152
– контекстік, яғни бұлар – «шұбалаң жаулық» кемпірдің та-
нымы, бірақ оларды айтып отырған – кемпір-кейіпкер емес,
жазушының өзі. Соған қарамастан, бұл қарапайым элементтер
– өз орнында қолданылған сөздер.
Бұл повестегі бейнорма деп саналатын элементтер: көрсе-
тілген қарапайым сөздердің,
диалектизмдердің,
жүзіқара,
итжегір, құрып қалғыр, пәтшағар, кәпір, бетпақ
сияқты
дөрекі ұрыс-қарғыс сөздердің, тіпті бұзылып айтылған
божа-
лыста, бәбушке, кәзит, қуаз
(квас),
іздірәсти
сияқты орыс сөз-
дерінің – барлығының көркем шығармадан орын алып түрған
уәжі (мотиві) бар: ол – шығарманың баяндау стилі, яғни кейіп-
кердің көзімен, психологиясымен, демек, сөзімен баяндау
қажеттігі. Мұндай фактілерді көп болмағанмен, сөзге (шығарма
стиліне) ден қоятын қалам иелерінен табуға әбден болады.
Мысалы, жазушы Марат Қабанбайдың балалар өмірінен жаз-
ылған әңгімелеріндегі көптеген қарапайым сөздерді автордың
өз тілінен (баяндауынан) кездестірсек, олардың да қолданысы
– уәжді, демек, сол шығарма тілі үшін норма.
Көркем әдебиет тілінде қарапайым сөздер әрдайым стильдік
мақсатпен келмеуі де мүмкін. Ол күнде, әрине, бейнормалық,
нормадан уәжсіз (жөнсіз) ауытқушылық болып шығады.
Демек, қарапайым, жаргон сөздердің көркем шығармаларда
белгілі бір стильдік жүк арқалап қолданылуы – заңды, уәжді
құбылыс. Бүған мысалдарды өзге жазушылардан да табамыз.
Жазушы Қалихан Ысқақов «Ақсу – жер жаннаты» атты рома-
нында қарапайым сөздерді кейіпкерлерінің аузына да салады,
өз баяндауында да қолданады: «Бекет
осымен біржола
шоң-
қиған...
», «Ол
қойт-қойттап
қоймады...», «Қағазсыз қара
басыңыз
қотқа жүрмейді...
». Бұл қолданыстарды да жазу-
шы өз тіліне тектен-тек қатыстырып отырған жоқ. Бұлардың
экспрессиясы нормадағы әдеби варианттарынан
(ұтылған,
жеңілген, отырып қалған... айдап салуын қоймады... түкке
түрмайды, кәдеге аспайды
деген сияқты) әлдеқайда күшті,
әсерлі. Жоғарыда бірінші келтірілген сөйлемді жазушы: «Бе-
кет осымен біржола
жеңілген
»
деп норматив сөзбен жазса,
оның экспрессиялық әсері күшті сезілмес еді. Демек, бұл
қолданыстар – әдеби тіл нормасынан уәжді (себепті) ауытқулар
болып танылады. Оның үстіне автордың баяндауында сәл әжуа,
мысқыл (сарказм, юмор) тоны сезіледі.
153
Қарапайым сөздердің мағыналары көпшілікке таныс боп
келеді, сондықтан ол келеке-сықақ жанрындағы немесе үнін-
дегі туындыларда белгілі бір стильдік
мақсатпен еркін қол-
данылады. Бұларды да уәжді қолданыстар деп атау керек. Соны-
мен қатар тек көне, сирек сөздер емес, кейбір дағдылы, ұғымы
айқын сөздердің де лексикалық та, стильдік те мағыналарына
зер салмай, кейде тіпті түсінбей не жаңсақ ұғынып уәжсіз
қолданушылық та әдеби тіл нормасына қайшы келеді. Мы-
салы, жолшыбай жолдасы жоқ салт келе жатқан адамды
жалғызілікті жолаушы
деу
(жалғызілікті
сөзі күнделікті
«тұрмыста қолғабыс ететін, қарайласатын ешкімі жоқ» дегенді
білдіреді және ол көбінесе үй шаруасымен, күнделікті тұрмыс
қарекеттерімен айналысатын әйелге қарата айтылуға бейім),
жігерлене
жұтыну, түн
кескінінде (баласында
деудің орнына),
асықша
ширатылу (үйірілу
болса керек), көңілі
қайысу (қалды
деудің орнына), іші
еріді (жылыды
деу керек), төсек
жаңарту
(жаңғырту
деудің орнына) деген қолданыстарда жазушы-
лар көрсетілген сөздердің мағыналарына үңілмеген (негізгі
мағыналарын мүлде білмейді деуге болмас), бұлар – әдеби нор-
мадан уәжсіз ауытқулар болып табылады.
Сөйтіп, көркем әдебиетте болсын, өзге функционалдық
стильдерде болсын, жеке сөздерді қолдануда әдеби нормаға
қайшы келіп, ол нормадан уәжсіз ауытқуға себеп болатын фак-
торлар бірнешеу болады. Олардың бірі – көне, сирек, жергілікті,
сөздердің мағыналарын жете білмей қолдану болса, екінші бір
сәттерде ұқыпсыздық, лексикалық нормаға салғырт қарау се-
беп болады, үшіншіде функционалдық
стильдердің өздеріне
тән ерекшеліктерін араластырып жіберу (мысалы, ғылыми
стильде диалектизмдерді, қарапайым сөздерді қолдану) сияқты
ағаттықтар орын алады.
Әдеби тілдің ғылыми және ресми (кеңсе-іс қағаздары, қаулы-
қарарлар, жоспарлар т.т.) стильдерінде қарапайым сөздер қол-
данылмайды, олар мұнда нормадан тыс тұрады. Публицис-
тикалық стильде қолданылуы да кемде-кем, стильдік мақсат-
пен, көбінесе тырнақшаға алынып келтірілуі мүмкін. Мысалы,
ішіп-жеп қою
– сөйлеу тілінде жиі қолданылатын, ауыспалы
мағына келтірілген тіркес, «Жас Алаш» газеті информациялық
мақалада «қайырымдылық шараларына арналған қаражатты
154
Бразилияның бұрынғы Президентінің жұбайы «ішіп-жеп»
қойыпты» (ЖА, 20.05.2000) деп жазғанда, көрсетілген тір-
кесті
қарапайым элемент ретінде, хабарды жағымсыздық бо-
яумен беріп тұр. Сірә, бұл іспеттес сөздер мен тіркестерді
«контекстік қарапайым сөз статусына ие болғандар» деп тану
керек, яғни бірліктердің өздері қарапайым лексика тобына
жатпайды, бірақ келеке, мазақ үндерімен берілген сөйлемдер-
де сол жағымсыз реңкті білдіретін тілдік элементтің бірі
ретінде нормадағы сөздердің өзін қарапайымға айналды-
рып қолдана алады. Мысалы, «Жас Алаштың» көрсетілген
нөмірінің тағы бір жерінен: «Мәжіліс депутаты Ғ.Қасымов
әріптестеріне ренжігені сондай, жеке партия құрып, «күреске»
шығуға бел буыпты» деген сөйлемді оқимыз. Мұндағы
күрес
сөзі өзінің номинативтік мағынасында емес, ол – нағыз күрес
емес, келеке етіп
көрсетілген жағымсыз қарекет, сондықтан
сөз өзінің нормативтік мағынасынан ажырап, қарапайым сөз
сияқты пәс (төмен) стиль элементіне айналып тұр.
Достарыңызбен бөлісу: