Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті
Математика және жаратылыстану ғылымдары факультеті
Математика және информатика кафедрасы
Курстық жұмыс
«_____________»
бағамен қорғалды
«__» _____________2019жыл
Математика және информатика кафедрасының
меңгерушісі А.А.Таджигитов
_____________
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
математиканы оқытудың интерактивті жүйелерін жобалау пәні бойынша
«Жаңа инновациялық имитациялық ойындар технологиясы»
6B01501.DO.Ин(о)-16қ
Орындаған Ин(б)-16қ Дүйсенғали Б.Ж.
тобының студенті
Ғылыми жетекші: Ибраева А.А.
Петропавл, 2019
АҢДАТПА
Осы курстық жұмыста «Жаңа инновациялық имитациялық ойындар технологиясы» тақырыбы бойынша әдістемелік нұсқаулар мен мәліметтер ұсынылған.
АННОТАЦИЯ
В данной курсовой работе представлены методическое пособие и материалы по теме « Новая инновационная технология имитационных игр».
ANNOTATION
This course paper presents a methodical manual and materials on the topic «New innovative simulation game technology».
Мазмұны
ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАРДЫҢ ТІЗІМІ 4
КІРІСПЕ 5
І. ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ БІЛІМ БЕРУДЕГІ РӨЛІ 7
1.1 Жаңа инновациялық технологияларды информатика сабағында қолдану 7
Балалармен қызықты тест өткізуге арналған сайттар 9
GOOGLE ФОРМЫ 9
9
QUIZLET 9
9
PROPROFS 9
9
KAHOOT! 9
9
CLASSMARKER 9
9
PLICKERS 9
9
EASY TEST MAKER 9
9
1.2 Ойын әдістері 11
1.3 Оқытудың компьютерлік технологиялары 17
ІІ ИНТЕРАКТИВТІ ИМИТАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР 19
2.1 Имитациялық ойындар 19
2.2 Дәстүрлі оқыту және имитациялық технология 20
2.3 Информатика сабағында имитациялық ойынды құру және қолдану әдістемесі тақырып бойынша конспект жоспар. 23
ҚОРЫТЫНДЫ 28
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 29
ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАРДЫҢ ТІЗІМІ
ҰҚО - Ұйымдастырушылық-қызметтік ойындар
ТДО - Танымдық-дидактикалық ойындар
КІРІСПЕ
ХХІ ғасырда білім мен ғылымды жаңа инновациялық технология бағытында дамыту маңызды мәселелердің бірі. Президент Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан - 2050» мемлекеттік стратегиялық жолдауында «біз білім - ғылыми - инновациялар үштігі билеген постиндустриялық әлемге қарай жылжып келеміз, біріншіден бұл - уақыт, қазір инновация заманы, инновация ғасыры» деп атап көрсеткен болатын. Жаңа инновациялық оқыту технологиясы кәсіптік қызметтің ерекше түрі болып табылады. Инновациялық оқыту технологиясын меңгеру үшін педагогикалық аса зор тәжірибені жұмылдыру қажет. Бұл өз қызметіне шығармашылықпен қарайтын, жеке басының белгілі іскерлік қасиеті бар адамды қажет ететін жұмыс. Шындығында да әрбір педагог жаңа инновациялық технологияны меңгеру барысында өзін-өзі дамытады және өзін-өзі қалыптастырады.
Қазіргі таңда білім беру саласында мүмкіндіктерді пайдалана отырып оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін, жаңа технологияны тиімді пайдалана отырып, оқытудың жаңа әдістері мен тәсілдерін, жаңа технологияны тиімді пайдалану, оқытуды жетілдіре түсу, оқушыларды жеке тұлға ретінде қалыптастыру, олардың білім деңгейін халықаралық стандартқа сәйкестендіру-ең басты бағыттардың бірі болып саналады. Осы тұста оқу процесінде ойын технологиясын қолдану мәселесі тиісті нәтижесін беріп отыр. Ойынды қолдана отырып, оқыту технологиясының басты мақсаты - оқушыны өз оқуының мотивін, өмір мен ойындағы өз мінез-құлқын түсінуіне, яғни өзіндік ісәрекеттің мақсаты мен бағдарламасын қалыптастырып, оның жақын болашақтағы нәтижелерін алдын-ала болжай білуге үйрету болып табылады. Имитациялық ойын (немесе метафоралық іскерлік ойын) – бұл нақты бизнес-үдерісті көрсететін метафораның базасында құрылған іскерлік ойын. Имитациялық ойындар жарыс, кооперация, ережелер және имитация белгілері бар ойын қатысушылары сияқты ойын элементтерін біріктіреді. Бұл ойындар қарым-қатынастың әртүрлі тәсілдері арқылы жүзеге асырылады: пікірталас, келіссөз жүргізу, презентациялау, бірлесе әрекеттесу. Имитациялық ойындар жаңа ортаға бейімделу дағдыларын қалыптастыруға өз септігін тигізеді. Мұндай ойындарда студенттер үйреншікті қалыптан өзгеше жағдайларда (ситуацияларда) өздерінің күнделікті құлықтары мен әрекеттеріне өзгерістер енгізіп, проблеманың шешімін табады.
Зерттеудің мақсаты-жалпы орта білім беретін мекемелердегі информатика сабақтарында оқытудың интерактивті имитациялық әдістерін қолданудың теориялық аспектілерін зерттеу және осы әдістерді қолдануға бағытталған әдістемелік ұсынымдар әзірлеу.
Зерттеу объектісі - жалпы орта білім беру мекемелерінде информатиканы оқыту үдерісі.
Зерттеу пәні - информатика сабағында оқытудың интерактивті әдістерін қолдану мүмкіндіктері.
Зерттеу гипотезасы келесіден тұрады, егер информатика сабақтарында оқытудың интерактивті имитациялық әдістерін жүйелі және үздіксіз пайдалануды жүзеге асырса, онда бұл оқушылардың информатика бойынша білімі мен іскерлігінің деңгейін едәуір жоғарылатады, аталған пәнді оқытудың уәждемелік аспектісіне оң әсер етеді және жалпы білім беру сапасын арттырады.
І. ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ БІЛІМ БЕРУДЕГІ РӨЛІ
Э.Роджерс «Инновация — нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея» десе, Майлс «Инновация — арнайы жаңа өзгеріс. Біз одан жүйелі міндеттеріміздің жүзеге асуын, шешімдерін күтеміз» дейді. Яғни инновацияны жаңаны көру, жаңаға ену, жаңаға кіріспе деп түсінуіміз қажет. Инновация көпсалалы, кең қолданыста. Педогогика ғылымында өзіндік категориясы болса да, зерттеуші ғалымдар білім беру жүйесіне жаңалық енгізу деп қолданып жүр. Инновация ұғымы ең алғаш мәдениеттанушылардың зерттеулеріне енді, ал қазір барлық салада кеңінен қолданылады.
Қазақстанда ең алғаш «Инновация» ұғымына қазақ тілінде анықтама берген ғалым Немеребай Нұрахметов. Ол «Инновация, инновациялық үрдіс деп отырғанымыз - білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек қызметі» деген анықтаманы ұсынады. Н.Нұрахметов «Инновация» білімнің мазмұнында, әдістемеде, технологияда, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда, мектеп жүйесін басқаруда көрініс табады деп қарастырып, өзінің жіктемесінде инновацияны, қайта жаңарту кеңістігін бірнеше түрге бөледі: жеке түрі (жеке — дара, бір-бірімен байланыспаған); модульдік түрі (жеке - дара кешені, бір-бірімен байланысқан); жүйелі түрі (мектепті толық қамтитын).
С.Қ.Мұхамбетова инновациялық технологияның құрылымы мен дәстүрлі оқытудың құрылымын мына кестеде сипаттайды:
Инновациялық технология құрылымы
|
Дәстүрлі оқытудың құрылымы
|
Тұжырымдамалық негізі
|
1.Ұйымдастыру бөлімі
|
Мазмұндық бөлім: Оқыту-тәрбиелеу мақсаты; білім мазмұны
|
2.Мақсаты: қажетті білімнің өзектілігін көрсетін, өткен материалды есте түсіру, қайтаалау, үй тапсырмасын тексеру
|
Оқу процесін ұйымдастыру; болжау мен алдын-ала жобалау реттеу
|
3.Жаңа білімді хабарлау мен оны түсіндіру, яғни мазмұндық бөлімі.
4. Сабақты бекіту.
5. Қорытындалау.
6. Бағалау
7. Үйге тапсырма
|
Жаңа қоғам кеңістігінде жас ұрпаққа жаңаша білім беру жолында түбегейлі жүріп жатыр. ХХІ ғасыр ғылым мен білімнің қарыштап дамыған ғасыры деп аталатыны мәлім. Сондықтан қазіргі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәліметтер беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, қатаң бәсеке жағдайында өмір сүріп, жаңа дәуір жаңалықтарымен сусындатып отыруға тиісті. Бұл іске нәтижеге қол жеткізу үшін , мұғалім — қоғамдағы болып жатқан тез өзгеріп тұратын әлеуметтік — экономикалық , педагогикалық өзгерістерге тез төселген, жаңаша ойлау жүйесін меңгерген, жан — жақты білімдарлығы, тұтас дүниетанымы болуы қажет. Өз пәнінің шеңберінде қалып қойған мұғалім балаға білім, тәрбие берудегі биік мақсаттарға жете алмайтыны анық.
Егеменді еліміздің тірегі — білімді ұрпақ. ХХІ ғасыр білімділер ғасыры. Информатика келешек ұрпақтың :
жан — жақты білім алуына;
іскер әрі талантты;
еркін дамуына жол ашады.
Бүгінгі таңда оқытудың ақпараттандыру үрдісіне ерекше көңіл бөлінуде. Оқыту үрдісін ақпараттандыру — қазіргі қоғамды ақпараттандыру үрдісінің бағыты болып табылады. Ал, барлық арнайы ақпараттық құралдары (ЭЕМ, аудио,бейнефильм,кино) қолданатын технологияларды тәжірибеде ақпараттық технологиялар деп атаймыз. Алдымен информатика саласының жаңа ақпараттық технологияларға көшпей тұрып, оқу — үрдісінде білім беруде ақпараттандыру мүмкін емес.
Компьютер арқылы оқыту мынандай міндеттерді қамтиды:
Оқушылардың компьютерлік сауаттылығын ашады;
Ойлау қабілетін дамытады;
Оқыту тәрбие үрдісіндегі ақпараттың алмасу сипатын айқындайды.
Қолдану тиімділігі:
Шығармашылық қабілеті дамып, мәдениетінің деңгейі мен ықыласы көтеріледі;
Оқушылар бірден өзінің әрекеттерінің нәтижелеріне сәйкес талдаулары мен ұсыныстарын бірге көреді;
Оқушының пәнге қызығушылығы артады;
Мұғалім оқушыға бағыт беріп отырады;
Уақыт үнемделеді;
Орташа оқитын оқушылар саны азаяды.
Сабақ өткізген кезде оқушыларға сапалы білім беру үшін жаңа технологияларды пайдалана отырып , сонымен қатар компьютерді, интерактивті тақтаны қолдану арқылы білім берсек, оқушылардың қызығушылығы арта түсері анық. Информатика пәнін оқытуда мұғалім балалардың ой – өрісі мен танымдық қабілеттерін дамыту, өз ойын жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру мақсатында жаңа технологияларды кеңінен қолданған дұрыс. Балалардың қызығушылығын арттыру үшін әртүрлі программаларды, сайттарды пайдаланған жөн.
Мысалы, презентациялар дайындау үшін :
Достарыңызбен бөлісу: |