«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №17 орта мектебі»ММ



бет9/9
Дата10.06.2017
өлшемі1,64 Mb.
#18402
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Сергіту сәті

II. Мағынаны тану

1-тапсырма

Көп нүктенің орнына сұраққа жауап болатын сын есімді қойып, мақалдарды толықтырып жаз. Мақалдың мазмұнын түсіндір.



5 ) “Менің бағытым” ойыны

1. тәтті жар

2. тік адам

3. тегіс қант

4. суық қоян

5. сұр су

6. ақылды жер

2-тапсырма

Өлеңді оқып, туынды сын есімдерді табу. Туынды сын есімдер қалай жасалатынын еске түсіру.



Шопан атаға

Ай мүйізі шоқпардай,

Шүйделері тоқпақтай,

Тегене құйрық қошқарлы,

Малды берсең қойды бер!

Ұлды берсең, бойлы бер,

Жұртқа ақыл салғандай

Ақылы артық ойлы бер!...



3 – тапсырма

Төмендегі зат есімдерге сол зат есімдердің бірінші дыбысынан басталатын сын есімде тауып тіркеп жаз.






өрен




күй




еңбек




көше




су




күн




талап

Сергіту сәті

«Кім жылдам?» ойыны

Төмендегі сын есімдерді жылдың төрт мезгілінің суретінің астына қатыстырып жазу:



Суық, ыстық, ызғар, боранды, батпақты, жаңбырлы, дымқыл, салқын, шуақты, жылы.

Қыс Көктем Жаз Күз ... ... ... ...



Ой толғаныс

Семантикалық карта

 

Зат есім

Сын есім

Сан есім

Етістік

ақылды

 

 

 

 

табиғат

 

 

 

 

жинады

 

 

 

 

мың

 

 

 

 

ІҮБағалау

28-29 сабақ



Сабақтың тақырыбы: Сан есім.

Сабақтың мақсаты:

1.Бір таңбалы сан есімдерді екі таңбалы сан есімдерден ажыратып

жаза білуге үйрету.

2.Оқушылардың алған білімдерін практикалық жұмыс барысында

қалыптастыра отырып, дұрыс қолдана білуге үйрету.

3.Әр оқушыны өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыра

отырып, болашаққа өз үлесін қоса білетін ізденімпаз ұрпақ етіп

тәрбиелеу.



Сабақтың түрі: практикалық сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, баяндау, топпен жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: интерактивтік тақта, түрлі-түсті суреттер, сызба-кестелер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесе отырып, оқушылармен танысу. Оқушы назарын

сабаққа аудару.

- Жарқырап күн ашылды

Айналаңға нұр шашылды

Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз

Қайырлы сәт! Сәлемдесіп аламыз

Ел бақытының белгілеріне не жатады?

Білімді ұрпақ.

Тәрбиелі ұл-қыздар.

Салт-сананы ұстанған ұрпақ

Ата-ананы құрметтейтін саналы ұрпақ.

Отанын шын сүйетін патриоттар.

Назарбаевтың суреті мен сөзі: «Біздің түпкілікті мақсатымыз — интеллектуалды ұрпақ тәрбиелеп, интеллектуалды ұлт қалыптастыру»

« Ұлт болашағы сендердің қолдарыңда»

Сынып оқушылары 4 топқа бөлінеді



І «Алғырлар» тобы

ІІ «Тапқырлар»тобы

ІІІ «Ойшылдар тобы»

ІV «Зеректер тобы»

(Әр топ өз спикерін сайлайды)



  1. Үй тапсырмасын сұрау:

Топтастыру.

  1. Балалар, мен сендерге бірнеше сөздер айтамын. Сол сөздерді зат есіммен байланыстырып айту қажет.

Бірінші ( сынып), жеті (лақ), жиырмасыншы (қабат), тоқсан тоғызыншы ( бет), он бесінші ( сәуір), сегіз (жас)

VII. Сөзжұмбақ. Білім пердесі .

1. Ең жақсы баға

2. Тұңғыш қазақ ғарышкері

3. Қазақтың атақты пулеметші қызы

4. Білім ордасы

5. Сөз табы

6. Тікенекті аң

7. Жыл мезгілі

Сан есім туралы түсінік беру.

Мысал келтіру, қандай сұрақтарға жауап беретіндігіне тоқталу.

Сауаттылық хаты.

Тақтамен жұмыс. Жаттығу жұмысын орындау.

8 21

5 77


7 10

4 19


Топтық жұмыс. Зерттеу жұмысы

І топ. Сурет бойынша әңгіме құрастыру.

ІІ топ. Әдептілік туралы мақал- мәтел

Әдепті бала — арлы бала , әдепсіз бала — сорлы бала.

Әдепті бала ата- анасын мақтатар, әдепсіз бала ата-анасын қақсатар.

Сіз деген — әдеп, біз деген — көмек.

Әдептілік, ар-ұят- адамдықтың белгісі.

Әдепсізге қарап не істемеуді үйрен.

ІІІ топ. Әдеп жайында тыйым сөздер.

ІV топ. «Сиқырлы таяқша» ойыны.



ІІІ Қорытынды бөлім

Топ мүшелері бір-бірінің бойындағы жақсы қасиеттерін айтады.

Ж- жігерлі

А- адал


Қ-қайырымды

С- сыпайы

Ы-ынтымақты

Сергіту сәті.

Балалар, қазақта 3,5,7,9,13,21 «киелі сандар» деген ұғым бар. Сол жайында

не білесіңдер?

3 арсыз 5 арыс 7 қазына 7 ата

Ұйқы А.Байтұрсынов Ілім-білім Бала

Күлкі Ж.Аймауытов Ер жігіт Әке

Тамақ М.Жұмабаев Жүйрік ат Ата

Ш.Құдайбердиов Құмай тазы Немере

М.Дулатов Сұлу әйел Шөбере

Берен мылтық Шөпшек

Қыран бүркіт Немене

Олай болса, сендер өздерің осы киелі сандарға байланысты не айтар едіңдер?

Сабақты жинақтай отырып, алған білімдерін қорытындылау әрі бекіту. Сан

есімнен өткенді топтастыру.

ІҮ Бағалау

30-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Етістік

Сабақтың мақсаты:

1.Етістік сөз табы туралы білім беру, етістіктің қолданыстағы маңызын , қызметін аша түсетін жаттығулар арқылы оның күрделі,ауқымы кең сөз табы екендігіне көз жеткізу,етістікті басқа сөз табымен байланыстыруға үйрету.

2.Сөз таптарын ажырата білуге ,сөйлемнің мәнін түсініп, мағынасын аша білуге үйрету, оқушылардың ойлау қабілеттерін ,тілін дамыту.Логикалық ойлау сезімін ояту.Есте сақтау қабілетін дамыту.

3 Каллиграфияны сақтау, кішіпейілділікке, адамгершілікке , мәнерлі сөйлеуге, қырағылыққа тәрбиелеу .



Сабақтың түрі,әдісі:Жарыс сабақ, ойын ашық айту , түсіндірмелі, сұрақ- жауап, мақтау- мадақтау.

Көрнекілігі:Интерактивті тақта

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру бөлімі

II Өткенді қайталау

    1. Жұрнақ пен жалғау туралы не білесің?

    2. Зат есім дегеніміз не, неше түрге бөлінеді?

    3. Негізгі зат есім дегеніміз не?мысал келтір

    4. Туынды зат есім дегеніміз не?мысал келтір

    5. Туынды зат есімге не жалғанады?

    6. Тәуелдік жалғау туралы не білеміз?бір сөзді тәуелде.

    7. Іні, қалам,дәптер сөздерін жекеше, көпше түрге тәуелде

    8. Етістік дегеніміз не?Сұрақтары, мысал.

ІІІ Негізгі бөлім

Суретпен жұмыс

Суретке ат қойып, әңгіме құрастыру, етістікті табу

Қыс мезгілі Табиғат суреті



1-тапсырма. Дара және күрделі етсітіктерді табу:

Балбұлақтар ағады.

Баурайынан таулардың

Балбұлақтар ағады.

Балбұлақтан қанғанның

Бойы сергіп қалады.



2 -тапсырма. Дара етістіктерді күрделі етістіктерге айналдырып, сөйлемдерді көшіріп жазу. Қай сөзбен байланысып тұрғанын сызба арқылы көрсету:

Әжем маған жылы шұлық тоқыды /тоқып берді/. Нұрым мен Сырым құстарға үйшік жасады / жасап отыр/. Жиналыс басталды ма?/ басталып кетті ме?/. Жездем қуанды ма?/қуанып жүр ме?/

Балалар мұзайдында коньки тепті/ теуіп жүр/.

Тиін қарағайдың бүрімен қоректенеді/ қоректеніп жүр/.Солтүстіктен суық жел соқты/ соғып тұр/.



Солтүстік Мұзайдын

3-тапсырма. Жаңылтпашты жатқа айту.

«Серперді » шертермен

Шерте үйрендім.

Шертермен «Серперді»

Ерте үйрендім.

«Серпер»,шертер деген не?



«Серпер» - Құрманғазының күйі.

«Шертер» -қазақтың,ертедегі түріктің аспабы,домбыраға қарағанда кішірек , оның даусы қатты шығатын болған.шертер екі, үш ішекті, ал ішектерін аттын жалынан жасаған.Қазіргі кезде шертер аспабын қолданбайды.

4- тапсырма. Дара етістіктерді бір бөлек, күрделі етістіктерді бір бөлек

көшіріп жазу, кез-келген 2 күрделі етістікті қатыстырып сөйлем

құрастыр.

Жайнады Бақылап тұр

Жалғады тартып отыр

Шашты оқып отыр

Ұшты қонып жатыр

Секектеді билеп жүр

Тегістеді шауып барады

Дидактикалық ойын :«Кім алғыр?»

Күн,сәбіз,ай, саяхат,қала, дала,ауыл,ата, оқушы, шебер,

дәптер,кемпірқосақ, кесе, алма, мектеп, республика, ағаш, гүл, терезе,

қалам, тақта, бала, ат, жұлдыз,арба / 25сөз/



«Мақал қуаласпақ» ойыны, етістікті табу

1 Көз жетпегенге сөз жетеді.

2 Дос жылатып айтады,

Дұшпан күлдіріп айтады.

3 Мақтаншақтық өтірік айтқызады,

Өтірік көңілді қайтқызады.



Шығармашылық жұмыс

  • Бұлбұл бақылдайды

  • Сиыр сайрайды

  • Аққу мөңірейді

  • Бақа қарқылдайды

  • Тырна сұңқылдайды

  • Түйе қаңқылдайды

  • Қаз боздайды

  • Қарға тыраулайды

Тиым сөздер білесің бе?

Етістіктерді сұрақ кою арқылы табу



ІІІ Сабақты бекіту: Етістік туралы не білеміз?

* Білемін

* Білдім

* Білгім келеді



ІҮ Бағалау

31 -сабақ

Сабақтың тақырыбы: Етістік

Сабақтың мақсаты:

1.Етістік туралы алған білім - білік дағдыларын еске түсіре отырып, бір жүйеге келтіру, жинақтау. Оқушылардың білім дәрежесін байқау.

2.Оқушыларды өз бетімен тапсырмаларды орындауға үйрету, байқау қабілетін арттыру, сөздік қорын, тілін дамыту.

3.Ұйымшылдылыққа, бірлікке, ұжымдыққа тәрбиелеу



Сабақтың түрі: Аралас сабақ: сұрақ-жауап

Әдісі: Топтық жұмыс, жеке жұмыс.

Сабақтың көрнектігі: Тест, сөздер, интерактивті тақта

Сабақтың барысы:

Ι. Ұйымдастыру бөлімі

ΙІ. Қызығушылығын ояту.

«Сиқырлы суреттер» ойыны

Берілген суреттерге сөйлем құрастыру, сұрақтарға жауап беру

Қандай сөз таптарын білесін?

Зат есім дегеніміз не?

Етістік нені білдіреді?

Етістік неше түрге бөлінеді?

Негізгі туынды етістік дегеніміз не?

Болымсыз етістік қалай жасалады?

-Жарайсындар



1-тапсырма

Сөздерді оқып ішінен туынды етістіктерді теріп жаз.

Өрле,,шаңдатты, терледі, кілттеді, қаңқылда, дәріле,жіңішкертті, дабылдатты.

-«Адасқан буындар» ойыны

Осы буындардан болымды, болымсыз етістіктер құрастыру керек

Жет




ме




та




жу




ма




қыр




мат



Кір




пат




жақ




ді




ын




ша




па

Жетпейді, кірмейді, жақтама, жуын, шақыр, шақырма

-Жарайсыңдар. Өте жақсы



  • Ырым-тыйым сөздерде қандай етістік қолданылады? Тыйым сөздерді еске түсіру

  • «Өлеңді жатқа жазу»

Мен гүлдерді жұлмаймын,

Торғайларды қумаймын.

Айтқан сөзін тыңдаймын,

Анашымды сыйлаймын.



  • Өлеңді 2-3 рет оқып,жатқа жазу, етістіктің астын сызу.

Олардың түрін ажырату

  • «Сөзден, сөз ойла» ойыны

Әр қатарға сөз беріледі, сол сөздерден етістік құрастыру, қай қатар көп сөз жазады екен?

1.«Көркем өнерпаздар»

2.«қанағаттанарлық»

3.«мерекелеріңізбен»



Сергіту сәті

Аспанға қарап күн көрдім,

Төменге қарап жер көрдім.

Оңға, солға бұрылып ,

Егеменді ел көрдім.

Биыл біздің егемендік алғанымызға қанша жыл толып отыр?

«Ұйқасын тап»

Өлең жолдарын толықтырып жазу

Мені ... ... ,

Күндей ... ... .

Көп ... ... ,

Маған ... ... .

-жарайсыңдар! Енді кітабымыздың 52-бетін ашайық.

3-тапсырма. Нақыл сөздерді көшіріп жазу. Болымсыз етістікті табу

ІІІ Қорытынды. Тест сұрақтары

1) етістік нені білдіреді?

2) дара етістікті тап

3) күрделі етістікті тап

4) негізгі етістікті тап

5) туынды етістікті тап

6) болымды етістікті тап

7) болымды етістікті көрсет

8) болымсыз етістікті көрсет

9) етістікті тап

10) етістіктің сұрақтарын көрсет

а) кім? не?

ә) қандай? қай?

б) Не істейді? неғылды?қайтті?

Көршілерімізді тексеріп, өзін-өзі

VΙΙΙ. Бағалау. Мадақтау

32-33-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Үстеу

Сабақтың мақсаты:

1. Үстеу туралы алғашқы түсінік беру, тірек-сызба арқылы іс-әрекеттің мезгілін, қалай орындалатынын, қайда болатынын білдіретін сөз табы екендігін меңгерту.

2. Сөздердің мағынасын түсіндіру арқылы оқушылардың ойлау қабілетін, тіл байлығын, нақты сөйлей білу дағдыларын қалыптастыру, сөздік қорын молайту.

3. Жақсы қарым-қатынасқа, ұйымшылдыққа,, мейірімділікке, кішіпейілдікке тәрбиелеу.



Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту

Көрнекілік: Тірек-сызба, кесте, кодоскоп, карточкалар.

Әдіс-тәсілі: Проблемалық оқыту, сұрақ-жауап, көрнекілік, талдау, топтау, дәлелдеу.

Сабақ барысы:

І .Ұйымдастыру:

Сыныпты екі топқа бөлу,капитандары тағайындалады.

Бүгінгі сабағымызға қонақтар келді,оларға бұрылып қарап ,жылы

ықыласымызды білдірейік.Енді сабақ барысында сендер артқа алаңдамай

тамаша жұмыс жасайды деп ойлаймын.

ІІ. Өткенге шолу: а) Өткенді қайталау мақсатында сендердің таңдауларыңа сұрақтары бар екі конверт беремін.

Конверт 1.

1)Есімдік дегеніміз не?

2)Барыс септігінің жалғауларын ата.

3) Атау септігіндегі ІІІ жақ жіктеу есімдігін септеңіз /Ол/

Конверт 2.

1)Етістіктің шақтарын сұрақтарымен атаңдар.

2) Жіктеу есімдіктерін атаңдар.

3) Атау септігіндегі ІІ жақ жіктеу есімдігін атап, оны септеңдер . /Сен/

ІІІ. Жаңа сабақ: 1. Сабақтың тақырыбын және мақсатын хабарлау.


  • Бүгінгі сабағымызда «Қазақ тілі» елінің «Сөз таптары» аулына барамыз.

  • Бұл ауылда біз бірнеше рет болғанбыз және бірнеше отбасымен таныспыз.

  • Олар қай сөз таптары?

  • /Зат есім,т.б./ балалардың жауабы.

  • Ал ,бүгін «Сөз таптары» ауылының Үстеу атты отбасымен танысамыз

1-тапсырма: Мынадай сөйлемдерге назар аударайық

-Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қойыңдар.

-Қай сөзбен байланысқан?

- Бұл сөздер етістіктің қандай белгісін білдіріп тұр? /әр сөйлемде/



  1. Құстар жоғары (қайда?) ұшты.

  2. Сыртта (қайда?) жапалақ-жапалақ қар жауып тұр.

  3. Биыл (қашан?) көктем кеш (қашан?) келді.

  4. Күн енді (қашан?) жылынады.

  5. Шөп қаулап (қалай?) өсті.

  6. Қар тез (қалай?) еріді..

2-тапсырма: Берілген сөздерге сұрақ қойып, жауап беретін сұрағына қарай топтап жазыңдар:

1-топ:Төменде, тез, күні бойы ,алға, жаңаша, жоғарыда,

қолма-қол, күндіз-түні , ақырын, орысша, тал түсте .

2-топ: Бүгін, кеше, артта, қазақша, осында, шапшаң ,

таң сәріде, ертең, сыртта, шалқасынан, бірте-бірте.

Қашан? Қайда? Қалай?

Тал түсте төменде тез

Күні бойы жоғарыда ақырын

Күндіз-түні алға жаңаша

Бүгін артта қазақша

Ертең сыртта орысша
-Бұл сөздерді сұрақтарына қарап ,қандай сөз табына жатқызамыз?

-Үстеу!


Ендеше, тірек сызба құрастырып көрейік:

Үстеу


Мағынасына қарай
Мезгіл

Мекен Сын-қимыл

С ұ р а қ т а р ы:

Қашан? Қайда? Қалай?

* Жазған сөздерді мағыналық түрлеріне қарай, сызбаға салатын болсақ,

ҮСТЕУДІҢ мағыналық түрлеріне қарай қай түріне жатқызуға болады?

*Неге сол топқа жатқызғандарыңды сызбаны басшылыққа алып, дәлелдеп

түсіндіріп көрейік.

Іс-әрекеттің мезгілін (мекенін,

сын- қимылын) білдіреді.

Бұл – үстеу, өйткені

Қашан? (қайда? қалай?) сұрағына

жауап береді.

Ендеше, ереже қорытамыз:

***Іс-әрекеттің мезгілін, мекенін, сын-қимылын білдіретін сөздерді

ҮСТЕУ дейді. Үстеулер қашан? қайда? қалай? деген сұрақтарға

жауап береді.

Сергіту:


3-тапсырма: І топ-. 1,3,5-сөйлемдерді.

ІІ топ- 2,4,5-сөйлемдерді тақтаға орындау.

4-тапсырма: Мәтіндерді қалып қойған үстеулермен толықтырып оқыңдар, шығарманың қай түріне жататынын анықтаңдар:

1.Ерте (қашан?) шықсаң, алдыңнан (қайдан?) күн шығады.

Кеш (қашан?) шықсаң, алдыңнан (қайдан?) түн шығады

2. Таңертең де(қашан?), түсте де(қашан?)

Күнге бетін бұрады.

Тостағанын кішкене

Тосады да тұрады. /күнбағыс/

3.Ақырын (қалай?) жүрсең шаң жұқпас.

4. Қатты (қалай?) жауған күн тез (қалай?) ашылады.

5. Жаздыгүні (қашан?)күн үзақ, Жазда (қашан?)ойнама қүнімен,

Қыстыгүні (қашан?) түн үзақ. Қыста (қашан?)ойнама түнімен.

6. Жазғытұрым (қашан?) қалмайды қыстың сызы,

Масатыдай (қалай?) құлпырар жердің жүзі.

Жан-жануар, адамзат анталаса,

Ата-анадай (қалай?) елжірер күннің көзі.

Ой сергіту жаттығуы: Екі топ бір-біріне «Бір сыңарын сен, бір сыңарын ол»

ойыны:

Қарсы мәндес үстеулер айту Мыс: Ерте – кеш; Қыстыгүні – жаздыгүні;т.с.с.



Өтірік өлеңдер

***Аю қорқып қояннан, Түнде шошып оянған. Айгерім 3-сынып

***Дөңгеленіп бүйірі, Өрістен кеп тұрады. Біздің үйдің сиыры күнде бұзау туады

***Таңда шықтым сыртқа, Ақтөсім кеткен жайлысқа. Бұзауым үріп тұр,Әтешім жылап тұр. Бекежан 2-сынып

***Шыбын келіп орманға, Айқайлады аңдарға. Оны естіп жолбарыс, Тығылыпты сол маңға. Зинат 4-сынып

Берілген мәтінді оқып, ішінен үстеулерді тауып, сұрақ қойып, мағыналық түрлеріне қарай ажыратыңдар.

Жақсылыққа- жақсылық

1-топ. Ертеде бір қоян болыпты. Ол барлық жан-жануарлардың тіліне түсінеді екен.Бір күні орманды аралап келе жатса, «құтқарыңдар, құтқарыңдар !» деген нәзік дауысты естиді. Сол жерге келіп қараса, сона өрмекшінің өрмегіне түсіп қалапты. Қоян дереу сонаны құтқарады. Сона ызылдап рахметін айтып ұшып кетеді.

2-топ.Қоянның жақсылығын басқаларға да айта жүреді. Мұны қасқыр естіп, қызғаныштан қоянның көзін жоямын деп, бас салып жемекші болады. Қоян шырылдап қоя береді. Сол мезгілде сона келіп қасқырдың тұмсығынан аямай шағып алады. Қасқыр тұмсығымен әуре болып отырғанда, қоян қашып үлгереді. Жақсылыққа-жақсылық- деген осы. Жақсылыққа жақсылық жасауды бәріміз де үйренейік. Гүлжан 4-сынып

«Кім жылдам» ойыны: Екі топтан екі оқушыдан шығып , әр қадам сайын үстеу айтып жарысады.

Сын-қимыл -----шапшаң----------- оқыдым

Мекен -----жоғары-------------көтерілдім

Мезгіл-------кеше--------------келдім

Мекен-----оңға-------------- бұрылдым

Сын-қимыл----тез----------ойладым

Мезгіл------күндіз-түні-------дайындалдым



ІІІ Қорытынды бөлім

2. Ұйқастарға өлең құрау, үстеулерді қатыстырып:

а/ ------- ойпайды, ә/ ---------- көреді, в/ ------- ойлайды,

-------- тоймайды ---------- өреді. -------- тойлайды.

------------------------ ------------------ -----------------------

---------- қоймайды. ---------- төнеді. -------- жоймайды.

Бағалау: Өзін -өзі бағалау: Бүгінгі сабақта әр кім өзін бағалайды. Тақырыпты өте жақсы, яғни 5–ке, жақсы 4-ке, н/е толық меңгермедім дегендерің «3» деп

бағалайсыңдар. Бұл бағаны күнделікке қоямын . Ал ертең фишкамен бағаланып, бүгінгі бағаларыңмен сәкес болса қатарынан екі баға аласыңдар.



34-сабақ

«Сынып көшбасшысы» интелектуалды білім сайысы

Мақсаты:

  • Пәндік тақырыптарды пысықтау;

  • Баланың білімін тереңдету арқылы жан-жақты дамуына ықпал ету, жеке қабілеттерін дамыту;

  • Білуге, білімге құштарлығын арттыру;

  • Ойын ашық айтуға, дәйекті сөйлеуге жетелеу;

  • Баланы дарындылыққа, лидерлікке баулу.

Өткізілу формасы: жарыс түрінде

Өткізілу орны: интерактивті тақтамен жабдықталған кабинет

Барысы:

Армысыздар, жас достар! Тамсандырып өнерін,

Армысыздар, ата-ана. Осы жарыс барысы.

Болашаққа жол бастар Жадыратсын жаныңды

Армысыздар, ұстаздар. Көшбасшылар жарысы.

1 с. Оқуға шақыру



... Балалар, бұл жол басы - даналыққа,

Келіңдер, түсіп байқап, қаралық та.

Бұл жолмен бара жатқан өзіңдей көп,

Соларды көре тұра қалалық па?!

Даналық - өшпес жарық, кетпес байлық,

Жүріңдер, іздеп тауып алалық та!

2. Сайысымызды бастамас бұрын сіздерді өткен жылғы сайысымыздың жеңімпаздарымен таныстырып өтейін

3. Сайыскерлермен таныстыру:

Олай болса, биылғы жылғы сайыскерлерімізбен таныс болыңыздар:

4. Сайыс кезеңдерімен таныстыру:


  • І кезең “Бәйге”

  • ІІ кезең “Мың бір мақал”

  • ІІІ кезең “Өзге тілдің бәрін біл”

  • ІҮ кезең “Көкпар”

  • Ү кезең “Ойлан, тап”

5. Бүгінгі сайысқа төрелік ететін қазылар алқасымен таныс болыңыздар:

Балаларға тілек:

Замана тартып жатыр жаңа істі алға,

Уа, адамдар, думаннан қалыс қалма.

Сұлудан сұлу озар әсемдіктен,

Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда, - деп білім сайысын бастауға рұқсат етіңіздер.



І кезең “Бәйге” “Туған жерді, мектебіңді танып біл” Әр дұрыс жауап 10 ұпай

Қазылар алқасына сөз: 2 оқушы шығады

Сөз мәйегі – мақал. Олай болса балаларды әдемі, өрнекті, мағыналы сөйлеуге үйрететін мақал жарысын бастаймыз.



ІІ кезең “Мың бір мақал” Әр дұрыс жауап 10 ұпай

  • Ананың көңілі балада, …

  • Қына тасқа бітеді, ...

  • Досы көпті жау алмайды, …

  • Ер жігіт елі үшін туады, …

  • Ақыл – тозбайтын тон, ...

  • Өзге елде сұлтан болғанша, ...

  • Білекті бірді жығар, ...

  • Туған жердің күні де ыстық, …

  • Еңбегің қатты болса, ...

  • Жақсы - ай мен күндей, ...

  • Төртеу түгел болса, ...

  • Ырыс алды - ...

  • Еңбек етсең ерінбей, ...

  • Білім қымбат, ...

  • Отансыз адам - ...

  • Жақсы туса - ел ырысы, ...

  • Әдепті бала арлы бала, ...

  • Үлкенге - құрмет, ...

  • Жақсыдан үйрен, ...

  • Қына тасқа бітеді, ...

Қазылар алқасына сөз: 2 оқушы шығады

ІІІ кезең “Өзге тілдің бәрін біл” Әр дұрыс жауап 10 ұпай

Қазылар алқасына сөз: 1 оқушы шығады

ІҮ кезең “Көкпар” Жауаптарына байланысты 100, 200, 300 ұпай

Қазылар алқасына сөз: 1 оқушы шығады

V кезең “Ойлан, тап” Әр дұрыс жауап 10 ұпай

Әділқазыға сөз беріледі.



Көрермен оқушыларға сұрақтар.

Қызықты тапсырмалар.

1. Аулада жүрген бұзаулар мен тауықтардың аяқтарының саны-он.Аулада

неше тауық ,неше бұзау болуы мүмкін?

2. Ағаш басында 2 балық отыр еді.Оларға тағы 2 балық ұшып келді.Барлығы

неше балық болды?

3. Аулада тұрған әртүрлі көліктердің (жеңіл машина ,мотоцикл,велосипед)

дөңгелектерінің саны-он болады.Аулада неше жеңіл машина,мотоцикл,

велосипед тұр?



Қорытынды бөлім.

Сайыскерлер марапаттау.

17 Ғ. Мұратбаев атындағы орта мектеп


Функционалдық сауаттылық
(таңдау курсы)

Сынып – 5


Сағаты – 1
Жылдық сағаты – 34
Бағдарламаны құрастырған 
қазақ тілі мен әдебиеті 
пәнінің мұғалімі: Теңгебаева А.Қ 

2015 – 2016 оқу жылы

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы №832 қаулысы


2. «Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру», Ы. Алтынсарин Ұлттық білім академиясы, Астана қаласы, 2013 жыл /әдістемелік құрал/
3. «12 жылдық мектеп оқушыларының қазақ тілінен функционалдық сауаттылығын қалыптастыру әдістемесі», Ы. Алтынсарин Ұлттық білім академиясы, Астана қаласы, 2013 жыл /әдістемелік құрал/

Түсініктеме

Қазақстан Республикасының Елбасы Н.Ә. Назарбаев 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына кезекті Жолдауында білім беру ұйымдары жастарға жалаң білім беріп қана қоймай алған білімдерін өмірдің түрлі жағдайларында пайдалана алуды үйретуі керек екендігін айтып, үкіметке оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың бес жылға арналған Ұлттық шаралар жоспарын дайындау жөнінде тапсырма берген болатын.
Осы тапсырманың негізінде Үкіметтің қаулысымен бекітілген «Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары» қабылданды. Ұлттық жоспардың мақсаты – Қазақстан Республикасындағы мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін жағдай жасау болып белгіленген.
Оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытуда оқу бағдарламасындағы әрбір пәннің рөлі зор. Соның ішінде қазақ тілі мен әдебиетінің алатын орны ерекше. Осы ретте, оқушыға халықтың қоғамдық өмірін, арман-мүддесін танытуда, оларға идеялық-саяси, рухани-адамгершілік, этикалық-эстетикалық тәрбие беруде, дүниеге көзқарасын, мінезін, жалпы мәдениетін қалыптастыруда көркем әдебиетті қуатты құралдардың бірі ретінде пайдалану – әдебиет пәнінің басты мақсаты 
болып есептелсе, тіліміздің өзіндік қалыптасқан нормаларын, жалпы айтқанда грамматикасын үйрету – қазақ тілінің басты міндеті болып танылады. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту – бүгінгі заманның талабы. Болашақ азамат өз ұлтының асыл мұрасын білу арқылы туған халқының тарихымен, мәдениетімен танысып,білімін кеңейтеді.Қазақ тілінің грамматикасын терең меңгерген оқушы, қоғамның кез-келген саласында қиналмай жұмыс істеп,өзінің функционалды сауаттылығын көрсете алады. Біздің өзекті мәселеміз: жаңа оқыту әдіс-тәсілдері арқылы қазақ тілін меңгерту. Біздің ұстанымымыз: «Еліміздің ертеңі жас ұрпақтың қолында,ал жас ұрпақ тағдыры ұстаздың қолында» деп елбасымыз атап айтқандай,оқушылардың талантын ашу – біздің күн тәртібіміздегі өзекті мәселелердің бірі. 
Функционалдық сауаттылық біліммен, іскерлікпен және дағдылармен ғана шектелмей, солардың негізінде әр елдің өзіндік ерекшеліктері ескеріле отырып, қалыптасатын құзіреттіліктермен анықталады. 

IV тоқсан (8 сағат)

Тақырыптары



сағат саны

мерзімі
жоспар


бойынша нақты
1. Пунктуация 1
2. Сөзбен айшықталған сурет 1
3. Өзім жайлы/әңгіме/ 1
4. Ертегілер елінде 1
5. Оқу және жазу машығын тексеру 1
6. Фонетикалық, математикалық талдау 1
7. Жылдық қайталаулар 1
8. Қорытынды сабақ 1

III тоқсан (10 сағат)

Тақырыптары



сағат саны

мерзімі
жоспар


бойынша нақты
1. Қызықты грамматика әлемінде 1
2. Мәтін арқылы оқыту 1
3. Шешендік өнер 2
4. ФС қалыптастырудың арнайы ұстанымдары 1
5. Фонетикалық, математикалық талдау 1
6. Орфогафия, орфоэпия 1
7. Мектеп, досым.... /шығармашылық/ 1
8. Сауатты жаза білейік! 1
9. Қорытынды сабақ 1

Курстың өзектілігі:

Оқушыларды шығармашылық ізденіс жұмыстарына баули отырып, 
функционалды жеке тұлға ретінде қалыптастыру.

Мақсаты:


* Оқушылардың ғылыми жаратылыстану және оқу сауаттылық деңгейін бағалау.
* Оқушылардың мектепте алған білімдері мен тәжірибелерін өмірде қолдана ала ма?- деген сұраққа жауап іздеу. 
* Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру. Оқылым,тыңдалым,айтылым,жазылым дағдыларын дамыту. 

Міндеттері:

- Қара сөздің мән-мағынасын аша білуге;
- Тіл білімінің салаларын жетік меңгеруге;
- Алған әсерлерін айшықты тілмен жеткізе білуге;
- Шығармашылық және ізденіс жұмыстарына баулу.

Оқушылардың негізгі білім –біліктілігіне, икем – дағдысына қойылатын талаптар:


- Тіл дамытудың сыры мен заңдылығына терең үңіліп, мән беру
- Өзіндік пікірін қалыптастырып, әдеби мәнерде сөйлеуге дағдылану.
- Қазіргі қазақ тілінің сөздік қорының ұшы – қиыры шексіз, сондықтан білімді, мәдениетті адамның ғана сөзі орынды, жинақы, жатық келетінін есте ұстау.
- Дөрекі, жағымсыз сөздерден аулақ болып, аз сөзге көп мағына сыйғызып, түйінді, ойлы, сыпайы сөздерді ретімен қолдану. 

I тоқсан (9 сағат)


Тақырыптары



сағат саны

мерзімі
жоспар


бойынша нақты
1. Кіріспе. Қазақ тілі- ҚР мемлекеттік тілі 1
2. Функционалдық сауаттылық туралы ұғым 1
3. Қазақ тілінің қоғамдағы рөлі. 
Математикалық талдау 1
4. Мен... /монолог/ 1
5. Мен үшін қымбат не? 
Талдау 1
6. Қазақ әліпбиі 1
7. Мәтін арқылы оқыту. 
Математикалық талдау 1
8. Сауатты жаза білейік! 1
9. Қорытынды сабақ. 1

Тақырыптары

сағат саны

мерзімі
жоспар


бойынша нақты
1. Тілдік функция 1
2. Рефлексиялық жаттығулар 1
3. Функционалды сауаттылықтың белгілері 2
4. Сөйлеу әдебі 1
5. Сауатты жаза білейік! Математикалық талдау 1
6. Мәтін арқылы оқыту 1

ІІ тоқсан (8 сағат)





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет