«Новая инновационная технология имитационных игр»



бет14/14
Дата27.11.2019
өлшемі2,37 Mb.
#52496
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
kostym1

- Ұпайларды логикалық сұрақтар шешіп өз білімдеріңмен «сатып аласыңдар». Оқушылар өз ұпайларынан калаған ұпайын ойынға тігеді. Егер сұраққа дұрыс жауап берсе, тіккен ұпайлары екі есе болып косылады, ал таба алмаса ұпайлары сақталады.

  1. Домбырада – жетеу, сырнайда – алтау, қобызда бесеу.   Бұл не? Жауабы: әріп
    Теңізде қандай тас болмайды? Жауабы: Құрғақ

  2. Бәріміз бауырсақ ертегісін жақсы білеміз! Ертегі бойынша бауырсақ қашып кетеді. Бір күні әжей бауырсағын пісіріп, дала шығарып, кейін келіп қараса, бауырсақ қашпаған! Неге? Әжей қандай амал қолданды? Жауабы: бауырсақты төртбұрышты етіп пісірген.

  3. Қаз, адам, қарақат! Осы үшеуін не байланыстырады? Жауабы: (А әрпі)

  4. Қыз бен жігіт жолда келе жатса, алдыдан бір қария жығып қыздан: -қасыңдағы кім деп сұрайды. Қыз: - шешемнің шешесі, оның қайын енесі, сонда бұл маған неменесі? дейді. Сұрақ: қыздың қасындағы кім? Жауабы: (әкесі)

  5. Адам нені бұзғанда қуанады? Жауабы: рекордты

  6. Бір үйде елу батыр, үй сыртына сүйкесе өліп жатыр. Жауабы: Сіріңке

  7. Шаршының қабырғасын үш есе үлкейтсе, оның ауданы неше есе үлкееді? Жауабы: 9 есе

  8. Алфавиттің ең соңғы әрібі? Жауабы: т

  9. Қай сұраққа болымды жауап берілмейді? Жауабы: Ұйықтап жатсың ба?

  10. « ... - адам тәніндегі өздігінен қалыпқа келмейтін жалғыз бөлік». Жауабы: Тіс

  11. Сіз қызарған кезде ... да қызарады. Жауабы: Асқазаныңыз

  12. «Адам миының сыйымдылығы ...» . Жауабы: 4 терабайттан артық

  13. «... ағзаның барлық қызметі, тіпті жүрек те тоқтап қалады» Жауабы: Түшкіргенде

  14. «Адам бас сүйегі әртүрлі ... сүйектен тұрады.» Жауабы: 29

  15. «Ағзада өмір сүретін бактериялардың орташа салмағы - ...» Жауабы: 2 кг

Үшінші аялдаманың қорытындысын шығару



«PLICKERS» аялдамасы.

Оқушыларға арналған ойнайн тест





ІІІ. Қорытынды. Ұпай саны есептеледі.
Оқушылары жинаған ұпай санына байланысты білімдері бағаланады.
Ән орындау "Дос болайық бәріміз"
ІV. Кері байланыс. Сыныптан тыс іс - шарадан мен не білдім? Жауаптарын оқушылар стикерге жазып іледі.


ҚОРЫТЫНДЫ


Қазіргі заман талабының өзі оқушыны бірінші орынға қою, яғни мұғалім сабаққа бағыт беруші болып, оқушы алдын — ала берілген тапсырмалар арқылы сабақ  түсіндіріп, өздік, өзіндік талдау жасап, бірін — бірі бағалап, өз ойларын толық жеткізіп, білім  беруші рөлін алады. Осы заманғы білім беру ісінің  өзекті мәселесіне оқушыларға түсетін ауыртпалықты жою, олардың бойында оқуға деген қызығушылықты, белсенділік пен өз бетінше жұмыс істеу қабілеттерін арттыру, өмірге деген көзқарас қалыптастырып, алған білімін өмірлік жағдайда қолдана білуіне жол ашу жатады. Қорыта келгенде, кез келген педагогикалық технология философиялық негізде қаралады. Сондықтан, бірінші кезекте, білім әлеміне еніп жатқан инновациялық технологияларды реттеу, жүйелеу және сұрыптау қажет. Білім беру жүйесіндегі инновациялық педагогикалық технологияларды пайдалану арқылы оқу материалдарын оқытуды бір жүйелікпен үздіксіз жүргізу, оқу-тәрбие үрдісінде оқытуда пәнаралық байланыстардың болуын қарастыру. Педагог жаңа инновациялық педагогикалық технологияларды пайдалану барысында өзін-өзі дамытады және қалыптастырады.

Инновациялық әдістермен жасалған теориялық талдаулар үздіксіз жыл бойында жүзеге асырылып отырса, бала жаттығып, өз бетінше ізденіп, жаңалық ашуға, зерттеу жұмыстарын жасауға дайындалады. Осы арқылы қоғамдағы түрлі қайшылықтар мен жағдайларды, халқымыздың мәдени құндылықтарын өздігінен пайымдауға қадам бастайтын, рухы мықты азамат тәрбиелейміз. Қорыта келгенде, жаңа инновациялық педагогикалық технологияның негізгі, басты міндеттері мынадай:



  • әрбір білім алушының білім  алу, даму, басқа да іс-әрекеттерін мақсатты түрде ұйымдастыра білу;

  • білім мен білігіне сай келетін бағдар таңдап алатындай дәрежеде тәрбиелеу;

  • өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, дамыту;

  • аналитикалық ойлау қабілетін дамыту.

Жалпы алғанда, білім беру, гуманитарлық, сонымен қатар жаратылыстану ғылым салаларында дәстүрлі оқыту жүйесін өзгертіп, инновациялық әдіс-тәсілдер мен амалдарды жалпылай қолдану үлкен нәтиже береді дегенді алға тартамыз. Себебі, инновациялық әдістерді қолдануда көп жағдайда оқытушы мен білім алушының өзара тығыз қарым-қатынаста болуын, ақылдаса келе бір ортақ түйінге келуін, ұжымдаса әрекет етуге бағдылануын талап етеді. Ал біздің, педагогтардың, мақсатымыз – әрбір білім алушының қазіргі заманға сай жеке дүниетанымын, жеке тұлғалық қасиетін қалыптастыру, индивидуалдылығын таныту.

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


  1. Қазақстан мектебі. 2006 ж. №4 «Инно­вациялық педагогикалық технологияларды қолдану тетіктері».

  2. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы білім беру деңгейін көтеру //Информатика негіздері. -2006 ж

  3. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан – 2030». Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. — Алматы. «Білім баспасы», 1998 ж

  4. “Информатика негіздері” журналы №1, 2010 ж

  5. Суранчиева З.Т. – аға оқытушы, Өтелбаева А.Қ.– оқытушы, (Алматы.қ.,ҚазмемқызПУ)

  6. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы білім беру деңгейін көтеру //Информатика негіздері. -2006 ж

  7. Қоянбекова. С. Ойын мақсатын талдау жэне оның мәні //
    Қазақстан мектебі, 2002 ж

  8. Л.А.Венгер, О.М.Дьяченко. «Игры и упражнения по развитию умственных способностей у детей дашкольного возраста».– М: Просвещения, 1989 ж

  9. Раджерс Э. Инновация туралы түсінік. – //Қазақстан мектебі, №4, 2006 ж

  10. Көшімбетова С. Инновациялық технологияны білім сапасын көтеруде пайдалану мүмкіндіктері. – А.: Білім, 2008 ж

  11. Таубаева Ш. Т., Лактионова С. Н. Педагогическая инноватика как теория и практика нововведений в системе образования. Алматы, 2001 ж

  12. Даутова О.Б., Крылов О.Н. современные педагогические технологии в профильном обучении. – Санкт-Петербург: КАРО, 2006 ж

  13. Селевко Г.К. Педагогические технологии на основе активизации, интенсификации и эффективного управления УВП. - М.: НИИ школьных технологий, 2005 ж

  14. Бабанский Ю.К. Методы обучения в современной общеобразовательной школе - М.: 2005 г.;

  15. Боярчук В.Ф. Межпредметные связи в процессе обучения. - Вологда, 1988 ж

  16. Скалкин В. Обучение диалогической речи. М., 1989 ж

  17. ГорностаеваА. М. Диалог с компьютером. Интерактивные средства обучения. М.: Глобус, 2012 ж





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет