Астана қаласының Білім басқармасы Баяндама Тақырыбы: «Информатика сабағында жаңа озық технологияларды жан-жақты қолдану арқылы оқушылардың шығармашылық икемділігін дамыту»



Дата11.02.2020
өлшемі152,17 Kb.
#57792
Байланысты:
00004841-ecff99a3
маржан, маржан, Инклюзив, Адам және әлем, Inf kabPasword (1), 1234696, Жасыл-сары-қызыл кесте есебі, docx1581060230, docx1581060230, docx1581060230, Жасанды интеллект, 2017анықтамалар


Астана қаласының Білім басқармасы

Баяндама

Тақырыбы:

«Информатика сабағында жаңа озық технологияларды жан-жақты қолдану арқылы оқушылардың шығармашылық икемділігін дамыту»

Манасбаева Г.С

№ 49 орта мектеп

физика және информатика пәндерінің мұғалімі

2015 ж

Тақырыбы: «Информатика сабағында озық технологияларды жан-жақты қолдану арқылы оқушылардың шығармашылық икемділігін дамыту»

Мақсаты: Өз бетінше дами алатын, жеке шығармашылық тұлғаларды қалыптастыру.

Міндеттері:

Шығармашылық тапсырмалар беру арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Технологияларды тиімді қолдану арқылы оқушының компьютерлік сауаттылық мәдениетін қалыптастыру.

Сыни тұрғыдан ойлауға,өз бетінше ізденіп алған білімін тиімді пайдалануға

дағдыландыру.

«Ұшам деген қанатқа-дүние кең» демекші қазіргі таңда білім саласында мұғалім және оқушы үшін де мүмкіндік өте мол.

Оқытудың жаңа технологиясын пайдалану-сапалы білім негізі.Қандай салада болмасын жұмыстың нәтижесі әрине сапамен өлшенеді. Сапалы оқыту және өздігінен мұғалімнен тәуелсіз оқып білім алуға баулу арқылы оқушылардан өз мақсатына қол жеткізе алатын білім алуға бейімделген азамат тәрбиелеуге болады. Білімнің сапалы болуы талантты әрі шебер ұстазға байланысты. Бүгінгі ақпараттандыру заманында оқушылардың шығармашылық икемділігін дамыту мәселесі білім берудің ең басты мақсаттарының бірі болып отыр.

Информатика пәніне оқушылардың қызығушылығы мол. Сол себепті осы пәнді оқытуда оқушылардың қызығушылығын жоғалтып алмай,оны одан әрі жалғастыру мұғалімнің міндеті. Қазіргі кезде оқушының қажеттілігін қанағаттандыра алатын сабақтар ұйымдастыру қиынға соқпайтын жәйт. Оған дәлел оқу үрдісіндегі түрлі озық технологиялар дәлел бола алады. Осы технологияларды тиімді қолдану арқылы оқушының компьютерлік сауаттылық мәдениетін қалыптастыра аламыз.


Сабақ барысында оқушыларға тек дайын білімді берумен шектелмей ,оларды сыни тұрғыдан ойлауға,өз бетінше ізденіп алған білімін тиімді пайдалануға дағдыландыру.

Білім алуда ең бірінші оқушының ынтасы мен есте сақтау қабілеттін қалыптастыру өте маңызды. Осыған орай оқушыны шығармашылық ізденіске,зеректікке баулу есте сақтау қабілетін дамыту үшін берілетін тапсырмалар түрлі болуы қажет. Осы пәнді оқу барысында алған білімін күнделікті қарапайым өмірде яғни тұрмыста қолдана алуы мүмкіндігінің болуы.

Мен өзімнің әрбір сабағымда тақырыптардың мақсатына жеті назар аударамын. Дұрыс қойылған мақсат-сапалы сабақтың нәтижесі. Барлық сыныпта дарынды, үлгермеуші оқушылар кездеседі.Осыны негізге ала отырып дарынды оқушыға және үлгермеуші оқушыға жекелеген мақсат қоямын. Яғни осы екі жағдайдағы оқушылар мына нәрсені біліп шығуы қажет.

Дарынды оқушы ол мемлекеттік стандарттан артық, өзінің қызығушылығына,талғамына ,қабілетіне қарай білім алғанды ұнатады. Бұндай оқушыларға сабақ барысында деңгейіне сәйкес тапсырмалар ұйымдастыру қажеттілігі туындайды. Ал керсінше үлгермеуші оқушыларға пәнге деген қызығушылығын оятуға бағытталған тапсырмалар орындату өте тиімді.



Өз тәжірбиеммен бөлісу мақсатында сабағымда қолданатын әдістер мен тапсырмалар түрлеріне тоқталып өтсем:

Информатика пәні ол ақпараттық қоғаммен тығыз байланыста. Заман сұранысы-ол білімді,білікті маман.

ХХІ-ғасыр – ғылым ғасыры. Сондықтан жас ұрпаққа, жас буынға жаңаша білім беру жолында түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр. Заман талабына сай оқытудың әр түрлі әдіс- тәсілдері бақыланып,жаңашылдық ұстаздардың іс-тәжірбиесіне енгізілуде. Соның бірі Кембридж университетінің бастамасымен жасалынып отырған жаңа жүйе-жеті модульді қамтыған технология. Алайда жаңа озық технологияны меңгеруде мұғалімнің жан – жақты, білімі қажет.

Жаңа технологиялардың педагогикалық негізгі қағидалары мынадай:


  • Балаға ізгілік тұрғысынан қарау;

  • Оқыту мен тәрбиенің бірлігі;

  • Баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту;

  • Балаға өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту;

  • Баланың танымдылық және шығармашылық икемділігін дамыту;

  • Оқу үрдісін оқушының сезінуі т.б.

Оқушыға сапалы білім беру үшін кез-келген мұғалім алдымен сабағын түрлендіріп өткізіп, оқушылардың қызығушылығын арттыруы тиіс. Ол үшін ізденіс, жаңаға ұмтылу жұмысын жүргізу әрбір ұстаз үшін бұлжымас қағида. “Оқытып жүріп, өзіміз де үйренеміз” қағидасын ұстанған ұстаз үшін өзінің әрбір сабағы бірінші өзіне жаңалық болуы тиіс. Жалпы айтқанда білім сапасы мұғалімдер қызметінің сапасына тікелей байланысты. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі - білімді, педагогикадан, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім». Демек білім сапасын көтерудің негізгі тетігі - ұстаз, сондай-ақ, оның теориялық білімі мен кәсіби шеберлігі, шығармашылық қызметі.

Жаңа ғасырдағы мектеп алдындағы міндет –егеменді еліміздің жас ұрпағын жан-жақты дамыта отырып тәрбиелеу.

Ал оқушыға сапалы білім берудің негізгі жолдарының бірі - жаңа озық әдіс- тәсілдерді қолдану. Балалар өзінің түсінігін өзіндік зерттеулері мен әлеуметтік өзара байланысқа сәйкес құратын белсенді білім алушылар болып табылады. Жаңа бағдарламада қамтылған жеті модульдің барлығында қарастырылатын идеяларды білім беру мен білім алудың жаңа тәсілдері деп санауға болатынына қарамастан, біз жаңа әдістер ретінде «Диалог арқылы оқыту» мен «Қалай оқу керектігін үйретуді» ғана қарастырамыз, себебі олар әлеуметтік – сындарлылық көзқарасымен тығыз байланысты. Диалог негізінде білім беру мен білім алу оқушылардың өзара сұхбаттасуы және мұғалім мен оқушы арасындағы диалог шәкірттердің өзіндік ой- пікірін жүйелеуі мен дамытуына көмектесетін амал екенін меңзейді.

Сабақтарымды өткізу барысында оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді қалай қолданғаным жөнінде түсіндіріп өтсем. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, заман талабына сай дегім келеді, себебі, бала өзін еркін ұстап, өз ойын ашық айтуына ықпал етіп, оқушының ізденіп, өзімен өзі отырып жұмыс жасауында көздейді. Қазіргі кезде оқытудың басты мақсаты – өз бетінше дами алатын, жеке шығармашылық тұлғаларды қалыптастыру болғандықтан оқушыларыма өз бетінше танымдық әрекет етудің әдістері мен дағдыларын үйретемін. Сондықтан жаңа озық технологияларды пайдалану – әр мұғалім үшін жауапкершілікті қажет ететін іс.



Тренингтер

«Жақсы көңіл күй-табысқа жол» деген ұстаным арқылы мен әр сабағымда оқушылардың көңіл-күйін,сыныптың ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру мақсатында түрлі тренингтерді қолданып көрдім.



Тренингтер жүргізуде менің байқағаным:

1.Мұғалім мен оқушы арасында ашық қарым-қатынас орнайды;

2.Оқушының әрі қарай сабақ барысына деген қызығушылығы артады;

3. Көңіл-күйі көтеріледі;

4. Сабақты әрі қарай жүргізуде мұғалімнің де оқушымен бірге қарым-қатынасы ашыла түседі;

Топтық жүйеде оқыту әдісі: Топтық жұмыс арқылы сын тұрғысынан ойлауға үйрету.

Мақсатым алған жаңашылдықты тәжірбиемде байқау. Оқушылармен топтық жұмыстарды жүргізуде ұйымдастырудың мәні, қиындықтары мен тиімді жолдарын көре алдым.

Бұрын дәстүрлі сабақтарымда мен оқушылармен жұмыс жасағанда сыныпта оқушылар толық игерілмей қалатын.Себебі сыныпта өз орында отырған оқушылар көпшіліктің арасында тыс қалып,назарға алынбай қалатын. Ал топқа бөлуде менің бір байқағаным ашылмай қалған,өзін көрсете алмай жүрген оқушыларды көре алуым. Бала топ ішінде өз ойын ,пікірін қалдыруға тырысады. Оқушыларды бұл жүйеде оқыту білім сапасының көтерілуіне,олардың пәнге деген қызығушылығының артуына ,үнемі жан-жақты дайындалып жүретініндігінен байқауға болады.

Топқа бөлуді ұйымдастыру:

Сабақтың басында сынып оқушыларын топқа бөліп, ұйымдастыру ең басты мәселе. Себебі оқушыны топқа бөлу кезінде олардың бойында аса қызығушылықты байқауға болады.

Сол себепті оқушыларды кез-келген әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып бөлген өте тиімді. Мысалы жаңа сабақтың тақырыбын ашу мақсатында,тақырыпқа негізделе отырып та топтарға бөлуге де болады. Топқа бөлуде де оқушыны қызықтыратындай әдісті қолдану,баланы жалықтырмайды.

Топ ережесін ұйымдастыру және сақтау:

1. Тапсырманы бірігіп орындау

2. Уақытты үнемдеу

3. Топтық жұмысты бағалауда әділ болуы

4.Топ ережесін бұзбау

Топқа бөлудің қиындығы:

Егер мұғалім топқа бөлу әдісін дұрыс,тиімді қолдана алмаса,оқушымен жұмыс жасауда оның іс-әрекеті қиындықтар туғызады. Мысалы: мен өзімнің алғашқы сабағымда сынып оқушыларына екі түсті қағаз қиындыларын таңдап алуды ұсындым. Осы кезде оқушылар өздері қалаған түстер арқылы суретші және архитектор тобы болып екіге бөлінді. Сыныпта Камиль деген оқушы өзінің таңдап алған түсі,өзіне ұнамай ол топқа барғысы келмеді. Мен уақыттың аздығынан сабақты бастау керек болғандықтан оқушыдан себебін сұрамай сол бөлінген топқа отырғыздым.Сабақ барысы кезінде байқағаным оқушының көңіл-күйінің болмауы, сабаққа толық араласпай, керсінше жанында топта отырған сыныптастарына кедергі келтірумен болды.



Топқа бөлудің тиімділігі:

Әрбір сабағымда топтық жұмысты, сұхбаттасу әдісін, пікір алмастыру арқылы диалогтік әдісті қамтыдым. Бұл оқушылардың сөздік қорын молайтуға, сыни тұрғыдан ойлауға,өз ойларын еркін жеткізе білулерінде және білім сапасын арттыруда тиімді болды деп айта аламын. Сонымен қатар, диалогтік оқыту әдісі белсенділігі төмен оқушылардың сабаққа деген ынтасын көтеруге көмектеседі.

Сабақты талқылау барысында жұппен, топпен істейтін жұмыстың барлық түрлері пайда бола бастайды. Соның бастыты сабақты өткізудегі топтағы ынтымақтастық ортасы. Оқушының көңіл –күйін көтеріп сабаққа қызығушылығын оятады.

Мұғалімге сұрақ қоюды үйренеді

Тапсырманы орындаудағы кедергілерді байқап, одан шығу жолдарын іздейді. Тапсырманы барынша орындауға тырысады.

Ұйымдастырушылық қабілеті ашылады.

Жасаған жұмысын көпшілікке ұсына білуі.

Білімге деген құштарлығы.

Жұмысқа әрқашан белсенділік танытуы.

Ерекше көзқарасы бар.

Өз пікірін қорғай алады.

Мәселелік сұрақтарды қою білуі.

Айналадағыларға кеңес беріп, сыныптастарымен қарым-қатынас жасауы

Сабақ барысында өз ойын жеткізе алуы.



Топпен жұмыс істеу барысында оқушы үшін тиімді жақтарына тоқталып өтсек:

Оқушы бұрынғыдай мұғалімнің айтқанын қайталамайды, шығармашылықпен жұмыс істейді, өз бетінше ойлау қабілеті арттырады;

Бұрын сабақта екі-үш жақсы оқитын оқушы ғана жауап берсе, топпен жұмыс істеу барысында барлығы жауап беруге тырысады;

Өздеріне деген жауапкершілік артады;

Өздерін еркін, жайлы сезінеді;

Оқушы мен мұғалімнің арасында жақсы қарым-қатынас орнайды;

«Білмеушіліктің» артықшылығы пайда бола бастайды;

Өз ойларын жеткізуге жігерлі, тыңдай және ести, сұрақ қоя біледі;

Дайын жауапты іздеуге тырыспайды, сыныптан тыс көп ізденеді;

Бір-бірін тыңдауға дағдыланады;



Сабақ үстінде жұмыссыз отырған оқушы болмайды, әрқайсысы қандай да болмасын бір тапсырманы орындауда белсенділік танытып отырады;

Бір –бірімен пікір алмасып, ой бөлісіп отырады;

Тапсырмаларды орындауда көп ізденіп жауапты болуға әрі фактіні негізге ала отырып талдайды;

Топтық тапсырма орындауда ұйымшылдық,белсенділік,шапшаңдылық қалыптасады;

Мұғалім бақылаушы, бағыттуашы ретінде болады;

Топтық жұмысқа берілетін тапсырмалар

Көлемі 7-8 минутқа шектелуі қажет. Егер одан көп уақытты қажет ететін тапсырма оқушыны жалықтырып жібереді, уақытты үнемдеу мақсатында оқушыларға жылдам ізденіп дайындалуға көбірек мүмкіндік беру қажет.Топтық жұмыста тапсырманы орындауда топ мүшелері бір-бірімен пікір алмасады,ойласады,талқылайды қорғайды. Осындай іс әркет барысында оқушының топпен жұмыс жасаудағы жауапкершілігі артады.



Сыныптағы диалогтық әңгімені дамыту:

Оқуда қолданылатын әңгімелесу түрлері:



Әңгіме-дебат,топтық әңгіме,зерттеушілік әңгіме,жұп болып ойлану,жеке жұмыс /практикалық тапсырмалар/

Диалогтік оқыту арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру, олардың білім деңгейін көтеру, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.

өз тәжірбиемеде топтық әңгіме,жұп болып ойлану және зерттеушілік әңгіме түрлерін қолданамын.



Топтық әңгіме:

Сабағымда оқушыларға « Қай топ көп біледі» білім сайсын ұйымдастыру арқылы «Болашақтағы компьютер» тақырыбында өз ойларын білдіріп қысқаша әңгімелеп беру.



Топқа белгілі бір тақырыпты бере отырып, мен топтық әңгімеде мынаны байқадым:

Олар қиялдап көз алдарына елестете отырып болашақтағы компьютердің моделін ұсынды.

Тақырыпқа байланысты әр оқушы өздері ақпаратты іздеп,белсенділік танытып,қызықты тұстарын мәлімдеп отырды,олар бір-біріне сұрақтар қоя отырып, тақырыпты әрі қарай ашуға тырысты;

Жинақтаған ақпаратты әңгімелеуде дәлелдемелер көбірек қолданды;

Бір-бірімен пікір алмасты;

Бір-бірін тыңдауға қалыптасты;

Келіспеушілікке жеткізбейді;

Көбірек ақпарат алмасуға тырысты;

Осындай әдіс арқылы оқушы бойында тыңдау,сөйлеу,ақпарат алмасу сияқты байланыс орнайды. Олар топпен ортақ проблеманы шешу жолдарын іздейді. Бірі-бірін қайталамауға тырысады. Топтар бір-біріне сұрақтар қою арқылы тақырыптың ашылмай қалған тұстарын қамти алады. Топтың идеясын дәлелдейтін оқушыны топ мүшелері қолдап, бойында сенімділік қалыптасуына көмектеседі.Осы сабағымда сабаққа жиі араласатын оқушылардың тақырыпты ашуда белсенділік танытқанын байқадым.

Өз тәжірбиемде осындай мозайкалық тапсырмалар (ДЖИКСО әдісі) беруде қиыншылықтар да болды. Жоғарыда аталған тақырыптар бойынша сабағымда қолданған әдіс-тәсілім-мозайкалық тапсырмаларды (ДЖИКСО әдісі) шешу болды. Әр түрлі тақырыпты қамтитын тапсырмаларды орындау кезінде оқушылар бастапқыда айтарлықтай белсенділік таныта алмады. Себебі, алғаш рет қолданып отырған әдіс болғандықтан да болар. Мен оқушыларға аздаған бағыт бағдар беру арқылы ұялы телефонды пайдаланып орындауға болатынын айтқан кезде оқушылар тапсырманы жақсы түсініп, көрші топтарға барып, өз ақпараттарын жеткізу кезінде белсенділік танытты.

Жалпы бұл әдіс оқушыларға ұнады. Себебі, бұл жерде оқушылар топтарға барып, орын ауыстырып, мұғалімнің көмегінсіз бір-бірлеріне алған мәліметтерін баяндап, құрбыларымен ой бөлісті. Және де әрбір топтың жұмыс кезінде оқушылар бір-бірлеріне сұрақ қойып, өз пікірлерін білдіріп, ой бөлісіп отырды.

Зерттеушілік әңгіме:

Қайталау сабағын өткізуде «Қиял» деп аталатын кезеңде мен топтарға «Құпия сурет» тапсырмасын бердім. Суретте әр түрлі бейнелер берілген. Топтар берілген тапсырма бойынша қызу талдауға кірісті. Осы суреттегі бейнелердің қайсысы векторлық , растрлық,фрактальдық графика түрлеріне жататынын ,суретке қарап қалай ажыратуға болатынын анықтап ерекшеліктерін түсіндіру.

І топқа берілген сурет, қазақтың ою-өрнегі. Суретке қарап отырып ою-өрнектің атауын атап және оны тұрмыста қалай қолдануға болатынын айтып өтті. Ою-өрнек векторлық графика түріне жатады. Векторлық графиканың артықшылығы мен кемшілігін сондай ақ қандай бағдарламалар арқылы жұмыс жасауға болатынын ,сақтау жолдары мен пішіміне толықтай түсіндіріп өтті.Осы кезде топ көшбасшысы осы ою-өрнек туралы нақты түсіндіріп берді. Әрине мен оқушының мәлімдемесіне қанағаттандым. Кейбір тұстарын өзім толықтырып өттім.

ІІ топқа балалардың жақсы көретін мультфильм мен ертегі кейіпкерлерінің суреттерін бердім.Олар қандай ертегі мен мультфильм кейіпкерлері екенін танып, басты кейіпкерлерге мінездеме беріп өтті.



Топқа сурет беру арқылы мен топтық зерттеу әңгімеде мынаны байқадым:

Десек те зерттеу жұмысы баланы қызықтырды. Тапсырманы сұрақ ретінде бермей,сурет арқылы беруде мен баланың сыни тұрғыдан ойлауға қалыптасқанын көре алдым.Балада суретке деген қызығушылықтың арқасында компьютерлік графика түрлерін толықтай біліп оны қолданылатын тұсын көре білді.

Зерттеу кезінде көптеген ақпараттармен бір-бірімен алмасу жүзеге асты;

Бастысы оқушы дайын мұғалім берген мәліметтермен шектелмей өздері ізденудің барысында келесі топқа көптеген қызықты ақпаратты бере білді. Келесі топта осындай әдіс арқылы тапсырманы орындады. Зерттеу әңгімесін қолдану арқылы баланың жеткізе алмай кеткен жерлерін мұғалім тарапынан толыктыруды қажет етеді.

Сондықтан баланың білім алуға деген құштарлығын ояту үшін қазіргі заманда мұғалім көп ізденіп, сабақтың тиімді өтуіне жұмыс жасау қажет. Білім сапасы оқушының білімге деген құштарлығымен, қызығушылығына тікелей байланысты. Сабақ барысында оқудың белсенді әрекет әдістерін қолданудың нәтижелігін осыдан көруге болады. Мұғалімді соңғы нәтиже емес, оқыту процесіне көбірек көңіл бөлуі керек.

Қорыта келгенде, мұндай тапсырмаларды орындату барысында оқушылар өз ойын еркін жеткізуге, сыныптасының ойын тыңдауға, онымен санаса білуге, сұрақты жүйелі құрастыра білуге, шығармашылық ізденіске, топтық жұмыстарда белсенділік таныта білуге үйренді. Осы сабақтан кейін байқағаным, оқушыға сабақ барысында оқулықтағы нақты білімді түсіндіргеннен гөрі, оқушының ойын қозғап, жан-жақты ізденіп, өз пікірін білдіру үшін түрлі сұрақтар мен тапсырмалар әзірлеген дұрыс деп шештім. Себебі, оқушы мұғалімнің түсіндірген ақпаратын тек естігендіктен, болашақта ұмытып қалып, өзінің күнделікті тәжірибесінде пайдалану мүмкіндігі аздау болады. Ал, оқушы өзі ізденіп тауып, көзімен көріп, бір—бірімен пікірлесіп түсінген білімдері естерінде көбірек сақталады. Алдағы уақытта алған білімдерін өмірде де қолдана алады деген ойдамын.



Жұп болып ойлану:

Келесі кезекте оқушыларды жұпқа бөлу арқылы «Оқырман пікірі» әдісін пайдаландым. Жұптардың әрқайсысына 5 минуттық тапсырма беріледі. Тақырып бойынша кітаппен жұмыс жасауды ұсындым. Тапсырмада оқушылар есептің шығарылу жолымен бір-біріне түсіндіріп беру керек.



Жеке жұмыс:

Топпен, жұппен жұмыс жасай отырып, оқушы жеке жұмыс жасауда аздап қиналып қалуы мүмкін. Оған себеп топпен жұмыс жасауда белгілі бір тұстарда ат салысып отырса, жеке өзіне бағытталған тапсырмада ол өзінің топпен,жұппен жасаған тапсырмаларын еске түсіріп өз бетінше ізденуге тырысады. Бұл жағдайда әрине балаға деңгейлік тапсырмаларды берген дұрыс.



Оқу үрдісінде оқушыны бағалау-басты мәселе.

Оқушыны сабақ барысында топпен,жұппен жасаған жұмыстарын жеке-жеке бағалап өзіндік тапсырманы орындауда оған нақты жүйелі баға қоюға болады. Дәстүрлі сабақтарда сабақ соңында мұғалім оқушыға қорытынды бағасын хабарлап айтатын болса, жаңа бағалау процесі ол критерий арқылы өзін-өзі бағалау. Сонда ол қалай және не үшін бағаланғанын түсінеді.Бағалау критерийн түрлендіріп отыру арқылы оқушыны қызықтыруға болады.



Бағалау жүргізуде

  1. Берілген тапсырманың орындалу көлемі және орындалудағы ерекшелігі

  2. Шығармашылық практикалық жұмыстарда эстетикалық талғамның болуы

  3. Зерттеу жұмыстарында айтылған ақпараттар мен мәліметтердің нақтылығы мен фактілердің қолданылуы

Сабақтың әсері:

Әрине мұғалім үшін сабақтың сапалы өтуі басты назарда. Барын салып дайындаған сабағын оқушы қабылдаса,үйресе ,білсе екен дейді. Кері байланыс кезінде оқушы сабақтан алған әсерін білдіртеді.Бұл кезеңде екі жақты тиімді. Сабақ барысындағы кедергілерді анықтауда кемшіліктерді жоюда мұғалім үшін септігін тигізіп жатса, ал оқушы үшін білмегенін ,түсінбеген тұстарын, алдағы білгісі келетінін жәйттарды ашық айта алады. Пікірін ,көңіл-күйін байқатады.



Акт-ны қолданудың тиімділігі:

Баланың бойындағы шығармашылық қабілеті оқу кезінде байқалады. Мұғалім мен оқушы үнемі тығыз байланыста болуы керек. Оқушы бойындағы шығармашылық икемділігін дамыту үшін АКТ-ның көмегі өте зор.

Әрине АКТ-ң барлық мүмкіндігін бір сабақта қолдану мүмкін емес. Десек те мен өз сабағымда ақпараттық технологияларды қолдану – келесі нәтижелерді береді: 
1. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артады.

2. Ақпараттық сауаттылық мәдениеті дамиды.

3. Оқушының шығармашылық икемділігі шыңдалады.

4.Ақпарат көздерін жинақтауда жан-жақты болады.



Жаңа әдіс-тәсілдерді қолдана отырып өткен дәстүрлі сабақтарымды жаңа сабақтармен салыстырып, кешіліктер мен жетістіктерді саралай келіп, мен мынадай қорытындыға келдім, жаңа тәсілдерді қолданып өткен сабақта:

  • Оқушылар жеке, жұппен, топпен жұмысты жақсы жүргізеді.

  • Белсенділік жоғары болады.

  • Оқушының жеке жауапкершілігі басым болады.

  • Қызығушылығын істе байқатады.

  • Бір-біріне көмек беру, сыйлау, ынтымақстастық атмосфера қалыптасады.

  • Сабақта мұғалім тек бағыттаушы болып, оқушылар ізденуші болып көп жұмыс жасайды.

  • Оқушылар сабақта еркін сөйлеуге тырысады.

  • Бір –бірінің пікірін тыңдауға,құрметтеуге дағдыланады.

  • Өзіне деген сенімділігі артады және сенімділікпен жұмыс жасайды.

  • Бір-бірінің пікірін тыңдауға қалыптасады.

  • Өз-өзін реттеуге дағдыланады.

  • Критреий немесе өзін-өзі бағалау арқылы оқушыны бағалауда әділ бола білуі.

  • Бағалауда баланы көтермелеп баға қою және оқушыларды салыстыру болмайды.

Қорытынды.

ХХІ ғасыр – техниканың озық дамыған ғасыры. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында білім беру реформасы–Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі болып отыр.« Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет » деп, Ел басы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында жаңа озық технологияларды көбірек қолданып, оны оқып үйрену арқылы оқу үрдісіндегі туындайтын кемшіліктер мен қателіктер саны азаяр еді.



Әр бала өзіндік ерекше қасиеті, қабілеті бар жеке тұлға. Ал, осы қабілетті шыңдап, оны әрі қарай жетілдіретін, оқушыны шығармашылыққа бейімделген дарынды тұлғаға айналдыратын ұстаз қырағы да шебер болуы керек. Сонда ғана қазіргі қабілетті оқушының бұлақ көзі ашылып, болашақта өз мақсатын айқындап, жолын дұрыс таңдауға септігін тигізер еді. Сөзімді түйіндей келе бала бойындағы шығармашылық икемділік әр түрлі болады. Оны көре білу бір бөлек, әрі қарай оны шыңдап жандандыру мұғалім шеберлігінде.Қазіргі заман талабы – оқытудың жаңа озық технологияларын жан-жақты меңгеру болып отыр.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет