Сынып: 5
Пәні: қазақ тілі
Күні:
Сабақтың тақырыбы: Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар
Сабақтың мақсаты:
Сабақтың білімділік мақсаты: оқушыларға буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар жайында мәлімет беру.
Сабақтың дамытушылық мақсаты: оқушылардың ойлау қабілетін сабаққа деген қызығушылығын арттыру және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін, жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері : талдау, баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі: дидактикалық материалдар
Сабақтың формасы: топпен, сынып ұжымымен жұмыс атқару.
Сабақ барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу, оқушыларды түгендеу, назарын сабаққа аудару.
Психологиялық дайындық
«Жүректен жүрекке» оқушылар бір – біріне жылы лебіздерін білдіреді.
II. Үй тапсырмасын тексеру:
Күн сәулесі арқылы үй жұмысын тексеру.
III. Жаңа сабақ
Қазақ тіліндегі қосымшалар негізінен буын үндестігіне бағынып жалғанғанымен, біраз қосымшалар бұл заңдылыққа бағынбайды.
Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар мыналар:
Көмектес септік жалғау. Мысалы: баламен, қонақпен, күрекпен т.б.
Нікі, дікі, тікі, тай, тал, дар, еке, тар. Мысалы: даланікі, әкетай, діндар, ағаеке, өсімтал т.б.
Бей, би, кер, гер, қор, паз, қой, кеш, хана, кес. Мысалы: бейшара, балгер, жемқор, әсемпаз, сәнқой, арбакеш, емхана т.б.
Ов, ова, ев, ева, ин, ина. Мысалы: Жұмабаев, Әуезов , Жұмағазина т.б.
IV. тапсырма
Мына сөздерге қосымша жалғап жазу.
Ауыл Жұмыс өгіз Әсет төсек
Әсем айла талғам Арулан Ануар
Сән Мектеп шикі қой шыбық
Қала шек образ кілем қалам
«Адасқан буындар»
Оқушыларға буындар беріледі сол буындарды дұрыс қосудың нәтижесінде бір сөз шығады.
«Сәлемдесу» ойыны: Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен тез-тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен… қолмен… иықпен… құлақпен… тіземен… иекпен… өкшемен… арқамен.
«Мәтінмен жұмыс»
Оқушыларға мәтін беріледі сол мәтінді буынға бөліп жазу.
Қайсар
Елдің жайлауға беттейтін, не жайлаудан құлайтын кезі емес, мезгілсіз шұбырған бұл қай ел?
Мөлдір
Ол үшін мен сіздерге өзім орындайтын бағдарлама ұсынамын.
Ақнұр
Бұл елдің салты бойынша мұндай ауыр көшті не сақалды қариясы.
Арулан
Денсаулығыма зиян келтірмеймін.
Ануар
Отанымды жақсы көремін.
«Ойлан, тап»
Оқушыларға дұрыс буынға бөлінбеген сөздер беріледі. Оқушылар сол сөздердің қасына дұрыс сөздерін жазып отыруы керек.
«Талдау»
Фонетикалық талдау
Отан, Кітапхана, ауылдікі, діндар, балгер.
«Суретпен жұмыс »
Оқушылар суретке қарап мәтін құрайды. Сол мәтінді буынға бөледі. Буын үндестігіне бағынбайтын сөздер болса қарандашпен түртіп қою.
«Бекіту»
Үндестік заңына бағынбайтын сөзді көрсетіңіз.
А) Іскер В) Қайраткер С) Қолғанат Д) Қуанышты Е) Саяхат
Буын үндестігіне бағынбайтын сөзді табыңыз.
А) Орман. В) Өнер. С) Жазушы. Д) Мектептер. Е) Қолөнер.
Буын үндестігіне қарай жалғанатын қатаңнан басталатын көптік жалғауларды көрсетіңіз.
А) –мен, -пен В) –ның, -нің С) –сыз, -сіз Д) –мын, -мін Е) –тар, -тер
Буын үндестігі сақталмаған сөзді көрсетіңіз.
А) Оқушы. В) Орман. С) Ғарышкер. Д) Мектеп. Е) Дәптер.
Буын үндестігіне бағынбай тұрған біріккен сөздерді табыңыз.
А) Бірсігүні, ендігәрі. В) Сарыарқа, Талдықорған. С) Ақсуат, Сарысу. Д) Көкшетау, Екібастұз. Е) Халықаралық, өнеркәсіп.
Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаларды ата?
Буын үндестігі бойынша жіңішке буынды сөздерді көрсетіңіз.
А) ағартушы В) ғалым, батыр С) сыншы, шаңырақ Д) теңіз, ұйым Е) билік, әділдік
Үндестік заңына бағынбайтын сөзді көрсетіңіз.
А) күзен В) жыртқыш С) ақбөкен Д) тоқылдақ Е) құр
Үндестік заңына бағынбайтын қосымшасы бар сөзді табыңыз.
А) Үйге В) Балалар С) Талапты Д) Ағаштікі Е) Мектепте
Буын үндестігіне бағынбай тұрған сөзді көрсетіңіз.
А) Қаламгер, баламен. В) Қаламдар, қыздар. С) Жазушы, суретші. Д) Көлдер, өзендер.
Е) Тауды, ұшқыш.
Үндестік заңына бағынбайтын қосымшасы бар сөздерді табыңыз.
А) бақытты, өнерлі В) сауатсыз, кешірімді С) суретші, үйлер Д) ұстаздан, өмірде Е) таудікі, даланікі, жұрттікі
Үндестік заңына бағынбайтын қосымшалы сөзді белгілеңіз.
А) Арманды. В) Ертеңгіміз. С) Үшінші. Д) Қарашашпен. Е) Балаға.
Үндестік заңына бағынбайтын қосымшаны табыңыз.
Үйге тапсырма:
322 жаттығу. Бет 151
Оқушылардың білімін бағалау:
VI. «Кім тауып оқи алады?»
Берілген тапсырманы дұрыс шеше алсаңыз мақал-мәтел шығады (Жауабы: Оқу – білім азығы)
Дөңгелекке бір мақал жазылған. Оны сағат тілінің бағыты бойынша екі әріптен қалдыра отырып оқысаң, табасың. Ол не деген мақал? (Жауабы: Қарманған қарап қалмас)
Оң қолымды көтерем,
Оң қолымды түсірем,
Сол қолымды көтерем.
Сол қолымды түсірем.
Оңға қараймын,
Аяқты топ-топ басамын,
Солға қараймын.
Біраз сергіп аламын.
VII. Ойлан, тап.
Венн диаграммасы
Дауысты дыбыстар
Ортақ қасиеттер
Дауыссыз дыбыстар
Өкпеден шыққан ауа кедергіге ұшырамайды, тілдің, жақтың, ерін мен езудің қатысына қарай бөлінеді.
Үннен тұрады. Буын құрайды.
Фонетика саласында қарастырылады. Дыбыстау мүшелері арқылы жасалады.
Өкпеден шыққан ауа кедергіге ұшырап шығады. Қатаң, ұяң, үнді болып үшке бөлінеді. Салдыр мен үннен жасалады.
VIII. Деңгейлік тапсырмалар:
Мәтіннен дауыссыз дыбыстардың астын сыз.
Абай – өз заманының жаршысы. Оның шығармалары – сол заманның шежіресі. Оларда сол кездегі қазақ қауымының тұрмыс – тіршілігі барлық ерекшеліктерімен, тек өзіне ғана тән белгі – бедерімен, өзіндік бояу өрнектерімен мейлінше айқын да толық бейнеленген.
IХ. Ойлан, тап.
1. Жіңішке дауысты дыбысты көрсетіңіз.
А) ы В) а С) о Д) у Е) ә
2. Жуан дыбыстарды көрсетіңіз.
А) І, Ы,Е, И. В) Е,И,У,О. С) А,О,Ұ,Ы. Д) А,Ғ,Ө,Ұ. Е) О,Ө,Ұ,Ү.
3. Жіңішке буынды дәм атауын көрсетіңіз.
А) Күшті, үлкен. В) Ащы, қышқыл. С) Семіз, ерен. Д) Тәтті, дәмді. Е) Тұзды, қатты.
4. Дауысты дыбыстардың жақтың қатысына қарай жіктелетін түрлерін көрсетіңіз.
А) жуан, жіңішке В) еріндік, езулік С) ұяң, қатаң Д) ашық, қысаң Е) үнді, жуан
5. Дауысты дыбыстардың еріннің қатысына қарай жіктелетін түрлерін көрсетіңіз.
А) жуан, жіңішке В) қысаң, ашық С) үнді, ұяң Д) еріндік, езулік Е) қатаң, ұяң
5. Сөздің басында жазылмайтын әріпті көрсетіңіз.
А) ғ В) ң С) ы Д) ә Е) қ
дыбыстарды көрсетіңіз.
6. Қазақ тіліне тән дыбыстарды табыңыз.
А) ж,ң,н В) й,і,ә С) р,д,у Д) а,е,ы Е) ғ,қ,һ
7. Қанша дауыссыз дыбыстар бар?
А. 12
Б. 13
С. 25
Д. 24
8. Дауыссыз дыбыстар неден тұрады?
А. Үннен
Б. Үн мен салдырдан
С. Антонимнен
Д. Омонимнен
9. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?
А. 2
Б. 4
С.3
Д.5
10. У дың қандай ерекшелігі бар?
А. Дауысты дыбыс
Б. Дауыссыз дыбыс
С. Салдыр
Д. Дауыссыз дыбыс, дауысты дыбыс, жіңішке, жуан бола алады.
Х. Бекіту жұмыстары:
Фонетика нені зерттейді?
Дауыссыз дыбыс дегеніміз не?
Неше дауысты дыбыс бар?
Дауыссыз дыбыс нешеге бөлінеді?
Қазақ тілінде қанша әріп бар?
ХI. Оқушылардың білімін бағалау:
Сынып: 5
Пәні: қазақ әдебиеті
Күні:
Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. «Әдебиет-асыл сөз»
Сабақтың мақсаты:
Сабақтың білімділік мақсаты: оқушылыарға «әдебиет-асыл сөз» жайында мағлұмат беру.
Сабақтың дамытушылық мақсаты: оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: оқушыларды тәрбиелікке, адамгершілікке, адалдыққа, инабаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері : талдау, баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап
Сабақтың формасы: Жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс атқару.
Сабақ барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу, оқушыларды түгендеу, назарын сабаққа аудару.
II. Үй тапсырмасын тексеру:
Бастауыш сыныпта өткен тақырыптарды еске түсіреміз.
III. Жаңа сабақ.
«Әдебиет»-араб сөзі. Оның қазақша мағынасын халқымыздың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынұлы «асыл сөз» деп айтуға болады деген. Сөздің асыл болуы неден деп ойлайсыңдар? Оны сендер мынадан аңғара аласыңдар. Сөзді жалаң түрде айтқанда, айтушы сөзінің дұрыстығын, дәлдігін мақсат етеді. Сөзді асыл түрде айтқанда, көбінесе сүйіндіретін, қызық болып, көңілге ұнауына күш салынады, яғни сөздің асыл болуы оның адамға ұнауымен байланысты екен. Жалаң сөз дүниені тұрған қалпында айтады, асыл сөз дүниенің тұрған қалпына айтады, асыл сөз дүниенің тұрған қалпына қиял мен сезім, көңіл күй қосып, жандандырып, әсемдеп, әсерлеп айтады. Мысалы, жыл мезгілі қыс туралы «Суық қыс келді» деп жай сөзбен ғана айтуға болады. Өздеріңе жақсы таныс «Қыс» өлеңінде Абай:
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап келіп қалды,-
деп, қысты көркемсөзбен жандандырып, сипаттарын күшейтіп, әсерлеп, адам бейнесінде суреттейді. Суық қыс сықырлап жаныңа келіп қалғандай сезінесің, көңіл күйіңе адам сияқты әсер етеді. Асыл сөздің құдіреті дегеніміз, міне осы!
Көркем әдебиеттің әр түрін жақсы танып білген оқушының көркем шығарманы дұрыс түсінуге дайындығы болады. Бесінші сыныпта біз оның өлең, дастан, әңгіме, повесть, роман сияқты түрлерін білетін боламыз.
Сондай-ақ әдебиеттің терең арнасы-ауыз әдебиетінің үлгілерімен де танысамыз. Сөйтіп әдебиеттің әр түрін біліп, көркем әдебиет туралы тұтас ұғым аламызү Көркем әдебиет үлгілерін оқу арқылы біз өзіміздің ішкі рухани қазынамызды байыта түсеміз. Білімнің және адамгершілік қасиеттердің жаңа биіктеріне шығамыз. Дұрыс оқып, сауатты жазуға одан әрі жаттығамыз. Кітап біздің ажырамас досымызға айналатын болады.
IV. Бекіту жұмыстары:
«Әдебиет» қай тілден шыққан?
«Әдебиет» сөзінің қазақша мағынасын кім айтқан?
«Әдебиет» сөзінің беретін мағынасы қандай?
V. Үйге тапсырма:
Әдебиет-асыл сөз мазмұндау
VI. Оқушылардың білімін бағалау:
Сынып: 5
Пәні: қазақ тілі
Күні:
Сабақтың тақырыбы: Ойдың берілу тәсілдері , баяндалуы, сипатталуы, талдау.
Сабақтың мақсаты:
Сабақтың білімділік мақсаты: дұрыс құрылмаған мәтінді қайта құру арқылы сөйлемдердің байланысын көрсету. Мәтіннің тақырыбы мен ондағы негізгі ойды анықтау.
Сабақтың дамытушылық мақсаты: оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: ұйымшылдыққа, адамгершілікке, еңбекқорлыққа, адалдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері : талдау, баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап
Сабақтың формасы: Жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс атқару.
Сабақ барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу, оқушыларды түгендеу, назарын сабаққа аудару.
II. Үй тапсырмасын тексеру:
Мәтін тақырыбын мазмұндау.
18-жаттығу. бет 11
Тапсырма. Мәтінді оқып, онда сипатталған құбылыстарды атаңдр.
Мәтін қанша абзацтан тұратынын айтып, әр абзацтағы айтылған ойға түсінік беріңдер.
Тақырыпты ашуға негіз болған тірек сөздерді табыңдар және оны ғылым тілі деуге бола ма? Ойларыңды толық жеткізіңіздер.
Тропиктік аймақ
Глобусқа қарашы. Дәл ортасында солтүстік және оңтүстік жарты шарларға бөліп тұрған белдеу сызықты көріп тұрсың ба? Ол-экватор. Ал экватордың жоғарғы және төменгі жағында нүкте-сызықтармен белгіленгшен тағы екі белдеу бар. Олар-Жердің тропикалық белдеуінің шекарасы. Ең ыстық жер-осы. Онда ормансыз жазықтар-саванна да, қуаң дала да бар.
Тропикалық нөсерден кейін саванналар қаулап өскен қалың шөптің астында қалады. Мұнда биіктігі кісі бойындай қатқыл піл шөбі өседі. Әр жерде ағаш та кездеседі.
Ыстық жақта таңғажайып тропикалық ормандар бар. Орман іші қапырық, ыстық. Төбеңді тұтасқан қалың ағаш бүркеп тұрғандықтан, онда күндіздің өзінде қараңғы болады.
(«Негеш» кітабынан)
III. Кітаппен жұмыс
20-жаттығу. бет 12
Тапсырма. Мәтіннің тақырыбын мазмұннан айырып алыңдар.
Түсіндірме мәтіндерде айтылғандарды біліп алыңдар.
Мәтіндегі мақал-мәтелдерді теріп жазып, қанша сөзден тұратындығын анықтаңдар.
Ала жіп аттамау. Қазақ дүниетанымында ала жіп туралы әртүрлі ұғымдар мен түсініктер бар. Мысалы, баланың тұсауын кескенде, адамдар қатты ренжіскенде, тағы басқа әдет-ғұрып қағидаларында «ала жіп» бейнесі қолданылады. Соның бірі-«ала жіп аттамау» деп аталады және ол адалдыққа, адамгершілікке сай қолданылатын теңеудің бір түрі болып саналады. Бұл теңеу «ешкімге қиянат жасама, біреудің мал-мүлкін ұрлама» деген терең мағынаны білдіреді. Біреудің «мен ешкімнің ала жібін аттаған жоқпын» деген сөзі оның адалдығын білдіреді.
Аманат. Аманат-бір адамның екінші біреуге сақтауға берген бағалы заттары. «Аманат» аман деген сөзден шыққан болуы мүмкін. Аманатты сақтау және оны мезгілінде тапсыру зор адамгершілікке жатады. «Аманат-аман сақтайды » дейді халық. Аманатқа қиянат жасамайды. Ол өте ауыр күнә деп есептеледі. Аманаттың бұрын ел арасындағы қатынаста да үлкен мән-маңызы болған. Көбінесе, ол бірлік, татулық, бітім жолына қызмет еткен. Ерте кезде жауласуышы екі ел татуласқан кезде кепілдеме ретінде аманатқа адам да қалдырып кететін болған.
(«Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары»кітабынан)
IV. Проблемалық әдіс
Бақытжан мен Қазбек әңгімелесіп отыр еді. Бір кезде түтіннің иісін сезді. Орындарынан тұрып жан - жағына қарады. Көрші үйдің қорасы, өртене бастағанын көрді. Екеуі солай қарай жүгірді.
Өртке кінәлі кішкентай балалар болып шықты. Екі бала өртті сөндіруге кірісті.
Екі баланың ісіне ел риза болды.
1. Бұл тыңдағандарың не?
2. Мәтінде неше сөйлем бар?
3. Әр бөлік неден басталған?
4. Сөйлемдер бір - бірімен байланысып тұр ма?
5. Мәтінге қандай ат қоюға болады?
6. Мәтіндегі негізгі ой қандай?
V. Адасқан сөйлемдер (ойын)
Орны ауыстырылып берілген сөйлемдерден мәтін құра.
Ауасы таза бөлменің. Үлкен терезелері оның. Менің – мынау бөлмем. Жақта оң тұр төсегім төсегім . жақта сол қойылған , орындықтар үстелдер.
VI. Шығармашылық жұмыс
Оқушылар еркін тақырып таңдап мәтін құрау.
VII. Бекіту жұмыстары:
Әдеби тіл дегеніміз не?
Ана тілінің неше қызметі бар?
Дүниежүзінде шамамен қанша тіл бар?
Мәтін дегеніміз не?
VIII. Үйге тапсырма:
«Менің жанұям» тақырыбына мәтін құрау.
IХ. Оқушылардың білімін бағалау:
Сынып: 5
Пәні: қазақ тілі
Күні:
Сабақтың тақырыбы: Мәтіннің құрылысы
Сабақтың мақсаты:
Сабақтың білімділік мақсаты: оқушыларға тақырыпты түсіндіріп, білімдерін жүйелеп жинақтау.
Сабақтың дамытушылық мақсаты: оқушылардың ойлау қабілеттерін, сөйлеу мәнерін, тілдерін дамыту, мәтін құрастыруға, мазмұнына лайықтап ат қоя білуге, байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: оқушыларды әдептілікке, адамгершілікке, адалдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері : талдау, баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап
Сабақтың формасы: Жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс атқару.
Сабақ барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу, оқушыларды түгендеу, назарын сабаққа аудару.
II. Үй тапсырмасын тексеру:
«Менің жанұям» тақырыбына мәтін құру.
III. Кітаппен жұмыс:
23-жаттығу. бет 14
Тапсырма. Төмендегі мәтінді оқып, оның тақырыбы мен негізгі ойын анықтаңдар.
Мәтінге ат қойыңдар.
Автордың сөзіндегі салыстырулар не үшін керек?
Мәтін құрастыру туралы ғалым қандай ой білгендерін айтыңдар.
Сөзден құрастырып әңгіме шығару үшін жұмсалатын зат-сөздер. Топырақтан иленіп кірпіш жасалған сияқты, дыбыстан құралып сөз жасалады. Кірпіштен қалап түрлі үй жасағаны сияқты, сөзден бірігіп түрлі әңгімелер айтылады. Үйдің түрлі болып шығуы-балшығынан, кірпішінен, әсіресе қалауынан болатыны сияқты, әңгіменің түрлі болып шығатыны-тілдің дыбысынан, сөзінен, әсіресе сөздің тізілуінен. Балшық жаман болса, кірпіші жақсы болмайды. Кірпіші жақсы болмаса, үй жақсы болып шықпайды. Бұл рас. Бірақ кірпіш жақсы болса да, қалауы жаман болса, онан жақсы үй шықпайды. Сол сияқты дыбыстың қосылуы жақсы болмаса, сөз құлаққа жағымды болып шықпайтыны рас. Бірақ тізуі жаман болса, дыбысы жақсы сөздерден де жақсы әңгіме шықпайды.
(А. Байтұрсынұлы)
25-жаттығу. 14 бет
Тапсырма. Төменде берілген өлең жолдарынан ойдың байланысына қарай шумақтарды қайта құраңдар. Осыдан шыққан мәтінге ат қойыңдар.
Құп, атажан, жүгіріп
Қарайын да санайын.
Қозыларға барайын.
Күркесіне иіріп,
Атасы мәз боп тұр күліп,
Деді, кетті жүгіріп,
Қызыл арай кешкі шақ.
Байғасқаны ертіп ап.
(Ө. Тұрманжанов)
26-жаттығу. 15 бет
Тапсырма. «Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту-бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту» деп жазды Бауыржан Момышұлы атамыз. Бауыржан Момышұлының ойын әрі қарай жалғастырып шығарма жазыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |