«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №17 орта мектебі»ММ


Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын ояту, әдеби тілде көркем сөйлеуге тәрбиелеу Сабақтың түрі



бет2/9
Дата10.06.2017
өлшемі1,64 Mb.
#18402
1   2   3   4   5   6   7   8   9

3.Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын ояту, әдеби тілде көркем сөйлеуге тәрбиелеу

Сабақтың түрі:Аралас сабақ

Сабақтың әдісі:Сұрақ – жауап ,түсіндіру,әңгімелеу

Сабақтың көрнекілігі:Тірек сызба , үлестірмелі таратпалар

Сабақтың барысы:

І .Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың сабаққа әзірлігін тексеру.



ІІ Өткен сабақты пысықтау барысында сұрақтар беру.

ІІІ .Негізгі бөлім

Дауысты дыбыстардың жіктелуі

Тілдің қатысына қарай жуан: а, о, ұ, ы жіңішке:ә, е, ө, ү, і

Жақтың қатысына қарай ашық: а, ә, о, ө , қысаң:ұ, ү, ы, і

Еріннің қатысына қарай еріндік: о, ө, ұ, ү , езулік: а, ә, е, ы, і

Дауыстыларды талдаудың үлгісі:

а - езулік, ашық, жуан дауысты;

ә - езулік, ашық, жіңішке дауысты;

е - езулік, ашық, жіңішке дауысты;

ы - езулік, қысаң, жуан дауысты;

і - езулік, қысаң, жіңішке дауысты;

о - еріндік, ашық, жуан дауысты;

ө - еріндік, ашық, жіңішке дауысты;

ұ - еріндік, қысаң, жуан дауысты;

ү - еріндік, қысаң, жіңішке дауысты.

2. Кітап досың, ақылшың
ІV Сабақты меңгерту

1. Адасқан буындарды орнына қой.

1. М,н,д,е,ә,и,е,т.

2. Т,л,е,д,и,р,е,д,а.

3. Ж,р,а,п,ы,қ,а.

4. Б,а,о,т,а,н,қ.

5. Г,б,а,ү,л,у,н.


2. Кім көп біледі?


Еріндік дауыстыдан

Көру....

Қысаң дауыстылардан

Құрық ....

Жіңішке дауыстылардан

Әже....

Езулік дауыстыдан

Асыл..

Ашық дауыстыдан

Әйел ...

Жуан дауыстыдан

Арық ...

V. Сабақты қорыту

VІ. Бағалау. Оқушылар белсенділігін мадақтау.

3- сабақ

Сабақтың тақырыбы : Дауыссыз дыбыстардың емлесі.

Сабақтың мақсаты:

1.Оқушыларға дауыссыз дыбыстардың жіктелуін түсіндіру

2.Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін дамыту,пән бойынша алған білімдерін жүйелі түрде қолдана білуге дағдыландыру

3.Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын ояту, әдеби тілде көркем сөйлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:Аралас сабақ

Сабақтың әдісі:Сұрақ – жауап ,түсіндіру,әңгімелеу

Сабақтың көрнекілігі:Тірек сызба ,кестелер.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

ІІ Үй тапсырмасын пысықтау

ІІІ Жаңа сабақ

Айтылу кезінде ауаның еркін шықпай, кедергіге ұшырап шығуынан жасалған дыбыстарды дауыссыз дыбыстар дейміз.

Қазақ тіліне тән дауыссыз дыбыстар жүйесін мына дыбыстар құрайды: б, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п, р, с, т, у, ш.

Дауыссыз дыбыстардың жіктелуі

Қазақ тіліне тән дауыссыз дыбыстар дауыс қатысына және жасалуына қарай өзара бірнеше топтарға бөлініп, жүйеленеді. Олар:




Қатаң

К,қ,п,с,т,х,ф,ц,ч,ш,щ

Ұяң

Б,в,г,ғ,д,ж,з,һ

Үнді

Й,л,м,н,ң,р,(у)

- үн мен салдырдың қатысына қарай: қатаң, ұяң және үнді дауыссыз дыбыстары;

- айтылу жолына қарай: шұғыл, ызың және діріл дауыссыз дыбыстары;

- жасалу орнына қарай: ерін және тіл дауыссыз дыбыстары.



1. Қатаң дауыссыздар

Тек салдырдан жасалған дауыссыз дыбыстарды қатаң дауыссыздар деп атаймыз.

Қатаң дауыссыздарға мыналар жатады: к, қ, п, с, т, ш

2. Ұяң дауыссыздар

Үн мен салдырдың қатысы арқылы жасалған дауыссыз дыбыстарды ұяң дауыссыздар деп атаймыз. Ұяң дауыссыздарда үннен гөрі салдыры басым болады. Ұяң дауыссыздарға мына дыбыстар жатады: б, г, ғ, д, ж, з.



3. Үнді дауыссыздар

Үн мен салдырдың қатысынан жасалып, бірақ салдырдан гөрі үн басым болатын дыбыстарды үнді дыбыстар деп атаймыз.

Үнді дауыссыздар жұмсақ таңдайдың қалпына қарай екіге бөлінеді:

- ауыз жолды: й, л, р, у;

- мұрын жолды: м, н, ң.

ІV Сабақты меңгерту


Адасқан әріптерді орнына қой.


ш, о, б, а, л, қ, а с, ұ, з, а, т




і, м, б, л, і к, т, е, м, е, т, е а, л, а, д

к, р, е, м, т, е, е

е,т, з, р е к і к р м і ө і д

ө і р к ш а ғ т а с

V Сабақты қорыту

Кел, жұмбақ шешейік

Жасыл ине киімім,

Жайлаймын тау биігін.

Жаңа жылды тойласақ,

Төріңдемін үйіңнің.

Дүниеде бір қарбыз бар солмайтұғын,

Жаз шіріп, қыста үсіп тоңбайтұғын.

Жаһанның жерін, суын, жәндіктерін,

Іші кең бәрін салса толмайтұғын.

VІ Бағалау

4- сабақ

Сабақтың тақырыбы : Дауыссыз дыбыстардың емлесі.

Сабақтың мақсаты:

1.Оқушыларға дауыссыз дыбыстардың жіктелуін түсіндіру

2.Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін дамыту,пән бойынша алған білімдерін жүйелі түрде қолдана білуге дағдыландыру

3.Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын ояту, әдеби тілде көркем сөйлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:Аралас сабақ

Сабақтың әдісі:Сұрақ – жауап ,түсіндіру,әңгімелеу

Сабақтың көрнекілігі:Тірек сызба ,кестелер.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

ІІ Үй тапсырмасын пысықтау

ІІІ Жаңа сабақ

Айтылу кезінде ауаның еркін шықпай, кедергіге ұшырап шығуынан жасалған дыбыстарды дауыссыз дыбыстар дейміз.

Қазақ тіліне тән дауыссыз дыбыстар жүйесін мына дыбыстар құрайды: б, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п, р, с, т, у, ш.

Дауыссыз дыбыстардың жіктелуі

Қазақ тіліне тән дауыссыз дыбыстар дауыс қатысына және жасалуына қарай өзара бірнеше топтарға бөлініп, жүйеленеді. Олар:



Қатаң

К,қ,п,с,т,х,ф,ц,ч,ш,щ

Ұяң

Б,в,г,ғ,д,ж,з,һ

Үнді

Й,л,м,н,ң,р,(у)

- үн мен салдырдың қатысына қарай: қатаң, ұяң және үнді дауыссыз дыбыстары;

- айтылу жолына қарай: шұғыл, ызың және діріл дауыссыз дыбыстары;

- жасалу орнына қарай: ерін және тіл дауыссыз дыбыстары.


1. Ерін дауыссыздары

Сөйлеу мүшелері: қос еріннің түрліше қызмет атқаруы нәтижесінде жасалған дауыссыз дыбыстарды ерін дауыссыздары деп атаймыз.

Ерін дауыссыздарына мыналар жатады: б, м, п, у.

2. Тіл дауыссыздары

Сөйлеу мүшесі болып табылатын тілдің түрліше қызметі арқылы пайда болатын дауыссыз дыбыстарды тіл дауыссыздары деп атаймыз.

Тіл дауыссыздары тілдің қатысына қарай үшке бөлінеді:

- тіл алды: д, ж, з, й, л, н, р, с, т, ш;

- тіл ортасы: г, к;

- тіл арты: ғ, қ, ң.



3. Шұғыл дауыссыздар

Фонациялық ауа тербелімінің ауыз қуысында толық тосқауылға ұшырауынан пайда болатын дауыссыз дыбыстарды шұғыл (тоғысыңқы) дауыссыздар деп атаймыз

Шұғыл дауыссыздарға мыналар жатады: б, г, ғ, д, к, қ, м, н, ң, п, т.

4. Ызың дауыссыздар

Фонациялық ауа тербелімінің ауыз қуысында саңылау өткелі арқылы өтуінен пайда болатын дауыссыз дыбыстарды ызың (жуысыңқы) дауыссыздар деп атаймыз

Ызың дауыссыздарға мыналар жатады: ж, з, й, л, с, у, ш.

5. Діріл дауыссыз

Фонациялық ауа тербелімінің ауыз қуысында дыбыстау үзілісі мен тосқауылға ұшырауынан пайда болатын дауыссыз дыбысты діріл дауыссыз деп атаймыз.

Ол р дыбысы болып табылады.

ІV Сабақты меңгерту


«Қанағаттанарлықсыз» сөзіндегі дыбыстардан қай таламай сөздер құра.

V Сабақты қорыту

Кел, жұмбақ шешейік

Жасыл ине киімім,

Жайлаймын тау биігін.

Жаңа жылды тойласақ,

Төріңдемін үйіңнің.

Дүниеде бір қарбыз бар солмайтұғын,

Жаз шіріп, қыста үсіп тоңбайтұғын.

Жаһанның жерін, суын, жәндіктерін,

Іші кең бәрін салса толмайтұғын.

VІІ Бағалау
5-сабақ

Сабақтың тақырыбы : Үндестік заңы

Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларға үндестік заңы туралы түсіндіру, олдардың ерекшеліктерін білуді меңгерту.

2.Қабылдау, ойлау, салыстыру қабілеттерін дамыту. Талдау, ауызекі және жазба тілдерін жетілдіру.

3. Сауатты айта және жаза білуге, еңбектене білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:Аралас сабақ

Сабақтың әдісі:Сұрақ – жауап ,түсіндіру,әңгімелеу

Сабақтың көрнекілігі:Тірек сызба ,интерактивті тақта

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

ІІ Үй тапсырмасын пысықтау

ІІІ Жаңа сабақ

Көрші буындардың, дыбыстардың ілгерінді-кейінді бір-біріне ықпал жасап, өзара ұқсауы үндестік заңы деп аталады.



Буын үндестігі

Буын үндестігі заңдылықтары

1. Сөздің алғашқы буыны жуан болса, келесі буындары да жуан немесе соңғы буыны жуан болса, оған жалғанатын қосымша да жуан болады. Мысалы: ба-ла-лар, оқу-шы-лар, қа-ла-да-ғы-лар-ы-мыз.

2. Сөздің алғашқы буыны жіңішке болса, келесі буыны да жіңішке немесе сөздің соңғы буыны жіңішке болса, оған жалғанатын қосымша да жіңішке болады. Мысалы: өн-ер-ші-лер-ге, ән-ші-лер, үй-де-гі-лер-і-міз.

Ерін үндестігі

Ерін үндестігі – ерін дауыстыларының бастапқы буындағы ыңғайына қарай, соңғы буындардың үйлесіп келуі болып табылады. Ол еріндік о, ө, ұ, ү дыбыстарынан кейін келетін езулік ы, е, і дыбыстарын айтуда еріндік дыбыстарға жақындатады.



Ерін үндестігі заңдылықтары

1. Алғашқы буындағы о немесе ұ дыбыстары екінші буындағы ы дыбысын ұ-ға айналдырады. Мысалы: орын-орұн, құлын-құлұн.

Ал, ашық дауысты а дыбысына о-ның да, ұ-ның да әсері байқалмайды. Мысалы: орақ, құлан.

2. Алғашқы буындағы о немесе ұ дыбыстары екінші буындағы і дыбысын ү-ге айналдырады. Мысалы: көрік-көрүк, күдік-күдүк.

3. Алғашқы буындағы ө немесе ү дыбысы е дыбысын ө-ге айналдырады. Мысалы: өлең-өлөң, күрек-күрөк.

Дыбыс үндестігі

Дыбыс үндестігі заңдылықтары

1. Бір дыбыс екінші бір дыбысты дәл өзіндей етіп толық игеріп, түгелдей еліктіреді. Мұны тіл білімінде толық ассимиляция дейді. Мысалы: жазса-жасса, сүзсе-сүссе, сөзшең-сөшшең, жұмысшы-жұмышшы.

2. Бір дыбыс екінші бір дыбысты дәл өзіндей етіп еліктірмей, бір жақты ғана игереді, яғни ұяң дыбыс болса, өзіндей ұяң дыбысты қатаң дыбыс болса, өзіндей қатаң дыбыстың болуын қалап тұрады. Мысалы: қаз-ға, тас-қа, қыз-дар, этаж-ға.



ІV Сабақты меңгерту

Адасқан әріптерді орнына қой.


ш, о, б, а, л, қ, а с, ұ, з, а, т




і, м, б, л, і к, т, е, м, е, т, е а, л, а, д

к, р, е, м, т, е, е

е,т, з, р е к і к р м і ө і д

ө і р к ш а ғ т а с

V Сабақты қорыту

Кел, жұмбақ шешейік

VІІ Бағалау
6-7сабақ

Сабақтың тақырыбы : Буын.Тасымал.Екпін.Буынның сипаты.Буынның түрлері.Тасымалдауға болмайтын жағдайлар.

Сабақтың мақсаты:

1.Оқушыларға сөздердің буынға бөлінуін,тасымалдау жолдарын түсіндіру

2.Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін дамыту,пән бойынша алған білімдерін жүйелі түрде қолдана білуге дағдыландыру

3.Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын ояту, әдеби тілде көркем сөйлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:Аралас сабақ

Сабақтың әдісі:Сұрақ – жауап ,түсіндіру,әңгімелеу

Сабақтың көрнекілігі:Тірек сызба ,интерактивті тақта

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

ІІ Үй тапсырмасын пысықтау

ІІІ Жаңа сабақ

Сөз айтылғанда, түтас, бірден айтыла алмайды. Сөздердің айтыуында ауа толқыны үзіліп-үзіліп шығады. Бір сөздің ішінде ауа толқынына негізделген бірнеше бөлшек бола береді. 
Сөздегі бір дауыстының немесе дауысты мен дауыссыздың бөлшектеніп айтылуы буын деп аталады. М: ана, ата деген сөздер іштей екі бөлініп айтылады а-на, а-та. 
Сөздің буынға бөлінуі дауысты дыбысқа байланысты. Сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады, өйткені дауысты дыбыс қана буын жасайды. Дауыссыз дыбыс буын жасай алмайды, ол дауысты дыбыспен бірге буын құрамына кіреді. 
1. Буынның түрлері 
Буын жеке дауыстыдан және дауыссыз дыбыстардың тіркесінен жасалатын болғандықтан, оның құрамы үнемі бір қалыпта болмайды. Буын құрамының түрліше болуына бапйланысты буынның қазақ тілінде үш түрі бар. Олар: ашық буын, тұйық буын, бітеу буын. 

Ашық


А
Тұйық



Бітеу
шық буын –А, ВА

Тұйық буын –АВ,АВВ

Бітеу буын –ВАВ,ВАВВ
Мұндағы А дауысты дыбыс, В дауыссыз дыбыс

Жазып келе жатқанда жолға сыймай қалса, тұтас бір буынды екінші жолға көшіруді тасымал дейміз



1. Ашық буын. Тек дауыстыдан ғана болған немесе дауыссыздан басталып, дауыстыға аяқталған буынды ашық буын деп атаймыз. Мысалы: а-ға, а-ғе-ке, ба-ға, бо-са, т.б. 
2. Тұйық буын. Дауыстыдан басталып, дауыссызға аяқталған буынды тұйық буын деп атаймыз. Мысалы: ат, аз, ақ, ән, әр, өс, өр, ор, оз, ұқ, ұт, үк, ық, ін, т.б. 
3. Бітеу буын. Дауыссыздан басталып, дауыссызға аяқталған, екі жағынан дауыссызбен қоршалған дауыстысы бар буынды бітеу буын деп атаймыз. Мысалы: бақ, бел, бол, бұлт, бұр, жоқ, жент, дат, зор, қол, көл, соқ, тоқ, паң, таң, заң, мен, нан, т.б.

Қазақ тілінде дауысты дыбыстар буын құрайды .

Сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады

Тасымалдауға болмайтын жағдайлар:

1.Бір буынды сөзді

2.Қысқарған сөзді

3. Адамның аты-жөнін

4. Дауысты дыбысты келесі жолға көшірілмейді.



ІV Сабақты меңгерту

Топтық жұмыс

І нұсқа Мына кестенің ішіне дұрыс тасымалдап жаз.


Кө-рік-ті













ІІ нұсқа Кестені толтыр.


Ашық

Тұйық

Бітеу

Ла

А


Ас

Ант


Мал

Төрт





4.Тапқыр болсаң, тауып көр.

М. Жұмабаевтың Мен жастарға сенемін өлеңіндегі буын санын тап.

Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты–

Қырандай күшті қанатты.

Мен жастарға сенемін!

Көздерінде от ойнар,

Сөздерінде жалын бар,

Жаннан қымбат оларға ар,

Мен жастарға сенемін!

Жас қырандар – балапан,

Жайып қанат ұмтылған.

Көздегені көк аспан.

Мен жастарға сенемін!



V Сабақты қорыту

VІІ Бағалау
8-сабақ

Сабақтың тақырыбы : Интеллектуалдық ойын. «Сөзмерген»

(Фонетика бөлімі бойынша алған білімдерін қорытындылау).

Сабақтың мақсаты:

1.Оқушылардың фонетика бөлімі бойынша алған білім деңгейін анықтау

2. Пән бойынша алған білімдерін жүйелі түрде қолдана білуге дағдыландыру

3.Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын ояту, әдеби тілде көркем сөйлеуге тәрбиелеу..

Сабақтың түрі:Бақылау сабағы

Сабақтың әдісі: Сөзмерген ойыны

Сабақтың көрнекілігі:

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды екі топқа бөліп әр топқа ат қою,топбасын сайлау.

Оқушыларды ойын барысымен және ережелерімен таныстыру

Біз білім шыңына мына туды тігуіміз керек.

Білім шыңына көтерілетін әр баспалдақтың тапсырмасы бар

ІІ Негізгі бөлім.

Пирамиданың ішіндегі тапсырмалар ретімен сайыс түрінде орындалады.





Каталог: uploads -> doc -> 04d9
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
04d9 -> Тақырыбы: «Алаш» қозғалысы және Ә. Бөкейхан»
04d9 -> Сабақтың тақырыбы: Сәукеле жасау
04d9 -> Практикалық қазақ тілінен жаттығулар жинағы (морфология) Құрастырушы қазақ тілінің мұғалімі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет