эрүұл, эрұл
деген сөздер «дені
сау», яғни «мықты, тың» деген мағынаны білдіреді. Ертерек-
те үлкен, ұзақ жорыққа шыққанда, астындағы атпен қоса және
бір мықты ат ала шығу дәстүрі түркі-монғол халықтарында
орын алған. Ұрыста не жолда астындағы аты мертіксе, оққа
ұшса не өліп қалса, жорықшы алып шыққан қосалқы атына ер
143
салып мінетін болған. Махамбет айтқан
ереуіл аты
«мықты,
тың қосалқы ат» дегенді білдірген деп санаймыз.
Ереуіл
сөзінің
бұл мағынасы қазақ тілі үшін күңгірттеніп, бір жағынан, бұл
сөзді мүлде қате түсінуге («ерттеулі ат» деп) алып келсе, екінші
жағынан, тұлғасының құбылып кетуіне
(ереуіл, ереулі, ерулі)
жол берген. Көне түркі, монғол сөздерін образ үшін пайдалану
– қазақ көркем тілінің ең бір әсерлі, актив тәсілі.
Ереуіл
сөзінің бүгінгі таныс мағынасы да бар:
ереуілге
шызу, ереуілдеу
«белгілі бір іс-әрекетке алдын ала, өзгелерден
бұрын шығу» деген мағынаны білдіреді. Осыдан «қарсылық
көрсету, наразы болу, көтеріле қозғалу» деген мағына туған.
«Забастовка»-ны
ереуіл
деп терминдеуде осы мағынаға
сүйенген.
Ереуіл ат
пен
ереуілге шығу
дегендердегі
ереуіл
– екеуі екі
бөлек сөздер, сірә, омонимдер деуге болар. Сондықтан орын-
дарын шатастырып (алмастырып) қолдану – нормадан жөнсіз
ауытқу болады.
Сірә, омонимдер (тұлғалары бірдей, мағыналары әр бөлек
сөздер) болып келетін
ереуіл
сөзінің екінші «қарсылық көрсету,
наразылық білдіру, көтеріле қозғалу» немесе «өзгелердің
алдын ала, жұрттан бұрын» деген семалары (мағыналық
қосалқы реңктері) бар «саяси-әлеуметтік күрес, жорық, ат-
таныс» деген мағынасы – көнерген де емес, тарихтық сөз де
емес, бүгінгі актив сөз, сондықтан
ереуіл
сөзінің және одан
туындаған
ереуілдеу, ереуілді, ереуілші, ереуілшіл
сөздерінің
соңғы мағынасын көпшілік жақсы біліп, көбінесе орнымен
қолданады, лексикалық норма бұзылмайды («Қазақ тілінің
түсіндірме сөздігінде» берілген түсініктемелер мен мысалдар-
ды қараңыз – ҚТТС, 3-том, 395-396 беттер).
Сауын айту
дегендегі
сауын
сөзі де, жалпы тіркестің өзі
– күні кешеге дейін қазақ қауымының тыным-тіршілігінде,
тұрмыс-салтында орын алып келген этнографизм (белгілі бір
халықтың тұрмыс-салтына қатысты сөздер). Бүгінгі адам-
дар тіркестің мағынасын ертедегі өлең-жырлардағы, әсіресе
ауыз әдебиеті үлгілеріндегі, сондай-ақ тарихи роман, әңгіме,
повестердегі, поэмалардағы қолданысына қарап жалпы-
лай біршама түсінеді,
сауын айту
берілетін үлкен астарға,
үлкен тойларға, жиындарға қарата айтылатындығын біледі,
144
мағынасын «осы ас-тойларға шақыру» деп ұғады, бірақ
сау-
ын
сөзінің жеке алғандағы семантикасын біле бермейді, оның
түбірі –
сауу
етістігі деп топшылап, «асқа, тойға сауын-қымыз
әкелуді хабарлау» деп түсінетіндер де бар, ал, шындығында,
сауын
сөзінің түбірі –
саб/сап
көне түркі тілдерінде «1) сөз,
2) сөйлеу, 3) хабар, хат, 4) мақал, мәтел, 5) баяндау, әңгіме,
6) сәуегейлік» деген 5-6 ұқсас, тақырыптас мағыналарды
білдірген. Көне түркілік 6-мағынасы қазақтың
сәуегей
сөзінде,
алғашқы екі мағына
сөз саптау
тіркесінде сақталған:
сөз саптау
– қазіргі «сөз сөйлеу» дегеннің варианты. Ал
саб/сап
түбірінің
Достарыңызбен бөлісу: |