139
Бұрын
үдерім жер
деген де өлшем болған, ол – 20-25 шақы-
рымдық жер, яғни 20-25 шақырымның бір бөлігін кештетіп,
қалғанын ертеңіне ертелетіп көшіп жететін қашықтық.
Үдеру,
үдерім
сөздерінің түбірі –
үд,
бұл монғол тілінде «талтүс» де-
ген мағынаны білдіреді, осы түбірден жасалған
үделе-
етістігі
Сібір түркілерінің бірі – алтай тілінде де болғандығын, оның
«көштің күндіз демалу үшін аялдауы, түскі тамақтарын ішуі»
деген мағынаны беретіндігін өткен ғасырда Л.Будагов көрсеткен
болатын. Демек,
үд
түбірінен жасалған сөздер көшпелі тұрмыс
кешкен қазақ, алтай, монғол сияқты
халықтардың тілдерінде
кездесетіндігі осы халықтардың (өзге түркі халықтарының
тілдерінің сөздіктерінен бұл сөзді кездестірмедік) мекендеген
жерлерінің ландшафт және климат ынғайына қарай күндізгі
ыстықта аялдап, кешкі және ертеңгі
салқында көшу тәртібі
болғандығында деп түюге болады. Көшпенділік тұрмыс
тоқтағаннан кейінгі соңғы кезендерде бұл сөздердің мағынасы
күнгірттеніп, оны өз орнында қолданбау фактілері кездеседі.
Үдеру
сөзін «жаппай қозғалу, жүру, аттану, бірінің артынан
бірі жүру» деген мағынада қолданушылық та бар, бұны біліп,
дұрыс жұмсау керек. Бұл да (
үд
-) – деген көне түркілік «жалпы
жүру, бірінің артынан бірі жүру» мағына беретін етістік. Осы
етістіктін
үдере тарту, үдере шабу
сияқты тіркестермен келуі
сөз мағынасын айқындай түседі.
Үдеру
етістігінің екі түрлі
мағынада жұмсалатын көне сөз екенін айырып, әрқайсысын өз
орнында жұмсау нормаға сыйымды болады.
Мағынасын түсінбей қолданылатын сөздердің тағы бірі –
сұрқылтай.
Бұл да – көне этнографизм, сирек кездесетін сөз,
түркі-монғол төркінді тұлға. Ол монғол тілінде – «хан, сұлтан,
әмір сияқты билеушінің жанында
болатын кеңесші міндетін
атқаратын сановниктің лауазымы». Сөз түбірі – сірә, монғолдың
«оқыту», «бір нәрсені үйрету», «тәрбиелеу» мағынасын
беретін
сурға (х)
болу керек, сөз түбіріне
жалғанған
-тай
–
монғол тілінде сын есім тудыратын жұрнақ, демек,
Достарыңызбен бөлісу: