амалшы
деп, екіншісі
сиқыршы
деп қазақша атап,
жаңа сөз ұсынады. Әдебиетші ғалым Едіге Тұрсынов «Қазақ
ауыз әдебиетін жасаушылардың байырғы өкілдері» (1976) де-
ген еңбегінде бұрын көбінесе орысша атап жүрген терминдер
мен өзге де сөздердің қазақша баламасын ұсынады. Мысалы,
121
таусыншық
( «реликт»),
сірі
(«маска», мифтік дүниелер бей-
несіндегі басқа киетін жапсырма); жазушы Д.Досжанов «Жі-
бек жолы» романында
зертас
( «мозаика»),
қышкер
( «қыш
құюшы»),
жидашы
( «салық жинаушы»); Сәбетқазы Ақатаев
қолданған
аңсар
(«трактат») сияқты соны сөздерді авторлық не-
ологизмдер деуге болар, олардың жалпықолданыстық нормаға
енуі екіталай.
Жаңа қолданыстардың бірқатары өлеңде келетін поэтика-
лық, стильдік мақсатқа қолданылған жаңа тұлғалар, мыса-
лы,
альпинист
дегеннің
асқарпаз, әлем
(вселенная) дегеннің
әлемиет, флагман
дегеннің мағынасында
жалаугер
сөздері –
өлең текстерінде ғана кездескен жаңа тұлғалар. Бұлардың да
жалпыға ортақ әдеби тіл нормасына енуі екіталай.
Жаңа қолданыстар сөздігінде екі-үш, кейде тіпті төрт ва-
риантта хатталған қатарлар біршама реттеліп, бір варианты
тұрақтала, нормалана бастаса, қалғандары әлі де қосамжарланып
келе жатыр. Олар – көбінесе ғылыми, саяси, мәдени термин-
дер емес, тұрмыстық зат атаулары, мысалы, күні кешеге, тіп-
ті бүгінге дейін,
варенье, печенье, кнопка, штепсель
(вилка),
простыня, значок, ванна, клюшка, наждак, наволочка
сияқты
атаулар бұрынырақ не орысша түрінде, не суреттеме тіркес
түрінде қолданылып келген болса, енді оларға қазақша бала-
ма іздеп (жасап) табу әрекеті бел алды, жаңа қолданыстардың
едәуір басым бөлігі осы салаға кіреді. Бұлардың ішіндегі сәтті
баламалардың әдеби лексика қорына ену мүмкіндіктері зор
(ақжайма, бұлау, жастықтыс
т.т.).
Жаңа қолданыстардың «Жаңа атаулар» деген атпен үшінші
рет 1992 жылғы басылымы – алдыңғыларының (1985-1990)
толықтырылып ұсынылғаны. Ең алдыңғы 1985 жылғы кітапта
осыған дейінгі 10-15 жылдың ішінде жазба әдебиетте орын
алған жаңа қолданыстар тіркелген. Алғашқы басылымдарда
жаңа ұғым, жаңа зат атауларымен қатар бұрын орысша айты-
лып келген немесе дұрыс берілмеген атауларды қазақшалап не
түзетіп беруден туған жаңалықтар болса, соңғы басылымдарда
солармен қатар қоғамымыздың өмірінде пайда болған жаңа зат,
жаңа ұғымдардың атаулары да орын алғаны көрінеді.
«Жаңа қолданыстар» атты сөздіктерде, әрине, бүгінгі, дәлі-
рек айтсақ, соңғы ширек ғасыр барысындағы қазақ тіліндегі әр
122
алуан әдебиет үлгілерінде көрінген жаңа бірліктердің баршасы
түгел қамтылған жоқ, дегенмен газет-журнал беттерінде, де-
мек, публицистикалық стильде, сондай-ақ кейбір ғылыми ен-
бектер мен оқулықтарда, демек, ғылыми стильде және көркем
әдебиет стилінде, яғни прозалық шығармалар менөлендерде
сөздік құрастырушылардың көзіне түскен соны тұлғалар ғана
хатталды. Бұл жұмыстың негізгі мақсаты – тек лексикалық
жаңалықтарды жинап, тіркеп, мағынасын түсіндіріп қою ғана
емес, қалың жұртшылықтың күнделікті баспасөзді, көпшілікке
арналған ғылыми әдебиетті, көркем шығармаларды дұрыс
түсініп, түйсініп оқуға көмектесу, жаңа ұғымдарды дәл атауға,
оларды орнымен қолдана білуге септігін тигізу. Сонымен қатар
сөздіктің ең басты көздегені – қазақ тілі лексикасының норма-
лану процесін көрсететін материалды жинақтап, реттеп ұсыну,
тіркелген сөздердің нормаға сай келгендерін тұрақтандыру,
сай келмейтіндеріне жаңа варианттар іздеу, жаңа сөздердің
жасалу модельдерін жүйелеу, қолданыс жиілігін анықтау, сол
арқылы әдеби тіл нормасына ену-енбеу мүмкіндіктерін көрсету
сияқты тіл мәдениетіне қатысты мақсат, міндеттер болатын.
Бұл ізденістер әрі қарай да жүргізіле береді. Сол себептен
осы басылымдарда берілген жаңа қолданыстарды нормалану
тұрғысынан біршама талдап, танытуды жөн көрдік.
Алдымен, жаңа қолданыстар дегеніміз – тілдің құрылымдық
нормасына сәйкес келуін, көпшіліктің дұрыс деп бағалауын
көздеп ұсынылған сөздер болғандықтан, басым көпшілігі бел-
гілі мерзім ішінде, алды – 20-25 жыл, соңы – 5-10 жыл барысын-
да жиі қолданылып, әдеби тілдің лексикасынан норматив бір-
ліктер ретінде орын алып кетті. Бұл күнде бұқаралық ақпарат
құралдарында, кеңсе-іс қағаздары мен ғылыми әдебиетте, тіпті
көркем туындыларда да жиі қолданылып жүрген
егемен, еге-
менді, ақпарат, бағдарлама, құжат, ұжым, хатшы, төраға,
зейнетақы, мерейтой, демеуші, айдар
(рубрика),
айыппұл, ар-
дагер, әмбебап, балабақша, баспагер, бейнетаспа, жанкүйер,
жарнама, зілзала, кешен, өркениет
сияқты ондаған, тіп-
ті жүздеген жаңа сөздер – әдеби тілден орын алған жаңа
лексикалық қазына. Сонымен қатар жиі қолданылып, нормаға
ене бастағандар да қомақты топ құрайды. Мысалы,
ауысым
123
(смена),
ашылым
(открытие),
есімнама
(персоналий),
жүктеме
(нагрузка),
лездеме
(летучка),
уәждеме
(мотивировка),
балқыма
(сплав),
айтыскер
тәрізді соны сөздер әрі қарайғы қолданыс
жиіліктеріне, нормативтік сөздіктерге тіркелуі сипатына қарай
әдеби лексика қорына қосылады деуге болады. Бұлардың әдеби
тіл нормасының талаптарына жауап беретін белгілері бар. Атап
айтқанда, бірінші белгісі – ұсынылған жаңа тұлғаның мағынасы
затты не дерексіз ұғымды дұрыс білдіруі. Айталық,
мерей-
той, демеуші, айыппұл, зейнетақы, балабақша, жанкүйер
сөздерінің семантикасы өздері атап тұрған затты не ұғымды
дәл береді. Бұл топтағы
егемен, зілзала, әмбебап, төраға, ке-
шен, ұжым, құжат
сияқты сөздер – «ескінің жаңалары»,
бұлар – осы мағынада қазақтардың қолданысында бұрыннан
болған сөздер, олардың ішіндегі
егемен, ұжым
сияқты бірен-
сараны – жұмсалу өрісі шектеулі жергілікті сөздер болғанмен,
жаңа сөз жасаудың бір каналы – ауызекі сөйлеу тіліне иек арту
арқылы пайда болған неологизмдер.
Ауысым, салым
(вклад),
салымшы, ашылым, қойылым, оқылым, есімнама, уәждеме,
балқыма
сөздерінің де нормативтік қатардан орын алу потен-
циалы күшті: олардың түбір морфемасы осы сөздер білдіруге
тиіс ұғымды қамтитын болса (
ауыс (ым)
– кезектің ауысуы,
сал
(ым)
– ақша салу,
балқы (ма)
– металл балқыту т.т.), одан кейінгі
қосымшалар тілдің морфологиялық нормасына жауап береді:
Достарыңызбен бөлісу: |