Lie қазақстан және covid-19: медиа, МӘдениет, саясат қ а зақ ст ан ж


МЕДИАДАҒЫ ҚУАТТЫ ӘЛЕУМЕТТІК МЕМЛЕКЕТ



Pdf көрінісі
бет13/165
Дата25.09.2023
өлшемі10,36 Mb.
#182455
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   165
Байланысты:
Биология кіріспе қосымша материалдар

МЕДИАДАҒЫ ҚУАТТЫ ӘЛЕУМЕТТІК МЕМЛЕКЕТ 
БЕЙНЕСІ
Оразай Қыдырбаев
Қазақстанда SARS-CoV-2 вирусын жұқтырған алғашқы науқас тіркелген 
кезде-ақ елде төтенше жағдай жарияланып, мемлекет басшылығы 
халықтың әл-ауқаты мен денсаулығы ең басты құндылық екенін, қауіп-
қатердің алдын алу үшін жұмыс істеп жатқанын айтып, ақпарат таратып 
жатты. Мемлекеттік медиа індеттің толық бақылауға алынғанына 
сендіріп, бірлік пен патриотизмге шақырған үндеу жариялады; 
жұмысынан айырылған азаматтарға жәрдем көрсетілетінін, экономика-
ны құлдыратпау мақсатында қосымша қаржы бөлінетінін жарыса айтып 
жатты. Алайда карантин шаралары жұмсара бастағанда-ақ індеттің 
таралуы күшейіп, мемлекеттің наурыз-мамыр айларында медиада 
жарияланған міндеттерін толық орындай алмағаны көрер көзге анық 
байқалды. Әлеуметтік медиа мен тәуелсіз (мемлекет қаржыландырмай-
тын) басылымдарда мемлекет қабылдаған шаралар мен ұсынған 
деректерге күмәнмен қарайтын хабарламалар көбейіп; вирус жұқтырған 
науқастарға ауруханаларда жатар орынның болмауы, медицина 
қызметкерлерінің жетіспеуі, дәріханаларда дәрі-дәрмек тапшылығы 
байқалды.
Бұл зерттеу жұмысында індет тарала бастаған сәтте және белең алған 
кезде мемлекеттік медианың індеттің алдын алу шараларын қалай 
көрсеткенін, індетпен күресуші қуатты әлеуметтік ел ретінде мемлекет 
образын қалай қалыптастырғанын, аудитория сенімін ояту үшін қандай 
әдістер пайдаланғанын анықтағымыз келеді. Осы мақсатпен «Егемен 
Қазақстан», «Казахстанская правда» газеттерінде (наурыз-тамыз 
айларындағы нөмірлерінің алғашқы беті), Қазақстан Республикасы 
үкіметі жанындағы коронавирустың Қазақстан аумағына таралуына 
жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның ресми Telegram-
арнасында
4
және «Qazaqstan», «Khabar TV» телеарнасында жарияланған 
күнделікті қорытынды жаңалықтарда (наурыз-шілде) COVID-19 індеті 
және мемлекеттің қауіпсіздік шараларына қатысты әрекет туралы 
ақпараттың қандай мәнерде және қалай ұсынылғанын сыни дискурс 
анализ арқылы қарастырмақпыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   165




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет