Сабақтың тақырыбы: Жұрнақ пен жалғау



Дата19.12.2016
өлшемі54,61 Kb.
#4248
Сабақтың тақырыбы: Жұрнақ пен жалғау

Сабақтың мақсаты: Қосымшалардың жұрнақ пен жалғау болып бөлінетіндігі туралы алған білімдерін кеңейту, пысықтау. Түбір сөзге жұрнақ жалғатып, жаңа сөз жасату, сол сөздерге байланысты сөйлемдер құрату. Оқушылардың сөздік қорын байыту.

Сабақтың міндеттері: Білімділік: оқушылардың жұрнақ пен жалғау жайында алған білімдерін кеңейту;

Дамытушылық: қисынды ойлау, алған білім, білік, дағдыны қолдану дағдыларын дамыту. Сөз, сөздердің жазылуы туралы алған білімдерін дамыту.

Тәрбиелік: оқушыларды білімділікке, ұйымшылдыққа, еңбек сүйгіштікке, бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже: а) Оқушылар білуі тиіс: сөз, сөздердің жазылу емлесін, түбір мен қосымша туралы түсінікті білулері тиіс. Сонымен қатар, қосымшалардың жұрнақ пен жалғау болып бөлінетіндігін білулері тиіс. ә) Оқушылар игеруі тиіс: түбір сөзге алдымен жұрнақ, соңынан жалғау жалғанатындығын. Сөздерге жұрнақ жалғау арқылы сөз мағынасын өзгертуді игерулері тиіс. б) Оқушылар меңгеруі тиіс: жаңа сөз жасайтын қосымшалар мен сөздерді бір-бірімен байланыстыратын қосымшаларды бір-бірінен ажыратуды. Сөзді құрамына қарай талдауды меңгерулері тиіс.

Сабақтың типі: ашық сабақ Сабақтың түрі: пысықтау сабағы Қолданылатын әдістер: түсіндіру, миға шабуыл, анализ жасау, сұрақ-жауап, рефлексия. Көрнекі құралдыр: интерактивті тақта, слайд, үлестірмелі парақшалар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық. Сабақтың ұраны. Жабырқауды білмейміз, Жалқаулықты сүймейміз, Біз талантты жас ұлан, Үлгі аламыз жақсыдан. Балалар ұранымызда айтылғандай бүгінгі сабақта әрқайсымыз өткен тақырыптар бойынша өзіміздің алған білімдерімізді көрсетейік.

ІІ.Ой ашар. Үй тапсырмасын тексеру.

«Қысқы еңбек» тақырыбына әңгіме құрау. Миға шабуыл. Өткенді қайталау. Ерте-ерте ертеде, бір-бірінен өткен ағайынды үш жалқау болыпты. Бар бітіретіндері бас көтермей ұйықтау екен. Бір күні оларға сонау алыстан сәлемдеме келеді. Сәлемдемені олар «Сен ал, сен ал» деп біріне-бірі сілтейді. Сендердің жалқауларға келген сәлемдемені алғыларың келе ме? - Иә, алғымыз келеді. - Ендеше бұл сәлемдемені алу үшін алдымен қазір мен оқитын жұмбақтардың шешуін тауып, шешуіндегі сөздерді сөз құрамына талдауларың қажет. Дайынсыңдар ма? - Дайынбыз. 1. Бойлаған сайын тереңге, Шығасың биік белеске. (Білім)

2. Есіктен кіреді, Төрге қарай жүреді. (Суық) 3. Сақалы жоқ шашы бар, Бет-аузы жоқ басы бар. Белін бекем байлаған, Қоқысты қоймай айдаған. (Сыпырғыш) Жұмбақтың шешуін тапқан балалар тақтаға шешуі болған сөздерді құрамына қарай талдайды. - Сонымен естеріңе түсті ме, қосымша дегеніміз не? - Түбір сөз дегеніміз не? - Жұрнақ деген не? - Жалғау деген не?

ІІІ. Жаңа оқу материалын тысықтау. (Оқулықпен жұмыс. Дәптермен жұмыс) 340-жаттығу. Мәтінді түсініп, мәнерлер оқиды. Бір оқушы тақтаға шығып, қарамен жазылған сөздерді құрамына қарай талдайды. Оқушыларға қосымша тапсырма айтылады. Шоқан туралы не білесің? Оқушылар білгенін айтады мұғалім толықтырады. 341-жаттығу. Мәтінге ат қойылады. Бір оқушы тақтаға шығып орындайды. Басқалары да дәптерлеріне көшіріп жазады. Қар деген сөзді сұрақтардың ретіне қарай өзгертіп жазады. - Балалар, қар сөзіне жалғанған қосымшалар жалғау ма жұрнақ па? - Жалғау. - Не себепті жалғау деп ойлайсыңдар? - Себебі ол сөз мағынасын өзгертпей, сөз бен сөзді байланыстырып тұр. 342-жаттығу. Оқушылар бірігіп ребусты шешеді. Шешуінде шыққан балықшы деген сөзді қатыстырып сөйлем құрайды.

Сергіту сәті. (электронды) 343-жаттығу. Түбір сөздер мен жалғауларды бір-бірімен сәйкестендіріп түбірге қосқандардың жалғау екендігін дәлелде.

Наурыз ді Бала ға Қала ның Көмір да

IV. Рефлексия -бағалау кезеңі. - Қазір балалар біз сендермен мынандай логикалық жұмбақтарды шешеміз. Жақсылап ойланып жауап береміз. 1. Екі әріптен құралып, Жүруші едім мал болып. Жалғанды да бір әріп, Шыға келдім шал болып. (ат - ата) 2. Үш әріптен құралып, Ұшып жүрген құспын, «Ақ» жұрнағын жалғасаң, Бір ұлт болып шықтым. (қаз - қазақ)

3. Алғашқыда балық аулар, Балықшының құралы едім. Жалғанды да бір әріп, Бәрің жұтар не болдым? (ау - ауа)

V. Қорытындылау. - Сабағымызды қорытындылау үшін қазір мен сендерге, конверттер таратып беремін, конверттерде әріптер бар. Әріптерді пайдалана отырып сөздер құрастырасыңдар, сөздің түбірі мен қосымшасын ажыратасыңдар. 1. Балапан 2. Өрмекші 3. Суретші 4. Қыста 5. Оқуды 6. Алманы 7. Қағазға 8. Айна 9. Орындық 10. Өнерлі - Сонда балалар, сендердің құрастырған сөздеріңе нелер жалғаныпты? - Жұрнақтар мен жалғаулар.

VI. Үйге тапсырма беру. 344-жаттығу.

VII. Бағалау.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2015
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Абай және кітапхана
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Абайтанушы
2015 -> Абайдың ақын-шәкірттері Ақылбай Абайұлы
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты
2015 -> 1961 жылы 12-сәуiрде Юрий Гагарин «Восток» кемесiмен ғарышқа ұшты Юрий Гагарин
2015 -> Абай және кітапхана


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет