Lie қазақстан және covid-19: медиа, МӘдениет, саясат қ а зақ ст ан ж



Pdf көрінісі
бет7/165
Дата25.09.2023
өлшемі10,36 Mb.
#182455
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   165
Байланысты:
Биология кіріспе қосымша материалдар

БИЛІК ПЕН ҚОҒАМ АРАСЫНДАҒЫ 
КОММУНИКАЦИЯНЫ ҚАЛАЙ РЕТТЕУГЕ БОЛАДЫ: 
COVID-19-ДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ САЛАСЫНА 
ТӨНДІРГЕН ҚАТЕРІ 
Раушан Дуламбаева & Таисия Мармонтова
Кіріспе
Қазіргі кезде басқару саласының проблемалары сан алуан. Билік 
ресурстарын тиімді қолдану мәселесі жаһандық ауқымда өзекті болып 
отыр және оның көлемі артып келеді. Инновациялық дамудың қандай 
бағытта жүретіні белгісіз, қазіргі мемлекеттік басқару саласындағы 
дағдарыс осыдан бастау алады деуге негіз бар.
Автоматтандырылған өндіріс, өмірдің барлық саласын қарқынды 
түрде цифрландыру, негізгі валюталардың болашағына ықпал ететін 
электрондық ақша сияқты жергілікті инновациялардың өрістеуі – даму 
процестерінің тым әркелкі өрбуіне себепші.
Жаһандық сипат алған коронавирус дағдарысы мемлекеттік басқару 
жүйесіне салмақ түсіруде. Пандемиямен байланысты сын-қатер, 
белгісіздік пен тұрақсыздық жағдайында басшылық қызметтегілер тиісті 
дағдыларын жетілдіріп, жаңа дағдылар меңгеруі керек. Азаматтар оларға 
үлкен үміт артып отыр. 
Мемлекеттік қызмет саласындағы Астана хабы Басқарушы комитетінің 
төрағасы Ә.М. Байменовтің пікірінше (dba.uz, 2020), пандемия тұсында 
«сенім» мен «құрмет» ұғымдарының әлеуметтік құндылық қана емес, 
сондай-ақ мемлекеттік басқарудың маңызды капиталы екені айқын 
байқалды.
Пандемия кезеңі Қазақстан үшін зор дағдарыс кезеңі болды. Әлем 
үкіметтері вирустың таралуын тежеу мақсатында қашықтан жұмыс істеу, 
жүріп-тұруға шектеу қою, жиын-шараларға тыйым салу, медициналық 
мекемелерге қосымша қаржы бөлу, әлеуметтік қамсыздандырудың жаңа 
формаларын енгізу, қарым-қатынас жасаған адамдарды бақылауға алу 
сияқты шараларды қолдануға мәжбүр болды. Пандемия салдарынан туған 
басқару саласында проблемалармен қатар Кеңес Одағы ыдырағаннан 
бері қордаланған мәселелерді де шешуге ден қойған Қазақстан үкіметі 
аса күрделі дағдарысты еңсеруге тиіс. Бірақ еңсеру үшін жаңа, айрықша 
амалдар қажет.
2020 жылдың наурыз айынан бастап мемлекеттік аппарат шамасы 
келгенше қызмет етуде. Инфекцияның таралуын шектеу үшін іске 
асырылған шараларға қоғам да, бизнес те, азаматтық белсенділер де 
наразылық білдіріп отыр. Белгіленген тәртіпке, ережеге бағынуға ерекше 
көңіл бөлетін қазіргі әкімшілік жүйенің жаңа заман талаптарына сай 


15
емесін ескеріп, өзара әрекет етудің, ықпалдастықтың жаңа стратегияларын 
айқындау қажеттігі даусыз. Қаулы жариялап, әлдебір ережені қолданысқа 
енгізу жеткіліксіз, қоғамға сол ережені неге енгізу қажет екенін түсіндіру 
керек. Бұл жұмысты цифрлық дәуірдегі ақпарат алмасудың басты тетігі 
саналатын медиа көмегімен жүзеге асырған жөн.
Қазақстанда әкімшілік дағдарысты инновациялық механизмдерді 
іске қосу арқылы еңсеруге бағытталған бастамалар бар, алайда олар 
жүйелі әрі бірізді емес. Қазіргі мемлекеттік қызметті желілік әрекеттесу 
деп түсіну үрдісі сол әрекеттесудің азаматтық қоғам шегінен тыс шығып, 
ұлғая, күрделене түскенінен байқалады. Басқаруды тиімді өзара әрекет, 
ықпалдастық, медиа арқылы «адамдар деңгейінде» жүзеге асыруды 
синтетикалық құбылыс деп түсіндіруге болады (Provan, 2008), мұнда 
қызметкерлер мен халыққа өзара байланысты, өзара тәуелді өкілеттік 
беріледі. Демек, іс жүзінде қоғамдық-мемлекеттік басқару жүйесі 
мемлекеттік-қоғамдық жүйеге айналады (Барабашев, 2016). Пандемия 
мемлекеттік аппарат жұмысын трансформациялауға түрткі болды. 
Үкіметтің дағдарысқа қарсы іс-шараларына қарамастан, мемлекеттік 
органдардың коммуникация саласындағы стратегиялары, әсіресе қоғамға 
дер кезінде дұрыс әрі толық ақпарат беруге келгенде, үнемі ойдағыдай 
нәтижелі бола бермейді. Салдарынан саясаткерлер мен қоғам арасында 
дау туындайды, іске асырылатын шаралардың дұрыстығына, тиімділігіне 
күмән келтіретіндер көбейеді, әлеуметтік жағдай шиеленіседі, үрейленген, 
дүрліккен халықтың мемлекетке сенімі азаяды және т.с.с. Осы процестегі 
медианың рөлі зор. Дағдарыс кезінде медиа екіжақты коммуникация 
орнатып, әлеуметтік жікке бөлінуге жол бермеуге көмектесетін байланыс 
құралы қызметін атқарады.
Осы орайда авторлардың алға қойған мақсаты – коронавирус 
дағдарысы кезінде билік пен қоғам арасындағы тиімді коммуникация 
проблемасын қарастыру.
Аталған мақсат үдесінен шығу үшін төмендегідей зерттеу міндеттерін 
орындау қажет:
• пандемия кезеңіндегі қазақстандықтың әлеуметтік портретін 
(бейнесін) зерттеу;
• биліктің коммуникациялық стратегияларын талдау;
• Қазақстан азаматтарының ақпараттық талғамын зерттеу. 
Мақсатқа жету үшін бірқатар зерттеу әдісі, соның ішінде социологиялық 
әдіс-тәсілдер, ақпараттық талдау, медианы құрылымдық талдау әдісі 
қолданылады.
Бұл мақалада аяқталған және жалғасып жатқан зерттеулердің 
нәтижелері баяндалады. Олардың түпкі мақсаты – қоғамда мемлекеттік 
басқару жүйесінің «өзгеруіне» деген сұраныстың бар-жоғын анықтау, 
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын негізге ала 
отырып, медиа көмегімен қоғамдық диалогты жандандыру шараларын 
ұсыну.


16


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   165




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет