147
Демек, көркем әдебиетте болсын, публицистикада болсын
оларда кездесетін сөздер мен сөз тұлғалары нормадан тыс эле-
менттер болып танылмайды, керісінше, бұлардың жазушы,
ақын, публицист сияқты қалам иелерінің тілінде жұмсалуы –
белгілі бір қолданыстық, стильдік мақсатпен келетін, нормаға
сай тілдік (лексикалық) құралдар деп есептеледі.
Қолданыстағы жоғарыда көрсетілгендей номинативтік
(негізгі лексикалық) мағыналары жеке алғанда қалың
көпшілікке түсініксіздеу сөздерді іріктеп жинап алып, олар-
ды жергілікті сөз – диалектизмдерден, ұмытылып бара жатқан
этнографизмдерден, әдеби нормадан тыс тұратын қарапайым
не дөрекі сөздерден, мағыналары күңгірттенген архаизмдер
мен тарихтық сөздерден ажыратып қарап, әрқайсысының жал-
пы тілдік те, контекстік те (қолданыстық та) мағыналарын
көрсетіп беру – тілді нормалаудың үлкен бір шаруасы болуға
тиіс. Алдағы уақыттарда бұндай сөздердің сөздігі жасалып,
түсіндіріліп берілсе, ол – көпшілік қауымның, қазақ тілін
үйренушілер мен пайдаланушылардың, оның ішінде жазу-
шы қауым мен қалың оқырмандардың тіл нормаларын игере
түсулеріне көмектесер нақты істердің бірі болмақ.
Құрылымдық нормаға да, қолданыстық-стильдік нормаға
да жатпайтындай болып көрінетін сөздердің аса бір шағын
тобы – окказионализм деп аталатын бір қолданар сөздер, яғни
авторлық түзілімдер (тұлғалар). Көркем әдебиетте, әсіресе
өлең тілінде жазушы мен ақын айтпақ идеясын (ойын) әсерлеп,
бейнелеп беру үшін қалыптан тыс, яғни семантикалық,
морфологиялық, кейде синтаксистік нормаға сәйкеспейтін
жасанды тұлғаларды «окказионализмдер» деп атайды, кейбір
сөздер өздеріне тән дағдылы мағынасынан басқа ұғымда
жұмсалса, олар да окказионалдық құбылыс болып шығады.
Мысалы, ақын Кәкімбек Салықовтың: «Бір ақын бір ақыннан
ақынырақ,
өйткені ол жүрекке жақынырақ. Ел-жұртқа қалды
десек қалай унап, Күшті ақын күрделі де жабайырақ. Қашанда
мықты ақындар
Махамбеттеу,
Кемеңгер ойлы ақындар
Абайырақ.
Жақсы ақын – әлеуметтің жаңашыры, Даралау, ке-
мел, дана
Пушкинірек
» деген жолдарындағы
ақынырақ, Ма-
хамбеттеу, Абайырақ, Пушкинірек
деген қолданыстары тілдің
құрылымдық нормасына мүлде қайшы, өйткені
-
Достарыңызбен бөлісу: