Сабақтың тақырыбы: Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар Сабақтың мақсаты: Сабақтың білімділік мақсаты



бет2/3
Дата20.06.2018
өлшемі291,31 Kb.
#43303
түріСабақ
1   2   3

IV. Бекіту жұмыстары:

Өтілген тақырып бойынша сұрақтар қоямын

V. Үйге тапсырма:

27-жаттығу. 15 бет

Тапсырма. Өлеңді мәнерлеп оқыңдар.

Автордың ойын жеткізіңдер.

Өз ана тілің, оның сөз байлығы туралы ойланып, өз пікірлеріңді айтып беріңдер.

Ана тілім

Сенің әрбір тынысыңмен күн кешем,

Сен арқылы тіршілікпен тілдесем.

Ел бетіне қалай түзу қараймын,

Ана тілім,

Егер сені білмесем.

Ана тілім-

Дана тілім, бақ тілім,

Сенсіз бақыт дүниеден тапты кім?

Сенсің менің қасіретім, шаттығым,

Сенсің менің тазалығым, пәктігім.

Ана тілім-

Алтын ұям, құндағым,

Ақ бесікте әлдиіңді тыңдадым.

Сенің жазың, сенің әнің айтарым,

Санам сөніп,

Байлағанша тіл-жағым!

(Н. Айтов)

Сынақ тапсырмасы. Ана тілінің қызметі жайлы мәтін құрастырыңдар.

VI. Оқушылардың білімін бағалау:

Сынып: 5

Пәні: қазақ тілі

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Абзац

Сабақтың мақсаты:

Сабақтың білімділік мақсаты: оқушыларға абзац жайлы мәлімет беру.

Сабақтың дамытушылық мақсаты: оқушылардың есте сақтау қабілеттерін арттыру.

Сабақтың тәрбиелік мақсаты: оқушыларды сауаттылыққа, әдептілікке, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері : талдау, баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап

Сабақтың формасы: Жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс атқару.

Сабақ барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу, оқушыларды түгендеу, назарын сабаққа аудару.

II. Үй тапсырмасын тексеру:

27-жаттығу. 15 бет

Тапсырма. Өлеңді мәнерлеп оқыңдар.

Автордың ойын жеткізіңдер.

Өз ана тілің, оның сөз байлығы туралы ойланып, өз пікірлеріңді айтып беріңдер.

Ана тілім

Сенің әрбір тынысыңмен күн кешем,

Сен арқылы тіршілікпен тілдесем.

Ел бетіне қалай түзу қараймын,

Ана тілім,

Егер сені білмесем.

Ана тілім-

Дана тілім, бақ тілім,

Сенсіз бақыт дүниеден тапты кім?

Сенсің менің қасіретім, шаттығым,

Сенсің менің тазалығым, пәктігім.

Ана тілім-

Алтын ұям, құндағым,

Ақ бесікте әлдиіңді тыңдадым.

Сенің жазың, сенің әнің айтарым,

Санам сөніп,

Байлағанша тіл-жағым!

(Н. Айтов)

Сынақ тапсырмасы. Ана тілінің қызметі жайлы мәтін құрастырыңдар.

III. Жаңа сабақ.

Абзац  (нем. absatz - шегініс) - қара сөздегі мәтіннің әр бөлімінің алдыңғы жолын тұтас қатардан сәл шегіндіріп бастау.

Бұл мәтіннің мағына жағынан бірыңғай тиянақты бөліктерін бір-бірінен ажырату үшін қажет. Логикалық мазмұн тұрғысынан мәтіннің бір тынысты кезеңін бөліп алып отыру, ой желісін дұрыс ширатып, өрбіте жүйелеуге өте ыңғайлы. Азат жол мәтіннің түсінікті, түйінді, тұжырымды болуына септігін тигізеді.



Сонымен қатар  Абзац  сөзі мынадай мағыналарды білдіреді:

  1. Бір азат жолдан екінші азат жолға дейінгі күрделі  синтаксистік  тұтастықты білдіретін  мәтін  бөлігі;

  2. Азат жол. Жаңа жолдан бастап жазуда оңға қарай жасалған шегініс.

IV. Шығармашылық жұмыс:

Бір суретті таңдап, сол суретке қатысты мәтін құру









Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет