Ббк 1. С 94 Қазақстан Республикасы



Pdf көрінісі
бет76/159
Дата20.09.2023
өлшемі1,37 Mb.
#181811
түріБағдарламасы
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   159
Байланысты:
file-6694

бөлтек-салтақ
(бөлек-
салақ), 
үпірмелі-шүпірмелі
(үбірлі-шүбірлі), 
қападар
(қапалы), 
тоңқару 
(төңкеру), 
міселі қайту
(меселі қайту), 
пәре
(пара 
беру) деген сөздерді жақша ішінде көрсетілген әдеби түрлері 
тұрғанда, ешбір уәжсіз қолданудың реті жоқ.


158
Қысқасы, әдеби норма тұрғысынан келгенде, диалектизм-
дер сияқты мол қордың өзіне үлкен сақтықпен қарау керек. 
Оның лексикалық қазынаға қосар үлесі барын еске ала оты-
рып, жазба тілге, әсіресе көркем әдебиеттен өзге стильдерге 
енгізу әрекетінде белгілі бір шек қойылғаны жөн.
Сөйтіп, жергілікті элементтердің әдеби нормаға қатысы, 
әдеби тілге ену әлеуеті (мүмкіндігі), көркем әдебиеттегі орны, 
қызметі туралы қысқаша қайырылған мағлұмат-танымдарды 
қорытындыласақ:
1) қазақ тілінің қазіргі даму сатысында диалектизмдер 
деп аталатын едәуір мол лексикалық топтар мен жергілікті 
фонетикалық, грамматикалық бірліктер бар. Олар – негізінде, 
әдеби тіл нормасынан тыс тұратын элементтер. 
2) Жергілікті тіл ерекшеліктері – ауызекі сөйлеу бірліктері, 
ал халықтың ауызекі сөйлеу үрдісі – жазба әдеби тілді 
толықтыратын көздердің бірі, сондықтан баламасы жоқ зат ата-
уларын, кәсіпке, әр алуан шаруашылық ұғымдарына, әр өлкеге 
тән ландшафтыға және тағы да басқаларына қатысты сөздерді 
жергілікті сөйлеу тәжірибесінен – диалектизмдер құрамынан 
тандап алу процесін әлі де тоқтатуға болмайды.
3) Диалектизмдер көркем әдебиетте суреткерлік құралдың 
бірі ретінде қолданылады. Олар тек кейіпкерлердің диалог,
монологтерінде ғана емес, шығарманың стильдік тонына 
қарай автордың баяндауында да жұмсала алады, бірақ мұнда 
қайткенде де бейәдеби сөздің қолданыс уәжі (мотиві, себебі, 
қажеттігі) болуы керек және ол уәж ғылыми тұрғыдан 
дәлелденетіндей болуы шарт.
4) «Қазақ тілінің диалектологиялық сөздігі» сияқты құнды 
материалдардың ішінен бүгінгі және ертеңгі жазба әдеби 
тіліміздің лексикалық қазынасын байытуға қажет бірліктерді 
іздестіру, іріктеу, тандап алу қарекетін жүргізе беру – алдағы 
міндеттеріміздің бірі ретінде саналады.
Сөйтіп, жаңа сөздер, көне сөздер, сирек қолданылатын лек-
сикалық топтар, терминдер, диалектизмдер деп топтан бөліп 
алып, олардың әрқайсысының әдеби тілдегі орны, қызметі, 
қазіргі күйі, нормалану процесі жайында жасаған талдау-
ларымыз бен білдірген пікірлеріміз мынадай қорытындыға 
келтіреді:


159
1) қазіргі қазақ жазба әдеби тілінің лексика саласы 
айтарлықтай нормаланып, ол нормаларды қалыптастыру 
(кодификация) процесі жүргізілуде. Әдеби лексикалық норма-
лардың негізгі базасы – халықтың сөйлеу тілі мен жазба тіл 
үлгілері: көркем әдебиет, публицистика, ғылыми әдебиет бо-
лып саналады, олар қазақ сөздерінің әдеби қазынасын таны-
тады. Оларды норма ретінде тұрақтандырып, қалыптастыруда 
оқу-ағарту құралдарының, баспасөздің, әр алуан сөздіктердің, 
оның ішінде анықтағыш құралдардың қызметі айрықша.
2) Қазіргі күнде лексикалық нормалардың ішінде вариант-
тар қатарын туғызып, пікірталастарға шақырып отырғандары 
– терминдерге қатыстылары, мұнда тек термин жасау принцип-
тері ғана емес, кірме терминдердің тұлғалануы, оларға қазақша 
қосымшалар жалғану ерекшеліктері туралы да әртүрлі пікірлер 
мен ұсыныстар айтылуда.
3) Әдеби нормадан тысқары тұратын лексикалық топтардың 
ішінде әдеби үлгілерде орнымен (уәжді) қолданылатын сәт-
терімен қатар, нормадан ауытқитын қолданыстар да орын 
алуда. Әдеби норма шарттарына мұқият қарайтын, ғылыми 
ізденістерді талап ететін саланың бірі – бейәдеби элементтердің 
қолданысы.
Қазақтың әдеби тілінің сөздік құрамын толықтыра түсу 
– әлі де жүріп жатқан процесс, сондықтан ауызекі сөйлеу бір-
ліктерінен, әсіресе диалектизмдерден мүлде бас тарту әлі ерте. 
Оларды тек стильдік мақсатпен көбінесе көркем әдебиетте ғана 
қолданып қоймай, жаңа ұғымдарды атаудың бір көзі ретінде 
қарау керек.
4) Лексикалық нормаланудың ең өзекті мәселесі – вариант-
тары жайы. Оларды да айырып қарап, әдеби нормаға енетін 
қатарлар мен бір сыңарын әдеби норма ретінде тұрақтандырып, 
қалғандарын бірте-бірте қолданыстан ығыстыру әрекеті дұрыс 
бағыт алып келе жатқандығын айтуға болады.
5) Лексика саласындағы әдеби нормаларға келгенде, көркем 
әдебиет стилі өзге функционалдық стильдерден бөлек тұрады. 
Сондықтан «көркем әдебиеттегі сөзқолданыс және әдеби нор-
ма» деген тақырып өз алдына талдауды қажет етеді.
6) Әдеби нормадан жөнсіз ауытқуға апаратын тұстарды 
жинақтап көрсетсек, олар мыналар: қазақтың бүгінгі кең 


160
байтақ даласының түкпір-түкпіріне тегіс түсініксіз жергілікті 
сөздерді молынан не орынсыз келтіру, көне сөздердің мағы-
насын дұрыс түсінбей жұмсау, қолданыстан шығып қалған 
«пассив» сөздерді «тықпалау», қажетсіз тұста жаңа сөз жа-
сай қою не оның сәтсіз шығуы, «орысшылдықтан» орынды-
орынсыз қашқақтау, яғни орыс тілі арқылы енген, едәуір орын 
тепкен, нормаға айналған халықаралық кірме сөздерді ауда-
рып, қазақша балама «тауып беру» немесе сыртқы тұлғасын 
өзгертіп, «қазақыландырып» жұмсау, штамп элементтерге, 
жылтырауық «әдемі» сөздерге үйірсектік таныту, сөздердің 
стильдік қызметін дұрыс танымау т.т.
Осы көрсетілген тұстардағы ағаттықтар мен кемшіліктерді 
болдырмау үшін жүргізілетін іс-әрекеттердің, ұсынылатын 
анықтағыш құралдардың, ғылыми ізденістердің мақсаты – 
қазақтың қазіргі ұлттық жазба әдеби тілінің нормаларын
реттеу, айқындау, орнықтыру, қалыптастыру (кодификациялау) 
жолындағы үлкен әлеуметтік, тіпті саяси мәні бар шаруа. Тіл 
мәдениетін көтеру қарекеті – мемлекеттік тілдің жетілген, сын-
дарлы болуы үшін жүргізілетін күрес.


161


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   159




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет