83
мағыналас қатарлар болмағанмен, әбден ажыратылып, еке-
уі екі бөлек тұрақты термин болғанға дейін, осылайша алма-
кезектеп жұмсай беруге де болар. Тіл мәдениетіне қатысты
бұрынырақ жазған бір мақаламызда біз де
дублет
терминін
«жазба әдебиетімізде екі, кейде тіпті одан да көп вариантта
қолданылып жүрген жеке сөздер, тұлғалар» деген мағынада
жұмсаған болатынбыз
8
. Қазақ тіліндегі варианттылық пробле-
масын арнайы зерттеп, монографиялар жазған И.Ұйықбаев,
С.Бизақов сияқты ғалымдар да бұл екі атаудың бір-біріне сино-
ним болып келетінін айтады. Дегенмен оларды айырып жұмсау
қажеттігін де ескертеді. И.Ұйықбаев:
«Вариант
сөзінің ауқымы
кең жатады, өйткені ол барлық жарыспалы сөздерді қамтиды,
ал
дублет
көбінесе лексикалық-семантикалық дәлме-дәлдікті
(аллолекса) білдіру үшін қолданылады» деген пікірді айтады
9
.
Зерттеуші С.Бизақов А.А.Реформатский, Н.М.Шанский, Ро-
гожникова, И.А.Короленко сияқты зерттеушілердің
вариант
пен
дублет
терминдерін орыс тіл білімінде ажыратып қолдану
туралы пікірлерін келтіріп, бұл терминдер жайында бірсыпы-
ра толығырақ мағлұмат береді де қазақ тіліндегі еңбектерде
бұл екі терминнің ара-жігі ашылмай, қабат алынып келе
жатқанын білдіреді
10
. Бұл зерттеуші де «вариант» пен «дублет»
құбылыстарын бір-бірінен ажыратып танытатын белгілерді
атап, фонетикалық дублеттер мен сөздің дыбыстық вариантта-
рына жеке-жеке сипаттама береді.
Ұсынылып отырған жұмыста біз варианттылық құбы-
лысының зерттелу тарихын, таным деңгейін тәптіштеп толық
баяндауды мақсат етпей, қазақ тілінің бүгінгі әдеби нормасы
тұрғысынан келгенде, варианттар, дублеттер, қосар сөздер
(И.Ұйықбаев ұсынған атаулардың бірі), жарыспа сөздер
(тұлғалар) деп атап жүрген тілдік элементтерді қалайша танып,
жіктегеніміз жөн деген таным-талдауларымызды ұсынамыз
(бұрынырақ жариялаған кейбір материалдарымыз бен пікір-
лерімізді де пайдаланғанымызды ескертеміз).
Әдеби норма дегенді сөз етуде де зерттеушілердің алдында
8
Сыздықова Р.
Достарыңызбен бөлісу: