Ббк 1. С 94 Қазақстан Республикасы


Лексика-семантикалық варианттар



Pdf көрінісі
бет43/159
Дата20.09.2023
өлшемі1,37 Mb.
#181811
түріБағдарламасы
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   159
Байланысты:
file-6694

Лексика-семантикалық варианттар
Алдымен, фонетикалық бітімі жағынан бір-біріне өте ұқсас, 
сырт қарағанда, бір сөз сияқты болып көрінетін қатарлардың 
өзін семантикалық, семалық табиғатына қарай ажыратып алу
қажет. Норма тұрғысына келгенде, төл сөздердің ішінде фоне-
тикалық тұлғасы жағынан бір сөз сияқты болып көрінетін 
сартылдау ~ сыртылдау, дызылдау ~ тызылдау, сарт-сарт 
~ сарт-сүрт, алақ-жалақ ~ алақ-жұлақ
тәрізді қатарлардың 
әрқайсысының семантикалық дербестігі бар варианттар 
екендігін айту керек. Мысалы, 
сартылдау 
ауқымы үлкен 
заттардың өзге заттарға соғылғанда (үйкелгенде) шығаратын 
дыбысы: пойыздың донғалақтары 
сартылдайды,
шоқпар 
сар-
тылдан
соғылады т.т., ал 
сыртылдау
ұсақтау, кішілеу денелердің 
(заттардың) өзге заттарға соғылғанда шығаратын үздіксіз ды-
бысы, мысалы, малдың тұяқтары 
сыртылдайды,
саусақтар 
сыртылдайды.
«Түсіндірме сөздік», өкінішке орай, мұндай 


97
семантикалық ренктерді көрсетпейді. Мұндағы түсіндірмелер: 
сартылдау
– «сарт-сарт еткен дыбыс шығару, сатырлау», 
сыр-
тылдау
– «сырт-сырт ету, тырсылдау», ал қайткенде сарт-сарт 
еткен дыбыс, қайткенде сырт-сырт еткен дыбыс шығатыны 
айтылмайды. Демек, дауысты дыбыстарының ашық 
(а),
қысаң 
(
ы, і
немесе 
о-ұ, ү
) болып құбылып келетін еліктеуіш сөздер 
(тарс ету ~ тырс ету, сарт ету ~ сырт ету, сырылдау ~ са-
рылдау) 
мен етістіктер 
(дордию ~ дүрдию, дөңкию ~ дүңкию, 
батпию ~ бытпию, балшию ~ былшию, қоңырсу ~ көңірсу)
сырт 
қарағанда, бір лексеманың инварианттары болып көрінгені-
мен, шын мәнінде, семалық өзгешеліктері бар жеке-жеке сөз-
бірліктер болып танылады, бұлар – дублеттер емес, сондықтан 
мұндай қатарлардың бірін әдеби нормадан ығыстыруға мүлде 
болмайды.
Төл сөздердің ішінде лексика-фонетикалық варианттардың 
үлкен бір тобын жуан – жіңішке болып дыбысталатын қатарлар 
құрайды. Олар: 
ажым ~ әжім, ажуа ~ әжуә, абдыра ~ әбдіре, 
ары (тұр) ~ әрі (тұр), аула ~ әулі, қария ~ кәрия, қары ~ кәрі, 
пісті ~ пысты, пара ~ пәре, жай ~ жәй, жайт ~ жәйт, шай 
~ шәй, жаңағы ~ жәңегі, және ~ жана, қайтіп ~ кәйтіп
т.б. 
Бұл топтағы қатарлардың бірқатары жергілікті сөз машығына 
(говорлық, диалектілік қолданысқа) қатысты болып келеді. 
Диалектолог мамандардың зерттеулеріне қарағанда, Орта Азия 
республикалары мен соларға іргелес жатқан қоныстардың 
қазақтары тілінде, Қазақстанның Орта Азиядан шалғай жатқан 
тұрғындарында 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   159




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет