105
енген кірме сөздерді дұрыс жазудың жолы оп-оңай табыл-
ды, яғни олардың бұрынырақ еніп,
сөйлеу тілінде қазақша
қалыптасқандарынан басқаларын, әсіресе ғылыми, әлеуметтік,
саяси терминдер мен техника саласының атауларын орыс
тіліндегі түрінде жазу ұсынылды. Бұл орайда қазақ емлесі
«екі жеп биге шықты» немесе бір оқпен екі қоянды атып алды:
біріншіден, мыңдаған «орыс» кірме сөздерін таңбалауда ду-
блет қатарлардан құтылды, екіншіден, «коммунизмге
тезірек
апаратын жол» – орыс тілін игеру, орыс мәдениетіне бауыр
басу саясатына – Ресейдің империялық мүддесіне «мәдениетті
түрде» қызмет етті. Ұлттық тілдің, ұлттық мәдениеттін, ұлттық
рухани дүниесінің даму барысын, бағытын саясатқа, идеоло-
гия талабына мықтап бағындырудың басы осы жерден бастал-
ды деуге болады, яғни орыстар қолданып отырған кириллицаға
көшу, орыс тілі арқылы еніп жатқан және әрі қарай да жүздеп-
мындап ене беретін сөздерді орысша жазып, орысша игеру
Ресейдің империялық мүддесін көздеді, коммунистік идео-
логияның талабын өтеді. Бұл
процесс ондаған жылдарға со-
зылды. Тіл дамуының бір заңы – дәстүрге айналу факторы
жүзеге аса бастады. Дәстүрлілік факторын кері қайтару, яғни
тілдегі дағдыға айналған құбылысты сол тілді қолданатын
миллиондаған адамдардан «қайтарып алу», керісінше, басқаша
дағдыландыру – онай еместігін бүгінгі қазақ тілі мәдениеті
саласында жүргізіп жатқан іс-қарекетіміз, күресіміз, талас-тар-
тысымыз көрсетіп отыр.
Сөйтіп, сөз варианттары және лексикалық норма мәселе-
сіне келгенде, әдеби нормаларды
ұстану және одан уәжді-
уәжсіз ауытқу туралы әңгіме болуы – заңды. Алдымен, ва-
рианттардың түрлерін айырып тану арқылы әдеби – әдеби
емес қатарлардың соңғы сыңарларын әдеби тілде жазғанда не
сөйлегенде қатыстырмау қажет. Ол сыңарлар: диалектизмдер,
фонетикалық-орфограммалық дублеттер, қарапайым, дөрекі
сөздер, варваризмдер. Мысалы, қолдан өсіріліп, адам, мал
азығы ететін дақылдың әдеби атауы –
жүгері
сөзі
тұрғанда,
оның
борми, көмбеқонақ
варианттары уәжсіз қолданылмауға
тиіс. Егер кейіпкері Шығыс Қазақстан тұрғыны болып, оны
жергілікті тілде сөйлеткісі келсе ғана жазушы
борми
вариан-
106
тын жұмсай алады, бұл – уәжді қолданыс болмақ. Варианттар-
ды тандауда көркем әдебиет стилінің басқа функционалдық
стильдерден ерекше тұратындығы қатты ескеріледі. Ал ресми-
іс қағаздары, ғылыми, публицистикалық стильдер варианттар
қатарын пайдалануда жоғарыда берілген талдауларға құлақ
асуы – тіл мәдениетінің басты талабы.
Варианттардың нормалануы
жөнінде және олардың әдеби
нормадан ауытқу көріністері кейінгі «Лексикалық нормала-
ну», «Грамматикалық нормалану», «Орфографиялық нормала-
ну», «Орфоэпиялық нормалану» деген тарауларда, сондай-ақ
«Тілдік норма және функционалдық стильдер» деген тарауда
нақты сөз болады.
Достарыңызбен бөлісу: