Сабақтың тақырыбы: Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар Сабақтың мақсаты: Сабақтың білімділік мақсаты



бет3/3
Дата20.06.2018
өлшемі291,31 Kb.
#43303
түріСабақ
1   2   3
V. Бекіту жұмыстары:

Мәтін дегеніміз не?

Мәтіннің қандай түрлері бар?

Ауызекі сөйлеуге қатысты мәтіннің қандай ерекшелігі бар?

Жазбаша мәтін құраудың қандай ерекшелігі бар?

Мәтіннің тақырыбы бола ма?

Мәтін неден тұрады?

Мәтін қайда кездеседі?

Абзац деген не?

VI. Үйге тапсырма:

Кез келген бір тақырып таңдап мәтін құру.

VII. Оқушылардың білімін бағалау:

Сынып: 5

Пәні: қазақ тілі

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Сөйлем

Сабақтың мақсаты:

Сабақтың білімділік мақсаты: оқушыларға сөйлем туралы түсінік беру. Сөйлем құрау дағдыларын жетілдіру. Сөйлемдегі айтылып отырған ойды анықтай алу. Сөйлем соңына тиісті тыныс белгіні қоя алу.

Сабақтың дамытушылық мақсаты: ауызекі сөйлеу тілдерін, ойлау жүйесін дамыту. Жылдам, әдемі жазу дағдыларын қалыптастыру. Өз пікірін дәлелдей білуге үйрету.

Сабақтың тәрбиелік мақсаты: бір - бірімен қарым – қатынасқа түскен кезде орынды сөйлеуге, әр сөзді дұрыс қолдана білуге үйрету, ана тілін құрметтеуге, ұқыптылыққа, сауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері : талдау, баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап

Сабақтың формасы: Жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс атқару.

Сабақ барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу, оқушыларды түгендеу, назарын сабаққа аудару.

II. Үй тапсырмасын тексеру:

Кез келген бір тақырып таңдап мәтін құру.

III. Жаңа сабақ

Сөйлем – біршама аяқталған ойды білдіретін сөздер, я сөздер тобы.

Тиянақталған ойды ауызша да, жазбаша да білдіруге болады. Ауызекі сөйлеуде сөйлем мен сөйлемнің арасында кідіріс (пауза) болады. Жазуда бір сөйлем екінші сөйлемнен  нүкте,  сұрау  және  леп белгілерінің  бірімен айырылады.

Сөйлемдер айтылу мақсатына және дауыс ырғағына қарай  хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрықты  болып төртке бөлінеді.

IV Сергіту сәті
Мынау менің - жүрегім,
Бәрі осыдан басталған.
Мынау басым - ақылды,
Бәрін осы - басқарған.
Мынау менің - оң қолым,
Мынау менің - сол қолым.
Барлық істі атқарған.
- Балалар, сөйлем тақырыбының тыныс белгілеріне байланысты жұмбақ жасырамын, ал сендер ойлана отырып табыңдар.
1 - қатарға
Мен де сөзден тұрамын,
Сұраулы ойды құраймын.(Сұраулы сөйлем)
2 - қатарға
Өзім сөзден тұрамын,
Хабар мен нүкте жинағым. (Хабарлы сөйлем)
3 - қатарға
Қуану, ренжу, өкіну,
Мақсатым соны сездіру.
Ұранды да айтамын,
Қарқындап барып қайтамын. (Лепті сөйлем)
Дыбыстық талдау жаса.
1 - қатар --------------- 2 - қатар --------------- 3 - қатар
«Сөйлем» ------------ «Нүкте» ----------------- «Үтір»


V. Бес жолды өлең құрастыру.
Не? (1)
Қандай?(2)
Не істеді?(3)
Қайда болды?(4)
Сөйлем жаз.(5)

VI. Ойлан, тап:

Берілген сөздерден сөйлем құрап жазу.
1 - қатар
Сырғанақ, бірнеше, бала, теуіп жүр.
2 - қатар
Ақан, сырғанады, шанамен.
3 - қатар
Ол, айырылып, қалды, шанадан, абайсызда.

VII. Бекіту жұмыстары:

Сөйлем нені білдіреді?
Сөйлем неден құралады?
Сөйлемдегі сөздер қалай жазылады?
Сөйлемнің соңынан не қойылады?


VIII. Үйге тапсырма:

Сөйлем тақырыбын мазмұндау.

IХ. Оқушылардың білімін бағалау:

Сынып: 5

Пәні: қазақ тілі

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Сөйлем байланысы

Сабақтың мақсаты:

Сабақтың білімділік мақсаты: оқушыларға сөйлем байланысын ұғындыру.

Сабақтың дамытушылық мақсаты: Ана тілін қастерлеу, өз ұлтының ерекшелігін таныту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың тәрбиелік мақсаты: оқушыларды өз Отанын қорғауға, аялауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері : талдау, баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап

Сабақтың формасы: Жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс атқару.

Сабақ барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу, оқушыларды түгендеу, назарын сабаққа аудару.

II. Үй тапсырмасын тексеру:

Сөйлем тақырыбын мазмұндау.

III. Психологиялық дайындық:

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де,

Қуанайық, достарым,

Арайлап атқан күнге!

IV. Ойлан, тап.

1. Сөйлем түрлерін көрсет.

А. Әңгімелеу

Б. Хабарлы,сұраулы,лепті

В.Мәтін


2. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді.

А.үшке


Б.төртке

В.екіге


3. Дұрыс жазылған сөзді тап.

А.кійік


Б.кйік

В.киік


4.Сөйлемді аяқта. Айнур сабақ оқып .......

А.жүгірді

Б.отырды

В.тұрды


5.Мәтінді көрсет.

А.Оқушы отырды.

Б.Оқушы отырды. Машина жүрді.

В.Балалар баққа келді. Бұта түбінен қоянды көрді. Олар қоянды ұстап алмақ болды. Қоян қаша жөнелді.

Кітап суреті көрсетіледі. Бұл не? Кітап.

І қатарға сұрақ. Дыбыс дегеніміз не? Кітап сөзінде неше дыбыс бар? (ауызша дыбыстық талдау жасату)

ІІ қатарға сұрақ. Кітап қандай? Сөйлем дегеніміз не? (ауызша сөйлемді талдап өту керек)

ІІІ қатарға сұрақ.  Кітап неден жасалады? Сөйлем түрлеріне тоқталу.

Балалар кітап оқыды.

(Осы сөйлемде неше сөз бар? Олар қалай байланысып тұр?) Оқушылардың өздеріне талдау жасату арқылы ереже шығару)

Ереже. Сөйлемдегі сөздер бір-бірімен байланысып тұрады. Олардың байланысы сұрақ қою арқылы табылады.

Тапқырлық таныт айдары. Ой қозғау.


  • Кім әйнекті сындырмай көктеп өтеді?  Күннің сәулесі

  • Екеуі қатар тұрады, бірақ бірін – бірі көрмейді? Екі көз

  • Менің қалтам бос, бірақ ішінде бірдеңе бар. Ол не? Тесік

  • Қандай ағаш өсуін тоқтатады? Жаңа жылғы шырша

  • Өзі дыбыс шығармайды, дыбыстың бәрін жұтып жатады. Ол не?

IV. Бекіту жұмыстары:

Өтілген тақырып бойынша сұрақ қоямын.



V. Үйге тапсырма:

Өтілген тақырыптарды қайталау.



VI. Оқушылардың білімін бағалау:

Сынып: 5

Пәні: қазақ тілі

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Диктант «Шатыргүл»

Сабақтың мақсаты:

Сабақтың білімділік мақсаты: грамматикалық тақырыптардан алған білім деңгейлерін тексеру, оқушылардың тілдесім әрекеттерін арттыру, емле мен тыныс белгілері ережелерін сақтап сауатты жазуын арттыру.

Сабақтың дамытушылық мақсаты: оқушылардың көру, есте сақтау қабілетін дамыту арқылы қазақ сөздерін дұрыс жазуға үйрету

Сабақтың тәрбиелік мақсаты: бір-біріне бөгет болмай, жазба жұмысын жазудағы тәртіпті қатаң сақтауға баулып, табиғатты сүюге, қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: білімді тексеру сабағы (жазба жұмысы)

Сабақтың әдіс-тәсілдері : баяндау, талдау, сұрақ-жауап.

Сабақтың формасы: Жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс атқару.

Сабақ барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу, оқушыларды түгендеу, назарын сабаққа аудару.

II. Үй тапсырмасын тексеру:

Өтілген тақырыптарды қайталау.



III. Диктант

Шатыргүл

Шатыргүлді халық күнменен кіндігі бір-«күн сүйгіш» деп те атайды. Шынында ол күн сүйгіш. Күн сәулесін ғана сүйеді. Оның бетін күн ашады. Жүзін таңғы мөлдір де жас күн нұрымен жуады. Ертеңгі таза ауада таранып, күн шуағына буланып, сыланады, сұлуланады. Күн жоқта шатыргүл де жоқ. Күнсіз жерде шатыргүл жұрттан жүзін жасырады, көрсетпейді.

Шатыргүл, күнбағар сияқты, күнге құмар. Күннен көзін алмайды. Оған өмір беретін, сұлулық оралып, мың бұрылып, күнге алақанын жайып, аспандай өсуді арман етеді. Жаны биікті сүйеді. Кейде сонау биік теректің басына өрмелеп шығып, ашылып тұрған шырмауық гүлін көріп, қайран қаласың. Талаптыға талас жоқ! Ол мұратына жетеді.

(Ө. Тұрманжанов)

IV. Грамматикалық тапсырма:

Ертеңгі таза ауада таранып, күн шуағына буланып, сыланады, сұлуланады.

Дауысты дыбыстарды бір бөлек, дауыссыз дыбыстарды бір бөлек жазыңдар.

V. Бекіту жұмыстары:

Шатыргүлді халық қалай атайды?

Шатыргүл нені сүйеді?

Күн жоқта шатыргүл бар ма?

Шатыргүл неден көзін алмайды?

VI. Үйге тапсырма:

Өтілген тақырыптарды қайталау.



VII. Оқушылардың білімін бағалау:

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет