Lie қазақстан және covid-19: медиа, МӘдениет, саясат қ а зақ ст ан ж


COVID-19 кезіндегі медиа: тиімді коммуникация құру



Pdf көрінісі
бет10/165
Дата25.09.2023
өлшемі10,36 Mb.
#182455
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   165
Байланысты:
Биология кіріспе қосымша материалдар

COVID-19 кезіндегі медиа: тиімді коммуникация құру 
жолдары
Коронавирус дағдарысынан шығуға бағытталған іс-қимылдарға Денсаулық 
сақтау министрлігі, Білім және ғылым министрлігі, Ииндустрия және сауда 
министрлігі, Ұлттық экономика министрлігі, Ішкі істер министрлігі, Еңбек 
және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Ақпарат және қоғамдық 
даму министрлігі, Цифрландыру және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі 
сияқты ведомстволар жұмылдырылған.


23
Қазақстанның мемлекеттік органдарының барлық порталы egov.kz ортақ 
порталында орналасқан. Онлайн құралдардың (https://be1.ru/) көмегімен 
жүргізілген аудит нәтижесінде мынадай қорытындыға келдік.
Яндекс пен Google іздеу жүйелеріндегі индексациядан және мұндағы 
Яндекс-тің позициялары әлдеқайда жоғары екенінен байқағанымыз, 
порталды көбіне интернеттің орыстілді сегментінен іздейді.
Үстіміздегі жылдың ақпан – сәуір айы аралығында, пандемия 
басталып, төтенше жағдай жарияланған кезеңде сайттарға кіріп 
көрушілер саны жылдам артқан. Ең жоғарғы көрсеткіш сәуір айында 
тіркелген, сол кезде кіріп көрушілер саны 1 млн-ға жеткен. Карантин 
шектеулері жеңілдетілген кезде кіріп көрушілер санының 750 мыңға 
азайғаны байқалады, бірақ карантин қайта енгізілген кезде кіріп 
көрушілер саны бірінші рет карантин енгізілгендегі көрсеткіштерге дейін 
өскен. Мемлекеттік органдардың сайттарына негізгі трафик электрондық 
үкімет сайты, mail.ru және Яндекс.kz іздеу жүйелері арқылы барады, ал 
tengrinews.kz жаңалықтар сайты үшінші орында.
Коронавирусқа байланысты шектеу шаралары бизнес субъектілеріне 
тікелей әсер еткендіктен, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 
сайтына медиаталдау жүргізілген.
«Атамекен» ҰКП сайтындағы іздеу сауалдарын талдау нәтижелері 
көрсеткендей, «атамекен», «палата предпринимателей», «мырзахметов», 
«бизнес жоспар», «офтейк» сияқты сауалдар арқасында сайтқа трафик көп 
тартылады.
Сайтқа кіру динамикасын талдаудан байқағанымыздай, наурыз 
айындағы трафик 320 мың кіруші болған, сәуірде бұл көрсеткіш 690 
мыңға өскен, мамырда 320 мыңға дейін азайған, ал маусымда 400 мыңға 
жеткен, жалпы, бұл көрсеткіш артып отырған. Трафиктің 43,1%-ы – 
тікелей сілтеме арқылы, ал 40,4%-ы іздеу арқылы жұмсалған. Әлеуметтік 
желілер мен электрон пошта тариф көзі ретінде жиі қолданылмайды. 
Сайтқа жергілікті пайдаланушылар кіреді. Кіргендердің 97%-ы Қазақстан 
аумағында болған.
Коронавирус медициналық сипаттағы проблема болғандықтан, 
Медициналық сақтандыру қоры мен «СҚ-Фармацияның» сайттары да 
талданды.
Қазақстан Республикасы Медициналық сақтандыру қорының Яндекс/
Google негізгі іздеу жүйелеріндегі индексация позициялары: 3485/2810. 
Кіріп көрушілер динамикасы кестесі: наурыз айында 110 мың, наурыз бен 
сәуір айларында 2 есе азайған (60 мың, 50 мың), алайда шілдеде 152 мыңға 
жеткен. Кіру географиясы: 97,81% Қазақстан порталдары арқылы. 
Мемлекеттік басқарудың маңызды бір бағыты – азаматтарға шынайы 
ақпарат беру. Осы мақсатта https://www.coronavirus2020.kz/ сайты 
жасалған болатын. Оның мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік 
құрылымдардың сайттарына қарағанда индексациясы жоғары, ол 
Яндексте 10 446-орында, соңғы кезде 1 474 позицияға көтерілген, ал 
Google-да 10 300-орында. Сайттың нәтижелі/тиімді көрсету динамикасы 
теріс: мамырда 43 болса, маусымда 34-ке азайған. Биылғы жылдың 
наурыз айынан бастап, тамыз айына дейінгі кезеңде бұл сайтқа сілтеме 
жасайтын домендер 656-ға көбейді. Сайтқа кіргендер саны ең көп болған 
(6 млн) кезең – сәуір айы, қазіргі кезде оған айына шамамен 2,8 млн рет 
кіреді. Мұны дағдарыстың ұзаққа созылғанымен түсіндіруге болады, 


24
қоғам шектеу шараларынан шаршады, елдегі жағдайдың қалай өзгергенін 
секунд сайын бақылап отыруға құлықсыз. Аталған порталға көп адам 
(65,2%) тікелей сілтеме арқылы, ал 24,8%-ы іздеу жүйелері арқылы кіреді:
Сайттардағы ақпаратты талдау нәтижесі көрсеткендей, оларға деген 
қызығушылық динамикасының артуы дағдарыстың өршіген кезеңдерімен 
байланысты, шектеу шаралары жеңілдетілген кезде қызығушылық азая 
бастайды. Жарияланатын ақпараттың көбеюіне, қызығушылықтың 
артуына себепші жайттар: бизнеске қатысты шектеулер, салық 
саласындағы өзгерістерге, несиені өтеу мерзімін шегеру тәртібіне түсінік 
беру т.б. Білім беру мәселесінің әлеумет үшін маңызы зор, коронавирус 
дағдарысы кезінде «МОН РК» («ҚР БҒМ») семантикасы айшықталатын 
сауалдар азаймаған. 
www.tengrinews.kz ақпарат сайтынан мемлекеттік органдардың 
сайттарына, ақпаратқа түрткі болған, оған себепші болған құрылымның 
парақшасына өту кезінде пайдаланушылар ресми жаңалықтарды көп 
оқитын дереккөз көрсетіледі.


25
Отандық медианы талдаудың тағы бір кейсі – медиада үлкен резонанс 
туғызған ақпараттық жайттарға байланысты case-study. Билік өкілдерінің 
қатысуы, қоғам тарапынан болған белсенді реакция мен ақпараттың 
таралуына түрткі болған жайттың уақыты сияқты критерийлерге сай үш 
кейс таңдап алынды.
Әуелі БАҚ-тың шілде айында сырқаттанғандар саны күрт артқан кезде 
дәрі-дәрмекпен қамту мәселесі туралы қандай хабар таратқанына назар 
аударайық. «СҚ-Фармацияның» стационарларға дәрі жеткізуге жауап 
беретін басты оператор екені мәлім. Дәрі-дәрмекпен қамту саласындағы 
проблемалар ішінара осы мекеменің қызметімен байланысты. Мәселен, 
негізгі жаңалық сайттарына жасалған талдаудан белгілі болғандай, шілде 
айында жарық көрген материалдар тым жағымсыз сарында еді. Баспасөз 
беттерінде гуманитарлық көмекті бөлу кезіндегі қағазбастылық, жаз 
ортасында, дәрі-дәрмек жетіспей жатқанда аймақтардағы қоймалардың 
толып тұрғаны, аталған ұйымның қымбат кеңселер мен премиум-класс 
автокөліктерін жалға алғаны туралы ақпарат жарияланды. Сыбайлас 
жемқорлыққа қарсы тергеу басталғаны, қызметін асыра пайдаланып, 
заңсыз байыған ұйым жетекшілерінің қамауға алынғаны туралы ақпарат 
көп шықпады. «СҚ-Фармация» қызметкерлерінің жұмыс нәтижелері 
бойынша марапатталғаны туралы материалдар ұйымның беделіне дақ 
түсірді деп бағалауға болады. Әлеуметтік желілер мен блогтарда бұл жайт 
қатты сыналып, халықты келеке ететін оспадар әрекет саналды. Осы 
ретте қатеге жол берген тараптың еш сабақ алмағаны, тиісті қорытынды 
шығармағаны атап өтілді. Кешірім сұраудың орнына, аталған ұйым 
басшылығы журналистерге қысым көрсетіп, өздерін әшкерелейтін 
материалдарды алып тастауды талап еткен, бұл оқиғаны әлеуметтік 


26
желілерде де, баспасөзде де талқыға салды. Шілде айында COVID-19 
өршіген кезде компанияның қызметі сәтсіз болғанына қарамастан, 
мерекелік шаралар ұйымдастырып, марапат тапсырудың не қажеті бар 
деп орынды наразылық білдірген қоғам өкілдеріне «СҚ-Фармация» 
өкілдері «жеке лауазымды тұлғалардың жіберген қателігіне қатардағы 
қызметкерлер кінәлі емес, нәтижелі жұмыс атқарған қарапайым 
қызметкерлер марапатқа лайық» деген сарында жауап берген. Дегенмен 
осы ретте стационарларды дәрі-дәрмекпен дұрыс қамти алмаған ұйымның 
нәтижелі жұмыс деп нені айтып тұрғаны түсініксіз. Коммуникация 
жүйесінің тоқырап, сын-қатерге төтеп беруге қауқарсыз қалғанына 
коронадағдарыс тұсында өмірлік маңызы бар дәрілік затты өз ақшасына 
сатып алуға мәжбүр болған онкологиялық дертті журналист әйелдің сотқа 
арызданғанына байланысты «СҚ-Фармация» компаниясының реакциясы 
айғақ. Компания өзін айыпты деп санамады, «СҚ-Фармация» заңгерлері 
мәлімдегендей, олар науқасқа ешқандай міндетті емес (rus.azattyq.org, 
2020). Ұйым өкілдері қалыптасқан жағдайға өкінетінін айтып, науқасқа 
көңіл білдірсе, бұл құрылымның абырой-беделіне еш зиян келмейтін 
еді, қайта қоғам наразылығынан хабардар, әрі оны дұрыс қабылдап 
отырғанын көрсететін еді. Ал бұл жайтқа қандай реакция болу керек 
екенін анықтау соншалық маңызды емес еді. Осы кейсті талдау аясында, 
istio бағдарламасының көмегімен «СҚ-Фармация» қызметінің түрлі 
бағыттарына арналған 5 мақалаға талдау жасадық. Мақалаларды Google.
com іздеу нәтижелеріне сай кездейсоқ тәсілмен таңдап алдық.
1-кесте. Іздеу нәтижелеріне семантикалық талдау (іздеу нәтижелері түпнұсқа 
тілде берілген)
3


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   165




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет