымызға билік дана айтар даналар
Даналардың өзі анадан жаралар.
Жүрегіңнің бір бөлшегі – бала үшін
Сізден жақын адам бар ма аналар
Балаға ең жақыны сіз ғой ,ана
Сіздің ыстық құшағыңыз бізге пана
Сіздерге теңестірер еш нәрсе жоқ
Теңесе алар бірақ нәрсе – Отан ана.



4-оқушы Жангүлім
Сол арқылы сен де өмірді жалғадың,
Ізгі іс қой, ұстаз тілін алғаның.
Мақтау алсаң ұстаздардың алдында,
Ол өзіңнің орындалған арманың.
Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,
Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып.
Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы,
Қасиеті бас иелік мәңгілік!



2-оқушы Айяжан
Әр сөзіңді жаттағам
Жүрегімде сақтаған
Анашым деп мақтанам,
Айналайын ,ақ анам!
Ана – көркі көгімнің
Ана- нұры жерімнің
Ана – бағы баланың
Мақтанышы елімнің!



5-оқушы Тілек
Кірер сізбен әрқашан берекеміз
Математика білімін көл етеміз
Еңбегіңіз әрқашан жемісті боп
Құтты болсын, бүгінгі мерекеңіз.



3-оқушы Айлана
Ұстаз деген – жарық күні ғаламның,
Ұстаз деген – анасы ол адамның.
Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,
Сен де одан адам болып жаралдың.
Ұстазыңды түсінген сен тереңнен,
Бар әлемге еңбегімен еленген.
Сенің бағың өрге қарай өрлесе,
Ол да бірге қуанышқа кенелген.



6-оқушы Құралай
Ана дейміз бәрімізде аңқылдап
Ана – дейді жас сәбиде жарқылдап
Ана -деген бәйтерегі өмірдің
Ана деген – алтын қазық , алтын бақ.






7-оқушы Гүлжауһар
Ана деген – асыл жандар болаттай
Ана деген- мөлдір жандай бұлақтай
О,адамдар қадірлей біл ананы,
Жат қылыққа ақыл ойды танатпай.




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет