140
билігі әртүрлі болып келеді» дегенді танытады.
Сұрқылтай
сөзін өткен ғасырлардағы
қазақ ақын-жыраулары мен
шешендері өз мағынасында, дұрыс қолданған. Мысалы, өткен
ғасырда Жетісуда Шыңғыс әулетінен төрелік еткен Тезек төре
Сүйінбаймен айтысында:
«Тұсында Абылайдың Бұхар жырау,
Хан әділдің кезінде Түбек тұр-ау.
«Әр заманның бар дейді
сұрқылтайы»,
Сұрқылтайым
менің де екен мынау», – дейді.
Бұдан
сұрқылтай
сөзі «ханның кеңесшісі, ақылшысы,
идеологы, сөзін сөйлейтін ділмары, ақыны»
мағынасында
жұмсалғаны көрінеді, демек, Бұхар – Абылай ханның ақыл-
шысы, сұрқылтайы, Тезек
төренің айтуына қарағанда, әділ
ханның сұрқылтайы – Түбек жырау болған. Әдебиеттанушы
ғалым – Мырзатай Жолдасбеков: «Тезек төре Сүйінбайды да,
Бөлтірікті де өзінің сұрқылтайы еткісі келген», – деп жазады.
Сөз түбірі – таза қазақтық емес әрі сұрқылтайлық институт
хандары бір кездерде Шыңғыс әулетінен
болып келген қазақ
қоғамында ұмыт болғаннан кейін, оны атайтын сөздердің де
мағынасы күңгірттеніп, көпшілікке түсініксіз
сирек сөздер
қорына ауысқан. Кейбір жазушылар осы сөздің мағынасын
түсінбей қолданған тұстары бар. Мысалы, Сәкен Жүнісов:
«Көп
сұрқылтайды
көрген көзі... тәжірибелі,
арлан аттарды
түр-түсіне дейін анық көрді», – деп жазады. Бұл жазушы тағы
бір-екі жерде
сұрқылтай
сөзін жылқыға қатысты қолданады.
Енді бірқатар жазушылар
сұрқылтай
сөзін жағымсыз мағынада
жұмсайды. Мысалы, Д.Досжановта:
«сұрқылтай
оқиға...»,
Қ.Ысқақовта: «Бұл
сұрқылтайдың
да жаны сірі екен... таңнан
қара кешке дейін нәр татпай іздейтіні – ілік». Сірә, бұл жерде
сұрқылтай
сөзінің
сұрқия, сұрқиялылық
сөздерімен сырттай
дыбыстық ұқсастығына қарай топшылаған мағынасы болар.
Сирек кездесетін, оның ішінде көбінесе көне болып келетін
сөздердің әдеби тілде
қолданылуын шектеуге болмайды,
дегенмен олардың көбіне-көп номинатив мағыналарында
жұмсалуларынан гөрі, образ жасауда жиірек кездесетіндігін
айту керек. Ол үшін де сөз мағынасын
дұрыс танудың мәні
зор, өйткені образдың негізінде оны жасап тұрған сөздердің
түпкі семантикасы немесе мағыналық ренктері (семалары)
141
жатады. Мысалы, Махамбет ақын: «Мен қарақұстан туған
қалықпан»
деп жауынгер ақын образын жасағанда қолданған
қалықпан
сөзінің құстың атауы екенін білеміз, өйткені өлеңнің
тағы бір жерінде
қалықпандай қомданып
дейді, сондықтан өзі
қарақұстан туған болса, өзі қомданатын болса, құс емей, немене!
Ал ақын бұл образға
қыран
атауын алуына да болар еді,
қыран
сөзі – өз замандастарына да, кейінгі оқырмандары – біздерге де
әбден түсінікті, батырлықтың, биік дәрежеге көтерілудің кәнігі
символы, үйреншікті образы. Бірақ ақын тыңдаушысын отты
сөзімен шарпып өтетін тіл құралдарын іздейді, ол үшін қалың
жұртшылық құлағына таныс ескі образдарды да, бұрын көп
естімеген сиректерін де табады. Бұл ізденіс архаизмге айналған
қалықпан
сөзіне алып келген. Сөз түбірі –
қалық,
ол көне түркі
тілдерінде «көк, аспан» дегенді білдірген, сол аспанда биіктеп
ұшатын құстың
Достарыңызбен бөлісу: