130
және «объявление» деген ұғымдарды атап келіппіз.
Жарияла-
ма
сөзі мағына жағынан соңғы ұғымға жақын келсе де (бірақ
бұның
хабарлама
деп қалыптасқан варианты тағы бар ғой),
ре-
портаж
дегенге мүлде жуыспайды. Сол сияқты
әріптес
деген
сөзбен «партнер» және «коллега» ұғымдарын білдірушілік бар;
киімге салынатын
тесьма
деген
зат атауы мен көзілдіріктің
әйнек кигізетін «оправасын» білдіруге
жиектеме
деген бір
жаңа сөз ұсынылыпты, мағына жағынан бұл тұлға екі ұғымның
екеуін де атауға жақын келеді, дегенмен
тесьма
мен
оправаны
қазақша бөлек-бөлек атағандары жөн;
қойылым
деген жасан-
ды жаңа сөзбен «постановка» (спектакльдің қойылымы) де-
генді де, музейлерге қойылатын «экспозиция» дегенді де атау
бар екен. Сірә, орыс сөзі
постановка-
ны аударған – дұрыс, ал
«экспозиция» сияқты ұғымды, біздіңше, халықаралық термин
ретінде сол күйінде әдеби тіл нормасында қалдыруға болады.
Екінші жайтқа, яғни бір ұғымның қазақша атауын екі, кейде
үш
вариантта ұсынушылыққа келсек, олар бұдан да көбірек:
қаражатшы /демеуші
( «спонсор»),
қайтарым /қайтарыс
(
«отдача», экономика термині),
дерекнама /деректеме
(«ис-
точник»),
дәйексөз /дәйектеме
(«цитата») т.т. (бұлар жөнінде
жоғарыда кенірек айтылды). Бұл екі түрлі фактінің екеуі де
лексикалық нормалану процесінде елеулі орын алады, яғни
олардың біреуін норма ретінде ұсынуда талдау,
дәлелдеу
сияқты реттеу жұмыстарын жүргізуге тура келеді.
Жаңа қолданыстардың әдеби тіл қорына көшіп, норма-
лану процесі уақытты және тәжірибені қажет етеді,
әсіресе
көпшілік күнбе-күн пайдаланатын газет, журнал, радио, теле-
дидар сияқты ақпарат құралдарында жиі қолданылуының мәні
айрықша. Қолданылу жиілігі – нормаланудың ен пәрменді фак-
торы.
Кейбір сөздер өте жиі жұмсалғандықтан, тілдің құрылымдық
нормасына да, мағыналық дәлдігіне де жауап бермейтіндігіне
қарамастан, нормаға айналып, әдеби тіл қазынасынан орын
алып отыр не орын ала бастады. Мысалы, «трезвость» ұғымын
беретін
салауаттылық
сөзі, «отбасы» мағынасындағы
жанұя
деген нағыз жасанды тұлғалар, «космос» ғылыми терминінің
«ғарыш» аудармасы,
космодром
сөзінің
ғарыш айлағы,
131
аэродромның әуежай
болып өте жиі қолданылуы –
соңғы
айтылған пікіріміздің айғағы.
Лексиканың толығуы немесе біршама сапалық өзгерісі –
қоғамның әлеуметтік, саяси, мәдени, экономикалық дүмпулері,
күрт өзгерістері кезінде болатыны белгілі. Соңғы онжылдық
– қазақ қауымы үшін осындай өзгерістер, төңкерістер, алмасу-
лар кезеңін бастан кешуде. Қоғам өмірінің әрбір сәтінің «жүрек
соғысын» жедел көрсетіп отыратын тілдің лексика саласы зерт-
теуші ғалымдар түгіл, жай көзге, қалың жұртшылыққа бірден
сезіледі, нәтижесінде лексикалық жаңалықтарды қабылдау не-
месе жатырқай қарау, кейде тіпті қабылдамай қою қарекеттері
орын алады: пікірсайыстар, таластар, ұсыныстар көбейеді.
«Тілдің лексикалық нормалануы»
деген проблемаға мұның
тікелей қатысы болатындығы белгілі. Және бұл – процестің
дұрыс нәтижесі, яғни жаңа сөздердің нормалануы, әдеби тіл-
ден орын алып тұрақтануы – қаулы-қарармен, үкім-жарлықпен,
«көпшілік дауыспен» шешілмейтін кезенде тұрмыз, бұл – «тіл-
дік норма және оның кодификациясы» деген проблемаға
ғылыми тұрғыдан қарауды қажет етеді, термин жасау саласы-
нан бастап, қарапайым сөздерді де нормаға келтіруде мұқият
ізденістерді талап етеді. Бұл ізденістер жаңа қолданыстарды
теріп жинастыру, іріктеп, жүйелеу, дұрыс-бұрысын «меніңше
былай»
деген принциппен емес, тіл білімінің теориялық не-
гіздері бойынша дәлелдеу, әр алуан сөздіктер, анықтағыштар,
көмекші құралдар арқылы жариялап отыру сияқты іс-әрекеттер
түрінде жүргізілуге тиіс. Біздің бұл жұмысымыз (кітабымыз)
сөздердің нормалануына арналған осындай істерге бастама әрі
бағдарлама іспеттес болса дейміз.
Достарыңызбен бөлісу: