142
бастайды, екінің бірі дәл біле бермейтін сипатқа ие болады.
Мысалы,
сауын айту, қандақ, ереуіл ат, шоры
сияқты сөздер
мен әскери, қару-жарақ
атаулары болып келетін
кертартар,
көбе, қылшан, білтелі, саржан
тәрізді сөздер, ертеректе қазақ
тілінде болған
аталық, емелдес, бөкеуіл, ертеуіл
деген атау-
лар,
шөншік, талыс
тәрізді ыдыс аттары,
кебенек, жалаңқат,
сақсыр
тәрізді киім-кешек атаулары, бүгінгі ата-әжелеріміз
жиі қолданған
еңбеккүн, социалистік жарыс, колхоздастыру,
белсенді, тыңшы
сияқты сөздер, күні кешегі
ауылнай, елубасы,
жүзбасы, шабарман, поштабай, атшабар
дегендер – «исто-
ризм» – тарихтық сөздер.
Тарихтық сөздердің де заман өткен сайын мағыналары түсі-
ніксізденіп, әркім әрқалай ұғатындығына классикалық мысал-
дың бірі –
ереуіл ат
дегендегі
ереуіл
сөзі. Оның ұмытыла бас-
тағаны соншалық – тіпті тұлғалық кейпіне де таласып, біреулер
ереуіл,
енді біреулер
ереулі, ерулі,
тіпті
ерттеулі
деп айтылуға
тиіс деген де пікірсайыстарға барып қалды.
Осы жұмыста
(кітапта) оқушыларға түсініктілеу болу үшін
ереуіл
сөзінің
түптөркіні мен мағынасы туралы өзге зерттеушілердің және
өзіміздің талдауларымыз бен танымдарымызды баяндаған
«Сөздер сөйлейді» деген еңбегіміздегі пікірімізді қайталап
берелік: Махамбет Өтемісұлының (XIX
ғасырдың I жарты-
сы) атақты «Ереуіл атқа ер салмай» деп басталатын өлеңіндегі
ереуіл
сөзі ақын жинақтары мен оқулықтарда көпке дейін
«ерттеулі ат» деп түсіндіріліп келді. Бұл – әрине, мүлде қате.
Бұл сөздің төркінін арнайы зерттеген Құлмат Өмірәлиев оны
монғолдың
ирэгулъ
сөзінен шығарады, ол «қан майданда жек-
пе-жекке шығатын батырлардың сайысы, одан барып сол ба-
тырлар мінетін ат дегенді білдірген» деп табады. Махамбеттің
осы өлеңдері жарияланған 1910 жылғы «Шайыр» жинағын
құрастырушы Ғабдолла Мұштақ (Ғұмар Қарашев) мұны
«мінбей сақталған ат» деп түсіндіреді. Біздің топшылауымыз-
ша, монғол, қалмақ тілдерінде
Достарыңызбен бөлісу: