107
морфологиялық категория ұғымының әртүрлі тұлғамен (жұр-
нақпен) берілетіндігі көзделеді. Мысалы,
бұйрық рай семан-
тикасы екі-үш түрлі амалмен жүзеге асырылады: 1) етістіктің
II жақтық жекеше-көпше, анайы-сыпайы тұлғалары арқылы:
кел, келіңдер, келіңіз, келіңіздер;
2) шартты райдың II жақтық
тұлғасы арқылы:
барсаң, барсаңыз, барсаңдар.
Әрине, бұл
варианттар қатары тепе-тең емес, қолданылар кеңістіктері де
бөлек, мағыналарында да бір-бірінен ажыратылатын бұйрық
мәндері (семалары) бар:
бар, барыңыз
– «таза» бұйрық болса,
барсаң, барсаңыз
–
тілек мәнді, өтініш мәнді бұйрық.
Супин (мақсат) мәнді етістік тұлғаларының да вариант қа-
тары бар:
бару керек ~ бармақ керек.
Күні кешеге дейін мұның
-
ар+ға
жұрнақты варианты жарыса қолданылып келген:
«Қарағайға қарсы бұтақ бітсейші Найзаға сап
қыларға
» (Ма-
хамбет), «
Мұңдасарға
кісі жоқ сөзді ұғарлық» (Абай).
Тұйық етістіктің де екі түрлі тұлғалық варианты бар:
Достарыңызбен бөлісу: