18 ғасырдағы әдеби тіл
18ғ қазақ әдеби тілінің қоғамға, оның мәдениетіне, халық мүддесіне қызмет етуі мен дамуы сол тілді иемденуші халықтың саяси экономикасына және мәдени өмірімен тікелей байланысты болды.
18ғ өн бойында қазақ даласында баспа орындары, кітап шығару ісі, мерзімді баспасөз, оқу-ғылым болмағанымен, осы кезеңдегі қоғамға қызмет еткен. Тілдің типтерін, жай – күйін, лексикалық – грамматикалық сипатын, оның нормалану процесін танытатын үлгі – нұсқалар бар еді.
1.Көркем әдебиет, оның ішінде авторлы поэзия үлгілері жатады. Бұл әдебиеттің ірі уәкілдері: Ақтамберді, Тәтіқара, Үмбетей, Бұқар жырау, Шал, Көтеш ақындар
2.Қазақ ауыз әдебиетінің мл мұралары. Фольклор дүниесінің қомақты жанры – батырлар жырының көпшілігі зерттеушілерідің айтуына қарағанда Алтын Орда дәуірінен бастап 14ғ соңы мен 15-16ғғ ескерткіштер. Батыс түркі қағанатының Ақ Орда, Ноғай Ордасы, Өзбек хандығының 13-16ғғ тұсындағы ру- тайпалардың ертегі- жырлары болғандығы белгілі.
3. 18ғ қазақ қоғамына қызмет еткен тілді танытатын нұсқалардың тағы бірі – ресми – іс-қатынас қағаздары. Бұлар хан, сұлтандардың, страшындардың орыс патшасына, Ресейдің әкімшілік орындарына және бір-біріне жазысқан хаттары, арыз – өтініштері, ммәлімдемелері, үндеулер.
4.Бұл дәуірде қазақ өлкесін Ресей үкіметі тарапынан танып білу әрекеті қызу жүрді. Сол кездегі орыс саяхатшылары мен ғалымдарының және қызмет бабындағы кейбір адамдардың орыс тілінде жазған материалдарының ішінде жекелеген қазақ сөздері кездеседі. Бұл қазақ тілінің лексикалық құрамын айқындауға септігін тигізеді.
5.Соңғы кездерде архив қазыналарынан іздестіріп тапқан материалдарға қарағанда 18 ғ соңғы ширегінде Ресей үкіметі тарапынан қазақ тілінің кейбір сөздерінің орысша және өзге тілдердегіше баламасын көрсететін шағын сөзін іспеттес тәжірибелер болғаны анықталады: «парсы және татар диалектілері» 10беттік қолжазба; «49 орыс сөзінің қазақша жіне монғолша аудармалары берілген қолжазба»; «хиуа, бұхар, қырғыз және мешер тілдеріне аударылған орыс сөздерінің тізімі»; 1774жылы жазылған орысша-қазақша сөзд.қолжазбасы.
18ғ әдеби тілдің тақырыптары: ел қорғау, батырлықты ең жоғары мұрат ретінде суреттеу; әлеуметтік-қоғамдық жай күйді суреттеу; дәни мұсылман дініне қатысты.
18ғ қазақ әдеби тілінің лексикалық сипаты: бұл кезеңдегі сөздік құрам 2 қабаттан тұрды: 1) қазақтың төл сөздері 2)кірме сөздер
Кірме қабаттың дені – араб, парсы сөздері. Орыс сөздері не орыс тілі арқылы енген шет сөздері 18ғ қазақ көркем әдебиетті тілінде жоқ. Тіпті ауыз әдебиеті нұсқаларында жиі кездесетін шай, самаурын, пәуеске, тарантас сөздері мен орыс саудасымен бірге келген киім – кешек, үй – мүлкі, әр түрлі бұйым атаулары сөйлеу тіліне енгенмен, сол тұстағы поэзия тілінде орын алмаған. Оның себептері тұрмыс – салт лексикасын сараң пайдаланатын поэзия жанры, бұйым заттар, қазақ тіршілігінде әлі молынан орын ала қоймаған.
Қазақтың төл сөздері.
18ғ – соғыс, шұбыра көшу заманы. Соған орай тақырыптары да ел қорғау, батырларды мадақтау, өлімді жоқтау. Осы себептен мұнда да жаугершілікке қатысты лексика тобы басты орын алды. Мысалы: кіреуке, сауыт, найза, оқ, дулыға, жебе тәрізді қару – жарақ аттары кездеседі.
Жаугершілік лексикаға қатысты көптеген сөздердің тұрақты эпитеттері әбден қалыптасып, әдеби штампқа айналды: кіреуке тон, күдері бау, ту байлау тб.
Фразеология: қоңыраулы найза қолға алу, қол қашыру, темір құрсап оқ ату тб.
Араб және парсы сөздері. Бұл қабаттың басымы қазақтың жалпыхалықтық сөйлеу тіліне ертеден еніп, әбден сіңіскен, қазақтың өз сөзі болып кеткендер: дүние, заман, құдай, абырой, халық тб. Олардың қазақ тіліне етене болып кеткені соншалық, бірқатары көркемдеу құралына айналып, енді бірсыпырасы синоним қатарын түзейді. М: Бұхар: Уақытым менің өткен соң, Мезгіліміз жеткен соң; бақ-даулет, алла-тағала. Кірме сөздердің көпшілігі қазақтың төл сөзімен қосақтаса айтылып, қос сөздер қатарын түзеп келеді: аман – сау, амал – айла, бос – бекер. Бірқатарынан туынды тұлғалар жасалған: қайырлы, қайырсыз, амандық, жалақор, несібелі. Араб – парсы қабатының екінші тобы және өте шағын бөлігі халықтың күнделікті сөйлеу тілінде көрп қолданылатын ислам дініне қатысты сөздер.
18ғ әдеби тілдің грамматикалық қабаты
Негізгі грамматикалық категориялар: септеу, жіктеу жүйесі, сын есімнің шырай түрлері, зат есімнің көпше түрде тұлғалануы, етістіктердің рай, шақ, етіс түрлері, сөздерді байланыстыру амалдары шылаулардың негізгі сөзді меңгеруі қазіргі қазақ тілі нормаларына сай келеді.
Ноғайлық тұлғалар жоқ(менім, бізім)
Шығыс септіктің орта ғасырлық жазба дәстүрінде кездесетін –дың варианты ұшыраспайды, -ғай жұрнақты тұлғаның өткен шақ мағынасында қолданылуы да жоқ. Кейбір грамматикалық мағыналарды беруде варианттылық орын алады: етістіктің мақсат мағынасында –арға мен –уға қосымша түрлері қатар қолданылады. Тұйық етістік тұлғасы –мақ және –у жұрнақтары арқ беріледі.Бір тұлғаның екі түрлі вариантта келуі де бар: өткен шақ есімшенің көрсеткіші – тұғын/тын; салыстыру мағ беретін жұрнақтар – дай/дайын; шылау және көмектес септік- мен/менен.
Достарыңызбен бөлісу: |