а, е,
ы, і
сияқты дауысты дыбыстарға аяқталып тұрса немесе
р, л,
з, й,
үнді
у
(
тау, бау
деген сөздердегі) дыбыстарына аяқталған
болса, дауыс ырғағы жағынан сол сөзбен тұтасып айтылатын
келесі сөздің басқы
қ, к
дыбыстары ұяңдап,
ғ, г
дыбыстарына
алмасады. Мысалы,
бала кезде, келе қалды, күні кеше, кез кел-
ген, бұл күндері, қол қойды, қаз-қатар, ай қабақ
деп жазылған
сөздер
балагезде, келеғалды, күнүгеше, кезгелген, бұлгүндөрі,
қолғойдұ, қазғатар, айғабақ
болып айтылуға тиіс.
Біріккен сөздердің ішінде де аралық дыбыстары жоғары-
дағы көрсетілген түрде келгендері осылайша «сындырылып»,
яғни
қ, к
дыбыстары ұяңдап айтылады. Сондықтан
Меңді-
қыз, Талдықорған, Жезқазған, Жаңақорған, өнеркәсіп, бірқа-
тар, қылқалам
түрінде жазылатын біріккен сөздер
Меңді-
ғыз, Талдығорған, Жезғазған, Жаңағорған, өнөркәсіп, бірға-
тар,қылғалам
болып айтылуы керек.
Сөздер аралығындағы бұл дыбыстар керісінше орналасқан
жағдайда да, яғни алғашқы сөз
қ, к, п
дыбыстарына аяқталып,
бір ырғақпен айтылатын келесі сөз дауысты дыбыстардан бас-
талса, бұл дауыстылар алдыңғы қатаң дыбыстарды «сынды-
рып», жұмсартады, яғни ұяндатып жібереді. Мысалы,
шекара,
көк ала, көкөніс, қарап отыр, сатып алдым
сияқты сөздер
ше-
гара, көгала, көгөнүс, қаработұр, сатыбалдым
болып айты-
луы – заңдылық.
Мектепте қазақ тілі бағдарламасының фонетика, грамматика
салаларынан «Қазақ тілінің үндестік заңдары» деген тақырып
өтіледі. Тіл білімінде «үндестік заңы» дегеннің баламасы ретін-
де «сингармонизм» деген термин қолданылады. Әдетте дауыс-
ты дыбыстың жуан-жіңішкелігі жағынан қосымшаларды өзіне
үйлестіруін «сингармонизм» деп атап келдік. Ал, шындығында,
сингармонизм – тек дауыстылардың үндесуі емес, сөзді құрап
тұрған барлық дыбыстардың біркелкі не жуан, не жіңішке бо-
лып үндесуі екенін соңғы кездердегі зерттеулер баса айтады
11
.
Оның үстіне бұл үндестік қазақтың төл сөздеріне және ерте-
ректе енген кірме сөздерге, олардың бір буынды түрлеріне де,
1
Строй казахского языка. Фонетика. - Алматы: Наука, 1991. - С. 70.
219
көп буындыларына да тән екендігі көрсетіледі
22
, яғни сөздің
қалай таңбаланғанына қарамастан, ішінде жуан-жіңішке да-
уысты дыбыс әріптері жазылғанмен, тұтасымен не жуан, не
жіңішке дыбысталуы тиіс деп танылуы қажет. Мысалы,
кітап,
күмән, кінә
деп жазылған сөздердегі дыбыстар
кітәп, күмән,
кінә
түрінде үндессе,
біраз,
бірақ, қауіп, қазір
сияқты сөздер
тұтасымен жуан айтылып, олардағы дыбыстар
быраз, бырақ,
қауып, қазыр
(немесе
кәзір)
болып үндеседі.
Міне, осы сияқты сингармонизм заңы жазудың ыңғайымен,
яғни бір сөз ішінде жуан да, жіңішке де дауыстылардың
жазылғанына қарай, өзінің табиғи түрде айтылуын бұзып жі-
беретін фактісі байқалады. Мұндайда дыбыстау автоматизмі-
нен гөрі, сөзді «ойланып» айту жүзеге асады:
қа+зір, бір+аз,
бі+рақ.
Қазақ тіліндегі сөздер сингармониялық тембріне қарай жал-
пы төрт түрде үндеседі: олар жуан, жіңішке, еріндік, езулік.
Жоғарыда көрсеткеніміз – жуан-жіңішкелікке қарай үндесу, ал
еріндік-езулік дыбыстардың бір-біріне ықпалына қарай бола-
тын гармония «ерін үндестігі» деп аталады. Сөз басында не-
месе сөздің бірінші буынында келген
Достарыңызбен бөлісу: |