Аннотация
Зерттеу жұмысы Шығыс Казақстан аймағындағы Семей полигонының экологияға,адам денсаулығына жиырма жыл өтседе белгісі жойылмаған,сондықтан менде өз үлесімді қоссамба деген ойдамын.Менің болашақта таңдайтын мамандығым осы бағытта жүргізілген ғылыми зерттеу жұмыстарының бірі.
Мазмұны
1. Кіріспе
Ақпараттың қолданбалы теориясы, автоматтандырған басқару жүйесі саласында мамандандырылған информатик мамандарды, экологтар, медицина және химия қызметкерлерін, инженерлер дайындайды.Мұндай жүйелердің қызметі ақпаратты алумен, таратумен, сақтаумен және өңдеумен, табиғаттың тазалығымен, денсаулық сақтау саласымен, химиялық өндірістермен, техника саласымен елеулі түрде байланысты.
ІІ.Негізгі бөлім
а)Ақпараттық процестерге матиматиканы байланыстыру;
ә) Полигон зардабы;
б)Аймақ көлемінде зерттеуі
ІІІ. Қорытынды.
ІV.Пайдаланған әдебиеттер
Зерттеудің мақсаты:
І. Өзектілігі: Мен өзімнің физиологиялық өсуімді информатикалық білімімді пайдалана отырып, математика саласындағы функция тақырыбымен байланыстырдым.
ІІ.Зертеудің әдіс тәсілдері:
Жинақтау,салыстыру, әңгімелесу,пікірлесу, қорытынды жасау.
ІІІ.Зертеудің жаңалығы: Қазақстанда, яғни біздің мемлекетімізде адам денсаулығына,экологияға, ІТ- технологиясының дамуына, нанотехнологияның өркендеуіне , химия өнеркәсібінің жандануына өкмет тарабынан өте көп көңіл және қаражаттар бөлуде.Мемлекетіміз алдыңғы қатарлы мемлекеттер қатарының ену үшіналға ұмтылып, даму үстінде. Экономикалық қиындыққа қарамастан, қысқы «Азияда» ойындарын өткізіп, енді «EXPO 2017» көрмесіне дайындық үстінде.
ІV.Зерттеу жұмысының құрылымы:
Ғылыми жоба кіріспеден,негізгі бөлім,қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І.Кіріспе
Елдің ертеңгі болашағына танымдық, экономикалық сауатты білім беретін бірден информатика және математика. Біздің мектепте оқушыларға информатика пәнінен білімді терең, жетік меңгеруі үшін қазіргі ғылым жаңалықтары компьтермен оқыту жолға қойылды, дүние жүзін қамтыған «Интернетпен» де байланыстар түзелді. Қазіргі кезде күн өткен сайын компьтермен өмірдің барлық саласын қамтып отыр.
Информатиканы оқыту,есеп шығаруға үйрену мені өте қызықтырады. Есеп шығарудың «кілтін» табу, яғни есептерді әр түрлі тәслдермен шығару.Информатика негіздері мен ақпараттық технологиялар практика жүзінде қоғамдағы барлық мамандық салаларына қатысты. Информатика пәнінде екі бағыт: теориялық информатика және ақпараттық технология.
Ақпарат теориясы идеясы ғылымның әртүрлі саласында кеңінен пайдалану әрекеттерінің жасалынуы оның өзінің негізгі математикалық теория екендігіне байланысты.Оның негізгі ұғымдары (ақпарат мөлшері, өңдеп шыңару қабілеті) әртүрлі физикалық мазмұны бар оқиғалар ықтималдығы арқылы ғана анықталады. Ақпарат теориясының негізгі идеяларын пайдалану тұрғысынан ғылымның басқа салаларындағы зереттеу тәсілі «теориялық- ақпараттық тәсіл» деп аталады.
Көптеген жағдайларда осы тәсілдерді пайдалану жаңа теориялық нәтижелер мен құнды практикалық ұсыныстар алуға мүмкіндік берді.Дегенмен, мұндай тәсілдің нақтылы шындыққа онша сай келе бермейтін үрдістер моделін құруға әкелетін кезі сирек емес.Сондықтан, хабарларды таратудың және сақтаудың таза техникалық мәселелер төңірегінен тыс, кез келген зерттеулерде ақпарат теориясын үлкен сақтықпен пайдаланған жөн.Әсіресе, бұл адамның ой-әрекетін модельдеуге, оның ақпаратты қабылдау және өңдеу үрдістеріне қатысты.
Ақпараттың қолданбалы теориясы, автоматтандырған басқару жүйесі саласында,мамандандырылатын «информатик» мамандарыды дайындайды.Мұндай жүйелердің қызыметі ақпаратты алумен, таратумен, сақтаумен және өңдеумен елеулі түрде байланысты.
Ақпарат ұғымын түсіндірудегі бар айырмашылық, ақпарат әрқашан материалдық- энергетикалық тұлғада, сигнал түрінде айқындалатыны даусыз.Техникалық құралдардың көмегімен оны өңдеуді жүзеге асыру мүмкін болатын тұлғаланған түрде берілген ақпаратты «мәліметтер» деп атайды.Ақпаратты тарату және түрлендіру теориясындағы маңызды мәселе ақпараттың өлшемін, мөлшерін, сапасын анықтау.
Ақпараттық өлшемдер әдетте,үш тұрғыда: құрылымдық, статистикалық, семантикалық тұрғыда қарастырылады.
Қазіргі уақытта компьютерлер әртүрлі ғылыми жетістіктерге жету үшін қолданылатын әмбебап құрылғы.Жаңа ғасырдың өздіндік толқынысы бар.ХХІ-ші ғасыр адамзат баласы үшін табиғат пен ұштасқан.Жер шарын қорғау ғасыры.Менің туып өскен жерім,шағын Аягөз қаласы,ядролық сынақ полигон маңында орналасқан.Адам баласы үшін ажал аждаһасына айналған кең байтақ қазақ жерін сол аласұрған атом бомбасынан тазартып,ядролық полигоның жабылуына бірінші болып қозғалысын ұймдастырды.Міне, содан бері Семей полигоның жабылғанына20жыл болды.
Қырық жылғы сынақ кезінде Семей полигоны 500мың шаршы шақырым аймақты зақымдаған, 17млн.400мың тонна тринитро толқулық эквивалентке тең қуат күші бар 516ядролық жарлыс жасалды. Әлі күнге дейін кең байтақ даламыздың экологиялық апаттың алдында тұрғаны баршаға мәлім.Адамзат баласының табиғат пен бірге туған анасүтінің сәбиінің бойына у болып тараса, болашағымыз үшін қаншалықты қауіпті екені айтпаса да түсінікті.
Мен өзімнің физиологиялық өсуім мен информатикалық білімімнің математика саласындағы функция тақырыбымен байланыстырдым.
ІІ.Негізгі бөлім
«Ақпараттық- коммуникациялық технологиялар күнделікті өмірімізде»
Қоршаған ортаны ғылыми тұрғыда білу өте күрделі процесс.Кез келген таным процесі сияқты ол тікелей сезімдік танымнан басталады.Алайда, менің түсінігім бойынша қолданбалы программалық өнімдер: мәтіндік, кестелік процессорлар, мәліметтер базасын басқару жүйелері,графикалық редакторлар, интеллектуалдық жүйелер инженерлік білім береді. Компьютерді пайдалана тұра мен өз ойымды жүзеге асырдым. Сонымен қатар информатика пәнінде біз сабақта ақпараттарды сақтау, Windows операциялық жүйесі, Рaint графикалық редакторы, Word мәтіндік редакторы, кестелік процессор Excel, деректер базасымен жұмыс жасадық. Осының нәтижесінде мен «Ақпараттық коммуникациялық технологиялар күнделікті өмірімізде» тақырыбын алдым.
Информатика пәнінен басқа математика пәні де менің сүйіп оқитын сабағым.
1949 жылдың 29 тамызында алғашқы ядролық сынақ жасалып, қырық жыл бойы экперимент жасалды.
«Тіршілікте дауыс көтеру- ұлы іс» принциптерін негізге ала отырып, бас көтерер азаматтардың табандылығымен, тоздырмаған табалдырық, ашпаған есік қалдырмай және «Невада -Семей» қозғалысымен байланысып ереуілге шыққан бұқара халықтың арқасында 1991 жылы 29 тамыз айында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығымен Семей полигоны жабылды.
«Денсаулық –зор байлық» басты міндет екенін назарға алып,полигон аймақтарында тұратын халыққа арналып Семей қаласынан диагностикалық орталық ашылды.
Сонымен қатар, «Балалар денсаулығын қалпына келтіру орталығы» да ашылды.Полигонмен іргелес аулдарда балалардың ақыл-ой жағынан артта қалу деңгейі республика көлемімен салыстырғанда -3 есе, шаштың жидіп түсуі -3 есе, лимфоциттердің азаюы- 1,5 есе, жұқпалы-паразиттік аурулар- туберкулез -2 есе, туа біткен аномалия -2 есе артық кездеседі.
1990 жылы қаңтар айынан бастап «Офральмологиялық орталық» ашылды.Орталықтың анықтаған тұжырымдамасы: ядролық полигонға іргелес ауылдарда көз ауруының патологиясы көбеюде және ағзаның ерте қартаюына әкеліп соғатыны анықталды.
1990 жылдың 10 шілде айында Семей қаласында «Радиациялық медицина және экология институты» да ашылды. Оның негізгі бағыты:
-Радияцияның және экологиялық мәні бар құбылыстарды қоршаған ортаға,адамдарға, жан-жануарларға әсерін зерттеу және республика аймақтарындағы радиоциялық жағдай болжамын негіздеу;
- диагностика, емдеу,радиациялық әсерін алдын алу жүйесін жасау, радиациялық және радиациялық емес құбылыстардың адам ағзасына бірлесе әсер етуін анықтау;
- клиникалық түбегейлі зерттеу және тәжірибе негізінде, ионданушы сәуле әсері жағдайындағы радиациядан қорғау құралдары мен әдістерін жасау;
- ядролық полигон әрекетінен зардап шеккен Семей аймағындағы жерлерде радиоэкологиялық жағдайды зерттеу.
Мен өзімнің физиологиялық өсуім мен информатикалық білімімнің математика саласындағы функция тақырыбымен байланыстырдым.
«Функция» ұғымына туралы айтсам. Күнделікті өмірде бір шаманың мәні екінші шаманың мәніне тәуелді. «Функция » сөзі латынның «function» сөзінен шыққан, қазақша орындау, атқару деген ұғымды білдіреді.
Функционалдық тәуелділік формуламен, кестемен, графикпен беріледі.
Тәуелсіз айнымалы аргумент деп аталады.
Тәуелді айнымалы- осы аргументтің функциясы немесе функция деп аталады.
Тәуелсіз айнымалының қабылдайтын мәндерінің жиыны функцияның анықтау аймағы деп аталады.
Сондықтан, функция тақырыбын кірістіріп, статистиканы негізге алып, Аягөз ауданы бойынша полигон зардабынан көздері нашар көретін балалардың көз көруі жылдан- жылға ұлғайып, көзілдіріктерінің линзасының өлшемінің ұлғайуына график құрып, диаграмма тұрғыздым.
Біздің іргемізде ядролық бомбалар сыналып,соның зардабын әлі тартып келе жатқанымызды түсіндім де өзімнің қай жерім ауырады деп ойладым.Таптым, жаныма қатты батпаса да көзімнің көру қаблетінің төмен екенін.
Сыныпта алдыңғы партада отырамын. Көзілдірік кисем де алыстан нашар көремін. Мен жалғыз емеспін.Менің сыныптастарымның арасынан бесеуміз көзілдірік киіп, алдыңғы партада отырамыз.Бәріміздің де алыстан көру қаблеттеріміз нашар.Олар: Диас, Шынғыс, Нурмухамет, Даурен және мен.
Мысал ретінде Диасты алсам: бесінші сыныптан бастап көруі нашарлап,
-0,5 өлшемді кисе, алтыншы сыныпта -1,5, жетінші сыныпта -2,5, ал сегізінші сыныпта -3,5 өлшемге жеткенін өзі айтып берді.
Сыныбы
|
5
|
6
|
7
|
8
|
Көз көзу қабілетінің өзгеруі
|
-0,5
|
-1,5
|
-2,5
|
-3,5
|
Даурен алтыншы сыныпта -1 тақса, қазір жетінші сыныптан бері -1,5 өлшеміне жеткенін жасырмады.
Аудандық орталық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Е.М. Исабековтің рұқсатымен, аудан бойынша соңғы бес жылдағы әртүрлі аурулар статистикасын пайдаланып кесте және диаграмма құрдым.
Көз ауруы
2009
|
2010
|
2011
|
2012
|
2013
|
1556
|
1673
|
1675
|
1680
|
1674
|
Балалар параличі (ДЦП)
2009
|
2010
|
2011
|
2012
|
2013
|
67
|
62
|
65
|
65
|
65
|
Туа біткен аномалия(хромосоманың деформацияға ұшырауы)
2009
|
2010
|
2011
|
2012
|
2013
|
194
|
194
|
208
|
217
|
218
|
Туа біткен қан айналымының аномалиясы
2009
|
2010
|
2011
|
2012
|
2013
|
45
|
58
|
66
|
76
|
79
|
Сөзімді қорта келе өз қиялымды да қоса кеткім келеді.Мен мектеп бітіріп, өз Отаныма үлесімді қосатын, Қазақстанымның мәңгілік ел болуын қалағандықтан, әрине білімді, жан-жақты дамыған ақпараттық технологияларды меңгеріп, әрі жоғары білімді азаматша болғым келеді.
Шіркін, мен мектеп қабырғасынан шыққанша денсаулық, экология, транспорт, химиялық өнеркәсіптер, энергетика және ақпараттық- технологиялар мамандықтары біріккен, атау басқа мамандық болса мен сол маман иесі болсам деп қиялдаймын. Мен ойлап тапқан мамандықтың аты -«ІТ- экомедик».
Ақпараттық технологиялардың денсаулыққа, қоршаған ортаға зиянынан пайдасы көп болатын жолдарын ойлап табар едім... Шіркін!
министр
ІТ-экомедик
Медицина
Ақпараттық
жүйе
Білім саласы
ЭКОЛОГИЯ
ЭНЕРГЕТИКА
ХИМИЯ ӨНЕРКӘ-СІБІ
Жобамды тұжырымдай келе аймағымыздың экологиясы таза, қаламыз гүлге оранған,дені сау болашақ ұрпақтар тәрбиеленіп, еліміздің білімді азаматтары болып өскіміз келеді.
Оған озық технологияны, информатика ғылымының ролі жоғары болдуына өз үлесімді осылай қосқым келеді.
ІІІ. Қорытынды.
Зерттеу жұмысын орындау барысында біздің аймағымызда адам денсаулығына, экологияға аудан әкімшілігінің тарапынан, білім басқармасының және медицина қызметкерлерінің көп көңіл бөліп қана қоймай, қатаң түрде қадағалап отыратындарын да байқадық.
Оныңдәлелі:
Медицина тарапынан бақылау жасалып, әр жас мөлшерінде тиесілі уақытында қадағаланып, тексерістерден өткізілуі;
Әкімшіліктің басқаруымен қаламыздың гүлденуі, қала ішіндегі жолдардың жөнделуі,көше тазалығын бақылауға алу;
Білім саласы көше тазалығына ат салысуы,мектептің маңайын жасылдандыру шараларын ұйымдастыруы.
Заман ағысынан қалмай озық жаңа технологияларды денсаулықты түзеу жолына пайдаланып, аймағымыздың экологиясын үнемі бақылауда ұстауға, мектеп қабырғасынан білімді, әлемдегі қолданысқа шығып жатқан «ІТ- технология» мүмкіндіктерін жақсы меңгерген әрбір азамат Қазақстанмемлекетін дамыған мемлекеттер қатарынан көрсете алады.
Пікір.
Оқушы бұл жұмыста көп ізденген,тың ойларды жеткізе білген.
Информатика пәні мұғалімі Сыдыкова Г.О.
Менің ұсынысым допис ать
ІV.Қолданылған әдебиеттер:
1.Нұрғалиева Г.Қ. Электрондық оқулықтар (мұғалім мен оқушы арасындағы әрекеттестіктерді гуманизациялау құралы)
2.«Информатика негіздері» республикалық журналы №2,2010,№4,2011,№5,2012,№8, 2013ж.
3.Экоәлем журналы №2,3 2012
4.Компьютерная технология обучения.Словарь –справочник(Под редакцией В.Ю.Гриценко, А.М.Довгялло, А.Я. Савельева-К: «Наукова думка», 1992)
5.К.Бозтаев «Қайнар қасіреті»
6.Аягөз орталық аудандық аурухана статистика бөлімі.
Достарыңызбен бөлісу: |