Ббк 1. С 94 Қазақстан Республикасы



Pdf көрінісі
бет51/159
Дата20.09.2023
өлшемі1,37 Mb.
#181811
түріБағдарламасы
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   159
Байланысты:
file-6694


жұрнақты, 
-мақ
жұрнақты: 
бару, бармақ.
Бұл вариант қатар-
ларының бұл күнде 

варианты активтеніп, -
мақ 
тұлғалысы 
орын таңдап, көбінесе поэзия тілінде қолданылуға ығысып 
бара жатқан сияқты. Ал 
-мақ
жұрнақты қатар XX ғасырдың 
басына дейін әлдеқайда актив тұлға болғанын Абай, Шәкәрім 
және бұлардан көп бұрын өткен ақын-жыраулар поэзиясы тілі 
көрсетеді.
Көптік категорияны, көптік мағынаны білдірудің де бірнеше 
морфологиялық амалдары (тұлғалары) бар; аффиксация ама-
лы
: -лар (-лер, -дар, -дер, -тар, -тер)
жалғауымен келетін 
тұлғасы 
(балалар, кітаптар), көп, біраз, бірсыпыра, едәуір
сияқты сөздермен тіркесіп келетін аналитикалық амалмен 
берілетін тұлғасы: 
көп бала, көп кітап, бірсыпыра бала, біраз 
кітап
(алдым).
Етістіктің жақтық парадигмасында көптік мағынаның III 
жағының морфологиялық норматив көрсеткіші жоқ: олар 
келді
(өзге бірқатар түркі тілдерінде бұл көрсеткіш барын 
білеміз: олар 
келділер),
ал көптік семантиканы көбінесе көркем 
әдебиетте, оның өзінде де белгілі бір жазушылар қаламында, 
мысалы, Мұхтар Әуезовте, ортақ етіс тұлғасымен беру орын 
алады: «Қонақтар үйге 
кірісті
»
...
Бұларды семантикалық-
морфологиялық-стилистикалық варианттар деу керек болар.


108
Белгілі бір морфологиялық категория білдіретін ұғымның 
әр түрлі тұлғалармен (бірақ бір тәсілмен, айталық, аффикса-
ция тәсілі – жалғау, жұрнақтармен), кейде әр түрлі амалмен 
(айталық, біреуі – аффикс жалғау, екіншісі аналитикалық – сөз 
тіркестету) келетін варианттары аса көп болмағанмен, біразы 
бар екендігін көрсетуге болады. Жоғарыдағы мысалдарға 
(фактілерге) қоса, мынадай семантикалық-морфологиялық, 
морфологиялық-стилистикалық варианттар бары байқалады:
1) қалау райлық мағына беретін 
барғым келеді ~ барғым бар, 
барғым келмейді ~ барғым жоқ
қатарлары. Мұнда көмекші 
сөздер екі вариантта 
(келеді ~ бар, келмейді ~ жоқ)
көрініп тұр; 
екеуі де әдеби нормаға сыйымды, бірақ алдыңғысы – барлық 
аймаққа ортақ, көпшілік дұрыс деп қабылдаған, функционалдық 
стильдердің барлығында да қолданыла беретін, әсіресе ресми 
стильдер қатаң ұстанатын вариант, соңғысының жұмсалуында 
көбінесе стильдік қосымша реңк бар және ол – негізінен ауыз-
ша сөйлеу актісіне тән вариант;
2) сұраулық мәнде қолданылатын етістік тіркестерінің 
шақтық көрсеткіштері мен көмекші сөздері екі түрлі берілген 
варианттар: 
айтқан жоқпын ба? ~ айттым емес пе?
Бұлардың 
алғашқысы әдеби норма ретінде орныққан, бірақ екінші сыңары 
да қолданыла береді, ол көбінесе ауызекі сөйлеу барысында 
және көркем әдебиет тілінде жиірек жұмсалады;
3) демеулік шылаулар тілдік құрылымдық норма бойын-
ша өздері тіркесетін сөзден кейін келеді де, негізгі сөзге 
жалғанатын қосымшалар шылаудан бұрын тұрады: 
қашықпын-
ақ,
бірақ бұл құрылымның екінші варианты бар, мұнда шылау 
негізгі сөзге тікелей жалғанып, жіктік жалғауы содан кейін ке-
луі мүмкін: 
ғашықақпын («ғашықақпын
еш күмәнсіз» – Абай); 
«Күн туса – ондай сөзді 
айтарақпын
» ( «Қозы Көрпеш-Баян 
сұлу» жырынан). Бұл варианттардың екеуі де – әдеби норма, 
дегенмен соңғысы көбінесе көркем әдебиетке, поэзия тіліне, 
ауызекі сөйлеу тіліне тән болып келеді.
Бұл қатарда 
баратын шығармын
деп құрылатын етістіктің 
барам (ын)
шығар 
деген варианты тұрады. Мұнда да алғашқы 
сыңарда жіктік жалғау көмекші сөзге жалғанған болса, 
екіншісінде негізгі сөзге 
(барамын)
жалғанған. Бұл қатардың 


109
алыңғысы – әдеби норма, екіншісі – Қазақстанның батыс 
аймақтарына тән диалектілік вариант. 
4) III жақты тәуелдік көрсеткішінің екі рет жалғануын 
да морфологиялық варианттар қатарына жатқызуға бо-
лар. Мысалы: 
көбі ~ көбісі
(көп+і+сі),
бәрі
(бар>бәр+і+сі)

бәрісі, ертеңіне (ертең+і+сі)

ертеңісі (не),
уақытына
(уақыт +ы+сы) ~
уақытысына 
т.б. Бұл құбылысты диалек-
толог зерттеушілер Қазақстанның оңтүстік аймақтарының 
тіліне тән деп табады. Шу бойы қазақтары 
ақыр+ы+сы, 
үй мүлк+і+сі
деп өйлейтіндіктерін көрсетеді
13
. Сірә, бұл 
құбылыс тек оңтүстік говорларында ғана емес, қазақ жерінің 
өзге өңірлерінде де кездесетіндігін де өзге зерттеушілер айта-
ды. Мысалы, Ұлытау, Жезқазған аудандарының тұрғындары да 
көбісі, бәрісі, уақтысы, қамын, ойлау
деудің орнына жүрудің 
қамысын, ойлау
деп айтады екен
14
. Бұл фактілерге қарағанда, 
тәуелдік жалғауды қосарлап (қабаттап) қолдану – қазақ тілінде 
бір кезде жаппай болмағанмен, бірқатар тұстарда кеңірек орын 
алған құбылыс болар, кейінгі дәуірлерде жергілікті ерекшелік 
болып сақталып қалғанға ұқсайды деген ойға келеміз. Күні 
бүгінгі әдеби нормамыздың өзінде 
көбі ~ көбісі, бірі ~ бірісі
деп 
баспасөз беттері мен көркем шығармаларда (авторлық баяндау-
да) қатар қолданылып келе жатқандығының бір себебі осыдан 
болар. Бұл қатардың екеуі де әдеби деп танылғанымен, тілдің 
құрылымдық жүйесіне сай келетіні – тәуелдік көрсеткішінің 
бір-ақ рет берілген варианты: 
көбі, ақыры, уақыты
т.т. 
Бейнормалық сипатына қарамастан, қосарланған қосымшалы 
варианттардың әдеби үлгілерде жиі кездесетіндігі халықтың 
дағды – узустың көрінісі деуге болады. 
5) Қатыстық сынды білдіру тұлғаларында да варианттар 
қатары бар: бірі – жұрнақ жалғау тәсілімен келсе 
(азаматтық 
соғыс),
екіншісі – тәуелдік жалғаулы тіркес-изафетпен келген 
варианты 
(азамат соғысы).
Бұл варианттардың аффиксация 
жолымен жасалатындары жазба тілде бел ала бастаған тәрізді. 
Бір кездерде, XX ғасырдың алғашқы жартысында 
азамат 
соғысы, коммунист партиясы, қала өндірісі, ауыл мектебі
деп 
13
Нақысбеков О.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   159




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет