Жаңа ақпараттық технология құралдарын информатика пәнінің кіріктірілген сабақтарында пайдалану, оқушының шығармашылық, интеллектуальдық қабілетінің дамуына, өз білімін өмірде пайдалана білу дағдыларының қалыптасуына әкеледі. Компьютерлік техниканың дидактикалық мүмкіндіктерін педагогикалық мақсаттарға қолдану білім мазмұнын анықтауда, оқыту формалары мен әдістерін жетілдіруде жақсы әсерін тигізеді. Бүгінгі таңда жаңа инновациялық технологиялардың көптеген түрлері қолданысқа ие болуда:
Білім берудегі интерактивтілік технологиясы және т.б.
Инновациялық технологияларды тиімді қолдану нәтижесінде төмендегі жетістектерге жетуге болады: Түрлі әдістерді пайдалану сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі
Оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыру мүмкіндігі артады.
Оқушылардың ізденіске баулып, өз бетімен жұмыс істеуге үйретеді.
Оқушылардың қабілеттері, сөз саптау еркіндігі, ұйымшылдығы, шығармашылық еркіндігі артады.
Оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытуға, шығармашылығын шыңдауда, өзіне деген кәсіби сенімін қалыптастырады.
Жоғарыда аталған жаңа технологиялардың ішінде ойын технологиясының алар орны ерекше. Сабақтың бір кезеңінде осы технологияның элементтерін қолдану – өте тиімді әдіс. Ойын арқылы оқушының білімі мен бейімін, жеке тұлғалық қасиет-қабілеттерін арттыру мүмкіндіктері зерттелген.
Ойын элементтерін білім беру үрдісінде қолданғанда төмендегідей әдістемелік талаптарға сүйенген жөн:
Ойынға кіріспес бұрын оның жүргізілу тәртібі мен шартын оқушыларға әбден түсіндіру;