«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №17 орта мектебі»ММ



бет1/9
Дата10.06.2017
өлшемі1,64 Mb.
#18402
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №17 орта мектебі»ММ

ISBN 978-601-7389-57-4


қазақ тілі бізбен бірге




4 СЫНЫПҚА АРНАЛҒАН ФАКУЛЬТАТИВТІК КУРС

Файзуллина Жадра Талгатбековна,

Жакулина Айнакул Кенесбаевна-

бастауыш сынып мұғалімдері



Қостанай қаласы 2012 ж.

АННОТАЦИЯ

Факультативтік курсты жүргізудегі басты мақсат: баланың қабілетін ашу, шығармашылығын көтеру, өз бетінше іздендіру, пәнге деген қызығушылығын арттыру. Осы сатыларды жете меңгерген оқушы ғана өз білімін жетілдіріп, шығармашылықпен жұмыс істеп, жаңалықтарды қабылдай алады, сөйтіп өз бетінше ізденіп, тілді толық меңгере алатын жағдайға жетеді.

Қазақ тілі факультативтік курсы – оқушы білімін терең меңгертуге зор пайдасын тигізетін құрал. Бұл курстан 4 сынып оқушыларының тапсырмалар орындау барысында қазақ тілінен білім сапасын арттыруға көмектеседі. Бағдарлама 34 сағатқа құрылған.

Осы мақсатта оқушылардың танымдық шығармашылығын дамыту мен қалыптастыруда факультативтік курс оқытудың орны ерекше. Факультативтік оқыту оқушыларға қосымша білім беру міндеттерімен қоса тәрбиелік мәселелерді де шешеді.Сондай-ақ, сайыс түрінде енгізілген сабақтардан оқушы білімінің жоғары деңгейде өтіп, қызығушылығы артатыны сөзсіз.

Сондықтан мектеп қабырғасында оқушыларды тіл мәдениетіне, білімпаздыққа тәрбиелеуде олардың шығармашылық тұрғыдан дамыту мүмкіндігіне ерекше көңіл бөлініп, оны жүзеге асыруды қамтамасыз ету керек. Оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру мақсаттарымен қабілеттеріне, білім деңгейлеріне сәйкестендіре беруді жүйелі жоспарлау. Мазмұндық жағынан бірізділігі, жүйелігі, өзара байланысы ескерілді.

Қазақ тілі қашанда ұлт мәдениетінің, өнер - білімнің ұлы қаруы, алтын тұғыры саналатындықтан келешек көкжиектері білім беру ұйымдарының қазіргі таңдағы оқытылу жайынан бастау алады. Осы тұрғыдан алғанда курс оқушының талабын ұштап, шығармашылық, тұлғалық шарықтауына мүмкіндік береді, интелектуалдық деңгейін биіктетеді. Қазақ тілінен жүргізілетін практикалық жұмыстарға қойылатын талап ерекше болмақ. Практикалық сабақта әр оқушының белгілі тақырыптардан өзінше жұмыс жасауына мән беріледі . Бұл оқушының қабілетін дамытады, белгілі тақырыптардан терең теориялық білім алып, оны іс жүзінде қолдануға дағдыландырады. Сонымен қатар оқушының білімді шала түсінген тұстарын практика жүзінде нақтылауда атқаратын қызметі зор. «Қазақ тілі бізбен бірге» курсы бағдарламасы мектеп оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып жасалды.

«Қазақ тілі бізбен бірге» курсының мақсаты- қазақ тілінің қызметін жүйелі меңгерген, оның қыр-сырын жетік білетін, қарым-қатынастық біліктілігі дамыған, ұлттық санасы оянған дара тұлға қалыптастыруға мүмкіндік туғызу

МАЗМҰНЫ.

1.Түсінік хат--------------------------------------------------------------------------------------------3

2. Курстың мазмұны --------------------------------------------------------------------------------4

3. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері---------------------------------------------------5

4.Күтілетін нәтиже -----------------------------------------------------------------------------------6

5.Әдебиеттер тізімі ----------------------------------------------------------------------------------7 6.Күнтізбелік-тақырыптық жоспар---- ---------------------------------------------------------8

6.1. Фонетика. Дауысты дыбыстар. Дауысты дыбыстар жөнінде ерекшеліктері. (2 сағ.)---------------------------------------------------------------------------------------------------9-12

6.2 Дауыссыз дыбыстардың емлесі.(2 сағ.)---------------------------------------------12-16

6.3. Үндестік заңы (1 сағ.)------------------------------------------------------------------16-17

6.4. Буын.Тасымал.екпін.Буынның сипаты.Буынныңтүрлері.Тасымалдауға болмайтын жағдайлар.(2сағ.)----------------------------------------------------------------- 17-20

6.5. Интеллектуалдық ойын. «Сөзмерген» (Фонетика бөлімі бойынша алған білімдерін қорытындылау).(1 сағ.)-----------------------------------------------------------20-21

6.6 . Сөздердің көп мағыналығы. Синоним. Омоним. Антоним. Сөз мағынасының өзгеруі(3 сағ.) -------------------------------------------------------------------------------- 21-27

6.7. Қос сөздер. Біріккен сөздер. Қысқарған сөздер. ( 3 сағ.)-------------------------27-31

6.8. Тұрақты сөз тіркесі.(1сағ.)-------------------------------------------------------------31-33

6.9. Кәсіби сөздер. Термин сөздер Жаңа сөздер. (2сағ.) -------------------------33-36

6.10. Кірме сөздер. Көнерген сөздер.(2 сағ.) ----------------------------------------36-39

6.11. «Мың бір мақал» танымдық ойыны (1 сағ.)--------------------------------------42

6.12 . Морфология.Сөз және оның морфологиялық құрылымы.(1сағ) ------43-46 6.13. Қосымшалар. Жұрнақ пен жалғау. Жұрнақтар, олардың құрамы. Жалғаулардың түрлері.(2 сағ.)-------------------------------------------------------------------------------------46-48

6.14. Сөз таптары.Зат есім. Заттың, ұғымның, құбылыстың атын білдіретін сөз табы туралы. 2 сағ.)-------------------------------------------------------------------------------------48-54

6.15. Сын есім.Заттың түрін, түсін,сапасын,салмағын,көлемін білдіретін сөз табы туралы(2 сағ.) ---------------- ---------------------------------------------------------------------54-60

6.16. Сан есім.Заттың санын,ретін білдіретін сөз табы туралы.Сан есімнің сөйлемдегі қызметі.(2 сағ.)-------------------------------------------------------------------------------------60-64

6.17.Етістік. Заттың іс-әрекетін,қимылын білдіретін сөз табы ----------------------64-70

6.18. Үстеу.Үстеудің сөйлемдегі қызметі(2 сағ.) -----------------------------------------71-76

6.19.Қорытынды сабақ..Интеллектуалдық ойын «Көшбасшы-2013»---------------76-79

Түсінік хат.

Бұл факультатив сабақты алу себебім: жалпы оқушылардың грамматикалық талдау дағдысын дамыту, сауатты әрі көркем жазуға тәрбиелеу. Сонымен қатар оқушыларға жан-жақты ізденуге арналған тапсырмалар бере отырып, оқушылардың бойындағы шығармашылықты ашу және оны дамыту.

Қазақ тілінің дыбыстық жүйесін, лексикасы мен грамматикалық құрылымды терең меңгеру, бір жүйеде сауатты жазу, тілдік – грамматикалық құрылымды орынды пайдалану осы пәнді оқытудың негізгі мақсаты болып табылады. Бұл тұрғыдан алғанда, оқушылардың білімдерін пысықтау мен тексеруге арналған грамматикалық тапсырмалар, талдау жұмыстары, диктант жұмыстарының алатын орны ерекше. Сауатты жазу – дұрыс ойлаудың көрінісі. Ендеше бұл факультатив сабақ оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп, олардың ойлау, шығармашылық қабілеттерін арттыруға, жазу дағдыларын дамытуға көмектеседі.

Бұл бағдарлама оқулықтағы тарауларға сүйеніп құрылған және оқушының тереңірек білім алуын көздейді. Бұл факультатив сабағы пәндік бағдарламаның құрамын толықтырып, құрылымын пысықтап, мазмұнды білім игеруіне жоспарланған. Бағдарламада берілген материалдардың жаттығу – тапсырмалары сараланған. Әр тақырыпқа оның теориялық негізін ашатындай, оқушының ұғымына сай келетіндей, жадында ұзақ сақталатындай тілдің, тілдік тақырыптың табиғатын ашатындай анықтама беру жағы көзделген. Оқушылардың деңгейі мен жеке мүмкіндігі ескеріліп күрделі мәселелерді оңайлату амалдарын және қиын жерлерін жеңілдететін тәсілдерді қамтитын жұмыс түрлері ұсынылған.

Факультатив сабағында берілген грамматикалық жаттығулар белгілі бір тарау, нақты бір тақырыптың танымдық, білімдік, практикалық мәнін ашады. Ол бойынша оқушының біліктік, білімдік дағды алуға үйретеді, дүниетанымын кеңейтеді. Әрі өзіндік ойлауы мен ой қорытуы қалыптасады.

Курстың мазмұны

4-сынып. «Қазақ тілі бізбен бірге»

(34 сағат)
1.Түсініктеме хат.
2. Курстың мақсаты мен міндеті.
3.Бағдарламаның мазмұны.
4. Тақырыптық - күнтізбелік жоспар.
5.Күнделікті сабақ жоспары.
6. Қолданылған әдебиеттер.

Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері

Мақсаты:

Оқушылардың оқу, жазу дағдыларын қалыптастыру, байланыстырып сөйлеуге үйрету, сөздік қорын байыту, грамматикалық тұлғада жүйелі сөйлеуге үйрету. Оқушылардың бойына шығармашылық қабілеттерін дамыту. Тіл білімі салалары бойынша талдауды үйрете отырып, қазақ тілінің байлығы мен көркемдігін ұғындыру.



Міндеттері:

  • Лексика саласы бойынша сөздік құраммен сөздік қорды ;

  • Фонетика саласы бойынша дауысты және дауыссыз дыбыст-ң жіктелуін ;

  • Буын, тасымал түрлерін;

  • Күрделі сөздің түрлерін;

  • Сөйлем түрлері мен сөйлем мүшелерін үйрету көзделген.



Бағдарламаны оқу білудегі білім, білік дағдысы

Білу керек:

- Сөздің дыбыстық құрамын бағдарлай білу;

- Дыбыстар мен әріптерді толық танып ажырату жаза білу;

- Анық, дұрыс дауыстап оқу;

- Дыбыстық – буындық құрамын модельдеу;

- Тапсырмаларды өздігінен орындай білу.



Қолдана алу:

- Сөз тіркестерін дұрыс қолдана білу;

- Өз бетімен тірек сызбалар арқылы сөйлем құрау;

- Мәтіннен жүйелілікті, бірізділікті табу.



Күтілетін нәтиже:

  • дыбыстық жүйені, лексика мен грамматиканы терең меңгереді;

  • оқушы білімі пысықталады;

  • шығармашылық қабілеті артады;

  • өз бетінше жұмыс жасау дағдысы қалыптасады;

  • еріктен тыс есте сақтау жүзеге асырылады;

  • өз ойын дәлелдей алатын жеке шығармашыл тұлға қалыптасады.

Күнтізбелік –тақырыптық жоспар.

4 сынып. «Қазақ тілі бізбен бірге»(34 сағат)



Сабақ тақырыбы

Уақыты

Сағат саны

Енгізулер



Фонетика. Дауысты дыбыстар. Дауысты дыбыстар жөнінде ерекшеліктері




2






Дауыссыз дыбыстардың емлесі




2






Үндестік заңы




1






Буын.Тасымал.екпін.Буынның сипаты.Буынның түрлері.Тасымалдауға болмайтын жағдайлар.




2






Интеллектуалдық ойын. «Сөзмерген»




1






Сөздердің көп мағыналығы. Синоним. Омоним. Антоним. Сөз мағынасының өзгеруі




3






Қос сөздер. Біріккен сөздер. Қысқарған сөздер




3






Тұрақты сөз тіркесі




1






Кәсіби сөздер. Термин сөздер Жаңа сөздер




2






Кірме сөздер. Көнерген сөздер




2






«Мың бір мақал» танымдық ойыны




1






Морфология. Сөз және оның морфологиялық құрылымы Қосымшалар




1






Жұрнақ пен жалғау. Жұрнақтар, олардың құрамы. Жалғаулардың түрлері




2






Сөз таптары.Зат есім. Заттың, ұғымның, құбылыстың атын білдіретін сөз табы туралы. Зат есім жасайтын жұрнақтары




2






Сын есім. Заттың түрін, түсін,сапасын,салмағын,көлемін білдіретін сөз табы туралы




2






Сан есім. Заттың санын,ретін білдіретін сөз табы туралы.Сан есімнің сөйлемдегі қызметі.




2






Етістік. Заттың іс-әрекетін,қимылын білдіретін сөз табы




2






Үстеу. Үстеудің сөйлемдегі қызметі




2






Интеллектуалдық ойын «Көшбасшы-2013»




1




ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.

1. “Қазақ тілі дидактикалық материалдар”. Алматы. Атамұра.1999 жыл

2.Б.Сайлаубаева. «Қазақ тілінен оқу дидактикалық құрал.» 2006 жыл

3.«Ана тілім–азығым, адастырмас қазығым.» М.Шәбжантайқызы. Көкшетау.2010 жыл.

4.«Айгөлек» журналы №3. 2009 жыл

5.«Менің алғашқы әліппем» Алматы. 2006 жыл

6.Г.Х. Сейсекенова. «Қазақ тілінен әдістемелік құрал» 2007 жыл

7. Ж. Кәрімқызы «Қазақ тілінен дидактикалық жаттығулар» Алматы. «Өлке» 2001 жыл.



1-сабақ

Сабақтың тақырыбы : Фонетика. Дауысты дыбыстар. Дауысты дыбыстар жөнінде ерекшеліктері.

Сабақтың мақсаты:

1.Оқушыларға дауысты дыбыстардың жіктелуін түсіндіру

2.Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін дамыту,пән бойынша алған білімдерін жүйелі түрде қолдана білуге дағдыландыру

3.Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын ояту, әдеби тілде көркем сөйлеуге тәрбиелеу

Сабақтың түрі:Аралас сабақ

Сабақтың әдісі:Сұрақ – жауап ,түсіндіру,әңгімелеу

Сабақтың көрнекілігі:Тірек сызба , үлестірмелі таратпалар

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

ІІ Жаңа сабақ

Айтылу кезінде ауа өкпеден кедергісіз шығып, үннен ғана тұратын дыбыстарды дауысты дыбыстар дейміз.

Қазақ тіліне тән дауысты дыбыстар жүйесін мына дыбыстар құрайды: а, ә, о, ө, е, ұ, ү, ы, і.

Дауысты дыбыстардың жіктелуі

Дауысты дыбыстардың жасалуына белгілі сөйлеу мүшелерінің ерекше қатысуына қарай қазақ тіліне тән дауысты дыбыстар бірнеше топқа бөлінеді. Олар, тілдің қатысу қалпына қарай: жуан және жіңішке; жақтың ашылу қалпына қарай: ашық және қысаң; еріннің қатысу қалпына қарай еріндік және езулік дауысты дыбыстар болып табылады.



1. Жуан дауыстылар

Тілдің ұшы кейін тартылып, үсті дөңестену арқылы жасалған дауысты дыбыстарды жуан дауыстылар дейміз. Ооларды кейде тіл арты дауысты дыбыстар деп те атайды.

Жуан дауысты дыбыстар мыналар: а, о, ұ, ы.

2. Жіңішке дауыстылар

Тілдің ұшы кейін тартылып, үсті дөңестену арқылы жасалған дауысты дыбыстарды жіңішке дауыстылар дейміз. Оларды кейде тіл алды дауысты дыбыстар деп те атайды.

Жіңішке дауысты дыбыстар мыналар: ә, е, ө, ү, і.

3. Ашық дауыстылар

Жақтың кең ашылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстарды ашық дауыстылар деп атаймыз. Ашық дауыстылар мыналар: а, ә, о, ө.



4. Қысаң дауыстылар

Жақтың тар ашылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстарды қысаң дауыстылар деп атаймыз. Қысаң дауыстылар мыналар: ұ, ү, ы, і.



5. Еріндік дауыстылар

Еріннің дөңгеленіп алға қарай созылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстарды еріндік дауыстылар деп атаймыз. Еріндік дауыстылар мыналар: о, ө, ұ, ү.



6. Езулік дауыстылар

Езудің кейін тартылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстарды езулік дауыстылар деп атаймыз. Езулік дауыстылар мыналар: а, ә, е, ы, і.



ІV Сабақты меңгерту

1. Адасқан әріптерді орнына қой.

1. М,н,д,е,ә,и,е,т. 2. Т,л,е,д,и,р,е,д,а. 3. Ж,р,а,п,ы,қ,а.



4. Б,а,о,т,а,н,қ. 5. Г,б,а,ү,л,у,н.

2. Кім көп ағаштардың аттарын табады. "Тал-дарақтар" сөзсызбасы

Қ

Қ

А

Т

Е

К

Ж

А

Ғ

А

А

Й

Р

Е

Р

К

А

Ш

Е

Н

Ш

Ы

А

Ү

К

Ө

Ң

Ғ

К

Ө

Ы

Ң

Ғ

Й

Т

Б

А

А

Қ

Ж

Р

Е

А

Е

Е

К

Л

Й

А

Ғ

Ш

М

Й

Ң

Р

Е

Қ

А

Р

А

А

Е

Н

К

1

Ш

Е

Т

Е

Н

V. Сабақты қорыту

VІ. Бағалау. Оқушылар белсенділігін мадақтау.

2 сабақ

Сабақтың тақырыбы : Фонетика. Дауысты дыбыстар. Дауысты дыбыстар жөнінде ерекшеліктері.

Сабақтың мақсаты:

1.Оқушыларға дауысты дыбыстардың жіктелуін түсіндіру

2.Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін дамыту,пән бойынша алған білімдерін жүйелі түрде қолдана білуге дағдыландыру


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет