99
бірақ онша көп емес, бұл жерде
сайқымазақ ~ шайқымазақ,
тілмар ~ ділмар, дөңбекшу ~ төңбекшу, бәйге ~ бәйгі, бүлдірге
~ бүлдіргі
(қамшының бүлдіргесі),
сүйінші ~ шүйінші, емешесі
құру ~ емесесі құру, таяз ~ саяз, барқын ~ барқан, қортпа ~
құртпа, сопы ~ сұпы, алашақ ~ алажақ, құдағи ~ құдағай,
бұлау ~ былау, таба
(нан)
~
тапа
(нан),
тоқаш ~ тоғаш, мақ-
сат ~ мақсұт, өйткені ~ үйткені, бекіре ~ мекіре, мұқыл ~
тұқыл, аңқаю ~ аңқию, міне ~ міні, әне ~ әні, айқара
(құшақтау)
~
айқыра
сияқты қатарларды көрсетуге болады. Бұлар да емле
сөздіктері арқылы реттеліп келеді, яғни сөздіктерде көрсетіл-
ген дублеттердің көбінесе біреуі ғана беріледі, демек, алдыңғы
сыңарлары норма ретінде тұрақтандырылды, тек
айқай
және
айғай, ділмар
және
тілмар, саяз
және
таяз
сияқты бірен-
сараны ғана екі вариантта қолданыла беретіндігі «және» деген
белгімен қалдырылып отыр.
«Және» белгісімен
бұл
есімдігінің септік тұлғаларда
бұның
~ мұның, бұнда ~ мұнда, бұдан ~ мұнан, бұнымен ~ мұнымен,
бұны ~ мұны
болып келетін қатарлары да беріліп жүр.
Ал лексика-фонетикалық дублеттер болып көрінетін
өзге ~
өңге, нәрсе ~ нәсте, жұбату ~ уату, ыстық ~ ыссы, шырық
(бұзу)
~
шырыш
(бұзу),
береке ~ берекет, дейін ~ шейін ~
шекейін, әуелде ~ әзелде
сияқты қатарлар сыңарларының
әрқайсысы – тілде қолданылуға, оның ішінде әдеби нормаға
енуге «құқықты» дүниелер, өйткені бұлардың пайда болу
себептері таза фонетикалық қатарлардан өзгеше: кейбірі
түркі тілдерінің әртүрлі тобына жататын тұлғалардың көрінісі
болса
(өзге ~ өңге, жұбату ~ уату, нәрсе ~ нәсте),
енді бір-
сыпырасы түркі тілдеріндегі
Достарыңызбен бөлісу: