варианттар
деп атау
мүлде шартты, бұл жердегі «вариант» сөзі «қатар» сөзінің
эквиваленті болмақ. Демек, біз жоғарыда норма тұрғысынан
талдаған варианттар мен синонимдерді шатастырмау керек.
Әрине, белгілі бір жарыспа тұлғаларды вариант (дублет) деп
тану немесе синонимдер деп қарау кейде қиындау соғады.
Мысалы, орыс тіл білімінде
неграмотный ~ безграмотный
деген қатарларды синонимдер деп қарайды, бұлайша танысақ,
112
бейкүнә ~ күнәсіз, әдепсіз ~ бейәдеп
деген жарыспа тұлғаларды
біз де варианттар дегеннен гөрі, жасалуы жағынан бір-біріне
синоним болып келетін сөздер деуімізге болады. Сірә, бұлайша
танымауға олардың тіркесімдік қабілеттерінің түрліше екендігі
де себеп болатын сияқты:
күнәсіз жазғыру, бейкүнә жан
де-
геннен гөрі
күнәсіз жан, бейкүнә жазғыру
деп айту – жатық,
дұрыс, яғни норма.
2) Варианттарды «тегіне» қарай: әдеби тілдік және әдеби-
диалектілік қатарлар, әдеби және ауызекі тілдік дублеттер, ау-
ызша және жазбаша (орфоэпиялық-орфографиялық) вариант-
тар, орфограммалық (графикалық) дублеттер деп бөліп-бөліп
қарастырған жөн.
Тілдік-құрылымдық сипатына қарай варианттар фонети-
калық – орфографиялық – морфологиялық – лексикалық болып
бөлінеді. Қазіргі қазақ тілінде ең көп кездесетіні – лексикалық
және фонетикалық жарыспа қатарлар. Аталған жарыспа бір-
ліктердің қай-қайсысы да нормаға қатысты қарастырғанда
едәуір пікірлер қайшылығы мен әр алуан қиындықтар келтіріп
жатқаны мәлім. Тілдегі варианттар қатары неғұрлым көп бол-
са, олардың әдеби нормалануы толық жүріп болмағанын көрсе-
теді. Варианттарды әдеби – әдеби емес, әдеби-стилистикалық
(әдеби-функционалдық) деп ажыратуда, әсіресе фонетикалық
қатарлардың емледе біреуін тандауда бірнеше факторларға
иек арту керек болады. Мысалы, фонетикалық дублеттердің
бір сынарының күнделікті баспасөзде қайсысы жиірек қол-
данылып келе жатса, соны норма деп ұсынушылық орын алды.
Мысалы, сонғы 50-60 жыл барысында баспасөзде
патша
(
патса
емес),
дұшпан
(
дұспан
емес),
мысалы
(
мисалы
емес),
бәйге
(
бәйгі
емес) тұлғалары жиірек қолданылғандықтан, тек
газет-журналдарда емес, оқулықтар мен ғылыми әдебиетте,
функционалдық стильдердің өзге салаларында олар әдеби нор-
ма ретінде ұсынылып отыр.
3) Әдеби және жергілікті деген оппозициялық қатарлардың
әдеби сыңарын тандау біз үшін аса қиынға соқпады, өйткені
қазақ тілінің тірек диалектісі айқын көрініп тұрмағанымен,
қазақтың кен даласының көптеген аймақтарында қолданылатын
варианттарын әдеби норма деп тануға мүмкіндік берді. Мы-
салы, Қазақстанның батыс өлкесінде
құдағай, сұпы, жарын,
ақа, жар
(газеті) деген сынарлары жиірек қолданылғанымен,
113
қалған солтүстік, орталық, онтүстік, шығыс өлкелерінде
құдағи, сопы, келер жылы, аға, қабырға
(газеті) деп қолданы-
латындықтан, осы көрсетілген тұлғалары сөздіктерде норма
деп ұсынылып жүр және солай қалыптасып қалды деуге бо-
лады. Бұл іспеттес жарыспа қатарларының бір сынарын тан-
дауда «күштеу» де жоқ емес, яғни бір тұлғасын норма ретінде
баспасөз жиі қолданса, емле сөздіктерінде «осылай жазыла-
ды» деп ап-анық көрсетіп қойсақ, сөз жоқ, 10-15 жылдан кейін
қатардың сол варианты дағдыға айналады да дублеттіліктен
арылады.
Әдеби-ауызекі тілдік қатарлардың, әрине, «әдеби» деп та-
нылатын сыңарын тұрақтандыру керек, дегенмен бүгінгі тан-
да, яғни сонғы 5-10 жылда ауызекі сөйлеу тілі элементтерін
әдеби айналымға (қолданысқа) әдейі қатыстыру әрекеті
байқалады. Мысалы,
кәдуіскі, кәдуілгі (кәдімгі-
нің
ауызекі
сөйлеудегі сыңарлары),
пошым, дей тұрғанмен
сияқты бес-он
сөз баспасөз беттерінде көркем әдебиеттегі авторлық баяндау-
ды былай қойғанда, радио мен теледидарда жиірек қолданыла
бастады. Бұл құбылыс белгілі бағытқа (тенденцияға) айналса,
дублет қатарын көбейтуі – даусыз, ал «басы артық» дублет
сыңарларын әдеби нормадан ығыстыру әрекеті – бүгінгі тіл
мәдениетінің басты шарттарының біріне кері ықпалын тигізері
де анық.
4) Варианттардың бір тобы өзіміз дублет деп бөліп қараған
жарыспаларға жатады, дублеттер тілдік норма тұрғысынан
келгенде, бір сынары «кәдеге асып», екінші сынары бірте-бірте
мүлде ығыстырылатын (мысалы,
даража, дұспан, мағана,
мағна, алдақашан, үйткені, кәйтіп
сияқты орфограммалық
сыңарлар) немесе өз алдына «отау тігіп» кететін, яғни дер-
бес мағынаға ие болатын (
үкімет ~ өкімет, ауа ~ әуе, заңғар
~ зеңгір
сияқты қатарлардың әрқайсысы бір-бір лексика-
семантикалық единица болғаны сияқты) я болмаса қолданыста
стильдік жүк арқалап, өмір сүре беретін
(шайтан ~ сайтан
сияқты) сөздер болады. Ал синонимдер – керісінше, қатары
толыға түсетін, ешбірі қолданыстан ығыстырылмайтын сөз
қатарлары. Синонимдер – тілдің икемділігінің, семантикалық
бояуларға байлығының, бейнелігінің көрінісі. Синонимдерге
бай тіл – мықты тіл, қазыналы тіл.
114
5) Варианттар қатарын түзетін бірліктердің, әсіресе лек-
сикалық жарыспалардың барлығы жоғарыда көрсетілген ду-
блеттер тобын құрамайды. Басқаша сөзбен айтқанда, норма
тұрғысынан келгенде варианттылықтың шегі деген ұғым
(қағида) бар. Бұл – теориялық жағынан жеке зерттеу жұмысын-
да (диссертацияларда, ғылыми монографияларда) сөз болатын
үлкен тақырып. Ал біз мұнда осы кең тақырыптың бір пұшпағы
– әдеби тілден орын алуға «құқықты» және «құқықсыз» вари-
анттар қатарын қарастырдық.
6) Вариант құбылысының тілдің дамуы мен өзгерістеріне
тигізетін әсері, рөлі деген проблема да – дербес ғылыми
ізденістщ нысаны, сондықтан «Вариант және норма» атты бұл
тарауда арнайы сөз етілмеді.
7) Ұсынылып отырған бұл жұмыста варианттардың пай-
да болу негіздері мен себептері, уәждері, сөз тұлғаларының
дыбыстық өзгеріске ұшырау жағдайлары, варианттылықтың
тарихы, реттеу тарихы, реттеу кезендері сияқты тақырыптар
сөз болған жоқ. Бұларды да арнайы ғылыми ізденістердің объ-
ектілері (нысандары) деп есептейміз және бұл тақырыптар
зерттеуші С.Бизақовтың көрсетілген енбегінде едәуір жақсы
сөз болды.
8) Көрсетілген дублет жарыспаларды реттеу, яғни әдеби
тілдегі орфографиялық, лексикалық нормасы ретінде тұрақ-
тандыру: бір сыңарын ығыстыру немесе екі дербес сөз етіп
жұмсау – күні бүгінге дейін жүргізіліп келе жатқан және бір-
шама жүзеге асып отырған іс-әрекет. Мұнда 50-60 жыл бойы
ұстанып отырған емле ережелеріміз, әр алуан сөздіктер, әсіре-
се емле сөздіктері, мектеп оқулықтары басты рөл атқарып келе
жатыр. Демек, тілдік нормаларды сұрыптау мен орнықтыру
ісі әлеуметтік саналы әрекет сипатын алып отырғаны – қазақ
әдеби тілінің даму бағыты мен барысы бірқыдыру ғылыми-
теориялық негіздерге сүйеніп, жүйелі түрде өтіп жатқанын
көрсетеді.
9) Дублеттердің, әсіресе фонетикалық-орфограммалық жа-
рыспа бірліктердің толық реттелмеуі ең алдымен оқу-ағарту
ісінде, әсіресе мектептердегі оқу процесінде қиындық туғызып
келеді. Сауатты жазу, әдеби тілде сөйлеу, мұғалімдердің
115
сұрақтарына ауызша жауап беру сияқты тұстарда емледегі
ала-құлалықтар, оқушының сөзқолданысындағы ақаулықтар,
яғни әдеби нормадағы сөз бен олардың қарапайым, жергілікті
варианттарын ажырата білмеуі, төл тілдік сөз бен бөгде тілдік
эквивалентін араластырып сөйлеулері т.т. оқушының, студенттің
білім дәрежесін бағалауда, тіпті жоғары дәрежедегі аттестаттар
мен дипломды беру-бермеуде үлкен қиындық келтіріп, кейде
таластарға, дау-дамайға апаратыны да белгілі. Сондықтан тіл
мәдениетін көтерудегі басты жұмыстардың бірі – вариант-ду-
блет проблемасына ерекше назар аудару міндеті күн тәртібінен
түспейді. Бұл проблеманы шешуде емле ережелерінің едәуір
қырналған жаңа редакциясын ұсыну, оны бұлжытпай қолда-
нуды міндеттеу, соған сәйкес түзілген қазақ тілінің толық
орфографиялық сөздігін жарыққа шығару, тіл мәдениеті кур-
старын мектептің жоғарғы кластарында, колледждер мен гим-
назияларда, сондай-ақ университет пен институттардың қазақ
тіліндегі барлық факультеттерінде оқыту кестесіне енгізуді
Білім министрлігі қолға алуы қажет деп санаймыз. Бүгінгі үлкен
ұлттық саясатымызда мемлекеттік тіліміздің тек әлеуметтік
қызметін жолға қоюды ғана емес, оның дұрыс қолданылуын,
мәдениетін көтеруді де қоса жүргізілетін күрес деп тану – тек
ғалымдар мен мектеп мұғалімдерінің міндеті емес, алдымен
және пәрменді іс-әрекет иесі – жоғары әкімшілік – басшылық
органдары екенін баса айтамыз.
116
Достарыңызбен бөлісу: |