мейманхана, қонақ үйі, қонақүй
деп күні бүгінге дейін жарыса
аталып, арнайы ғимараттың төбесіне, маңдайшасына жазы-
лып келеді. Мұның
мейманхана
вариантының жарыса жүруіне
кейін пайда болған әр алуан әлеуметтік қызмет жайларының
хана
сөз-формантымен жасалу жүйесі де
(кітапхана, асхана,
аурухана, төлхана)
себепкер болғанға ұқсайды. Мұндай жаңа
атаулардың алғашқы кезде варианттары көбірек болатын. Мы-
салы, 1920-1960 жылдары
тыңайтқыш ~ құнарландырғыш,
қосымша құн ~ түсер құн, басылу ~ басылым, оқушы ~ оқырман,
азамат созысы ~ азаматтық соғыс, жұмыскер ~ жұмысшы
де-
ген варианттар қатары болды. 1990 жылы жарық көрген «Қазақ
лексикасындағы жаңа қолданыстар» атты сөздікте
шірінді ~
қарашірік
(гумус),
айнамұз ~ мұзайдын ~ мұзойнақ
( «каток»),
аяқжол ~ жаяу соқпақ
(тротуар),
балқайнатпа ~ қайнатпа ~
тосап
(варенье),
жолақы билет ~ сапарлық билет
(«проезд-
ной билет»),
жолқапшық ~ жолдорба
( «рюкзак»),
көктат ~
көкөніс
(овощ),
қиғаштама ~ бұрыштама
( «виза»),
қол күйме
~ бесік арба
( «коляска»),
қорап ~ қау
( «кузов»),
құлаққап ~
құлаққалқан құлақтама, құлақілдік ~ құлақілдірік
(«наушник»),
қызан ~ қызанақ
(помидор),
анықтамалық ~ мағлұматнама
(«справочник»),
өлікхана ~ мәйітхана
(«морг»),
тежеме ~
тежегіш
( «тормоз»),
жеңілгек ~ тиектүйме
(«запонки»),
шыңылтыр ~ әйнекей
( «глазурь») деген ондаған жаңа сөз
қатары тіркелген. Бұлар – қазақ өмірінде, оның мәдениетінде
бұрын болмаған жаңа заттардың атаулары, көбінесе олар –
тұрмыстық лексика деп аталатын сөздер, сондықтан оларды
орысша атамай, қазақша баламасын жасау барысында екі-үш,
кейде тіпті 3-4 (
наушник
дегеннің атауын қараңыз) жарыспа
жаңа тұлғалар пайда болғанын көреміз. Әрине, бір ғана нақты
89
заттың аты болғандықтан, оны әркім әртүрлі атамай, бір ғана
сөзбен беру – норма талабы, бірақ бұл талап көп ретте бірден
орындала қоймайтындығы, ауызекі сөйлеу тілі былай тұрсын,
жазба дүниеде, әсіресе баспасөз беттері мен радио, теледи-
дар сияқты ақпарат каналдары тілінде бірсыпыра уақыт бойы
варианттар болып түрліше аталып келетіндігін мойындау
қажет. Тіл мәдениеті саласында істелуге тиіс шаралардың бірі
– осындай жарыспа атаулардың бірін норма ретінде қалыптас-
тыру. Бұған варианттардың бірінің жиірек қолданылуы,
оқулықтар мен анықтамалық құралдарға біреуін енгізу, әр алу-
ан нормативтік сөздіктерге нормаға сай деп танылған біреуін
беру сияқты іс-әрекеттер дәнекер болады. Айталық, жоғарғы
көрсетілген варианттардың ішінде
тыңайтқыш, қосымша құн,
оқырман, мұзайдын, анықтамалық, бұрыштама, басылым,
мәйітхана, көгөніс
деген сыңарлары біршама орныға түскен
сияқты. Ал енді бірқатарының дәл мына варианты норма бол-
сын деп айта қою қиын. Мысалы,
помидор-
дың
қызанақ
неме-
се
қызан
деген аударма варианттарынан гөрі қолданыста «по-
мидор» сөзі жиірек кездесетіндігін көреміз.
6) Орыс сөздері мен олардың қазақшаланған варианттары-
ның қатар қолданылуы алдыңғы көрсетілген топтан бөлек тал-
данып, танытылады. Мысалы:
скелет ~ қаңқа, артрит ~ шор-
буын, атрофия ~ сему, реликт ~ қалдық, туберкулез ~ құрт
ауру
сияқты қатарлардағы әсіресе медицина терминдері жазба
тілімізде жарыса қолданылып жүр және сөздіктерде екі вариан-
тын да норма деп беріп келеміз. Бұлардың санатында
паспорт
~ төлқұжат, космос ~ ғарыш, класс ~ сынып, телеграмма ~
жеделхат
сияқты көптеген тілдерге ортақ интернационалдық
қорға жататын сөздерді екінші бір шет тілдің, көбінесе араб
тілінің сөзімен алмастырудың уәжі қаншалықты күшті екенін
айту қиын, сірә, бұл жерде әйтеуір «орысшылдықтан» қашу
ниеті рөл ойнаған болар, әйтпесе 70-80 жыл бойы қолданылып
келген
класс
сөзін (мектеп кластары), мамандық дәрежесін
білдіретін
класс
арабша
сынып
(дұрысы
синиф
болуы ке-
рек) баламасымен алмастырғанда, оның қазаққа түсініктілігі,
дағдылығы жағынан ұтып тұрмағаны белгілі,
космос
терминін
ғарыш
деп алмастырғанда, бұл арабизм «космос» дегеннің
ғылыми мағынасын бере ме: түпнұсқа тілдегі негізгі мағынасы
(«тақ») мүлде жуыспайды, ал оның араб тіліндегі «көк аспан»
90
деген коннотативтік мағынасы
космос
дегенді білдірмейді,
кос-
мос
– жерден қарағандағы жай аспан немесе көк аспан емес.
Оның үстінен
космос
түбірінен туындайтын
космогония, космо-
навтика, космизация, космография
деген сияқты терминдерді
ғарышгония, ғарышнавтика, ғарышграфия, ғарсизация
деп
атай алмаймыз, демек,
космос
сияқты сөздерді ғылыми термин
етіп қалдыру керек, яғни мұндай сөздердің көбінесе ғылыми
әдебиетте жұмсалатын, барлық тілдеде жазатын ғалымдарға
таныс халықаралық варианттарын норма деп қалдырсақ, қазақ
тілінің байлығы ортаймайды. Бұл да қазіргі кезде лексикалық
норма проблемасының бір қырына барып тіреледі, яғни әңгіме
бұл жерде
космос, класс
сияқты жеке сөздердің қолданысқа
ену-енбеуі туралы емес, терминология принциптерін жүйелеу
жайында болмақ.
Ал
ғарыш, Елбасы
(Республика Президенті),
халық қыз-
метшісі
(депутат),
құрылтай
(конференция, съезд, симпо-
зиум, сессия, жиын, жиналыс) сияқты сөздер сипаттаушы,
суреттеуші баламалар болып қолданыла алады.
Міне, қазіргі таңда әдеби норма статусында бір вариан-
ты үзілді-кесілді тұрақталмаған сөз топтарының сипаттары
– осындай. Бұл топтарды осылайша бөліп-бөліп таныстырып
өтуіміз қажет болды. Өйткені бірқатар тіл мамандары мен жа-
зушы-журналистер жарыспалы варианттар мен синонимдер
қатарын шатастырып жүрген ыңғайлары бар. Ал, дұрысында,
фонетикалық, тұлғалық, мағыналық жақындығы жағынан
жарыспа сөздер мен синонимдерді таза варианттық қатарлар
деп қарауға болмайды. Бір заттың номинативтік атауы екеу
(не үшеу) болса, олар – дублеттік варианттар болмақ, мыса-
лы,
иінағаш ~ күйенте
дегендер – лексикалық варианттар, ал
заттың сынын, қасиетін, қимылын, қимылдың амалын мағына
жағынан жақын, бірақ түрлі сөздермен атаса, олар синоним-
дер болады. Мысалы,
есерсоқ, кеңкелес, әумесер
сияқты сын
есімдер адамның бір қасиетін түрлі сөзбен білдіреді, олардың
мағыналары жуық, бірақ сол мағына қосымша семантикалық
реңктері (семалары) арқылы әр сөзді өз орнында қолданатын
синонимдер етіп танытады. Демек, мағыналас бірліктердің
(сөздердің) бәрі лексикалық варианттар болып шықпайды.
Варианттар – фонетикалық, морфологиялық, генетикалық
жағынан түрленетін жарыспа сөздер, ал синонимдердің ста-
91
тусы бұдан мүлде бөлек. Нормадан ауытқушылық көбінесе
синонимдерді таңдауда байқалады. Мысалы,
қайтыс бол-
ды, қаза тапты, өлді
деген синонимдердің әрқайсысының
қолданылатын орындары бар (бұлардың
келмеске кетті, о
дүниелік болды, көз жұмды
деген сияқты ондаған бейнелі
тіркес қатарларын былай қойғанда, олар да орын тандап, кон-
текст таңдап жұмсалатыны белгілі). Теледидардан Шешен-
станда болып жатқан қақтығыстар жайында хабар жүргізуші
журналист: «пәлен жерде, пәлен күні болған айқаста феде-
ралды үкімет әскерлері жағынанпәлен адам қайтыс болды»
деп
хабарлағанын естідік. Ұрыста адам
қайтыс болмайды,
қаза табады, шейіт болады,
аварияда
опат болады,
аурудан,
жарақаттан
қайтыс болады.
Сол сияқты жылдың төрт мезгілінің келгенін білдіретін си-
ноним сөздердің әрқайсысына дәл түсетін өз жыл мезгілдері
бар: қыс
түседі,
жаз
шығады,
көктем
туады,
күз
келеді. Жаз
түсті, күз шықты, қыс туды
деп қолданса, ол – лексикалық
нормадан ауытқу болар еді. Баспасөз беттері мен көркем
әдебиетте әдеби нормадан ауытқудың сөз тандауға қатысты түрі
– ең жиі кездесетіні. Бұл ретте тек синонимдер қатарын тан-
дауда емес, жалпы жоғарыда көрсетілген варианттар қатарын
тандап қолдануда үлкен ағаттықтар, білместіктер, салақтықтар
кездесіп келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |