Сүйіспеншілігі алдымен ата-ананың ықпалы мен қалыптасады. «Дәулет есіктен, ақыл бесіктен кіреді»



Дата27.04.2020
өлшемі17,71 Kb.
#64911
Байланысты:
сынып сагат


Тақырыбы: " Отбасы бақыт аясы"
Сәлеметсіздерме оқушылар мен мұғалімдер. Бүгінгі біздің сынып сағатының тақырыбы "Отбасы бақыт аясы". Тәрбие – отбасынан басталады, болашақ ұрпақтың еліне, Отанына деген сүйіспеншілігі алдымен ата-ананың ықпалы мен қалыптасады. «Дәулет есіктен, ақыл бесіктен кіреді» демекші білім бесігі мектептен, тәрбие бесігі отбасынан бастау алады. Отбасының екі тірегі-әлпештеген әке мен аялаған ана. Ата-анаға үлкенге қызмет етіп, әкеңнің еңбегін, анаңның ақ сүтін өтеу-біздің борышымыз. Бүгін біз «Отбасы-аялы алақан мекені» тақырыбындағы тәрбие сағатымызда Бала тәрбиесі, оның жан-жақты дамуы бағытында өз ойымызды ортаға салмақпыз. Отбасы-адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Адам баласы шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап сол ортаның ыстық-суығына бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер  жетеді. Отбасы мүшелерінің  жауапкершілігі толығымен еразаматқа жүктеледі. Баланы өсіріп тәрбиелеу – әйел  ананың тікелей міндеті.

Біз бүгін соған арнап тақпақтар, жұмбақтар ойнаймыз. Бірінші оқушылар тақпақтарын айтып алсын.


1-оқушы Назерке

Отбасы-ол,Отаным бақ мекені,
Хақ тағала қияды ақ некені.
Отбасы-бір мемлекет шағын ғана,
Одан ұлы елдер де қап кетеді.

2- оқушы Ершат


Отбасы тату бір ел тұнып тұрған,
Қамқор ата-аналар билік құрған.
Анаң мейір-шапағат нұр төгуші,
Əкең қамқор қолдаушың,алып тұлғаң.

3-оқушы Жансая


Бауырларым мақсаттары ұштасқан,
Жұлдызы боп жайнайды түнгі аспан.
Сағынысып бір-бірін іздейді олар,
Əуелі өзгелерді бір құшпастан.

4-оқушы Елдос


Əкең бақыт,береке бастамасы,
Жүрегі шаңырақтың астанасы.
Əкеміз бола білсін Ұлы патша,
Балалар болсын оның жас қаласы.

Жүргізуші

Ата – анам – өмірдегі ең қымбат адамдарым. Олар мені жақсылыққа әдептілікке, адамгершілікке тәрбиелейді. Сабақта да, үйде де ұқыпты, тәртіпті, саналы бала болса екен деп тілейді. Әсіресе,”Түп қазығың - Отаның, ар - намысың - тілің, кәусар бұлағың - ұстазың, қамқоршың - әкең, ақылшың – анаң” деген сөздері қөңілімде жатталып қалыпты.Ал енді маған мына сұраққа жауап беріңдер,дұрыс жауапқа ұпай беремін.


1.Балдан тәтті не? (бала)

2.Шаңырақ иесі кім? (кенже ұл)

3.Балаға кім сыншы? (ата-ана)

4.Әкеден балаға беріледі (мұра)


5.Үйде кім, елде кім қадірлі (үйде қонақ, қарт, бала қадірлі; елде әкім, ұстаз
қадірлі.)

6.Үйдегі алтын қазық кім? (ана)


7.«Ұл атадан көрмейінше сапар шекпес» кімнің нақыл сөзі? (Қорқыт ата)
8.Қаз да емес, үйрек те емес,
Дастарханда болмайды
Бірақ барлық адам дәм татқан (ана сүті)

жүргізуші: Оқушылар өлең жолдарын жалғастырсын;

5- оқушы Әлімжан

Тəрбиенің бастауы ыстық ұя ,
Біз құрақпыз,ата-ана бір дария.
Ғылым білген ғалым да тағзым етер,
Отбасы,ошаққасы,ол-жанұя

6-оқушы Айдана


Том тарихты ақтарсаң Абай өскен,
Шаңырақтан жылылық желдей ескен.
Тəрбие мен бірліктің туы биік,
Татулық шықпасыншы үнемі естен

7-оқушы Мухаммед


Ұлт рухының айнасы саналатын,
Ол жаңарса мемлекет жаңаратын.
Отбасының байлығы ата-ана,
Қадірлейміз олардың ғазал атын!

Енді жұмбақтар жасырамын кім шешуін табады соған бір ұпайдан беріледі.

Ойын шарттары түсінікті болса ойынымызды бастайық.
1.  Маған да, саған да,
 Жақын туыс бес адам.
 Үш әріптен тұратын.
 Онға оқы, солға оқы
 Өзгермейді еш одан.
 Бәрі-де өз жұртың
 Айтады, қане кім атын? (ана, апа, аға, іні, ата)

2. Айтары мол ғұлама,


Көп жасасын бұл адам,
Әкесі ол әкеңнің
Білер оны сұраған.
Ол кім?  (ата)

3. Атаңның баласы,


Кей кезде таласып.
Қаласың әжеге
Білгенің асады кәдеге.
Ол кім? (әке)

4. Бала бала, бала деп,


Түнде шошып оянған
Түн ұйқысын төрт бөліп
Түнде бесік таянған.
Қолын қатты тигізбей,
Кірлі көйлек кигізбей.
Иісін жұпар аңқытқан.
Бұл кім? (ана)

5. Дегенімді жасайтын


Қалған тамағымды асайтын
Ертіп алып жетектеп
«Немерем» – деп атайтын? (әже)

Қорытындылау
- Біз бүгін өзімізге ең жақын, ең қымбат анамыз, қамқор әкеміз, қайырымды ата - әжеміз, аға - әпкеміз, іні - қарындасымыз туралы айттық. Отбасы – ол ең жақын адамдардың ошағы. Әрқашан отбасы мүшелерін сыйлап, құрметтеу керек.Зейін қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет