Lie қазақстан және covid-19: медиа, МӘдениет, саясат қ а зақ ст ан ж



Pdf көрінісі
бет100/165
Дата25.09.2023
өлшемі10,36 Mb.
#182455
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   165
Байланысты:
Биология кіріспе қосымша материалдар

Әдістеме
Осы зерттеу жұмысы халықтың COVID-19 туралы ақпаратты қайдан 
алғанын және халықтың қай медиаплатформаға сенетінін, жалған 
жаңалық, жалған ақпарат пен денсаулық сақтау коммуникациясы туралы 
ойын анықтауды мақсат тұтып отыр. Зерттеуде бұлт технологиясы 
негізінде сауалнама жүргізілді, респонденттер қолайлылық пен 
қолжетімділігіне байланысты іріктеліп алынды. 
Әлеуметтік медиа тұтынушылары арасында бөлімаралық зерттеу 
жүргізілді. Сауалнама бұлтнегізді уеб-сайтта қазақ тілінде түзіліп, 
Facebook, Instagram және WhatsApp топтары сияқты әлеуметтік медиа 
платформаларында кеңінен таратылды. Барлығы 322 сауалнама 
толтырылған.
Сауалнама – зерттеуге қажетті мәлімет жинау әдісі. Гунтер (2000) 
атап көрсеткендей, сауалнаманың екі түрі бар: құрылымды сауалнама 
және құрылымды емес сауалнама. Зерттеуші респонденттерден мәлімет 
жинаған кезде құрылымды сауалнаманы қолданды. Дескриптивті анализ 
жасалды, нәтижесі https://www.surveymonkey.com уеб-сайтынан жүктеліп 
алынды.
Нәтижесі және дискуссия
Зерттеуге 322 респондент қатысты. Олардың 82,3% (с=265) әйел, 17,7% 
(с=57) ер адам. Зерттеуге қатысқан респонденттердің басым бөлігі 32,51% 
(с=105) Қазақстанның ауылдық жерлерінен, ал миллион тұрғыны бар 
үлкен қала тұрғындарының үлесі 30.65% ғана (с=99). Білім деңгейіне 
келсек, респонденттердің басым көпшілігі (с=212, 65,43%) бакалавр не 
одан жоғары ғылыми дәрежеге ие. 


237
Белгісіздік және оның салдары
Медиаға тәуелділік теориясына сай, жұрт ауру тараған алғашқы күндері 
жаңалық пен ақпаратты интернеттен іздеуге кіріскен, себебі пандемия 
туралы ақпарат тапшылығынан туған белгісіздікті жойғысы келген. 
Халық мән-жайдан хабардар болғысы келген; ресми және нақты ақпарат 
жоқ кезде, халық ақпаратты интернет пен әлеуметтік медиадан табуға 
тырысқан. Осы зерттеуге қатысқан респонденттер жайлы статистикаға 
сүйенсек, интернет қолданушыларының көбі, салыстырмалы түрде 
алғанда, жастар (с=150, 46,58 15–25 жас аралығында), сондықтан 
ақпараттың негізгі көзі әлеуметтік медиа болғаны анық. Олардың 
COVID-19 жайлы ақпарат көзі туралы сұраққа жауабы да осыны растай 
түскен, қатысушылардың басым бөлігі (с=212, 65,43%) COVID-19 туралы 
ақпаратты әлеуметтік медиадан, аз ғана бөлігі (с=73, 22,53%) телеарнадан 
алғанын айтқан. 
Егжей-тегжейлі айтар болсақ, қатысушылардың дені жаңалық пен 
ақпаратты Instagram (с=152, 48.87%) платформасынан алып, Facebook, 
WhatsApp, Telegram, VK және YouTube желілері аз пайдаланылған. Қазіргі 
кезде әлемдік және жергілікті институттар вирусқа қатысты мәліметті 
көп таратып жатыр, сондықтан халықтың COVID-19 пандемиясы туралы 
білуге деген ынтасы вирус енді тарай бастаған кездегіден төмен.
Зерттеуге қатысқандар COVID-19 қаупі жайлы білген. Олардың 
көбі (с=191, 59,13%) бұл вирусты аса қауіпті санаған. Респонденттердің 
пандемияны жай ғана «қауіпті» немесе «қауіпсіз» деп атаған қалған бөлігі 
интернеттегі конспирация теориялары мен COVID-19 вирусына қатысты 
жалған жаңалықтарды оқитындар болған. 
COVID-19 пандемиясы басталғаннан он ай өткенде халық пандемия 
туралы ақпарат іздеуде бастапқыдағыдай аса белсенді болмай отыр. 
Зерттеу сауалнамасына жауап бергендердің жартысынан көбі (с=180, 
55.56%) алғашқы күндері жаңалықты күн сайын, сағат сайын қарағанын, 
ал қазіргі кезде пандемия туралы жаңалықты тексеруді сиреткенін айтқан. 


238
Мұны алғашқы күндері ғалымдар мен үкіметтің өзінің әлемге тараған 
вирус туралы білгені аз болып, жаңа эпидемия туралы нақты ақпарат 
беру қиын болғанымен түсіндіруге болады. Бұл жағдайға қазіргі тұрғыдан 
қарасақ, үкіметтің әзірлігі оң бағаланбаған. Зерттеуге қатысушылардың 
көбі (с=147, 45,65%) үкіметтің коронавирусты тоқтатуға дайындығына 
қанағаттанбаған. Қатысушылардың үкіметтің пандемиямен күреске 
дайындығына қанағаттану деңгейі төмен (с=27, 8,39%).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   165




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет