113
Адам құқықтарын сақтауды мемлекеттерге ғана жүктемеу керек екені
көп айтылады. Мысалы, индивидтер отбасы деңгейі, жеке сектор немесе
бизнесте адам құқықтары қағидаларына сай әрекет етуге тиіс. БҰҰ-ның
Бизнес саласы мен адам құқықтары туралы жетекші қағидаларында
корпорацияларға тікелей қолдануға болатын адам құқықтары
жауапкершілігінің заңды шарттарын қамтамасыз
ету қажеттігі баса
айтылған (The UN).
БҰҰ-ның Экономикалық әлеуметтік және мәдени құқықтары
комитеті денсаулықты адамның өзге құқықтарын пайдалануына
қажетті фундаментал құқық ретінде көрсеткен. Дүниежүзілік денсаулық
сақтау ұйымы (ДСҰ) өз жарғысында денсаулық ұғымының инклюзив
интерпретациясын қолданған, онда «денсаулық – ауру мен әлсіздіктің
байқалмауы ғана емес, толыққанды физикалық, ментал және әлеуметтік
саулық күйі» (Constitution) делінген. Сондықтан Дүниежүзілік денсаулық
сақтау ұйымы (ДСҰ) денсаулықты сақтауға қатысты құқық – физикалық
және ментал саулықтың ең жоғары стандартының
рахатын көру құқығы
екенін мойындайды. Соған қарамастан, денсаулықты сақтауға қатысты
құқықты зерттейтін кей ғалымдар денсаулық ұғымын тар мағынада
да қарастыруға болатынын айтады. «Адамның стандартты физикалық
және ментал қабілеттерінің тиімді жұмыс істеп тұруына басты мән беру»
(Tasioulas & Vayena, 2016: 370).
Адам құқықтарының табиғи немесе моральдық/философиялық
концепциясының қарастыруынша, адам құқықтары –
моральдық
құқықтар, ал әділет – моральдық парыз. Денсаулық сақтауға қатысты
құқық, ең алдымен, адам құқығы, ол – әділет бейнесі. Басқаша айтқанда,
денсаулық сақтауға қатысты құқық – әрі моральдық құқық (себебі ол адам
құқықтарының жалпыға бірдейлігі ұғымына өзге аспектілердің бәрінен
гөрі көбірек негізделеді (Tasioulas & Vayena, 2016: 380), әрі моральдық
парыз. Сондықтан үкімет азаматтардың денсаулық сақтау құқығын
қорғамаса немесе тым құрығанда осы ретте істеуге тиіс әрекет жасамаса,
бұл үкімет адам құқықтары мен әділеттің екеуін де аяқасты етіп отыр
немесе ол моральдық құқықтар мен моральдық парызды бұзып отыр
деген тұжырымға келуге болады.
Денсаулық құқығы төңірегіндегі моральдық-этикалық
пайымдарға қатысы бар басқа маңызды тұжырымдама – ортақ игілік
ұғымы. «Ортақ игілік» термині «жинақталған қоғамдық пайдасы»
(қоғамдағы жинақталған игілікті максимумға жеткізуді білдіретін
утилитарлық ұғым) мағынасында қолданылған жоқ. Дегенмен ортақ игілік
белгілі бір қоғамдастықтағы баршаның мүддесіне қызмет етеді. Басқаша
айтсақ, ол жалпыға бірдейлік пен бәсекесіздікті меңзейді. Ол
баршаның
мүддесіне қызмет етеді, бірақ бұлай болу ешкімнің есебінен болмайды
(Tasioulas & Vayena, 2016: 380). Адам құқығын сақтайтын шарттар ортақ
игіліктің құрамдас бөлігі болуы мүмкін (Tasioulas & Vayena, 2016: 366).
Қоғамдық денсаулық сақтау саласын ортақ/халық игілігі деп қабылдауға
болады.
Ғалымдардың басым бөлігі денсаулық сақтау құқығын жеке құқық
ретінде қарастырса, Лоуренс Гостин сияқты кей зерттеушілер оны
«ұжымдық құқық» дейді. Осы көзқарасты ұстанушылар адам құқықтарына
ғана (соның ішінде денсаулық сақтауға қатысты адам құқығына) сүйенетін
«ғаламдық денсаулық сақтау» құқығы мен саясат болу керек екенін
айтады. «Ғаламдық денсаулық сақтау» құқығы нормаларының миссиясы
– әлемнің түкпір-түкпірінде физикалық және ақыл-ой саулығының
114
мейлінше жоғары деңгейін сақтауға
қажет жағдаймен қамтамасыз
ету. Осынау құқықтың негізіне адам өмірінің негізгі қажеттігі болып
саналатын тиімді жұмыс істейтін денсаулық сақтау жүйесі, гигиена мен
санитария, негізгі вакциналар мен дәрі-дәрмектің қолжетімді болуы
сияқты қажеттіктер кіруге тиіс. Ғаламдық денсаулық сақтау» құқығы
нормаларына сай, ұлттық үкімет өз халқының денсаулығына бірінші
кезекте жауапты және солай болып қала береді (Gostin & Taylor, 2008:
55). Екінші жағынан алғанда, «ғаламдық ортақ игілік» ұғымы жаһандық
денсаулық сақтау саясатында аса маңызды, себебі бүгінде «халықаралық
адам құқықтары доктринасы құрылған, оның бір бөлімі денсаулыққа
қатысты түрлі адам құқықтары туралы» (Tasioulas & Vayena, 2016: 367).
Достарыңызбен бөлісу: