Ббк 1. С 94 Қазақстан Республикасы


Фонетикалық-орфограммалық және лексика-



Pdf көрінісі
бет40/159
Дата20.09.2023
өлшемі1,37 Mb.
#181811
түріБағдарламасы
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   159
Байланысты:
file-6694

Фонетикалық-орфограммалық және лексика- 
фонетикалық варианттар
Әдеби норма тұрғысынан келгенде, біреуі нормативтік 
(нормаға сай), екіншісі (не екіншілері) нормаға үйлеспейтін 
қатарлар деп бөліп қарастыратын топтар бар. Бұндай жарыспа 
элементтерді біз 
дублет
деп атағанды жөн көреміз. Дублеттердің 
ең үлкен бірінші тобы – 
фонетикалық-орфограммалық
(бұны 
лексикалық-фонетикалық
деп те атап жүрміз) болып 
келетін тұлғалар, яғни дыбысталуы бір-бірінен өзгеше түсетін, 
бір инварианттан өрбіген вариант сөздер: 
зарар ~ залал, пен-
де ~ бенде, кәрі ~ қары, тиірмен ~ диірмен, мұнда ~ бұнда
т.т. 
Бұлардың өзін іштей топтастыру керек болады:
а) араб, парсы тілдерінен енген кірме сөздердің фонетикалық 
орфограммалық жарыспа қатарлары;


92
ә) қазақтың төл сөздерінің жарыспа тұлғалары;
б) орыс тілінен және орыс тілі арқылы енген кірме сөздер 
болып келетін жарыспалар;
в) ауызша сөйлеу тілі мен жазба әдебиетте түрліше 
фонетикалық вариантта кездесетін қатарлар.
Дыбыстық тұлғасы (айтылуы мен жазылуында) жағынан 
дублет болып келетін бірліктердің басым көпшілігін араб, пар-
сы тілдерінен енген кірме сөздер құрайды: 
рұқсат ~ ұлықсат, 
уәде ~ уағда, зерек ~ зирек, зарар ~ залал, мехнат ~ михнат.
Қазақ тіліне шығыс тілдерінен сөздердің енуі ертеректен 
басталғаны мәлім. Олар негізінен оқу-ағарту, әдебиет, дін 
сияқты мәдениет каналымен келді. Басым көпшілігі халықтың 
сөйлеу тілінен орын алып кетті, олар тұрпаты жағынан қазақ 
тілінің фонетикалық заңдарына бағынып, қазақша қалыптасты. 
Мысалы, араб тіліндегі 
ғайн
деген дыбыстан басталатын сөздер 
қазақ тілі үшін алдыңғы жат дыбысты түсіріп, сөзді дауыстыдан 
бастап айтуды қалыптастырды. Мысалы, 
ақыл, әділ, әдет, аза, 
азан, айт, айып, амал, ар, арыз, асы, аян, аяр, әзіз, әйел, әлем
тұлғасында қолданылатын сөздердің басқы дыбысы – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   159




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет