Ббк 1. С 94 Қазақстан Республикасы


а дауыстысымен айтылатын сөздер  ә



Pdf көрінісі
бет44/159
Дата20.09.2023
өлшемі1,37 Mb.
#181811
түріБағдарламасы
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   159
Байланысты:
file-6694

а
дауыстысымен айтылатын сөздер 
ә
дыбы-
сымен айтылады: 
мәңләй ~ маңдай, шәм ~ шам, пәте ~ бата, 
мәс ~ мас, бәршә ~ барша.
Диалектолог С.Омарбеков өзбек 
арасындағы және солармен іргелес қоныстардың қазағының 
тілінде көптеген араб, парсы кірме сөздері де жіңішке 
айтылатындығын көрсетеді: 
әтіреп
(атырап), 
шәрт
(шарт), 
сәәт
(сағат), 
кәсиет 
(қасиет), 
місәл
(мысал) т.т. Сол 
сияқты Қазақстанның қиыр шығысында, Алтай-Тарбағатай 
өнірлерінде, Монғолияның Баянөлгей аймағында тұратын 
қазақтардың тілінде де әдеби нормаға сай келмейтін 
а-ә
ды-
быс алмасулары байқалады: 
жәңе, жәңәлік, тәутеке, шәрші, 
жәуінгер, жәртілей.


98
Қазақ сөздеріндегі 
а-ә
алмасулары кірме сөздерге де әсер
етіп, бұлардың арасынан да жуанды-жщішкелі дублеттер
бар екендігін көрсетеді: 
әбзәл – абзал, бәсі – бағасы, әтірәп 
– атырап, әбзел – абзал, мәусім – маусым, нәзер – назар.
Әрине, бұл параллельдер – әдеби норма мен жергілікті ерек-
шеліктерден тұратын дублеттер. Ал көрсетілген құбылыстың 
жалпыхалықтық тілде де бары байқалады. Оған 
кәрі – қары, 
жай – жәй, сәудегер – саудагер, әлдеқашан – алдақашан, бәлгер 
– балгер
сияқты дублеттерді көрсетуге болады, бұлардың дені 
айтылуда сақталып келе жатқанымен, емле сөздіктері арқылы 
реттелуде, яғни 
әлдеқашан, жай, саудагер, балгер (бақсы-
балгер) 
деп жазу керектігін көрсету арқылы осы тұлғалар 
нормаға енуде.
Әдеби норманың бүгінгі талабы – көрсетілген типтегі 
дыбыстық-орфограммалық дублеттердің біреуін норма ретінде 
қалыптастыру болса, бұл бірте-бірте жүзеге асырылып келе 
жатқанын айтуға болады. Емле сөздіктерінде көрсетілген 
дублет қатарларының біреуі беріліп келеді және бұлардың 
сөздікте көрсетілген варианттарының орфограммасы (жазы-
луы) біршама нормаға түсті деуге болады. Төл сөздердің ішінде 
жуан-жіңішке болып қатар түзетін бір топ тұлғалардың екеуі 
де – нормативтік деп танылатындары бар. Мысалы, 
заңғар ~ 
зеңгір, сықылды ~ секілді, орасан ~ ересен, қолбырау ~ көлбіреу, 
қоңырсу ~ көңірсу
деген қатарлардың түбірі бір болғанмен
тіркесу орындары (қандай сөздермен тіркесетіндігі) біршама 
ажыратылған, яғни семалық ерекшеліктері еске алынатын 
жеке-жеке сөздер деп танылады да жоғарыда көрсетілген 
мысалдардай бір сыңары нормадан (емле сөздіктерінен) 
ығыстырылмайды. Осы қатардан, сірә, 
пысылдау ~ пышыл-
дау, бырсу ~ быршу, бақыраю ~ бажыраю, батпию ~ бытпию, 
бедірею ~ безірею, едірею ~ ежірею, бүкшеңдеу ~ бүкшіңдеу, 
тымық ~ тынық
сияқты қосарлар да табылады деп санай-
мыз. Бұлардағы әр сыңардың мағыналық реңктері (семалық 
ерекшеліктері), тіркесімдік таңдауы, стильдік қызметтері бар 
бірліктер, сондықтан әдеби нормадағы сөздер болмақ.
Төл сөздердің ішінде лексика-фонетикалық дублеттердің 
келесі тобын 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   159




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет