депутатты
«бек»,
кандидат
дегенді «үміткер»,
парламент
сөзін «ұлттық құрылтай»,
министрді
«уәзір»,
министрлікті
«уәзірлік» деп атауды ұсынғандар бар. Ғылыми
абстракт ұғымдағы термин емес бірқатар сөздерді де қазақшаға
өзгерту әрекеті бұдан да күштірек:
редакторды
«сарашы»,
стюардессаны
«аспансерік»,
роботты
«құлтемір»,
газетті
«үнқағаз»,
дыбыс жазылған кассетаны
«үнтаспа»,
радио-
ны
«үнсандық»,
альпинист
дегенді «асқарпаз» деп қолданған
фактілері бар екенін жоғарыда да көрсеттік. Бұлардың
бірқатары бірер қолданыстан, бірер автор қаламынан аспайды.
Әңгіме бұл жерде – осы қазақшаланған атаулардың әдеби
тіл нормасына енетін-енбейтіндігі жайында емес, принципінде:
134
«жаппай қазақша балама іздеу, табу, қолдану, әдеби нормаға
енгізу принципін бұлжытпай ұстану керек пе әлде «өзге тілдік»
терминдерге де орын қалдыру керек пе?» деген сауалдарда.
Бұл – терминология саласындағы норма проблемасының өзегі
және оны тек практикалық тұрғыдан (аудару, жаңа термин жа-
сау) ғана емес, ең алдымен, теориялық негіздерін айқындау
тұрғысынан термин жасаудың принциптерін, терминделетін
ұғымдарды сала-салаға бөліп қарастыру керектігін термин жа-
саушылар да, зерттеушілер де, оларды пайдаланатын қалың
жұртшылық та дұрыс түсініп, жақсы білулері керек. Мұны
мүлдем білмей де отырған жоқпыз. Сондықтан болар,
Пре-
зидент, парламент, сессия, депутат, экономика, бюджет,
кредит, аудит, институт, университет, студент, академия
дегендерден бастап жүздеген (әлде мыңдаған ба) сөзді осы
түрінде қолданып келеміз.
Әдеби тіл нормасын көздей әңгімелесек, аударылып жүрген
терминдердің тек «қазақтығына», «түркілігіне», «мұсылман-
дығына» (араб сөзі екендігіне) қызықпай, әйтеуір «орысша-
лығынан» құтылуды мақсат етпей, олардың мағыналық
дәлдігін, қазақ тілінің құрылымдық жүйесі мен тұлғасының
сәйкестігін, ғылым мен танымның қай саласына жататындығын
қатты ескеру керектігі – жалпы тіл мәдениетінің талабы, нор-
ма талабы. Сондықтан ұзақ жылдар қолданып келген «орыс»
сөздерін арабша, парсыша, шағатайша, ұйғырша, осман
түріктерінше «қазақшалаудың» жөнді-жөнсіздігін ойластырған
абзал. Егер
приватизация
деген жаңа ұғымды
жекешелендіру
деп түсінікті, нағыз қазақ сөзімен беріп жатсақ, оның жөні –
бір бөлек, дұрыс-ақ, ал
класс-
ты
сынып,
процент-
ті
пайыз,
паспорт
-ты
төлқұжат
деп бір шет тілдік атауды түсініксіз
екінші бір шет тілдік сөзбен алмастырғанда, мұнымыз тек
«орысшылдықтан қашу» болып шығатын тәрізді. Ал бірқатар
қазақыланған терминдер аударылып тұрған сөздің мағынасын
мүлдем бермейтіндігі – өз алдына. Мысалы, «ресторан-ды»
мейрамхана
деп аудару мүлдем келмейді: ресторан – мейрам-
дайтын, той тойлайтын орын емес, көпшілік тамақтанатын
орын, сол сияқты «музыка» деген –
саз
емес.
Космос, аэро-
порт, аэродром, паспорт, ресторан, кафе
дегендер – тіпті
орыс сөздері де емес, бұлар – көптеген тілдерде қолданылатын,
тек дыбысталуында айырмашылық бар «халықаралық» сөздер.
135
Жаңа қолданыстар мен терминдердің реттеліп, нормала-
нуын сөз еткенде, олар білдіретін ұғымдарды орысша атауы-
мен көрсетіп отыруымызды ескертеміз. Оның себебі негізінен
мынада: жаңа сөздердің бірқатары бұрын орысша айтылып
келген атаулардың қазақша баламасын ұсынуға байланысты
пайда болды:
документ, программа, протокол, коллектив, руб-
рика, микрорайон, тротуар, коллега, значок, вклад, вкладшы,
чемпион, проводник
т.т. Бұлардың көбі – терминдер емес, зат,
ұғым атаулары және бірсыпырасы орыс сөздері
(значок, вклад,
проводник, грелка, теплица, варенье, кузов, наушник, летучка,
творчество, трезвость, болельщик
(спортта),
зачет, разговор-
ник, прописка, включатель, выпуск
т.б.). Орыс тілінің өзінен
алып жұмсалып келген сөздердің қазақша баламасын тауып
атау принципі – қазақ тілі тәжірибесінде бұрыннан бар при-
нцип болатын, әңгіме – олардың қазақша баламаларының көпке
дейін ізделінбей келгендігінде, орысшасын қолдана салу қалың
көпшілікке де түсінікті болатындығында, әсіресе тұрмыстық
сөздердің күнделікті ауызекі сөйлеу тәжірибесінде қазақшасын
іздеп жатпай-ақ орысшасын айта салудың жеңілдігінде және со-
лай дағдыланып кеткендігімізде, қысқасы, осындай сан түрлі се-
бептермен ондаған (тіпті жүздеген) қарапайым сөздер (ғылыми
терминдердің әңгімесі бөлек тұрады) орысша жұмсалып кел-
генін мойындаймыз. Соңғы ширек ғасырдың барысында «етек-
жеңіміз біраз жиналып», «есіміз кіре бастағалы» олардың
қазақша баламасын іздеу әрекеті дүниеге келді, бұл қарекет әлі
де жалғаса бермек және оның салқыны (әсері, үрдісі) ғылыми,
техникалық терминдерді де, әсіресе әлеуметтік, саяси, мәдени
терминдерді де қазақшалау әрекетіне тиіп жатқан жайы да бар.
Тіпті оларды жаппай қазақыландыру сияқты «ұлттық ұранды»
көтерушілер де жоқ емес.
Бұл мысалдардың ішінде, әсіресе орыс сөздерімен кел-
гендерінде, әрине, қазақша баламасы дұрыс табылатындары
бар, олар едәуір қалыптасып та қалды. Сонымен қатар қазақ
тілінің қазіргі даму сатысында ғылым мен техникаға қатыс-
ты интернационалдық (халықаралық) қор деп аталатын лекси-
калық қабаттың болуы – заңды. Бұл қор – көптеген мәдениетті
халықтардың, әсіресе Еуропа, Америка жұрттары мен орыс
136
халқының тіліне де ортақ, көбінің түптөркіні – латын сөздері,
бір алуаны – ағылшын, неміс, француз сөздері болып келетін
бірліктер. Олардың бәрін қазақшаға аударып, дәл балама-
сын қазақша беру мүмкін де емес, қажет те емес. Терминжа-
сам теориясы бойынша техника саласына жататын мәшине,
аппарат, құрал-жабдық, олардың бөлшектері сияқты нақты
зат атауларының дені аударуға келмейтін, түбірі көптеген
мәдениетті тілдерге ортақ, түсінікті сөздер болады, олар-
ды қай тілден келсе (мысалы, қазақ тіліне орыс тілі арқылы
келді) сол қалпында пайдаланған жөн, ал нақты зат емес,
дерексіз (абстракт) ұғым атауларын қай тілде де өз сөздерімен
білдіру мүмкіндігі зор болады. Дегенмен оның ішінде де
интернационалдық қор сөздерінің қалыптасып кеткен факті-
лері аз емес. Мысалы, қазақ тілінде
айсберг, альманах, альбом,
аппарат, аспирант, студент, асфальт, бак, валюта, велоси-
пед, вирус, витамин, газет, газ, галстук, гараж, гимназия, гор-
мон
сияқты жүздеген нақты зат атаулары қолданылып келеді.
Ал
аграрлық, академия, акт, актілеу, актив, пассив
(экономи-
ка терминдері),
акцепт, акционер, альянс, атом, валенттілік,
вариант, бюджет, ген, генетикалық
сияқты ұғым атаулары да
шет сөздермен беріліп, әдеби тіл нормасын білдіріп отыр.
Міне, бүгінгі қазақ әдеби тілінің лексикалық нормалануы
дегенде көңіл аударатын үлкен мәселенің бірі – жаңа қолда-
ныстар мен терминдер және олардың әдеби тіл қорына ену-
енбеуі, нормалану процесі, кодификациясы жөнінде зерттеуші
ретінде өзіміздің пікіріміз бойынша ұсынылған мағлұматтар –
осындай.
Достарыңызбен бөлісу: |