«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №17 орта мектебі»ММ


Шанаш-ешкі терісінен жасаған ас құйатын ыдыс Қорамсақ-



бет8/9
Дата10.06.2017
өлшемі1,64 Mb.
#18402
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Шанаш-ешкі терісінен жасаған

ас құйатын ыдыс



Қорамсақ- садақтың жебесін салып,

белге байлайтын жеке-жеке ұясы бар Шанаш



Сәукеле

оқ салғыш Қорамсақ



Сәукеле - әйелдердің асыл тастармен

безендіріп жасалған ерте кездегі бас киімі



VІ Үйге тапсырма

Ата –апаларыңнан көнерген сөздерді біліп алыңдар



VІІ Бағалау


20-сабақ

Сабақтың тақырыбы : « Мың бір мақал» танымдық ойыны

Сабақтың мақсаты:

1.Оқушылардың сөзжасам бөлімі бойынша алған білім деңгейін анықтау

2. Пән бойынша алған білімдерін жүйелі түрде қолдана білуге дағдыландыру

3.Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын ояту, әдеби тілде көркем сөйлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:Бақылау сабағы

Сабақтың әдісі:Мақал-мәтел жарыс

Сабақтың көрнекілігі:

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды екі топқа бөліп әр топқа ат қою,топбасын сайлау.

Оқушыларды ойын барысымен және ережелерімен таныстыру

Ітур

Мақалдың екінші жартысын айт

Отан, ел туралы мақал - мәтелдер

Отанды сүю ­ ­­­­­­­― .............

Отан – оттан да .....

Отан – елдің анасы, .............

Өзге елде сұлтан болғанша, .........

Ит тойған жерінде,...............

Ел іші алтын ............

Есің барда еліңді тап,......



Халық туралы мақал - мәтелдер

Халық айтса,...............

Халық ұйғарса,.............

Көппен көрген ...................

Көп қорқытады, ..................

Халық қартаймайды,

........................

У ішсең ұлтыңмен, .....................

Халыққа қарсы жүру – ..................

Адам, кісі туралы мақал - мәтелдер

Адам аласы ішінде, ..............

Адамнан үлкен ас жоқ,

....................

Адам құлақтан азады,

..............................

Кісі болар баланың, кісіменен ісі бар.

............................................

Кісідегінің кілті ...................

Дене мүшелері туралы мақал - мәтелдер

Ауыз біреу, .....................

Аяқ – азамат, қол ......................

бас – сандық, тіл – ............

Көз – қорқақ, ...................

Көз көруге, ....................

Саусағы ұзын – .................

Құлағы ұзын ..............

Көз–таразы,.............
ІІтур

Сұраққа мақалмен жауап бер

Адамның қай мүшесі батыр қай мүшесі қорқақ?

Отан неден басталады?

Көп түкірсе не болады?

Қызға неше үйден тыйым ?

Қыз өссе не?

Ер жігіт кім үшін туады?

Есің барда не тап дейді?

Қыс азығын қашан жинайды?

Жаздың бір күні нені асырайды?
ІІІтур

Кім көп біледі?

Мақал-мәтелдерден жарыс.
ІІ Сабақты қорыту

Жеңімпаз топты анықтау

Қай топ тапсырмаларды тез және дұрыс орындаса сол топ жеңімпаз атанады


21-сабақ

Сабақтың тақырыбы : Морфология.Сөз және оның морфологиялық құрылымы. Жұрнақ пен жалғау.

Сабақтың мақсаты:

1. сөз туралы ұғымды пысықтау, оқушыларға қосымшалардың

қызметтері әр түрлі болатынын байқату, сол арқылы жұрнақ пен жалғау

туралы түсінік беру.

2. оқушыларды өзбетімен жұмыс жасауға, өз ойларын

толық жеткізуге, сурет бойынша әңгіме қүрауға дағдыландыру.



3. оқушыларды дәптерді таза ұстауға, өзара достық көмек

жасауға үйрету



Сабақтың көрнекілігі: кесте, суреттер, үлестірмелі қима қағаздар.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі.

1. Мотивациялық бағдарлау кезеңі.

Бір шал мен кемпірдің Жалқаубек деген немересі сабаққа барғанда қазақ тілін,ана тілін түсіне бермейді екен, сөйлей де алмайды екен.Мұның себебі , оның сөздік қоры тым тапшы болыпты. Ал оның досы Талапбек сабақты жақсы оқыпты. Жалқаубек одан көмек сұрап , қазақ тілін үйренбекші болады. Сөйтіп ,Талапбек пен Жалқаубек сөз әлеміне саяхатқа аттанады.Онда кіру үшін үлкен сиқырлы қақпадан өту керек.Ол қақпа сұрақтар қояды. Егер сұраққа дұрыс жауап берсе, қақпа ашылады.

ІІ. Негізгі бөлім.

Сабақ сөз туралы сұрақ –жауап түріндегі әңгімеден басталады.

-Сөз неден құралады

-Ол дыбыстардан құралады.

-Ол нені білдіреді

-Ол белгілі бір ұғымды білдіреді, заттың, құбылыстың, адамның атын, қимылын білдіреді.

- Қосымша туралы не білесің?

Олай болса, бүгін сендермен бірге қосымша туралы білімімізді кеңейтейік.

Қане, бірге бәріміз

Көзімізді жұмамыз.

Өтіп тау мен өзеннен

Бір елге келіп қонамыз.

Қосымша деп аталар

Бұл ел мүлде бейтаныс

Біз білмейтін балалар,

Қосымшаның түрі бар,

Жаңа сөздер жасайтын,

Жұрнақ атты ұлы бар.

Сөз бен сөзді қосатын,

Жалғау атта қызы бар.



ІІІ Негізгі бөлім.

Операциялық орындаушылық кезең.

Жаңа ұғымды түсіндіруге суреттер пайдаланылады:

-Мынау не?

-Бүркіт .

-Ал енді бүркіт сөзіне қосымша қосып көрейік.

-Бүркіт- ші

-Не пайда болды? Бүркітші деген сөз нені білдіреді?

-Бүркітпен аң аулайтын адамды білдіреді.

-Көрдіңдерме , бір қосымша қосып едік , сөз мүлде өзгеріп , басқа нәрсені білдіріп кетті. Яғни жаңа сөз жасалды.

Ал енді бүркіт сөзіне басқа бір қосымша жалғап көрейік: бүркіт-пен. Мысалы.Аңды бүркітпен аулайды.

Демек, қосымшалардың өзі әр түрлі қызмет атқарады.Түбір сөзге кейбір қосымшалар қосылғанда мүлдем басқа мағыналы жаңа сөз пайда болады да, кейбір қосымшалар жалғанған кезде жаңа сөз емес, басқа сөзбен байланысуға дайын сөз пайда болады.

Балық+пен, балық+шы

Бұл қосымшалардың қайсысы мағынасы өзгерген жаңа сөз, қайсысы жәй байланысқа түсетін сөз жасап тұрғанын түсіндіру.



  • Оқушы келді.

  • Оқулық алдым.

  • Сабақ оқуға кірістім.

Тапсырма: Берілген қосымшалардың қайсысын қай сөзге қосып айтуға болады?

Қосымша қосылған сөздерге сұрақ қой.Мағыналарының өзгерген өзгермегенін байқа.



Тапсырма:Мақалды оқып жатқа жаз. Жұрнақ жалғанған сөзді тауып, мағынасын түсіндір.

Өнерлі жігіт өрде озар,

Өнерсіз жігіт жер соғар.

Тапсырма:Сөздерге жұрнақ жалғап оқы.Жұрнақ жалғанған сөздеріңді қатыстырыл сөйлем қүра. Дос, іс, жұмыс.

ІІІ Қорытынды бөлім

Пысықтауға арналған тест тапсырмасы:

1 Қосымшаның неше түрі бар?

А.4 ә.2 б.3

2.Жұрнақ жалғанған сөзді тап.

А.көлдер ә. батырлық б.досқа

3.Жалғау жалғанған сөзді тап.

А.қобызшы ә.гүлді б.сусын

ІҮ Бағалау кезеңі

. 22-23 сабақ



Сабақтың тақырыбы: Жұрнақ пен жалғау

Сабақтың мақсаты: Жұрнақ пен жалғау туралы білімдерін пысықтау.

1. Жұрнақ пен жалғау туралы білімдері пысықталады.

2. Жұрнақ пен жалғауды ажырата білуге жаттығады.

3. Сауатты, көркем жазуға және өмірмен байланыстыра оқытуға тәрбиеленеді



Сабақтың әдісі: қорытындылау сабағы.

Сабақтың түрі: ойын сабақ

Көрнекілігі: қимақағаздар,суреттер

Техникалық жабдық:интерактивті тақта, бейнетаспа, үнтаспа.

Сабақта қолданылатын әдістер: іздендіру,шығармашылық, сұрақ-жауап беруі, бес жолды өлең, Вен диаграммасы

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ Негізгі бөлім

1. «Мағынаны ажырату»сатысы

Ойын: « Талдап көр, таңдап көр!»

«Жалғау» тобы: 1-тапсырма -қарамен жазылған сөздердің туынды екенін дәлелдейді.

«Жұрнақ» тобы: 2-тапсырма-сөздің түбірі мен қосымшасын табады, сөйлем құрастырып жазады.

«Қосымша»тобы: 3-тапсырма-тұсындағы жалғауларды тиісті сөзге қосып жазады.

2. Сурет бойынша жұмыс «Гүлдер»

Ойын: « Суретке қарап сөйлеп көр!»

«Жалғау» тобы –сөйлем құрастырады.

«Жұрнақ» тобы - түбір мен қосымшасын ажыратады.

«Қосымша»тобы –сызбамен көрсетеді
3. Үнтаспадан ән тыңдалады «Ертегілер»

Ойын: «Кестені толтырып көрелік!»

«Жалғау» тобы: - түбір сөз

«Жұрнақ» тобы: - жұрнақ жалғанған сөз

«Қосымша»тобы:- жалғау жалғанған сөз

Қай топ бірінші болады жұрнақ және жалғау жалғанған сөз бөлігін толтырады.

Түбір сөз

жұрнақ жалғанған сөз

жалғау жалғанған сөз

жұрнақ және жалғау жалғанған сөз



ІІІ.Қорытынды бөлім

1.Ойын: «Жылдам жауап берейік!»

- Қосымшалар нешеге бөлінеді?

2 қандай сан?- ... 2/1 талдайды

- Жұрнақ деген не?

Қазақстан биыл ЕҚЫҰ төрағалық етеді

- Жалғау деген не?
Барыс жылы баршаға бақыт әкелсін!

«Жалғау» тобы: -5жалғаулы сөздер жазады.

«Жұрнақ» тобы:-5жұрнақты сөздер жазады.

«Қосымша»тобы:-5жұрнағы да, жалғауы да бар сөздер жазады.

«Ойтолғаныс» сатысы

2. Венн диаграммасы

Жұрнақ

жалғау


3.Бес жолды өлең құрастырады

- жұрнақ


- қысқа,ұзын

- жазады,өзгертеді,жалғанады

- ол сөздің мағынасын өзгертетін

- қосымша



ІҮ Бағалау

24- сабақ
Сабақтың тақырыбы: Зат есім

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Зат есім туралы алған білім мен білігін оқушылар есіне толық қалыптастыру және оны күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету.

Дамытушылық: Зат есім туралы ұғымдарын кеңейту, дүние танымын, шығармашылық қабілеттерін байқау, дамыту. Сауатты, көркем жазуға дағдыландыру.

Тәрбиелік: Оқушылардың ана тілін сүюге, адамгершілік және ақыл-ой тәрбиесін беру, белсенділікке, ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа баулу.

Сабақтың түрі: Қайталау сабағы.

Сабақтың өткізу әдісі: Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы.

Пән аралық байланыс: математика, әдебиеттік оқу, дүниетану.

Қолданылатын стратегиялар: Топтастыру, түртіп алу, бес жолды өлең, эссе.

Сабақтың көрнекілігі: Қағаз, маркер, сөзжұмбақ, суреттер, мәтін.

Сабақтың барысы:

І. Қызығушылықты ояту кезеңі:

1) Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру.



2) Психологиялық дайындық:

Қаның, жаның – тіліңде,

Арың,нәрің тіліңде.

Ұмтыл оны білуге

Тілден алып ғибрат

Құлшынасың білімге



Сөз таптары

Зат есім Сан есім Сын есім Етістік

Семантикалық картамен жұмыс




Зат есім

Сын есім

Сан есім

Етістік

сауыншы













қорғады













көше













қалың













жүзінші













тұнық













өсіреді














ІІ. Жаңа сабақ


  1. Сұрақ - жауап:

  • Енді бәріміз туылған күндерімізді есімізге түсіреміз.

  • Қыс мезгілінде туғандар бірінші топ болады.

  • Жаз мезгілінде туғандар екінші топ болады.

  • Мінекей туған күндеріміз арқылы жаңа жұмыс тобын құрдық, осы топтар бойынша жұмыс жүргіземіз.

  1. Сөзжұмбақпен жұмыс:

Қазір сөзжұмбақ шешу арқылы сабақтың тақырыбын анықтайық.

Мен сөзжұмбақтың сұрағын оқимын, сендер жауабын жазыңдар.



  1. Көру мүшесі (Көз)

  2. Әліппенің атасы (Ахмет)

  3. Сөздің бөлінбейтін негізгі бөлігі (Түбір)

  4. Суретші ата (Қастеев)

  5. Азайту амалына кері амал (Қосу)

  6. 1925 жылы Парижде бүкіл дүние жүзілік жарыста қазақтың атын шығарған әнші (Әміре)




  1. Жылу сүйгіш өсімдік (Мақта)




К

Ө

З







А

Х

М

Е

Т




Т

Ү

Б

І

Р

Қ

А

С

Т

Е

Е

В







Қ

О

С

У




Ә

М

І

Р

Е










М

А

Қ

Т

А


- Қандай сөз шықты?



  • Зат есім

ІІІ. Мағынаны тану.

  • Зат есім туралы не білеміз деп ойлайсыңдар?

  1. Зат есім туралы не білетінімізді топтастырып, жазайық.

Дара Ережесі Сұрағы


Негізгі Туынды


Көпше Жекеше
Жалпы Жалқы Күрделі

  1. Суретпен жұмыс

Суреттегі заттың атын атап, оған сұрақ қою, қандай зат есім екенін айту.

Астана, қасқыр, ата, қарбыз, терезе, аралар, Абай, оқушы, тырна, көбелек



  1. Оқулықпен жұмыс:

Суреттегі құстардың атын атау, сұрақ қою және сол сөзбен сөйлем құрастырып, тақтаға жазу және дәптерге жазу.


  1. Топппен жұмыс

І топ – Малдың төлдері:

ІІ топ – Аңдар:



  1. Ауызша жұмыс

Өлеңді мәнерлеп оқу, жалқы есімдерді табу. (Картадан Алтай мен Атырау арасын көрсету)

  1. Түртіп алу әдісі бойынша мәтін таратылып, жұмыс жүргізу

۷ Білемін

-Білмеймін

+Жаңа ақпарат

?Таңқалдырады

Дина Нүрпейісованың суретін көрсетіп, ол кісі туралы оқыған шығармасы туралы еске түсіру.



  1. Дәптермен жұмыс.

І топ – жалқы есімдерді тауып жазу.

ІІ топ – зат есімнің көпше түрін жазу.



ІV. Ой толғаныс кезеңі.

І топ – Дина сөзіне бес жолды өлең құрастыру.

ІІ топ – Дина Нүрпейісоваға эссе жазу (3-4 сөйлемнен).

V. Бағалау

25-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Зат есім

Мақсаты: 1. Сын есім тақырыбын қайталау және оқушылардың алған білімдерін одан әрі жалғастыру;

2. Сөздік қорларын дамыту;

3. Оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімдері арқылы, қоршаған ортаға қамқор болуға тәрбиелеу;

Көрнекілігі: интерактивті тақта, семантикалық карта,венн диаграммасы.

Әдісі:түсіндірмелі, сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Бүгін бізде ерекше

Сабақ болып жатыр ғой.

Тәртіп, оқу деңгейін,

Ұстаздар көріп отыр ғой.

Ал тәртіпті болайық

Жақсы оқып әр күнде

Білім керек әркімге.

ІІ. Үй тапсырмасын жұмбақ шешу арқылы табу.

- Баяғыда бір хандықта кемпір өмір сүріпті. Ол кемпірдің 9 баласы бар екен. Тоғыз баласының әрқайсысында екеуден, үшеуден балалары болыпты.



Жұмбақтың шешуі: Хандықтың аты- Морфология

Кемпірдің аты- Сөз таптары.









Зат есім дегеніміз не? Ережесін айтып, мысал келтіру.

Етістік дегеніміз не ? мысал келтіру.



ІІІ. Сөз таптарын пысықтау үшін , семантикалық картамен жұмыс:

есімдер

сөздер

Сан есім

Сын есім

Етістік

Зат есім


ойнады













доп













әдемі













төртеу













биік













оқушы













биледі













оныншы













сопақша













слты













лимон













үшеу













ІҮ. Жаңа сабақ. Оқулықпен жұмыс. 13-бет. 28- жаттығу. Суретке қарап әңгіме құрастыру.

29-жаттығу: Сөйлемдерді оқып, қарамен жазылған сөздерге сұрақ қою.Бұл сөздер нені білдіреді.

Ү. Сергіту сәті: « Қимылды жаттығу» әуенмен.

32-жаттығу. Суреттегі заттарды салыстыру. Венн диаграммасын пайдалану.

алма қияр

ҮІ. Рефлексиялық жаттығу.

Сөздерді оқу. Осы сөздердің тиістісін пайдаланып, сыныптағы бір оқушыға мінездеме бер. Дәптерлеріне жазады.

Әдепті, мейірімді, жалқау, ұқыпты, дөрекі, үздік.

ҮІІ. Қорытынды: сабаққа өте жақсы қатысқан оқушыларды мадақтап,жинаған жұлдызша санына қарай жеңімпазды анықтау.

ҮІІІ. Бағалау.

Х. Үйге тапсырма: 30-жаттығу. Ережелерді қайталау.

26-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Сын есім

Сабақтың мақсаты:

  1. Сын есім туралы білімін тиянақтау; сөйлемнен, мәтіннен сын есімді табу дағдысын жетілдіру; сын есімнің зат есіммен байланысын анықтау; сөздік қорын молайту;

  2. Лексикалық білім, білік,дағдыларын арттыру; ой-өрісін, танымын арттыру;

  3. Ұлттық салт-дәстүрді насихаттау және оны құрметтеуге

тәрбиелеу.

Сабақтың типі: пысықтау сабағы

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, дидактикалық ойындар.

Көрнекілігі: мазмұнды суреттер

Құрал-жабдықтары: интербелсенді тақта.

Сабақтың барысы

I Ұйымдастыру кезеңі

ІІ Негізгі бөлім

Артығын тап

  • Жылқы, тай, құлын, ат, асау. Себебі, ол -сын есім, қалғандары -зат есімдер.

  • Дәмді, көже, тәтті, көңілді, әдемі.

  • Майлы, майлады, шегеледі, тойлады,жайнады.

V Сурет бойынша жұмыс

Суреттегі заттарды салыстырып, айырмашылығын сөйлем арқылы айт.



  1. Қызыл кітап жуан, ал сары кітап жіңішке.

  2. Пияз ащы, ал сәбіз тәтті.

  3. Түнде қараңғы, ал күндіз жарық болады.

Берілген сын есімдер заттың сапасын білдіреді деген қорытынды жасалады.

VI «Бір әріптің ізімен» дидактикалық ойыны

Берілген әріптермен сөйлем құрау, сөйлемде мүмкіндігінше сын есім болғаны жөн.

Мысалы, Әәәә -Әйгерім әдемі әңгелек әкелді.

Қққ, Ооо, Ссс,Ддд, Ттт, Еее,Жжж.

Ааа Ашулы арыстан ақырды. Бұл сөйлемдегі сын есім қандай? Ашулы деген сөзді басқаша қалай айтуға болады?

ашулы арыстан - ызалы арыстан

- Мұндай сөздерді қалай атайды? Мәндес сөздер, яғни мағынасы бір-біріне жуық сөздер дейді.

- Олай болса, оқулықтағы 2-жаттығуда берілген сын есімдерге мәндес сөздер тауып, үлгі бойынша жазайық.

Ашулы, ызалы; әдемі, сұлу; күшті, мықты; ақылды, білгір; мөлдір, тұнық; үркек, қорқақ.

Берілген сын есімдерден туынды сын есімдерді тап, туынды екенін дәлелде.

Ашулы, ызалы, күшті, ақылды.

(Жұрнақ арқылы жасалған.)



«Адасқан сөздер» дидактикалық ойыны

  • Орны ауысқан сөздерден сөйлем құрап жаз, сын есімдерді тап, астын ирек сызықпен сыз.

4 3 1 2

  1. Өсіп тұр,гүлдер, аулада, қызыл.

3 2 4 1

  1. Балды, аю, ұнатады, қоңыр.

4 3 2 1

  1. Озып келді, ат,жирен, бәйгеден.

2 3 4 1

  1. Қалаларда, метро, болады, үлкен.

  • Екінші сөйлемдегі сөздердің байланысын сызбамен көрсет.

  • Ол үшін не істеу керек?

  • Сөйлемдегі сөздердің байланысын сұрақ қою арқылы анықтаймыз.

  • Аю не істейді? Аю ұнатады. Нені ұнатады? Балды ұнатады.

Қандай аю? Қоңыр аю.

«Жұмбақ зат» ойыны

Бұл ойынның шарты бойынша көсетілген затты сынып тағы оқушылар түлі сөз таптарымен сипаттайды. Тақтаға шыққан бала жасырылған затты табуы тиіс. Алғашқы үш сөйлемге дейін тапқан бала жеңімпаз атанады.

Мысалы, шахмат тақтасы туралы оқушылардың берген сипаттамасы мынадай болды.

- Онда ақ, қара фигуралар бар. Ол төртбұрышты. Онда 64 тор көз бар.



Терезе, дөңгелек, жол белгісі, орамал жасырылды.

ІІІ Қорытындылау

Сын есім туралы не білеміз?



  • Сын есім заттың түрін-түсін, сапасын білдіреді.

  • Сын есімдерге қандай, қай деген сұрақтар қойылады.

  • Сын есім сөйлемде зат есіммен байланысады.

  • Сын есімнің негізгі, туынды түрлері бар.

  • Туынды сын есім жұрнақ арқылы жасалады.

ІҮБағалау, мадақтау

27- сабақ

Сабақтың тақырыбы: Сын есім.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Жаттығулар мен тапсырмалар орындау арқылы оқушылардың сын есім туралы алған білімдерін еске түсіру, тереңдету,бекіту.

Дамытушылығы: Оқушылардың сөздік қорын , шығармашылық қабілетін, сауатты әрі көркем жазу дағдысын жетілдіру, дамыту.

Тәрбиелігі: Тиянақтылыққа, ұқыптылыққа тілді құрметтеуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, кестелер, сызбалар.

Әдісі: СТО стратегиялары, топпен жұмыс, шығармашылық тапсырма.

Пәнаралық байланыс: математика, дүниетану, әдебиет

Сабақтың барысы:

І. Қызығушылықты ояту.

Психологиялық дайындық

Өнер алды-қызыл тіл


Анаңдай оны құрметте!
Қажымай,талмай үйрен,біл,
Асылын сөздің өрнекте.
Ана тіл-асыл қазына,
Байлығың-білсең ол сенің.
Жеткізер өмір жазына,
Сонымен өсер өркенің,

“Танысу “ тренингі

Әр оқушы өзінің атының бас әрпінен басталатын сын есім айта отырып өзін таныстырады. Мысалы: Әдемі Әйгерім

«Топтастыру» стратегиясы бойынша ой қозғау.


















Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет