129
жұмсаса, шығарма тілін тарихи стиль тезіне түсіру мақсатымен,
яғни бұдан 2-3 ғасыр бұрынғы әскери тыңшыны қазіргіден
айырып атау мақсатын көздеп, жаңа сөз ретінде ұсынып отыр.
Көркем шығармаларда орын алатын стильдік немесе авторлық
деп те атауға болады, жаңа сөздер көпшілікке ортақ, жалпы
тілдік лексика қазынасының нормативтік бірліктері қатарына
енбейді. Бірақ олардың орын алуы көркем әдебиет стилінің
қолданыс нормасына жауап береді.
Жаңа қолданыстардың нормалану-нормаланбау мәселесіне
орай және бір ескертер жайт – соңғы 5-10 жылдың барысында
олардың көбейе түскендігі. «Жаңа атаулар» сөздігінің соңғысы
1992 жылы жарияланған болса, содан бергі уақытта орынды-
орынсыз ұсынылып жатқан жаңа сөзқолданыстар қаншама!
Олардың дені – ғылыми-техникалық және саяси-әлеуметтік
терминдердің қазақша баламасы (немесе аудармасы) ретінде
дүниеге келгендер. Бұлардың ішінде бұдан 15-20 жыл бұрын
пайда болған жаңа сөздердің орнына дұрысырақ деп тапқан ва-
рианттары да бар. Мысалы, осыған дейін
Достарыңызбен бөлісу: